«Бекітемін»
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
_______________ Б. Жаубасов
«___» ___________ 2024 жыл
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары
|
№ п/п |
Іс-шара |
Өткізу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
|
1. |
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын сақтау бойынша құқықтық жалпы оқытулар жүргізу |
Тоқсан сайын |
Басқарманың заң бөлімінің басшысы; Кадрмен жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |
Хаттама |
|
2. |
Басқармасының қызметкерлері және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері арасында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша құқықтық жалпы оқытуды өткізу |
Тоқсан сайын |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен ақпараттық технологияларды үйлестіру бөлімінің басшысы; Медициналық-әлеуметтік мекемелермен жұмыс бөлімінің басшысы |
Хаттама |
|
3. |
Басқарманың ресми сайтында Басқарманың қызметі туралы ақпаратты өзектендіру |
Тұрақты |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және ақпараттық технологияларды үйлестіру бөлімінің басшысы; Бөлім басшылары |
Ақпарат |
|
4. |
Басқарманың ресми сайтында бюджет туралы ақпаратты өзектендіру |
Бюджетті әр нақтылағаннан кейін |
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы |
Ақпарат |
|
5. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жарияланымды БАҚ-та немесе Басқарманың интернет-порталында орналастыру
|
Тоқсан сайын |
Бөлім басшылары, бағынысты мекемелер директорлары |
Ақпарат |
|
6. |
Басқарма қызметінде және бағынысты ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) жүргізу |
Әр тоқсанның соңынан кейінгі ай |
Басқарманың заңмен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы; Бағынысты мекемелер мен кәсіпорын директорлары |
Талдамалық анықтама. СЖТІТ нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары |
|
7. |
Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайлы ақпаратты жеткізу бойынша Басқарманың Facebook ресми парақшасында тікелей эфирлер өткізу |
Ай сайын |
Бөлім басшылары |
Ақпарат |
Ескерту: Жүргізілген іс-шара туралы ақпаратты жауапты орындаушылар Басқарманың заңмен қамтамасыз ету бөліміне әр айдың бейсенбі күніне дейін тиісті құжатты (хаттама және т.б.) қоса ұсынады
Заң бөлімінің басшысы Ж. Галиев