Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» шешімінің жобасын (бұдан әрі - жоба) Алматы қаласының әкімдігі әзірледі, Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әзірлеуші орган болып табылады.
Жоба Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысына сәйкес әзірленді.
2024 жылға арналған жергілікті бюджеттен 4,2 млрд. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша әлеуметтік көмек алу үшін 140,2 мың ХӘОТ өтініш білдіріп, төлем 2,1 млрд. теңгені құрады.
Аудан әкімдіктерінде 2.1 млрд. теңге көлемінде қаражатты үнемдеуге байланысты ағымдағы жылдың соңына дейін жергілікті бюджеттен қосымша қаражат талап етілмейді.
Жобаны қабылдау Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарларды көздемейді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жобасының ережелеріне әсер етпейді.
Егер олар 2024 жылғы 30 маусымға әлеуметтік көмек алушылар болып табылған жағдайда, 2024 жылғы 1 қыркүйектен кейін жүгінген жағдайда, ХӘОТ 9 санатына тарифтердің жоғарылауының өтемақысына әлеуметтік көмек өтініш берусіз төленетін болады. Әлеуметтік көмек мөлшері 0,8 АЕК (2954 теңге) құрайды.
Құжаттарды қабылдауды және төлемді қала әкімінің аудандық аппараттары өтініш берушілердің шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізетін болады. Аталған әлеуметтік көмек 2025 жылғы
31 наурызға дейін қолданыста болады.
Осыған байланысты Басқарма Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасын әзірледі, ол Сіздің қарауыңызға және одан әрі мәслихатқа бекітуге енгізіледі.
Алматы қаласы Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы Б. Жаубасов