Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде

Алматы қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2022 жылғы 17 қарашада № 4/607 Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен 2023 жылға арналған жұмыс орындарын құру квотасы бекітілді.

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін нде жалпы саны 21456 қызметкер болатын 11 кәсіпорында 41 жұмыс орны мөлшерінде квота белгіленді, оның ішінде квота бойынша 2 адам жұмысшы болып орналасты (ЖШС «Dizzy» – 1, ЖШС «ЛЭУ» - 1).

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жалпы саны 5578 қызметкері бар 5 кәсіпорында 10 жұмыс орын квотасы белгіленді.

2023 жылдың 1 желтоқсанына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 2 адам квота бойынша тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды («Гелиос ЖШС, «Мерей» ЖШС оператор).

Ағымдағы жылдың басынан бастап Алматы қаласының Мансап орталығына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жұмыспен қамту органдарына 177 адам жүгінді (оның ішінде: пробация қызметінде есепте тұрған 160 адам, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 17 адам).

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 47 адам қамтылды, оның ішінде: 36 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды (оның ішінде 4 адам квота шеңберінде жұмысқа орналастырылды), 5 адам қоғамдық жұмыстарға, 6 адам қысқа мерзімді курстарға жіберілді.

Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы тұрақты негізде еңбек ұжымдарымен кездесулер, бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілері арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

 

Дата публикации
06 декабря 2023