Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемелекеттік мекемесін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 23 қарашадағы № 4/623 қаулысына сәйкес:
«Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
12 тармақтың 5), 6) тармақшалары келесі редакцияда мазмұндалсын:
«5) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, оның ішінде оларды оңалту және қоғамға кіріктіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
6) бизнеспен, үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша әріптестікті дамыту;»;
12 тармақ келесі мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) босқындар мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
7-2) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
13 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;
көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін, оның ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы қажетті құжаттар мен ақпаратты беру;
мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйрету;
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасымен белгіленген мерзімде қарау және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар ету;
көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы ақпаратты алу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану;
мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын, сондай-ақ оларды көрсету үшін қажетті өзекті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз ету;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған келісімін не ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы келісімін алу;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттарды пайдалану;
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.»;
14 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«14. Функциялары:
1) жұмыс күшіне қатысты сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау, Алматы қаласының еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлау;
2) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысу;
3) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасына сәйкес жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлеу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру;
4) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
5) жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім беру ұйымдарынан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұрату;
6) Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіру;
7) жұмыс берушілерден Алматы қаласының кадрларға болжамды қажеттілігі туралы ақпарат сұрату;
8) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдарды мониторингілеу;
9) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу;
10) жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды өнімді жұмыспен қамтуға тарту бойынша жұмысты үйлестіру;
11) Алматы қаласының аумағында жұмыс күшінің басқарылатын ағыны бойынша жұмыстардың жүргізілуін үйлестіру;
12) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасы шеңберінде жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
13) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті мәліметтердің ұсынылуын мониторингілеу;
14) жұмыс берушілер ұсынған шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған құжаттарды қабылдау, тексеру және ұсынымдар алу үшін оларды Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның қарауына беру;
15) Алматы қаласының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде беру немесе ұзарту, сондай-ақ рұқсаттарды кері қайтарып алу;
16) бұрын берілген рұқсатты басқа шетелдік қызметкерге қайта ресімдеу туралы шешім қабылдау;
17) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру, ұзарту немесе кері қайтарып алу;
18) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу жөнінде қажетті материалдар дайындау;
19) еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу;
20) қандастарды қоныстандыру үшін тиісті аумақтарды өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстарды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға енгізу жөнінде қажетті материалдар дайындау;
21) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға алдағы жылға арналған қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу үшін қажетті материалдар дайындау;
22) этникалық қазақтардан қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті қабылдау;
23) этникалық қазақтардан қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен бірге қабылдау;
24) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдау;
25) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдау;
26) қандас куәлігін беру;
27) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіпте отбасын біріктіру мақсатында шетелде тұратын этникалық қазақтар қатарындағы туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының шақыруын қарау және куәландыру;
28) пана іздеген адамның куәлігін беру;
29) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру;
30) босқын куәлігін беру;
31) пана іздеген адамдар мен босқындардың тізімін қалыптастыру және уәкілетті органға, ұлттық қауіпсіздік органдарына және ішкі істер органдарына ай сайын жолдау;
32) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасымен көзделген тәртіпте мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
33) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасымен көзделген тәртіпте жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің және мүгедектігі бар адмадарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету;
34) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасымен көзделген тәртіпте мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету, мүгедектігі бар баланы санаторий-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілінің санаторий-курорттық ұйымда болуын қамтамасыз ету;
35) Алматы қаласының мүгедектігі бар адамдары үшін қолжетімді ортаны сақтау тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
36) қалалық қолжетімділік картасын қалыптастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметті ұсыну;
38) тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмекті және өзге де төлемдерді тағайындау және төлеу;
39) Алматы қаласының жергілікті өкілді органының (бұдан әрі - Мәслихаттың) шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;
40) Мәслихаттың шешімі бойынша айқындалған тәртіпте және мөлшерде мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;
41) Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасымен көзделген тәртіпте стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету, медициналық-әлеуметтік мекемелерде және үкіметтік емес ұйымдарда уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған өтінішті қабылдау, құжаттар топтамасын қалыптастыру;
42) Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасымен көзделген тәртіпте стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету, уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығару;
43) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама жіберу;
44) ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелердің және үкіметтік емес ұйымдардың стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету, уақытша болу жағдайларында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
45) ведомстволық бағынысты мекемелердің Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауын бақылау;
46) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпте ақталған адамдарға куәлік беру;
47) Мәслихаттың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
48) Мәслихаттың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу;
49) Алматы қаласының белсенді халқын қалыптастыру үшін азаматтық қоғам институттарын күшейту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
50) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін, олардың дене және менталдық денсаулығының ұзақтығын ұлғайту мақсатында оларды белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге бейімдеу үшін әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіру;
51) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, куәліктер беру;
52) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік тұрғысынан объектілерді реконструкциялау және салу жобаларын келісу;
53) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі сәйкестік туралы декларацияны келісу;
54) белгіленген құзыреті шегінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын қоғамға кіріктіру және қайта әлеуметтендіру;
55) Мемлекеттік мекеменің қызметін іске асыруға бағытталған мемлекеттік, мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыста өзара іс-қимыл жасау;
56) коммуналдық меншік базасында, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті енгізу жолымен оңалту және ресурстық орталықтары, белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын, әлеуметтік клубтарды ашу үшін жағдайлар жасау;
57) Мемлекеттік мекеменің белгіленген құзыреті шегінде әлеуметтік жобаларды әзірлеу, іске асыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету, оның ішінде мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды тарта отырып, оларды іске асыру бойынша қолдау көрсету;
58) Алматы қаласының аумағында мемлекеттік қолдау шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
59) халықтың қанағаттануын арттыру үшін ашықтық және есептілік қағидаттарында халықтың қызметтер алуы үшін бір терезе қағидаты бойынша қолайлы жағдайлар жасау;
60) Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті жылдарға арналған Алматы қаласын дамыту жоспарының және басқа да бағдарламалардың орындалуына мониторинг, талдау жүргізу;
61) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте мемлекеттік сатып алуды жүргізу;
62) Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, есептерді, оның ішінде қаржылық есептерді дайындау және жіберу;
63) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте оралымды басқару құқығымен берілген коммуналдық мүлікті (өкімсіз) иелену және пайдалану;
64) Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша комиссиялардың жұмысын үйлестіру;
65) Мемлекеттік мекеменің әлеуметтік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізу;
66) мүдделі мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды тарта отырып, «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қамқор» әлеуметтік үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қоныстандыру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту;
67) Мемлекеттік мекеме қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалау;
68) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша соттарға қатысу;
69) Мемлекеттік мекемеге Алматы қаласының әкімдігі жүктеген, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.»;
23 тармақ келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
«Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».