|
«2024-2028 жылдарға арналған «Алтын жас» зейнет жасындағы адамдарды жұмысқа орналастыру бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 65 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы |
|
БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 65 «2024-2028 жылдарға арналған «Алтын жас» зейнет жасындағы адамдарды жұмысқа орналастыру бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Алтын жас» бағдарламасы шеңберінде зейнеткерлік жастағы адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушіден алдағы қаржы жылына арналған өтініш;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2024-2028 жылдарға арналған «Алтын жас» зейнет жасындағы адамдарды жұмысқа орналастыру бағдарламасы бойынша ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Алтын жас» зейнеткерлік жастағы адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде жұмысқа орналастырылған адамдар туралы мәліметтер (жұмыс уақытын есепке алу табелі);
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Алтын жас» зейнеткерлік жастағы адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі бағдарламаның іске асырылу барысы туралы мәліметтер;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Алтын жас» бағдарламасы бойынша зейнеткерлік жастағы адамдарды жұмыспен орналастыру үшін жолдама;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Алтын жас» зейнеткерлік жастағы адамдарды жұмысқа орналастыру бағдарламасы бойынша зейнеткерлік жасқа толған адамдарды жолдама алуға өтініш;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес зейнеткерлік жасқа толған тұлға ретінде тіркелуге өтініш.».
2. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімі және «Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы бұйрықтың Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және «Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми интернет – ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына және «Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорына жүктелсін.
Басшы Б.Жаубасов