Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты болып осы салаға жетекшілік ететін Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) басшысының орынбасары айқындалсын.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес құрамда (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылсын.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  4. Жұмыс тобы Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды 2025 жылдың 02 маусымы мен 04 шілдесі аралығында мынадай бағыттар бойынша жүргізсін:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;

3) мүдделер қақтығысын реттеу;

4) мемлекеттік қызметтер көрсету;

5) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

9) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген ақпарат жинау және қорыту жұмыстары аяқталғаннан кейін 2025 жылдың 04 шілдесіне дейінгі мерзімде талдамалық анықтама жасалсын.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Басқарма басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Басшы                                                                                                    Б.Жаубасов

 

Дата публикации
20 мая 2025