ПРЕСС-РЕЛИЗ Коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуіне байланысты әлеуметтік көмектің көлемі ұлғайды

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуіне байланысты әлеуметтік көмектің көлемі ұлғайды

 

Алматы қаласы мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы              9 тамыздағы №37 шешіміне (бұдан әрі - Шешім) сәйкес жекелеген халықтың әлеуметтік осал топтарына (бұдан әрі - ХӘОТ) жататын қала халқының 8 санатына 0,5 АЕК (1 725 теңге) мөлшерінде коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетіледі.

         Тарифтердің өсуінің өтемақысына әлеуметтік көмек ХӘОТ өтініші бойынша 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 31 қазанға дейін                 0,5 АЕК (1725 теңге) (бұдан әрі – әлеуметтік көмек)  мөлшерінде төленеді.

2023 жылғы 1 қарашадан бастап жоспарланып отырған электр энергиясына тарифтердің көтерілуіне байланысты Алматы қаласы мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 9 тамыздағы №37 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімінің жобасымен (бұдан әрі – Жоба) әлеуметтік көмек көрсету мерзімін ұзартуды және оның мөлшерін 2023 жылғы 1 қарашадан 2024 жылғы 30 маусымға дейін 0,6 АЕК мөлшерінде ұлғайтуды ескеретін шешімге өзгерістер енгізіледі (айлық есептік көрсеткіштің мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленеді).

         Сонымен қатар, Шешім Қазақстан Республикасы Үкіметінің      2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес қабылданған, оның күші жойылды, осыған сәйкес оны ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысының талаптарына сәйкес келтіру қажет.

            Анықтама: ХӘОТ 8 санаты (315 430 адам) (ҰОС ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа»алқаларымен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару кезінде, әскери қызмет кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары, жасы бойынша зейнеткерлер.

Сонымен қатар, учаскелік комиссияның өтініш берушілерді тексеруі алынып тасталады, себебі көмек кірісті есепке алмай көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдауды және төлеуді қала әкімінің аудандық аппараттары ЕДБ арқылы өтініш берушілердің шоттарына жүргізеді.

         Жобаны қаржыландыру Алматы қаласы бюджетінің қаражаты шеңберінде жүзеге асырылады және ол қабылданған жағдайда                     2023 жылдың соңына дейін қосымша қаражат бөлу талап етілмейді. 2024 жылға қаржыландыру 4 112 млн. теңгені құрайды. (315 430 адам).

         Жоба ХӘОТ-ты мемлекет тарапынан қосымша әлеуметтік қорғау шараларымен, сондай-ақ қала аумағында Коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру кезінде ауыртпалықсыз өтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 1 қарашадағы жағдай бойынша 120 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 ноября 2023