Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен (әлеуметтік көмек көрсетудің үлгілік қағидаларын бекіту, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы) регламенттелетін әлеуметтік көмектің кейбір түрлері көрсетіледі (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) және Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешімімен (Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және Алматы қаласында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы) (бұдан әрі-шешім).
Үлгілік қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты шешімді сәйкес келтіру қажет, атап айтқанда, портал арқылы әлеуметтік көмек түрлерін тағайындауға өтініш пен қажетті құжаттарды беру мүмкіндігі үшін «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) ұғымы енгізіледі, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы әлеуметтік көмек төлеу регламенттеледі, сондай-ақ, әлеуметтендіру мақсатында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек енгізіледі.
Бұдан басқа, Алматы қаласының әкімі Е.Досаевтың тапсырмасына сәйкес ҰОС ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек мөлшері 1 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге дейін, сондай-ақ еңбек майданына қатысушыларға 50 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.
Алматы қаласы Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы Б. Жаубасов