Қазақстан Республикасы 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексінің 111-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 476 «Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 29-тармағына, «Алматы қаласы 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Алматы қаласы мәслихатының
2024 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақысының мөлшерін республикалық бюджет туралы заңымен 2025 қаржы жылына белгіленген айына 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып).
- Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімі және «Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы бұйрықты Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және «Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми интернет-ресурстарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жұмыспен қамту мәселелері бойынша жетекшілік ететін Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарына және
«Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорына жүктелсін.
- Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Негіздеме: 30.12.2024 жылғы № 02.02.3/1847-И «Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының қызметтік жазбасы.
Басшы Б. Жаубасов