Алматы қаласы мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Алматы қаласы мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алматы қаласы мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1735 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«2. Осы шешім 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 30 маусымына дейін қолданылады.»;

аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне өтемақы төлеуге әлеуметтік көмек көрсету қағидаларындағы (бұдан әрі - Қағидалар):

1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1. Осы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету тәртібін айқындайды.»;

6 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«6. Әлеуметтік көмек кірісті есептемей 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2023 жылғы 1 қарашадан бастап – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін 0,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мұқтаж азаматтардың мынадай жекелеген санаттарына көрсетіледі:»;

2 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;

9 және 10 тармақтар алынып тасталсын;

11 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«11. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде өтініш негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;

3 бөлім келесі мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

«16-1. Егер көрсетілетін қызметті алушы 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әлеуметтік көмек алушы болып табылған жағдайда, оған көрсетілетін қызмет берушіге жүгінбей-ақ әлеуметтік көмек тағайындалады.

Өтініш берушілерге 2023 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әлеуметтік көмек тағайындалады және өтініш берілген айдан бастап төленеді.».

Қағидалардың 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

Қағидалардың 2 қосымшасы алынып тасталсын.

  1. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алматы қаласы                                                                       

мәслихатының төрағасы                                                                  М. Отыншиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023 жылғы «___» ___________ № ____

Алматы қаласы мәслихатының шешіміне қосымша

 

  Алматы қаласында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына

коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне өтемақы

төлеуге әлеуметтік көмек көрсету қағидалары» Қағидасына

1-қосымша

 

Нысан

Уәкілетті органның басшысына

____________________________

(қала, аудан)

Өтініш

Тегі:_______________________________________________________

Аты: __________________________________________________________

Әкесінің аты (бар болса)_______________________________________

Туған күні «____» _____________ _____ жыл

ЖСН _______________________________________

Мәртебесі: _____________________________________

Сізден санат бойынша коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетуіңізді сұраймын__________________________________ .

Үй мекенжайы: _________________________________________________

Телефон: ________________________________________________________

Банк деректемелері:

Банктің атауы _____________________________________________

Банк шотының № _______________________________________________

Шот түрі: _________________________

            «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған кезде қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін. Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін. Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін. Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардармын.

      20____ жылғы «____» ___________

      ______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш берушінің (заңды өкілінің) қолы

 

      Құжаттарды қабылдаған:

      ______________________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)   20____ жылғы «____» ____________

Алматы қаласы мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Алматы қаласы мәслихатының 20______жылғы «____»_________№_____ шешіміне келісу парағы

 

 

Алматы қаласы әкімінің орынбасары                                                   Ә. Нүсіпова

 

Алматы қаласы әкімі аппаратының

басшысы                                                                                                     Б. Шаханов

 

Алматы қаласы әкімі аппараты 

заң бөлімінің басшысы                                                                      Г. Мырзабекова

 

 

Алматы қаласы Жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының басшысы                                                                        Б. Жаубасов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орынд.: К. Қошқарбаева

тел.:      338-30-24

Дата публикации
01 ноября 2023