Алматы қаласы
Құрылыс және тұрғын үй
✔ Әлеуметтік тұрғын үй бөлу кезіндегі теріс пайдалану
✔ Қаланың шет аймақтарын дамыту мәселесі
- 30 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр, олардың ішінен жыл сайын 400-ден аз адам (1,6%) ғана пәтер алады.
- Қаланың орталығы мен шет аймақтары арасындағы теңгерімсіздік, әлеуметтік нысандардың тапшылығы, көлік қолжетімділігінің төмендігі.
Экология
✔ Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін пайдалану, су қорғау аймақтарының маңындағы құрылыс
✔ Ауаның ластануы
- Қалада жалпы ұзындығы 328,87 км болатын 28 өзен бар, су қорғау аймақтары қала аумағының 6%-ын қамтиды. Осы аймақтарда ғимараттар көп орналасқан.
- Қала ауа ластануы деңгейі бойынша республикада 2-орында, 1,5 мың өнеркәсіп кәсіпорны бар.
Әлеуметтік сала
✔ Білім беру
✔ Денсаулық сақтау
- 2023 жылдан бастап 37 мың оқушыға арналған 22 мектеп салу жоспарланған.
- Медициналық қызметтердің сапасының төмендігі және дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтарды сатып алудағы ашықтықтың болмауы.
Жолдар және инфрақұрылым
✔ Қоғамдық көлік және жолаушылар тасымалы
- Субсидия мөлшері мен тәртібін анықтауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
- Адал тасымалдаушыларға жасанды кедергілер жасау.
- Автобустарды әдейі тез тозатын жағдайға жеткізу.
- Тасымалдаушыларды заң талаптарын сақтауына бақылау тетігінің болмауы.
Фискалдық сала
✔ Кеден және контрабанда
✔ Салықтардың толық түспеуі
- Лауазымды тұлғалардың (241 мың салық төлеуші) қамқорлығымен салық жасыру тәуекелдері жоғары.
- Қазақстанға импортталатын тауарлардың шамамен 40%-ы Алматы қаласында кедендік рәсімдеуден өтеді.
Жер
✔ Қаланың нүктелік құрылысына тұрғындардың наразылығы
✔ Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жердің заңсыз бөлінуі
- Қала тұрғындарының тығыз құрылысқа наразылығы.
- Жер телімдерін рәсімдеу процедурасының ашық еместігі.
- Сәулет-құрылыс саласында рұқсат құжаттарын берудегі ашықтықтың болмауы.
Жылу электр станциялары
✔ ЖЭО-ны ұстауға, жөндеуге, қайта жаңғыртуға және салуға бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуы
- Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және жұмсау.
- ЖЭО-лардың апаттық жағдайы.
- Жабдықтардың тозуы.
Экономика және қаржы
✔ Тұрақты экономикалық өсімге бағытталған қаражатты мақсатсыз пайдалану және жымқыру
✔ Мемлекеттік сатып алулардағы жымқыру және парақорлық
- 2023 жылы қала бюджеті 1258 трлн теңгені құрады.
- Қала тұрғындары бюджет қаражатының ашық емес әрі тиімсіз жұмсалу мәселесін көтеруде.
- 2022 жылы мемлекеттік сатып алу арқылы 438,3 млрд теңге игерілді.
Апатты және тозығы жеткен тұрғын үй
✔ Тұрғын үй қорын жаңғырту мен жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуы
✔ Апатты немесе тозығы жеткен деп танылған тұрғын үй иелеріне баспана беру кезектілігі
- Тұрғын үй қорын жаңартуға бөлінген қаражаттың жымқырылу тәуекелдері.
- Кезектіліктің сақталуы.
- 2022 жылы елде шамамен 2 мыңға жуық апатты тұрғын үй тіркелген, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,3%-ға көп.
Бизнес
Кәсіп ашу және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.