Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 488
«Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Алматы қаласы мәслихаты шешім жобасына салыстырмалы кесте
|
№ п/п |
Құрылымдық элемент |
Ағымдағы басылым |
Ұсынылған басылым |
Негіздемелер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 488 «Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» шешiмi |
||||
|
2 |
3 тармақ |
3. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік көмек алу үшін Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына келесі құжаттармен бірге өтініш береді: 1) өтініш иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі; 2) «Ленинградты қорғағаны үшін» медалі немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісі куәліктерінің көшірмесі; 3) жол жүру құнын растайтын билеттер; 4) ағымдағы банк шотын ашқаны туралы мәліметтер. |
3. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік көмек алу үшін Алматы қаласы аудан әкімдерінің аппараттарына өтінішпен және мынадай құжаттарды қоса бере отырып жүгінеді: 1) өтініш иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі; 2) «Ленинградты қорғағаны үшін» медалінің немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісінің куәліктері; 3) жол жүру құнын растайтын билеттер; 4) ағымдағы банк шотын ашқаны туралы мәліметтер. |
«Құқықтық актілер туралы»ҚР Заңының нормаларына сәйкес келтіру |
|
3 |
3 тармақтың 3-1) тармақшасы |
Болған жоқ |
3-1. Әлеуметтік көмекті үйлестіру бойынша уәкілетті орган Алматы қаласы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселесі бойынша жергілікті ұйымы болып табылады. |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес |