Аз қамтылған азаматтардың коммуналдық төлемдеріне әлеуметтік қолдау көрсету ПРЕСС-РЕЛИЗ

Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 маусымдағы №232 «Алматы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін айқындау және көрсету қағидаларын бекіту туралы» шешімі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Алматы қаласының аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

         Осыған орай, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР ӨжҚ-ның 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығы) бекітті және оған сәйкес тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 97-бабының 5-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдар айқындайды.

         Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру үшін Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы әзірленді, ол өткен тоқсан үшін тұрғын үй көмегін төлеуді, сондай-ақ осы көмек түрін Алматы қаласы әкімдерінің аудандық аппараттары арқылы (орталықсыздандыру шеңберінде) көрсетуді, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің 5% мөлшеріндегі үлесін (тұрғын үй көмегі жергілікті өкілді органдар белгілеген мүлікті ұстауға және коммуналдық шығыстарды төлеуге көрсетілетін қызметті алушының шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 10% - дан аспайды).

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру үшін Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы әзірленді, ол өткен тоқсан үшін тұрғын үй көмегін төлеуді көздейді, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға және тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі функцияларды аудандардың жергілікті атқарушы органдарына беруге, осы көмек түрін Алматы қаласы әкімдерінің аудандық аппараттары арқылы көрсетуге байланысты орталықсыздандыру шеңберінде), оның ішінде көрсетілетін қызметті алушылар шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің 5% мөлшеріндегі үлесін айқындайды (тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушының мүлікті ұстауға және жергілікті өкілді органдар белгілеген коммуналдық шығыстарды төлеуге арналған шығыстарының және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шығыстардың жол берілетін шекті деңгейінің айырмасы ретінде айқындалады).

Жобаны қаржыландыру Алматы қаласының бюджет қаражаты шеңберінде жүзеге асырылады.

Жоба аз қамтылған азаматтарды мемлекет тарапынан қосымша әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
08 февраля 2024