Алматы қаласы мәслихатының «Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» 2020 жылғы 9 қазандағы № 488 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алматы қаласы мәслихатының «Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» 2020 жылғы 9 қазандағы № 488 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1647 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«3. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік көмек алу үшін Алматы қаласы аудан әкімдерінің аппараттарына өтінішпен және мынадай құжаттарды қоса бере отырып жүгінеді:

1) өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;

          2) «Ленинградты қорғағаны үшін» медалінің немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісі куәліктерінің көшірмесі; 

          3) жол ақысының құнын растайтын билеттер;

          4) ағымдағы банк шотын ашқаны туралы мәліметтер.»;

3 тармақ келесі мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

 «3-1. Әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру жөніндегі уәкілетті орган Алматы қаласының аумағында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.»;

  1. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Алматы қаласы

мәслихатының төрағасы                                                                 М. Отыншиев

Дата публикации
02 ноября 2023