Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімі.Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 маусымда N 1067 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 18.03.2019 № 323 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
1) осы шешімнің Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
2) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді жүргізсін.
1) IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXIV сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 382 "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 880 нөмірімен енгізілген, 2011 жылғы 22 қаңтарда "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) шешімі;
2) IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXХIІ сессиясының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 436 "IV-ші сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXXIV-ші сессиясының "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 382 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 893 нөмірімен енгізілген, 2011 жылғы 5 шілдеде "Алматы Ақшамы" және 2011 жылғы 9 шілдеде "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) шешімі;
3) V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ІІІ сессиясының 2012 жылғы 29 ақпандағы № 9 "ІV-ші сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXXІV-ші сессиясының "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 382 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 931 нөмірімен енгізілген, 2012 жылғы 12 сәуірде "Алматы Ақшамы" және 2012 жылғы 14 сәуірде "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) шешімі.
|
V сайланған Алматы |
Р. Алшанов |
|
|
|
V сайланған Алматы қаласы |
Т. Мұқашев |
|
|
|
|
V сайланған Алматы қаласы |
||
Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің
мөлшерін анықтау және көрсету
Ережесі
Осы Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" және 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және Алматы қаласында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін белгілейді.
1) шекті-жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті-жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
3) отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;
4) тұрғын жай - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);
5) кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің жеке (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;
6) үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі - кондоминиум нысанының ортақ мүлкін бірлесіп басқаруы үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері құратын коммерциялық емес ұйым;
7) коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
8) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум нысанының ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер телімін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум нысанының ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
9) кондоминиум нысанын басқару органы - кондоминиум нысанын басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
10) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы.
11) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
12) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 18.03.2019 № 323 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
2.Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) әлеуметтік көмектің бір түрі болып табылады және ақшалай төлем түрінде көрсетіледі.
3.Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алматы қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратындарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерiнен мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
4) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
6) жұмыс орнынан не жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
8) банктік шоты;
9) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
12) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 18.03.2019 № 323 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 18.03.2019 № 323 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 18.03.2019 № 323 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 18.03.2019 № 323 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 18.03.2019 № 323 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
1) жылумен жабдықтау;
2) суық және ыстық сумен жабдықтау;
3) канализация;
4) электрмен жабдықтау;
5) газбен жабдықтау;
6) қоқыстарды әкету;
7) лифт қызметін көрсету.
21.Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 18.03.2019 № 323 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК