Алматыда коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне байланысты өтемақы төлеу қайта басталады

Алматыда коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне байланысты өтемақы төлеу қайта басталады

 

Коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуіне байланысты,
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап Алматы қаласында Алматы қаласының әкімі Е. Досаевтың тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына (бұдан әрі-ХӘОТ) жататын мұқтаж азаматтардың жекелеген 9 санатына (Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге; бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға; мүгедектігі бар баласы (балалары) бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларына; жасы бойынша зейнеткерлерге; жетім балалар).

Төлемдерді Алматы қаласы әкімдерінің аудандық аппараттары (бұдан әрі – аудан әкімдіктері) өтініш негізінде жүргізетін болады. Әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын ХӘОТ бар санат үшін Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешіміне (бұдан әрі – № 37 шешім)  сәйкес әлеуметтік көмек аудандық әкімдіктерге өтініш берусіз тағайындалатын болады (2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымға дейін саны 140,2 мың адамды құрады).

Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасына сәйкес осы әлеуметтік көмекті 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін көрсету жоспарлануда.

Дата публикации
10 сентября 2024