Алматы қаласы Мәслихатының шешіміне
20___ жылдың _____________ №_________
1 қосымша
Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) әлеуметтік көмек – Алматы қаласы әкімдігінің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын Алматы қаласы аудандарының әкімдіктері;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
11) көп балалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;
12) транскрипт - кредиттер мен бағаларды көрсететін тиісті оқу кезеңі ішіндегі игерілген пәндер тізбесі мен (немесе) модульдерден және оқу жұмысының басқа түрлерінен құралған құжат;
13) Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жәніндегі орталығы – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жәніндегі орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
14) АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы.
Жиынтық табыс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылдың 28 тамызында № 5757 болып тіркелген) бекітілген, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес есептелінеді.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;
2) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
3) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы.
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күні, мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 – бабында айқындалған басқа мемлекеттердің аумағындағы іс - қимылдарының ардагерлеріне - 50 (елу) мың теңге.
Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне:
1) мәртебеcі Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 4 бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне –
1 (бір) миллион теңге;
2) мәртебеcі Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 5, 6-баптарымен белгіленген, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 100 мың теңге;
3) мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
5 – бабында айқындалған басқа мемлекеттердің аумағындағы іс - қимылдарының ардагерлеріне - 100 (жүз) мың теңге.
4) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесірлеріне – 100 мың теңге;
5) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына және қайта некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 100 мың теңге;
6) Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қаза тапқан немесе Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектерге жеңілдіктер бойынша теңестiрiлген адамның жұбайына (зайыбына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) – 50 мың теңге;
7) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 50 мың теңге;
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бірнеше санаттарға жататын әрбір адамға атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек тек бір негіз бойынша ғана аударылады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні: Қазақстандағы
1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар – 150 000 мың теңге, 2024 жылдың 1 қаңтарынан 200 000 (екі жүз мың) теңге.
1) 1-2 қаңтар – Жаңа жыл;
2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
3) 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы;
4) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
5) 6 шілде – Астана күні;
6) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
7) 25 қазан – Республика күні;
8) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Әлеуметтік көмек алушының «Отбасы банк» акционерлік қоғамында ашылған банк шотына аударылады.
баспанасынан айрылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде баспана иесінің отбасына 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін;
төтенше жағдай және өрт салдарынан қазалы жағдай орын алғанда қайтыс болған отбасының әр мүшесіне - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш.
Әлеуметтік көмек төтенше жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі.
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
2) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
3) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі барлар;
4) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207 бабының
1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге.
Әлеуметтік көмектің аталған түрі ыстық және (немесе) суық сумен және (немесе) газбен және (немесе) газ құбырымен жабдықтау құралдарын орнатқан немесе тексеруден өткізген күннен бастап алты айдан кешіктірмей көрсетіледі.
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
2) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
3) құрамында бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектігі бар отбасыларына;
4) мүгедектігі бар балаларды тәрбилейтін отбасыларына;
5) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207 бабының
1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге.
Аталған газ құбырын жалпы басынан үйге дейін орнату және жүргізу шығындарын өтеу біржолғы болып есептеледі және алған өтініш иесіне, отбасы мүшелеріне және онымен бірге тұрақты тұратын адамдарға қайта көрсетілмейді.
1) мәртебеcі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне;
3) Aуғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына).
1) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207 бабының
1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге;
2) бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектігі барларға.
Егер емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған балаларға тағайындау кезінде ата-анасы (заңды өкілдер) әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш беруге құқылы. Заңды өкілдер баланы асырап алғандығы және қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгендігі жөнінде тиісті органдар шешімдерінің көшірмелерін ұсынады.
Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырған балалар үшін ата-аналары (заңды өкілдері) әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш беруге құқылы. Заңды өкілдері тиісті органның бала (қыз) асырап алу немесе балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірмені қоса береді.
1) табиғи апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын адамдар;
3) мәртебеcі Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
4) мәртебеcі Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 6-баптарымен белгіленген, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
5) мәртебеcі Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 5-баптарымен белгіленген басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
6) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi;
7) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына және қайта некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына);
8) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар;
9) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207 бабының
1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге;
10) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);
11) бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектігі бар адам;
12) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
13) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын аз қамтылған азаматтар (отбасылар);
14) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көп балалы отбасылар;
15) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебiнде тұрған көп балалы отбасылар;
16) Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын көп балалы отбасылардан шыққан студенттер;
17) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі барлар;
18) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін отбасылар;
19) құрамында бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектігі бар отбасылар;
20) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтар;
21) Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ-инфекциясын жұқтырған балалар;
22) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған балалардың ата-аналары (заңды өкілі);
23) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар (жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерді қоспағанда).
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;
жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат;
4) осы Қағиданың 21-тармағының 15) тармақшасында көрсетілген тұлғалар транскрипті "өте жақсы" деген бағаға сәйкес бағалар баламасын ұсынады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Осы Үлгілік қағидалардың 29 және 30-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.
4) толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда жүзеге асырылады.
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, тегін;
2) мәртебесі Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 7-бабымен мәртебесі белгіленген еңбек ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
3) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
4) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі барға теңестiрiлген адамның қайта некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың қайта некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы) – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
5) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарындың кәмелетке толмаған тұтқындарына – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
6) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
7) зейнет жасына толған басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
8) зейнет жасына толмаған басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері үшін - жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтынын ескере отырып, санаторий-курорттық емделуге берілетін жолдама құнының 25% - ын төлей отырып, бірақ екі жылда бір реттен артық емес;
9) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған зейнеткерлік жасқа толмағандарға - санаторий-курорттық емделуге берілетін жолдама құнының 25% -ын төлей отырып, жан басына шаққандағы орташа табысы үш еселенген күнкөріс деңгейінен аспайтын шаманы ескере отырып, бірақ екі жылда бір реттен артық емес;
10) жасына байланысты зейнетке шыққан зейнеткерлерге – ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алына отырып, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерін төлей отырып;
11) осы Қағиданың 24-тармағының 23) тармақшасында көрсетілген мүгедек балаларды және бірінші топтағы мүгедектерді санаторий-курорттық емдеуді ұсынатын ұйымда болған кезінде алып жүретін адамдарға, бірақ алып жүретін бір адамнан артық емес – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, Қазақстан Республикасының ішінде санаторий-курорттық емдеудің шығындарын өтеу түрінде емдеу рәсімдерін ескермей тамақтануын және тұруын төлей отырып.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарына санаторий-курорттық емделу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес ұсынылады.
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген
№ 068/у нысанындағы санаторий-курорттық емделуге жолдама алу үшін анықтама, осы Қағиданың 40-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда;
3) осы Қағиданың 40-тармағының 1), 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының
9-бабымен көрсетілген құжатты;
4) осы Қағиданың 40-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) 7) және
8) тармақшаларында көрсетілген адамдар, зейнетақы мөлшері туралы құжат;
5) осы Қағиданың 40-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар, адамның (отбасы мүшелері) табысы туралы мәліметтер;
6) осы Қағидалардың 40-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген адамдар: уәкілетті орган берген ұйымға мүгедектігі бар адамның жолдамасының көшірмесі, төлемді растайтын құжат, санаторий-курорттық ұйымның орындалған жұмыстарының актісін ұсынады.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Өтінішті қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның маманы,құжаттар пакетінің толықтығын тексереді.
Құжаттар пакеті толық болған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды учаскелік комиссияға жібереді.
Учаскелік комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
Осы Қағидалардың 40-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде оларды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттарды учаскелік комиссияға жібереді.
Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша материалдық жағдай туралы акт жасайды, осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға жібереді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган санаторий-курорттық емделуді көрсетуге құжаттарды ресімдеу немесе ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және өтінішті қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде өтініш берушіге санаторий-курорттық емделуді көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны немесе учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде дәлелді бас тарту шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде еркін нысанда жолдайды.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берген адамдардың тізімін жасайды және құжаттарды уәкілетті органға жібереді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылданған құжаттар негізінде келіп кіру кестесіне сәйкес осы Қағидалардың 4-қосымшасындағы нысан бойынша өтініш берушілерге жолдама беру журналына (бұдан әрі – Журнал) қол қойдырып, әрі қарай өтініш берушіге жолдаманы береді.
Санаторий-курорттық жолдаманы белгілі бір себептер (қайтыс болу, дертке шалдығу және уәкілетті орган орынды деп таныған басқа да себептер) бойынша пайдаланбаған жағдайда ол әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға қайтарылуы және кезек тәртібіне сәйкес басқа адамға берілуі тиіс.
Қайтарылған санаторий-курорттық жолдамалар Журналда тіркеледі.
Санаторий-курорттық жолдаманы орынды себептер бойынша пайдаланбаған кезде берілген санаторий-курорттық жолдама мүмкіндігінше кіру кестесіне сәйкес басқа мерзімдегі санаторий-курорттық жолдамаға алмастырылады, бірақ алмастыруға жататын санаторий-курорттық жолдамада көрсетілген кіру уақытына дейін үш күннен кешіктірілмейді.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Өтінішті қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органының маманы құжаттар пакетінің толық болуын тексереді.
Құжаттар пакеті толық болған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оларды учаскелік комиссияға жібереді.
Учаскелік комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
Осы Қағидалардың 40-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде оларды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттарды учаскелік комиссияға береді.
Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша материалдық жағдай туралы акт жасайды, осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға береді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган санаторий-курорттық емделуге кеткен шығындарды өтеуге арналған құжаттарды ресімдеу немесе ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және өтінішті қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде өтініш берушіге Учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде санаторий-курорттық емделуге кеткен шығындарды өтеуге арналған құжаттарды ресімдеу туралы немесе бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып, еркін нысанда хабарландыру жібереді.
Өтініш беруші мекемеде санаторий-курорттық емделу қызметін алғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға шот-фактура, фискалды түбіртек, атқарылған жұмыстардың актісін және банк шотын ұсынады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде 30 күнтізбелік күн ішінде санаторий-курорттық емделу үшін ақшалай түрдегі әлеуметтік көмекті есептейді.
Егер өтініш беруші санаторий-курорттық емделуді пайдаланбаса немесе мекемеге кіру күні кейінгі мерзімге ауыстырылса, ол әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жазбаша хабарлайды.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган санаторий-курорттық емделуді пайдаланбаған өтініш берушіні тіркеуден алып тастайды.
Өтініш берушінің мекемеге кіру күні кейінгі, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге ауыстырылған жағдайда санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек санаторий-курорттық емдеуді алу фактісі бойынша төленеді.
Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек жергілікті бюджетте аталған мақсаттарға тиісті қаржы жылында қарастырылған қаржы шегінде беріледі.
Өтініш беруші санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек тағайындау туралы жеке өтініш жасай алмайтын жағдайда, белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішпен баруға басқа адамдарға өкілеттік беруге құқылы.
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған жағдайда;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органмен белгіленген шектен асқан жағдайларда жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініштерді келіп түсуіне қарай тіркейді.
Алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда санаторий-курорттық емделуге төленген әлеуметтік көмек сомасы ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылуы тиіс.
Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде он екі күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге бір реттен артық көрсетілмейді.
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы Алматы қаласынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
5) туберкулезбен ауыратын науқастарды «Каменское Плато» туберкулезге қарсы шипажайына стационарлық емдеуге немесе Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының тізіміне сәйкес емін 7 күннен аса дәлелсіз себептер бойынша үзген кезде тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
|
|
Әлеуметтік көмек көрсетудің, |
|
|
Жергілікті атқарушы |
|
|
___________________ |
|
|
|
Өтініш
Азамат________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні: ______ жылғы "___" ___________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат түрі: _____________________
Құжаттың сериясы: _____ құжаттың нөмірі:________ кім берген: _______
Берілген күні ____________ жылғы "__" _________
Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы ______________________________
қаласы (ауданы) __________________________
көшесі (шағын ауданы) _______ үй ___ пәтер
Банк деректемелері:____________________________________________
Банктің атауы _________________________________________________
Банк шотының № ______________________________________________
Телефон ___________________________
Маған ___________________ әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
|
Р/с № |
Құжаттың атауы |
Құжаттағы парақтардың саны |
ескертпе |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
|
|
|
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған кезде қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардармын.
20____ жылғы «____» ___________
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш берушінің (заңды өкілінің) қолы
Құжаттарды қабылдаған:
______________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)
20____ жылғы «____» ____________
|
|
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
|
Адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
20 жылғы «__»
__________________________________________________________
(елді мекен)
______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
|
Р/с № |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туған күні |
Өтініш берушіге туыстық қатынасы |
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) |
Жұмыспен қамтылмау себебі |
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.
Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығыстар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Отбасының табысы:
|
Р/с № |
Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Табыс түрі |
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) |
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер |
|
|
тоқсанға |
орта есеппен айына |
|
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
|
автокөлігі (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түсетін мәлімделген табыс)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйі (оны пайдаланғаннан түсетін мәлімделген табыс)
_______________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Комиссия төрағасы: __________________________ ___________________
Комиссия мүшелері: _________________________ ___________________
_____________________________ _________________________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жасалған актімен таныстым: ___________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
_______________________________________________________________
Тексеру жүргізілуден бас тартамын_________________________________
Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
_______________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Күні _______
|
|
Әлеуметтік көмек көрсетудің, |
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20__ ж. ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш берген тұлға (отбасы)
________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде тұлғаға (отбасыға) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті ұсынудың
_______________________________________________________________
(қажеттігі, қажетінің жоқтығы) туралы қорытынды шығарады.
Комиссия төрағасы: __________________ ______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _____________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
_________________ _______________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада 20__ ж. «___» ___________ қабылданды.
_______________________________ құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы,
қолы_________________________________