«Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы
27 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 228 қаулысына өзгеріс енгізілуіне байланысты Алматы қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ұғымдарына Алматы қаласы мәслихатының шешімінің жобасы әзірленіп, өзгеріс бөлігінде сәйкес келтіру көзделген .

Сондай-ақ, түпнұсқалылық мақсатында 8-бөлімнің 24, 25, 26, 27 және 28-тармақтарында қазақ тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

Өзгерістер енгізу қосымша қаржылық қаражатты қажет етпейді.

Дата публикации
28 мая 2024