Алматы қаласы мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы
9 тамыздағы № 37 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
6-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«6. Әлеуметтік көмек кірісті есептемей 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2023 жылғы 1 қарашадан бастап – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін 0,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 1 наурыздан – 0,75 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 1 сәуірден – 0,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мұқтаж азаматтардың мынадай жекелеген санаттарына көрсетіледі:»;
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
3) жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
5) мүгедектігі бар баласы (балалары) бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;
6) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға;
7) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларына;
8) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының
1-тармағына сәйкес жасы бойынша зейнеткерлерге беріледі;
9) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мемлекеттің толық емес қамтамасыз етуіндегі жетім балалар.».
Алматы қаласы
мәслихатының төрағасы М. Отыншиев