Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 наурызда № 20164 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Президентінің “Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы” 2020 жылғы 16 наурыздағы Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.05.2020 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамына, “Еңбек ресурстарын дамыту орталығы” акционерлік қоғамына және “Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” акционерлік қоғамына жеткізуді қамтамасыз етсін.
| Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Б. Нурымбетов | ||
| Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекітілген |
|||
Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидалары
Ескерту. Қоғидалар жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2020 № 118 бұйрығымен (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1-тарау. Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
1) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау;
3) мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау;
4) жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
5) жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
6) қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау;
7) мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
8) мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;
9) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
10) мүгедектерге кресло-арбалар беру;
11) мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
12) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;
13) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;
14) оралман мәртебесін беру немесе ұзарту;
15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
16) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
17) көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
18) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау;
19) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
20) мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау;
21) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту;
22) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;
23) ақталған адамға куәлік беру;
24) “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
25) жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу;
26) “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау;
27) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;
28) мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;
29) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
30) еңбекке қабілеттілігін жоғалту жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
31) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
32) жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау.
Төтенше жағдайдың қолданысы тоқтатылған жағдайда шектеу шаралары, оның ішінде карантин сақталған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 20) тармағында көрсетілген қызметті қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметтер өтініш берушінің таңдауы бойынша тиісті мемлекеттік қызметтерді көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен немесе осы Қағидаларда белгіленген тәсілмен және тәртіппен берілген электрондық өтініш негізінде шектеу шаралары, оның ішінде карантин алынғанға дейін жүзеге асырылады.
Бұл ретте, осы тармақтың бірінші бөлігінің 20) тармақшасында көрсетілген қызметті көрсетуге өтініш Портал арқылы берілген жағдайда, төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің қолданысы сақталған кезде көрсетілетін қызметті алушыны куәландыру тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрғылықты жер бойынша куәландырудан өтуге мүмкіндік бермейтін шектеу шаралары, оның ішінде карантин қолданылатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде (бұдан әрі – МӘС бөлімі) жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.05.2020 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бұл ретте тиісті Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтініш электрондық файл түрінде өтініш берушінің қолтаңбасынсыз қоса беріледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-1. Көрсетілетін қызметті алушылардың төтенше жағдай және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында шектеу шаралары, оның ішінде карантин қолданылған кезеңде жарамдылық мерзімі өткен жеке басын куәландыратын құжаттар оларды ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қолданылады.
Бұл ретте қызметтер төтенше жағдай режимінің қолданылуы тоқтатылған күнді қоса алғанда, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында шектеу шаралары, оның ішінде карантин қолданылған жағдайларда – олар тоқтатылғанға дейін көрсетілетін болады.
Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.05.2020 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
2-2. Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға негіздер төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзімде немесе төтенше жағдай кезеңінде басталған жағдайда көрсетілген мерзім ішінде өтініш бермеген өтініш беруші төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін үш ай ішінде аталған төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттарды қоса бере отырып өтініш бере алады.
Бұл ретте, аталған төлемдерді тағайындау төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзімде немесе төтенше жағдай кезеңінде тағайындау негіздері туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.05.2020 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.05.2020 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көрсетілетін қызметті алушының Порталдағы жеке кабинетіне немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына қызмет көрсету (көрсетуден бас тарту) нәтижесі туралы хабарлама ұсынылған жағдайда хабарлау процесін қайта болдырмау үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жауап берілмейді.
2-тарау. Кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібінің ерекшеліктері
1-параграф. Төтенше жағдай кезеңінде “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау” мемлекеттік қызметін көрсету тәртібінің ерекшеліктері
Бұл ретте келесі тоқсанға атаулы әлеуметтік көмек төлемінің мөлшері автоматты түрде ұзартылған тоқсанның алдындағы тоқсанға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – № 320 бұйрық) сәйкес тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінен бес пайызға ұлғайтылады.
Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы беру атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мерзімінің ұзартылуымен бір мезгілде ұзартылады. Азық-түлік жиынтығының түрі баланың жасын ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезіндегі баланың жасына негізделе айқындалады және оның ұзартылу мерзіміне ұсынылады. Бұл ретте алты жасқа дейінгі кепілдендірілген әлеуметтік топтама алушы балаларға осы бұйрықтың 25-тармағында көзделген төтенше жағдай кезеңінде ұсынылатын азық-түлік-тұрмыстық жиынтық берілмейді.
2020 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың отбасы құрамы және/немесе кірісі өзгерген жағдайда, тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері келесі тоқсанда олар жүгінген күннен бастап қайта есептеледі.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың бастамасымен қайта есептеу нәтижесінде оларға 2020 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған жағдайда, бұдан бұрын алынған атаулы әлеуметтік көмек есепті кезеңде қайтаруға жатпайды.
Тікелей байланысты болдырмау мақсатында Халықты жұмыспен қамту орталығы мен өтініш беруші арасында шартты ақшалай көмек тағайындауға әлеуметтік келісімшарт жасасу, сондай-ақ отбасының (адамның) өмірлік қиын жағдайдан шығуы үшін жеке жоспар жасау уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылған № 320 бұйрыққа 6, 7-қосымшаларға, әлеуметтік келісімшартқа қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
2020 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік келісімшарт қол қоймай автоматты түрде ұзартылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.05.2020 № 169 (01.04.2020 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Төтенше жағдай кезеңінде “Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау” мемлекеттік қызметін көрсету тәртібінің ерекшеліктері
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.05.2020 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-параграф. Төтенше жағдай кезеңінде “Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдем көрсету” мемлекеттік қызметін көрсету тәртібінің ерекшеліктері
1) еңбек қызметін растайтын (бар болса);
2) білімі, біліктілігі, арнайы білімдерінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы (бар болса) құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам “Еңбек нарығы” ААЖ-да жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешімге электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қояды.
4-параграф. “Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау”, “Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау”, “Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау”, “Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау”, “Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау”, “Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау”, “Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау”, “Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау”, “Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау” мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібінің ерекшеліктері
Ескерту. 4-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.05.2020 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24-1. Өтініш беруші Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20174 болып тіркелген) бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында көзделген әлеуметтік төлем (бұдан әрі – төтенше жағдай кезеңіндегі әлеуметтік төлем) алған жағдайда, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді тағайындау (қайта есептеу) үшін кірісті есептеген кезде өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдай болған айлар есептен алып тасталады және көрсетілген кезең алдындағы немесе одан кейінгі басқа тікелей айлармен алмастырылады.
Ескерту. 24-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.05.2020 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
24-2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеген кезде төтенше жағдай кезеңіндегі әлеуметтік төлемді алған кезең зейнетақы жүйесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне қосылады.
Ескерту. 24-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.05.2020 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
24-3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы төтенше жағдай кезеңінде ұсынылған құжаттарды толықтыра отырып 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі, 1995 жылғы 1 қаңтардан бергі кірісі туралы құжаттарды ұсынған жағдайда аталған төлемдердің мөлшерін өзгерту төтенше жағдай кезеңінде бастапқы тағайындау күнінен бастап көрсетілетін қызметті берушінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 24-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24-4. Төтенше жағдай кезеңінде қолданылу мерзімі өткен зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар, оларды ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда, төтенше жағдай режимі аяқталатын айды қоса алғанда жүзеге асырылатын төлем кезінде ескеріледі.
Ескерту. 24-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24-5. “Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына сәйкес “0” коэффициенті қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесінде көзделген адамдардың зейнетақы жүйесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі, сондай-ақ кірісі жұмыс берушінің анықтамалары негізінде ескеріледі.
Ескерту. 24-5-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.05.2020 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету тәртібі
төтенше жағдай кезеңінің әр айының бірінші күніндегі жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;
тұрақты негізде мемлекеттік бюджет есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
тұрақты негізде мемлекеттік бюджет есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;
мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға;
халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тiркелген жұмыссыздарға ұсынылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бірнеше санаттарға жататын әрбір адамға тек бір негіз бойынша ғана азық-түлік-тұрмыстық жиынтық беріледі немесе ақшалай қаражат аударылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға азық-түлік-тұрмыстық жиынтық беру немесе ақшалай қаражат аудару төтенше жағдай жарияланған айдан бастап және төтенше жағдай режимінің қолданылуы аяқталған айды қоса алғанда, осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес айқындалған құрамда (мөлшерде) ай сайын жүзеге асырылады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.05.2020 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидаларына қосымша |
“Электрондық үкімет” веб-порталының “Электрондық өтініш” сервисі арқылы әлеуметтік және мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініштің электрондық нысаны
ЖСН ___________________________________________________________________________
Тегі ____________________________________________________________________________
Аты ____________________________________________________________________________
Әкесінің аты_____________________________________________________________________
E-mail __________________________________________________________________________
Пошта адресі (көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты адресі)
________________________________________________________________________________
Телефон ________________________________________________________________________
Мемлекеттік қызметтің атауы ______________________________________________________
Өңір____________________________________________________________________________
Қабылдаушы ____________________________________________________________________
Мазмұны _______________________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
| Р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтардың саны | Ескертпе |
| 1 | |||
| 2 |