2023 жылдың басынан бастап 434 092 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 215 263 мемлекеттік қызмет – мемлекеттік орган арқылы, 147 368 мемлекеттік қызмет –«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, 71 461 мемлекеттік қызмет – Мемлекеттік корпорация арқылы.
І. Аз қамтылған азаматтарға жәрдемақы төлеу және әлеуметтік көмек көрсету.
Кедейлік шегі тоқсан сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде айқындалады: 2023 жылғы 4 тоқсанға күнкөріс деңгейі 54 417 теңге, кедейлік шегі –
38 092 теңгені құрайды.
АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмекке жіктеледі.
АӘК төлеуге 21,2 мың адамға 2 241,2 млн. теңге бөлінді (ЖБ). 01.01.2024 жылға АӘК 4 186 отбасына (21 108 адам) 2 241,2 млн. теңгеге төленді.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар АӘК алушылар балалар тамағын және тұрмыстық химия жиынтығын сатып алу үшін ақшалай төлеммен (1,5 АЕК – 5 175 теңге мөлшерінде) қамтамасыз етіледі. 6 783 балаға 280,4 млн.теңге (ЖБ) бөлінді. 01.01.2024 жылға 261,7 млн. теңгеге 6 820 бала қамтамасыз етілді.
1) жан басына шаққандағы орташа табысы 3 күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтарға жарты жылда бір рет 7 АЕК (24 150 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек:
- зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;
- арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, зейнеткерлік жасқа жеткен зейнеткерлерге;
- бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінен зардап шегетін 1 топтағы мүгедектерге;
- ҰОС жылдары тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 22.06.1941-09.05.1945 ж.бастап кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын, ҰОС тылындағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға.
12 309 адамға 594,5 млн. теңге бөлінді, көмекті 522,8 млн.теңгеге 12 223 адам алды.
2) біржолғы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа табысы 2 КД-ден аспайтын азаматтарға өмірлік қиын жағдай туындаған кезде 20 АЕК (69 000 теңге). 8 271 адамға 562,2 млн.теңге бөлінді, 617 млн. теңгеге 8 780 адамға көмек көрсетілді.
3) біржолғы әлеуметтік көмек – өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен, баспанасынан айрылған, бүлінген, елеулі зиян келген отбасына 200 АЕК-ке дейін (690 000 теңге), сондай-ақ отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда әрбір қайтыс болған адамға 50 АЕК (172 500 теңге) мөлшерінде көрсетіледі. Бөлінген қаражат - 50 адамға 34,7 млн. теңге. Көмек 51 адамға 26,8 млн. теңге төленді.
4) сумен, газбен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азаматтарға бір құрал үшін 3,4 АЕК (11 730 теңге) мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:
Бөлінген қаражат – 397 адамға 6,2 млн. теңге, көмек 344 адамға 5,2 млн. теңгеге көрсетілді.
5) ай сайынғы әлеуметтік көмек – 6,5 АЕК (22 425 теңге):
70 адамға 20,7 млн. теңге қарастырылған. 01.01.2024 жылға 15,9 млн. теңгеге 69 адамға төленді.
6) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтарға 12 АЕК (41 400 теңге) мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.
772 адамға 241 млн. теңге қарастырылған. Көмекті 205,6 млн. теңгеге 922 адам алды.
7) жеке тұрғын үй иесіне жалпы басынан тұрғын үйге дейін газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен (144 513 теңге) аспайтын келесі санаттағы азаматтарға 100 % шығыны мөлшерінде, бірақ 3 (үш) нүктеден көп емес:
Шығындарды өтеу біржолғы болып есептеледі және қайта көрсетілмейді. 20 адамға 8,9 млн. теңге бөлінді,
13 адамға 4,7 млн. теңгеге көмек көрсетілді.
8) жан басына шаққандағы орташа табысы 1 КД (48 171 теңге) аспайтын аз қамтылған көпбалалы отбасылардан шыққан жоғары оқу орындарының үздік студенттеріне ай сайынғы әлеуметтік көмек (10 мың теңгеден). 12 адамға 300 мың теңге бөлінді.
9) ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ инфекциясы бар балаларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 есе мөлшерінде (ҚР бойынша – 81 134 теңге) ай сайынғы көмек. Бекітілген бюджет - 54 адамға 49,9 млн. теңге, көмек 55 балаға 48,4 млн. теңгеге көрсетілді.
10) ҰОС Жеңіс күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 13 220 адамға 964,2 млн. теңге бөлінді, төлемді алғандар:
– ҰОС қатысушылары мен мүгедектері – 84 млн. теңге сомасына 56 адам (1,5 млн. теңгеден);
– ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер – 149,8 млн. теңге сомасына 1 498 адам (100 мың теңгеден);
– Ауғанстанда немесе жауынгерлік қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде жауынгерлік қимылдары кезеңінде қаза тапқандардың отбасыларына – 2,5 млн. теңге сомасына 25 адам (100 мың теңгеден);
– басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік қимылдарының ардагерлеріне – 291,6 млн. теңге сомасына 2 916 адам (100 мың теңгеден);
– еңбек майданының қатысушыларына – 401,5 млн. теңге сомасына
8 030 адам (50 мың теңгеден);
– қайтыс болған ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің жұбайларына – 377 адам, сомасы 18,9 млн.теңге (50 мың теңгеден).
11) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылған, «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға 250 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған. 769 адамға 115,4 млн. теңге бөлінді. Көмекті 169 млн. теңгеге 676 адам алды.
8) Коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек 0,5 АЕК мөлшерінде (мәслихаттың 9.08.2023 ж. №37 шешімі). 137 792 адамға 1 521,2,7 млн. теңге бөлінді. 2023 жылғы қараша айынан бастап көмек көлемі ұлғайып 0,6 АЕК құрады. 01.01.2024 жылға 1 388,2 млн.теңге сомасына 133 037 адамға төленді.
IІ. Мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер медициналық-әлеуметтік мекемелерде және үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы мүгедек адамдарға, оның ішінде мүгедек балаларға, қарттарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетіледі.
01.01.2024 жылғы жағдай бойынша 8 987 адамға қызмет көрсетілді (кезектілік «Шапағат» ӘҚО – 25 адам, «Алатау» ӘҚО – 2 адам, ҮЕҰ - 22 адам).
Стационар жағдайында 1 465 адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Жартылай стационар жағдайында 2 033 адамға қызмет көрсетілді:
– 509 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан адамдарға («Шапағат» ӘҚО – 98 адам, Түрксіб, Бостандық, Наурызбай аудандарының бөлімшелерінде – 158 адам, Көпсалалы оңалту орталығында – 57 адам, «Аяла» ӘҚО – 120 адам,, «Парасат» ӘҚО – 76 адам);
– 1308 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға (АРДИ, «Каритас Казахстан» ЖҚҚ, «Ерзи» мүгедектер қауымдастығы ҚБ, «Кеңес» ҚҚ, «Амаль-Иман» ҚҚ, «Энштейннің балалары» ҚҚ, «Мархабат» ҚҚ, «Арман Алматы» ҚҚ, «Rakhym» ҚҚ, «Мейірім» ЖҚ, «Иппотерапия» адаптивті ат спорты» );
– 216 күндізгі болу бөлімшелерінде қарт адамдарға (қарттарға арналған «балабақша») артериялық гипертензия және жеңіл дәрежедегі когнитивті бұзылулар болған кезде («Жас дәрігерлер қауымдастығы» ҚБ, «Зиялылар» ҚҚ).
Үй жағдайында қызмет көрсету – 4 318 адамға көрсетілді, оның ішінде:
– 453 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға («Аяла» ӘҚО – 177 адам, «Парасат» ӘҚО - 276 адам);
– 702 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға (Басқарманың 6 аудандық бөлімі жанындағы 13 әлеуметтік көмек бөлімшесі);
- 3 163 жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға (аудандық әкімдіктер жанындағы 29 әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі).
Уақытша болу жағдайында – 1171 адам, оның ішінде:
– 765 белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға (180 төсек-орынға есептелген «Пана» әлеуметтік қызметтер орталығы);
– 406 адам - тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына («Жан-Сая» дағдарыс орталығы).
ІІІ. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау.
ЗТМО мәліметтері бойынша мүгедектер саны 56 685 адамды құрайды.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту шаралары «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңдары, Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22.01.2015 жылғы № 26 бұйрығы) шеңберінде жүзеге асырылады.
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер оңалтудың техникалық көмекші құралдарымен (сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен, протездік-ортопедиялық көмекпен және т.б.), әлеуметтік қызметтермен (санаторий-курорттық сауықтырумен, жеке көмекшінің, «инватаксидің», ымдау тілі маманының қызметтерімен) тегін қамтамасыз етіледі.
2023 жылы 33 161 мүгедек адамды Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы («Инватакси» қызметінен басқа) 12,8 млрд.теңгеге оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету жоспарланған.
01.01.2024 ж. жағдай бойынша «Инватакси» тасымалдау бойынша қызметтер 690 млн. теңгеге 100 көлікпен ұсынылды, «Оңай» терминалдарына ай сайын қызмет көрсетуге 6,8 млн. теңге жұмсалды.
Кресло-арбалармен – 988,1 млн. теңгеге 1013 адам, сурдоқұралдармен – 414,5 млн. теңгеге 1 400 адам, тифлоқұралдармен – 590,9 млн. теңгеге 1 544 адам, протездеу және ортездеумен – 978 млн. теңгеге 4 254 адам, гигиеналық құралдармен – 8 820 адам 2 625,2 млн. теңгеге, кохлеарлы импланттарға арналған сөйлеу процессорлармен – 439,3 млн. теңгеге 76 адам қамтамасыз етілді. Санаторлық – курорттық емдеу қызметтері 1 611,7 млн. теңгеге 8 155 адамға, ымдау тілі маманының қызметі 363,8 млн. теңгеге 914 адамға, жеке көмекшінің қызметі – 3 809,3 млн. теңгеге 3 580 адамға ұсынылды.
«Ten Qogam» мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру орталығы» әлеуметтік жобасын іске асыру жалғастырылуда, қаланың 8 ауданында орталықтар ашылды, 182,1 млн.теңге бөлінді. Орталықтардың қызметтерін 6 454 адам алды.
Кресло-арбаларды жөндеу орталығын іске асыру жалғастырылды, мүгедектігі бар 600 адамға кресло-арбаларды жөндеуді қамтамасыз ету мақсатында 29,5 млн.теңге бөлінді,. Қызметтерді 600 адам алды, 29,5 млн. теңге игерілді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға өз құқықтарын жүзеге асыруға теңдей мүмкіндік беру мақсатында мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол нысандарды паспорттауды және бейімдеуді қамтиды.
2023 жылы 7500 нысан паспортталды (жоспар 7500 нысан), 721 нысан бейімделді (жоспар 721 нысан).
IV. Әлеуметтік жобаларды іске асыру
ЗТМО мәліметтері бойынша зейнеткерлер саны - 242 153 адам.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының (Орталық) қызметін іске асыруға күнделікті 1070 адамды қамтуға 388,2 млн. теңге бөлінді.
2023 жылдың басынан барлығы Орталықта 8 101 зейнеткер тіркелді, 559,3 мың қызмет көрсетілді.
Зейнеткерлерді белсенді және салауатты өмір салтына тарту үшін емдік йога, скандинавиялық жүріс және ЕДШ сабақтары өткізіледі. Барлығы 276,5 мың адам қамтылды.
Гериатр-дәрігердің, кинезиолог-психологтың, медицина қызметкерлерінің консультацияларымен 61,3 мың адам қамтылды.
Бос уақытты өткізу іс-шараларымен (шахмат, нарды, домино, сурет салу, кескіндеме және графика, өсімдік шаруашылығы, хендмейд, жадыны нығайту техникасы) 148,5 мың адам қамтылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік-құқықтық, экономикалық кеңестер өткізіліп, 6,9 мың адам қамтылды. Смартфонды меңгеру және компьютерлік сауаттылық, сондай-ақ латын, ағылшын және қазақ тілдерін оқу курстарымен 66,2 мың адам қамтылды.
«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне күнделікті 150 қарт адамды қамтуға 199,1 млн.теңге бөлінді. Орталықта барлығы 2 245 зейнеткер тіркеліп, 86,5 мың қызмет көрсетілді.
Көп балалы отбасылардың саны – 38 331, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар – 5 603 адам.
«Бақытты отбасы» орталықтарының қызметін іске асыруға күн сайын 730 адамның келуіне 265,8 млн.теңге бөлінді. Қалалық және 8 аудан орталықтары жұмыс істейді, оған 16 869 адам жүгінді.
Алатау ауданының аз қамтылған отбасылары үшін дәстүрлі қолөнерді дамыту орталығын іске асыруға күн сайын 120 адамға 39 млн. теңге бөлінді, 845 адам жүгінді, орталықтың қызметімен 1,5 мың адам қамтылды.
8 ауданда «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубын жүзеге асыру жалғасуда (666,8 млн.теңге бөлінді). Клубтың 15 бөлімшесі жұмыс істейді, онда аз қамтылған отбасылардан 3 661 бала оқытумен қамтылған, 361 адам мұғалім болып жұмысқа орналастырылған, оның 230-ы халықтың осал топтары болып табылады.
«Тәуелсіз өмір мектебі» жобасы аясында (бюджет – 192 адамды қамтумен 64,8 млн. теңге) 195 мүгедектігі бар адамдар «Ақбастау» шипажайында жеті күндік курстарында оқудан өтті.
Мақсаты отбасыларды кешенді қолдау, балалары бар әйелдердің өмір сүру сапасын жақсарту, сондай - ақ проблемалы қарыз алушыларға консультациялық көмек көрсету болып табылатын «Жарқын өмір» әлеуметтік жобасы 480 адамға, «Жаңа өмір» - 360 адамға, «Isker isi» - 7200 адамға көмек көрсетумен өз жалғасын тапты. Жыл басынан бері жобалармен 8 692 адам қамтылды.
V. Халықты жұмыспен қамту.
Статистика деректері бойынша 2023 жылдың 3 тоқсанында жұмыс күшінің саны 1 097,4 мың адамды құрады, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33,4 мың адамға артық, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық – 1 044,8 мың адам (33,8 мың адамға өсті).
Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 122,9 мың адам (9,8 мың адамға өсті), олардың жұмыспен қамтылған халық санынан үлесі 11,8% - ды құрады.
Жұмыссыздар саны – 52,6 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,8%.
2023 жылдың басынан бастап Еңбек мобильділігі орталығына 61 563 адам жүгінді, оның ішінде 41 120 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.
Халықты жұмыспен қамту шаралары 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде көрсетіледі.
Жыл басынан бері 87 404 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, оның ішінде:
1) тұрақты жұмыс орындарына – 25 610 адам (оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 3 859 адам);
2) субсидияланатын жұмыс орындарына 15 927 адам жіберілді (жоспар 16 237 адам болған кезде), оның ішінде:
- әлеуметтік жұмыс орындары - 985 адам (жоспар-980 адам, бюджет-703,8 млн. тг.);
- жастар практикасы - 899 адам (жоспар - 899 адам, бюджет - 1 078,2 млн. теңге);
- қоғамдық жұмыстар – 13 241 адам (жоспар - 12487 адам, бюджет – 11 166,3 млн. теңге);
- бірінші жұмыс орны - 413 адам (жоспар - 937 адам, бюджет – 430,5 млн. теңге);
- ұрпақтар келісімшарты - 4 адам (жоспар - 4 адам, бюджет – 6,1 млн. теңге);
- күміс жас - 385 адам (жоспар - 930 адам, бюджет - 240,7 млн. теңге);
3) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 961 адам жіберілді (263,3 млн. теңге бөлінді), оның ішінде:
- оқу орталықтарында оқыту - 647 адам;
- жұмыс орнында оқыту - 314 адам.
4) оқудан өткендер – 44 396 адам:
- enbek.kz платформасында дағдыларды оқыту -3 176 адам;
- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша – 9 920 адам.
- профориентация – 31 299 адам.
5) жұмысқа орналастырумен мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орны құрылды (жұмыс орнын. құруға – 1,035 млн. теңге, жұмысқа орналастыруға – 435 мың теңге бөлінді) - 1 адам.
6) 400 АЕК дейін өтеусіз гранттарды 375 адам 515,8 млн. теңгеге алды (жоспар – 375 адам, 515,8 млн.теңге бөлінді).
7) шағын несиені 666,1 млн. теңгеге 135 адам алды (жоспар – жастар санатынан 617 адам, 3 085 млн. теңге бөлінді. (РБ).
Жеке жұмыспен қамту агенттігіне 1 319 адам өтініш білдіріп, 3 адам жұмысқа орналастырылды.
2023 жылы 86 777 жұмыс орнын құру жоспарлануда (оның ішінде 68 204 – тұрақты, 18 573 – уақытша), оның ішінде ұлттық жобалар шеңберінде – 22 600 жұмыс орны, ШОБ – 64 177 жұмыс орны.
А.ж. басынан бастап 89 995 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 72 824 бірлік – тұрақты, 17 171 бірлік – уақытша.
Толық емес жұмыспен қамту және қызметкерлерді босату жағдайын бақылау мақсатында жұмыскерлер саны 53,5 мың адам болатын 281 кәсіпорынға сауалнама жүргізілді. Штат санының қысқаруы немесе кәсіпорынның таралуы себебінен босатылды - 14 кәсіпорында 113 адам.
Мәжбүрлі демалыста – 34 адам, оның ішінде өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты – 229 адам, ҚР ЕК сәйкес төлеммен бос тұрып қалуына байланысты уақытша жұмыспен қамтылмаған - 5 адам.
VI. Көші-қон процестері.
Оралмандар шығатын елдер: ҚХР - 911 адам, Өзбекстан - 341 адам, Ресей – 154 адам, Қырғызстан - 51 адам, Моңғолия - 58 адам, Түркіменстан - 26 адам, Иран - 11 адам, Тәжікстан – 6 адам.
2) Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту үшін 2 050 бірлік мөлшерінде квота бөлінді (I санат – 356, II санат – 852, III санат – 763, IV санат – 79). Барлығы 1242 рұқсат берілді (I санат-140, II санат-539, III санат –509, IV санат –54).
Шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер жергілікті бюджетке 738 млн. теңге салық төледі.
ШЖК шығатын негізгі елдер: Қытай – 47%, Түркия – 11,8%, Украина – 9,6%.
VII. Әлеуметтік қызметтер үйінде мемлекеттік қызметтер көрсету.
Әлеуметтік қызметтер үйінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және тұрғын үй саясаты басқармаларының, Еңбек мобильділігі орталығының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, «Отбасы Банкінің», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының, «Атамекен» ӨКП және әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері орналасқан. «Бір терезе» қағидаты бойынша «Open Space» форматында мемлекеттік қызметтердің 776 түрін алу көзделген.
Жыл басынан бері барлығы 86 892 қызмет көрсетілді, оның ішінде: