Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының II тоқсандағы қызметінің қорытындылары туралы ақпарат (2023 жылғы 01 қазан жағдайына)

2023 жылдың басынан бастап 272 628 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 115 378 мемлекеттік қызмет – «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, 101 319 мемлекеттік қызмет – мемлекеттік орган арқылы, 55 931 мемлекеттік қызмет – Мемлекеттік корпорация арқылы.

І. Аз қамтылған азаматтарға жәрдемақы төлеу және әлеуметтік көмек көрсету.

  1. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі (АӘК).

Кедейлік шегі тоқсан сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде айқындалады: 2023 жылғы 3  тоқсанға күнкөріс деңгейі 49 898 теңге, кедейлік шегі –
34 929 теңгені құрайды.

АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмекке жіктеледі.

АӘК төлеуге 21 мың адамға 2 545,9  млн. теңге бөлінді (ЖБ). 01.10.2023 жылға АӘК 3 818 отбасына (19 310 адам) 1 486,2 млн. теңгеге төленді.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар АӘК алушылар балалар тамағын және тұрмыстық химия жиынтығын сатып алу үшін ақшалай төлеммен (1,5 АЕК – 5 175 теңге мөлшерінде) қамтамасыз етіледі. 7 519 балаға 421,4 млн.теңге (ЖБ) бөлінді. 01.10.2023 жылға 180,8 млн. теңгеге 6 165 бала қамтамасыз етілді.

  1. АӘК алушылар телевизиялық абоненттік жалғамалармен (08.11.2016 ж. №677 ҚРҮҚ) жалғамаларды жеткізу және орнату бойынша қызметтерді төлеу арқылы тегін қамтамасыз етіледі. 50 адамға 0,5 млн.теңге бөлінді. 01.10.2023 жылға 50 адам 520 мың теңгеге қамтамасыз етілді.
  2. Аз қамтылған азаматтарға коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалған шығындар отбасының жиынтық табысының 5% - нан асқан жағдайда тұрғын үй-коммуналдық шығындарды төлеу үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі (мәслихаттың 02.06.2014 ж. №232 шешімі). 2 923 адамға 63,1 млн.теңге бөлінді. 01.10.2023 жылға 24 млн. теңгеге 1 186 адамға тұрғын үй көмегі төленді.
  3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына келесі әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі (21.05.2013 жылғы № 504 ҚРҮҚ, Алматы қаласы мәслихатының 23.07.2015 жылғы № 347 шешімі):

1) жан басына шаққандағы орташа табысы 3 АЕК-тен аспайтын азаматтарға жарты жылда бір рет 7 АЕК (24 150 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек:

- зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;

- арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, зейнеткерлік жасқа жеткен зейнеткерлерге;

- бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінен зардап шегетін 1 топтағы мүгедектерге;

- ҰОС жылдары тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 22.06.1941-09.05.1945 ж.бастап кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын, ҰОС тылындағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға.

12 930 адамға 617,5 млн. теңге бөлінді, көмекті 486,1 млн.теңгеге 10 865 адам алды.

2) біржолғы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа табысы 2 АЕК-тен аспайтын азаматтарға өмірлік қиын жағдай туындаған кезде 20 АЕК (69 000 теңге). 7 824 адамға 543,4 млн.теңге бөлінді, 536,3 млн. теңгеге 7 763 адамға көмек көрсетілді.

3) біржолғы әлеуметтік көмек – өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен, баспанасынан айрылған, бүлінген, елеулі зиян келген отбасына 200 АЕК-ке дейін (690 000 теңге), сондай-ақ отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда әрбір қайтыс болған адамға 50 АЕК (172 500 теңге) мөлшерінде көрсетіледі. Бөлінген қаражат - 47 адамға 32,3 млн. теңге. Көмек  37 адамға 18,9 млн. теңге төленді.

4) сумен, газбен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азаматтарға бір құрал үшін 3,4 АЕК (11 730 теңге) мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
  • бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
  • бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;
  • зейнет жасына толған зейнеткерлерге.

Бөлінген қаражат – 537 адамға 6,3 млн. теңге, көмек 238 адамға 3,5 млн. теңгеге көрсетілді.

5) ай сайынғы әлеуметтік көмек – 6,5 АЕК (22 425 теңге):

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
  • Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне;
  • Aуғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына).

74 адамға 23,2 млн. теңге қарастырылған. 01.10.2023 жылға 11,1 млн. теңгеге 69 адамға төленді.

6) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтарға 12 АЕК (41 400 теңге) мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.

772 адамға 243,4 тмлн. теңге қарастырылған. Көмекті 139,8 млн. теңгеге 748 адам алды.

7) жеке тұрғын үй иесіне жалпы басынан тұрғын үйге дейін газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен (144 513 теңге) аспайтын келесі санаттағы азаматтарға 100 % шығыны мөлшерінде, бірақ 3 (үш) нүктеден көп емес:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
  • бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
  • құрамында бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері бар отбасыларына;
  • мүгедек балаларды тәрбилейтін отбасыларына;
  • Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге көрсетіледі.

Шығындарды өтеу біржолғы болып есептеледі және қайта көрсетілмейді. 37 адамға 8,8 млн. теңге бөлінді,
11 адамға 4,1 млн. теңгеге көмек көрсетілді.

8) жан басына шаққандағы орташа табысы 1 ПМ (48 171 теңге) аспайтын аз қамтылған көпбалалы отбасылардан шыққан жоғары оқу орындарының үздік студенттеріне ай сайынғы әлеуметтік көмек (10 мың теңгеден). 12 адамға 300 мың теңге бөлінді.

9) ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ инфекциясы бар балаларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 есе мөлшерінде (ҚР бойынша – 81 134 теңге) ай сайынғы көмек. Бекітілген бюджет - 54 адамға 52,5 млн. теңге, көмек 54 балаға 32,5 млн. теңгеге көрсетілді.

10) ҰОС Жеңіс күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 14 033 адамға 985,3 млн. теңге бөлінді, төлемді алғандар:

– ҰОС қатысушылары мен мүгедектері – 84 млн. теңге сомасына 56 адам (1,5 млн. теңгеден);

–  ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер – 149,8 млн. теңге сомасына 1 498 адам (100 мың теңгеден);

–  Ауғанстанда немесе жауынгерлік қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде жауынгерлік қимылдары кезеңінде қаза тапқандардың отбасыларына – 2,5 млн. теңге сомасына 25 адам (100 мың теңгеден);

 – басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік қимылдарының ардагерлеріне – 291,6 млн. теңге сомасына 2 916 адам (100 мың теңгеден);

–  еңбек майданының қатысушыларына – 401,5 млн. теңге сомасына
8 030 адам (50 мың теңгеден);

– қайтыс болған ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің жұбайларына –  377 адам, сомасы 18,9 млн.теңге (50 мың теңгеден).

11) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылған, «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға 150 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған. 769 адамға 115,4 млн. теңге бөлінді.

  1. Алматы қаласында тұратын Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына бару және кері қайту жолақысын өтеу (мәслихаттың 12.12.2012 ж. №82 шешімі). 1 адамға 213 мың теңге бөлінді.
  2. Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын бір тоқсанда 12 АЕК (41 400 теңге) мөлшерінде өтеу (мәслихаттың 19.12.2013 ж. №196 шешімі). Бекітілген бюджет 1 027 адамға 121 млн. теңге. 01.10.2023 жылға 65,4 млн.теңгеге 949 адамға төленді.
  3. 2022 жылғы қаңтарда төтенше жағдай кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына материалдық көмек көзделген (ҚРҮ 25.05.2013 ж. № 504 Қаулысы; мәслихаттың 23.07.2015 ж. №347 шешімі). 16 адамға 80 млн. теңге бөлінді, 01.06.2023 ж. 16 отбасына 80 млн. теңге (500 мың теңгеден) төленді.

8) Коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек 0,5 АЕК мөлшерінде (мәслихаттың 9.08.2023 ж. №37 шешімі). 315 430 адамға 3 264,7 млн. теңге бөлінді. 01.10.2023 жылға 109,4 млн.теңге сомасына 32 025 адамға төленді

 

IІ. Мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер медициналық-әлеуметтік мекемелерде және үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы мүгедек адамдарға, оның ішінде мүгедек балаларға, қарттарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетіледі.

01.10.2023 жылғы жағдай бойынша 8 494 адамға қызмет көрсетілді (ҮЕҰ кезектілік - 20 адам).

Стационар жағдайында 1 413 адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • 319 адам – егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, өзіне қызмет көрсете алмайтын жалғыз басты тұлғалар («Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы»);

– 706 адам - бірінші, екінші топтардағы психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға («Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығы»);

– 178 адам - 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар тұлғалар («Алатау» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы);

 –123 адам - 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар  мүгедек балалар («Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығы);

– 41 адам – «Демеу» ОО жанындағы дербес тұру үйлерінде («РУХ» бейімдеу, оңалту және абилитациялау орталығы ЖМ, «Психоаналитикалық қауымдастық»ҚБ).

–  «Қамқор» әлеуметтік үйінде 46 адам тұрады.

Жартылай стационар жағдайында 1 915 адамға қызмет көрсетілді:

– 497 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан адамдарға («Шапағат» ӘҚО – 98 адам, Түрксіб, Бостандық, Наурызбай аудандарының бөлімшелерінде – 158 адам, Көпсалалы оңалту орталығында – 57 адам, «Аяла» ӘҚО – 112 адам,, «Парасат» ӘҚО – 72 адам);

– 1220 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға (АРДИ, «Каритас Казахстан» ЖҚҚ, «Ерзи» мүгедектер қауымдастығы ҚБ, «Кеңес» ҚҚ, «Амаль-Иман» ҚҚ, «Энштейннің балалары» ҚҚ, «Мархабат» ҚҚ, «Арман Алматы» ҚҚ, «Rakhym» ҚҚ, «Мейірім» ЖҚ, «Иппотерапия» адаптивті ат спорты» );  

– 198 күндізгі болу бөлімшелерінде қарт адамдарға (қарттарға арналған «балабақша») артериялық гипертензия және жеңіл дәрежедегі когнитивті бұзылулар болған кезде («Жас дәрігерлер қауымдастығы» ҚБ, «Зиялылар» ҚҚ).

Үй жағдайында қызмет көрсету – 4 254 адамға көрсетілді, оның ішінде:

– 433 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға («Аяла» ӘҚО – 171 адам,  «Парасат» ӘҚО - 262 адам);

– 658 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға (Басқарманың 6 аудандық бөлімі жанындағы 13 әлеуметтік көмек бөлімшесі);

- 3 163 жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға (аудандық әкімдіктер жанындағы 29 әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі).

Уақытша болу жағдайында – 912 адам, оның ішінде:

– 593 белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға (180 төсек-орынға есептелген «Пана» әлеуметтік қызметтер орталығы);

– 319 адам - тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына («Жан-Сая» дағдарыс орталығы).

 

ІІІ. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау.

ЗТМО мәліметтері бойынша мүгедектер саны 56 219 адамды құрайды.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту шаралары «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңдары, Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22.01.2015 жылғы № 26 бұйрығы) шеңберінде жүзеге асырылады.

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер оңалтудың техникалық көмекші құралдарымен (сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен, протездік-ортопедиялық көмекпен және т.б.), әлеуметтік қызметтермен (санаторий-курорттық сауықтырумен, жеке көмекшінің, «инватаксидің», ымдау тілі маманының қызметтерімен) тегін қамтамасыз етіледі.

2023 жылы 32 792 мүгедек адамды Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы («Инватакси» қызметінен басқа) 13,3 млрд.теңгеге оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету жоспарланған.

 01.10.2023 ж. жағдай бойынша «Инватакси» тасымалдау бойынша қызметтер 354 млн. теңгеге 100 көлікпен ұсынылды, «Оңай» терминалдарына ай сайын қызмет көрсетуге 4,5 млн. теңге жұмсалды.

Кресло-арбалармен – 838,6 млн. теңгеге 867 адам, сурдоқұралдармен – 307 млн. теңгеге 1 037 адам, тифлоқұралдармен – 407,9 млн. теңгеге 1 327 адам, протездеу және ортездеумен – 685,4 млн. теңгеге 3 416 адам, гигиеналық құралдармен – 6 149 адам 1 830,2 млн. теңгеге, кохлеарлы импланттарға арналған сөйлеу процессорлармен – 378,1 млн. теңгеге 66 адам қамтамасыз етілді. Санаторлық – курорттық емдеу қызметтері 1 115 млн. теңгеге 5 823 адамға, ымдау тілі маманының қызметі 259,2 млн. теңгеге 876 адамға, жеке көмекшінің қызметі -2 485,7 млн. теңгеге 3 420 адамға ұсынылды.

 «Ten Qogam» мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру орталығы» әлеуметтік жобасын іске асыру жалғастырылуда, қаланың 7 ауданында орталықтар ашылды (Наурызбай ауданынан басқа), 197,2 млн.теңге бөлінді. Орталықтардың қызметтерін 3 065 адам алды.

Кресло-арбаларды жөндеу орталығын іске асыру жалғастырылды, мүгедектігі бар 600 адамға кресло-арбаларды жөндеуді қамтамасыз ету мақсатында 32,8 млн.теңге бөлінді,. Қызметтерді 470 адам алды, 24,9 млн. теңге игерілді.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға өз құқықтарын жүзеге асыруға теңдей мүмкіндік беру мақсатында мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол нысандарды паспорттауды және бейімдеуді қамтиды.

2023 жылдың басынан 156 нысан бейімделді (жоспар 230 нысан), 142 нысанды паспортталды (жоспар 190 нысан).

 

  1. Әлеуметтік жобаларды іске асыру

ЗТМО мәліметтері бойынша зейнеткерлер саны - 239 703 адам.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының (Орталық) қызметін іске асыруға күнделікті 1070 адамды қамтуға 431,3 млн. теңге бөлінді.

 2023 жылдың басынан барлығы Орталықта 6 383 зейнеткер тіркелді, 379,6 мың қызмет көрсетілді.

Зейнеткерлерді белсенді және салауатты өмір салтына тарту үшін емдік йога, скандинавиялық жүріс және ЕДШ сабақтары өткізіледі. Барлығы 167,6 мың адам қамтылды.

Гериатр-дәрігердің, кинезиолог-психологтың, медицина қызметкерлерінің консультацияларымен 57,5 мың адам қамтылды.

Бос уақытты өткізу іс-шараларымен (шахмат, нарды, домино, сурет салу, кескіндеме және графика, өсімдік шаруашылығы, хендмейд, жадыны нығайту техникасы) 101,9 мың адам қамтылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік-құқықтық, экономикалық кеңестер өткізіліп, 414 адам қамтылды. Смартфонды меңгеру және компьютерлік сауаттылық, сондай-ақ латын, ағылшын және қазақ тілдерін оқу курстарымен 47,8 мың адам қамтылды.

Санаторлық-курорттық емделуді ұсыну бойынша әлеуметтік көмекке
2 000 зейнеткерге 432 млн. теңге бөлінді.

 «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне күнделікті 150 қарт адамды қамтуға 199,1 млн.теңге бөлінді. Орталықта барлығы 1 845 зейнеткер тіркеліп, 7 мың қызмет көрсетілді.

 

Көп балалы отбасылардың саны – 35 505, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар – 5 503 адам.

«Бақытты отбасы» орталықтарының қызметін іске асыруға күн сайын 725 адамның келуіне 289,2 млн.теңге бөлінді. Қалалық және 8 аудан орталықтары жұмыс істейді, оған 17 780 адам жүгінді.

Алатау ауданының аз қамтылған отбасылары үшін дәстүрлі қолөнерді дамыту орталығын іске асыруға күн сайын 120 адамға 39,9 млн. теңге бөлінді, 1 854 адам жүгінді, орталықтың қызметімен 8,3 мың адам қамтылды.

8 ауданда «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубын жүзеге асыру жалғасуда (666,8 млн.теңге бөлінді). Клубтың 15 бөлімшесі жұмыс істейді, онда аз қамтылған отбасылардан 2 763 бала оқытумен қамтылған, 369 адам мұғалім болып жұмысқа орналастырылған, оның 240-ы халықтың осал топтары болып табылады.

«Тәуелсіз өмір мектебі» жобасы аясында (бюджет – 192 адамды қамтумен 65,4 млн. теңге) 145 мүгедектігі бар адамдар «Ақбастау» шипажайында жеті күндік курстарында оқудан өтті.

Мақсаты отбасыларды кешенді қолдау, балалары бар әйелдердің өмір сүру сапасын жақсарту, сондай - ақ проблемалы қарыз алушыларға консультациялық көмек көрсету болып табылатын «Жарқын өмір» әлеуметтік жобасы 480 адамға, «Жаңа өмір» - 360 адамға, «Isker isi» - 7200 адамға көмек көрсетумен өз жалғасын тапты. Жыл басынан бері жобамен 6 072 адам қамтылды.

 

  1. Халықты жұмыспен қамту.

Статистика деректері бойынша 2023 жылдың 2 тоқсанында жұмыс күшінің саны 1 096,8 мың адамды құрады, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32,8 мың адамға артық, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық – 1 044,3 мың адам (33,4 мың адамға өсті).

Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 123 мың адам (9,8 мың адамға өсті), олардың жұмыспен қамтылған халық санынан үлесі 11,8% - ды құрады.

Жұмыссыздар саны – 52,5 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,8%.

2023 жылдың басынан бастап Халықты жұмыспен қамту орталығына
47 363 адам жүгінді, оның ішінде 30 600 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.

Халықты жұмыспен қамту шаралары 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде көрсетіледі.

Жыл басынан бері 60 395 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, оның ішінде:

1) тұрақты жұмыс орындарына – 10 645 адам (оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 2 672 адам);

2) субсидияланатын жұмыс орындарына 12 854 адам жіберілді (жоспар     14 431 адам болған кезде), оның ішінде:

- әлеуметтік жұмыс орындары - 947 адам (жоспар-980 адам, бюджет-762,4 млн. тг.);

- жастар практикасы - 637 адам (жоспар - 800 адам, бюджет - 1 462,8 млн. теңге);

- қоғамдық жұмыстар – 10 778 адам (жоспар - 12000 адам, бюджет – 11 178 млн. теңге);

- бірінші жұмыс орны - 266 адам (жоспар - 424 адам, бюджет - 475,3 млн. теңге);

- ұрпақтар келісімшарты - 4 адам (жоспар - 40 адам, бюджет - 36,6 млн. теңге);

- күміс жас - 222 адам (жоспар - 187 адам, бюджет - 179,9 млн. теңге);

3) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 961 адам жіберілді (258 млн. теңге бөлінді), оның ішінде:

- оқу орталықтарында оқыту - 647 адам;

- жұмыс орнында оқыту - 314 адам.

4) оқудан өткендер – 35 688 адам:

- enbek.kz платформасында дағдыларды оқыту -3 103 адам;

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша – 9 319 адам.

- профориентация – 23 266 адам.

5) 400 АЕК дейін өтеусіз гранттарды 188 адам 259,4 млн. теңгеге алды (жоспар – 1000 адам, 1 380 млн.теңге бөлінді).

6) шағын несиені 289,6 млн. теңгеге 59 адам алды (жоспар – жастар санатынан 667 адам, 3 335 млн. теңге бөлінді. (РБ).

Жеке жұмыспен қамту агенттігіне 1 115 адам өтініш білдіріп, 3 адам жұмысқа орналастырылды.

2023 жылы 85 934 жұмыс орнын құру жоспарлануда (оның ішінде 68 779 – тұрақты, 17 155 – уақытша), оның ішінде ұлттық жобалар шеңберінде – 21 757 жұмыс орны, ШОБ – 64 177 жұмыс орны.

А.ж. басынан бастап 58 735 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 45 194 бірлік – тұрақты, 13 541 бірлік – уақытша.

Толық емес жұмыспен қамту және қызметкерлерді босату жағдайын бақылау мақсатында жұмыскерлер саны 52,1 мың адам болатын 268 кәсіпорынға сауалнама жүргізілді.

Мәжбүрлі демалыста – 26 адам, оның ішінде өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты – 24 адам, ҚР ЕК сәйкес төлеммен бос тұрып қалуына байланысты уақытша жұмыспен қамтылмаған-2 адам.

2 кәсіпорында 3 қызметкер босатылуға жатады.

 

  1. Көші-қон процестері.
  • Көші - қон заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша 2 614 этникалық қазақ жүгінді, оның ішінде түсініктеме берілді – 1 332 адам, «қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту бойынша қызмет көрсетілді – 1 253 адам (оның ішінде мәртебесі ұзартылды – 97 адам.), шетелде тұратын этникалық қазақтар қатарындағы туыстарын ҚР-ға көшіру үшін шақыру берілді – 29 адам.

Оралмандар шығатын елдер: ҚХР - 682 адам, Өзбекстан - 298 адам, Ресей – 141 адам, Қырғызстан - 47 адам, Моңғолия - 47 адам, Түркіменстан - 25 адам, Иран - 7 адам, Тәжікстан – 6 адам.

2) Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту үшін 2 050 бірлік мөлшерінде квота бөлінді (I санат – 356, II санат – 852, III санат – 763, IV санат – 79). Барлығы 924 рұқсат берілді (I санат-92, II санат-409, III санат –385, IV санат –38).

Шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер жергілікті бюджетке 575 млн. теңге салық төледі.

ШЖК шығатын негізгі елдер: Қытай – 45,5%, Түркия – 12,1%, Украина – 10%.

 

VII. Әлеуметтік қызметтер үйінде мемлекеттік қызметтер көрсету.

Әлеуметтік қызметтер үйінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және тұрғын үй саясаты басқармаларының, Еңбек мобильділігі орталығының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, «Отбасы Банкінің», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының, «Атамекен» ӨКП және әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері орналасқан. «Бір терезе» қағидаты бойынша «Open Space» форматында мемлекеттік қызметтердің 776 түрін алу көзделген.

           Жыл басынан бері барлығы 68 897 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • 29 021 қызмет – даму және коммуналдық инфрақұрылым басқармасы бойынша;
  • 27 920 қызмет – Халықты жұмыспен қамту орталығы бойынша;
  • 3 710 қызмет – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша;
  • 3 125 қызмет – «Отбасы банк» бойынша;
  • 2 894 қызмет – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша;
  • 2 227 қызмет – «Азаматтарға арналған үкімет» МК бойынша.

 

Дата публикации
17 октября 2023