Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыс қорытындысы туралы ақпарат (2023 жылғы 1 сәуір жағдайына)

2023 жылдың басынан 92 886 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 56 207 мемлекеттік қызмет – «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, 19 914 мемлекеттік қызмет – мемлекеттік орган арқылы,
16 765 мемлекеттік қызмет – Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді.

І. Аз қамтылған азаматтарға жәрдемақы төлеу және әлеуметтік көмек көрсету.

  1. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі (АӘК).

Кедейлік шегі тоқсан сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде айқындалады: 2023 жылғы 1 тоқсанға күнкөріс деңгейі 48 171 теңге, кедейлік шегі –33 720 теңгені құрайды.

АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмекке жіктеледі.

АӘК төлеуге 27,6 мың адамға 2 699,3  млн. теңге бөлінді (ЖБ). 01.04.2023 жылға АӘК 2 953 отбасына (14 907 адам) 407,9 млн. теңгеге төленді.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар АӘК алушылар балалар тамағын және тұрмыстық химия жиынтығын сатып алу үшін ақшалай төлеммен (1,5 АЕК – 5 175 теңге мөлшерінде) қамтамасыз етіледі. 7 519 балаға 437,7 млн.теңге (ЖБ) бөлінді. 01.04.2023 жылға 47,3 млн. теңгеге 4 198 бала қамтамасыз етілді.

  1. АӘК алушылар телевизиялық абоненттік жалғамалармен (08.11.2016 ж. №677 ҚРҮҚ) жалғамаларды жеткізу және орнату бойынша қызметтерді төлеу арқылы тегін қамтамасыз етіледі. 50 адамға 0,6 млн.теңге бөлінді. 01.04.2023 жылға 50 адам 520 мың теңгеге қамтамасыз етілді.
  2. Аз қамтылған азаматтарға коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалған шығындар отбасының жиынтық табысының 5% - нан асқан жағдайда тұрғын үй-коммуналдық шығындарды төлеу үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі (мәслихаттың 02.06.2014 ж. №232 шешімі). 3 500 адамға 76,1 млн.теңге бөлінді. 01.04.2023 жылға 10,7 млн. теңгеге 1 173 адамға тұрғын үй көмегі төленді.
  3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына келесі әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі (21.05.2013 жылғы № 504 ҚРҮҚ, Алматы қаласы мәслихатының 23.07.2015 жылғы № 347 шешімі):

1) жан басына шаққандағы орташа табысы 3 АЕК-тен аспайтын азаматтарға жарты жылда бір рет 7 АЕК (22 260 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек:

- зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;

- арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, зейнеткерлік жасқа жеткен зейнеткерлерге;

- бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінен зардап шегетін 1 топтағы мүгедектерге;

- ҰОС жылдары тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 22.06.1941-09.05.1945 ж.бастап кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын, ҰОС тылындағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға.

7 800 адамға 376,7 млн. теңге бөлінді, көмекті 170,5 млн.теңгеге 6 797 адам алды.

2) біржолғы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа табысы 2 АЕК-тен аспайтын азаматтарға өмірлік қиын жағдай туындаған кезде 20 АЕК (69 000 теңге). 7 000 адамға 483 млн.теңге бөлінді, 318,7 млн. теңгеге 4 594 адамға көмек көрсетілді.

3) біржолғы әлеуметтік көмек – өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен, баспанасынан айрылған, бүлінген, елеулі зиян келген отбасына 200 АЕК-ке дейін (690 000 теңге), сондай-ақ отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда әрбір қайтыс болған адамға 50 АЕК (172 500 теңге) мөлшерінде көрсетіледі. Бөлінген қаражат - 38 адамға 26,2 млн. теңге. Көмек  16 адамға 8,8 млн. теңге төленді.

4) сумен, газбен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азаматтарға бір құрал үшін 3,4 (11 730 теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
  • бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
  • бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;
  • зейнет жасына толған зейнеткерлерге.

Бөлінген қаражат – 500 адамға 5,9 млн. теңге, көмек 71 адамға 1,1 млн. теңгеге көрсетілді.

5) ай сайынғы әлеуметтік көмек – 6,5 АЕК (22 425 теңге):

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
  • Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне;
  • Aуғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына).

80 адамға 21,5 млн. теңге қарастырылған. 01.04.2023 жылға 3 млн. теңгеге 68 адамға төленді.

6) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтарға 12 АЕК (41 400 теңге) мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.

390 адамға 193,7 тмлн. теңге қарастырылған. Көмекті 30,9 млн. теңгеге 417 адам алды.

7) жеке тұрғын үй иесіне жалпы басынан тұрғын үйге дейін газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен (144 513 теңге) аспайтын келесі санаттағы азаматтарға 100 % шығыны мөлшерінде, бірақ 3 (үш) нүктеден көп емес:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
  • бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
  • құрамында бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері бар отбасыларына;
  • мүгедек балаларды тәрбилейтін отбасыларына;
  • Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге көрсетіледі.

Шығындарды өтеу біржолғы болып есептеледі және қайта көрсетілмейді. 30 адамға 7,1 млн. теңге бөлінді,
6 адамға 2,4 млн. теңгеге көмек көрсетілді.

8) жан басына шаққандағы орташа табысы 1 ПМ (48 171 теңге) аспайтын аз қамтылған көпбалалы отбасылардан шыққан жоғары оқу орындарының үздік студенттеріне ай сайынғы әлеуметтік көмек (10 мың теңгеден). 2 адамға 200 мың теңге бөлінді.

9) ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ инфекциясы бар балаларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 есе мөлшерінде (ҚР бойынша – 81 134 теңге) ай сайынғы көмек. Бекітілген бюджет - 52 адамға 50,6 млн. теңге, көмек 51 балаға 8,1 млн. теңгеге көрсетілді.

10) ҰОС Жеңіс күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 14 033 адамға 985,3 млн. теңге бөлінді.

11) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылған, «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға 150 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған. 702 адамға 105,3 млн. теңге бөлінді.

  1. Алматы қаласында тұратын Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына бару және кері қайту жолақысын өтеу (мәслихаттың 12.12.2012 ж. №82 шешімі). 1 адамға 213 мың теңге бөлінді.
  2. Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын бір тоқсанда 12 АЕК (41 400 теңге) мөлшерінде өтеу (мәслихаттың 19.12.2013 ж. №196 шешімі). Бекітілген бюджет 900 адамға 111,8 млн. теңге. 01.04.2023 жылға 35,2 млн.теңгеге 831 адамға төленді.

IІ. Мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер медициналық-әлеуметтік мекемелерде және үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы мүгедек адамдарға, оның ішінде мүгедек балаларға, қарттарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетіледі.

01.04.2023 жылғы жағдай бойынша 6 863 адамға қызмет көрсетілді (кезектілік - 34 адам, оның ішінде «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы – 25 адам, ҮЕҰ – 9 адам).

Стационар жағдайында 1 270 адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • 284 адам – егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, өзіне қызмет көрсете алмайтын жалғыз басты тұлғалар («Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы»);

– 670 адам - бірінші, екінші топтардағы психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға («Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығы»);

– 162 адам - 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар бірінші, екінші топтағы («Алатау» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы);

 – 113 адам - 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар  мүгедек балалар («Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығы);

– 41 адам – «Демеу» ОО жанындағы дербес тұру үйлерінде («РУХ» бейімдеу, оңалту және абилитациялау орталығы ЖМ, «Психоаналитикалық қауымдастық»ҚБ).

«Қамқор» әлеуметтік үйінде 42 адам тұрады.

Жартылай стационар жағдайында 1 233 адамға қызмет көрсетілді:

– 465 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан адамдарға («Шапағат» ОАО – 98 адам, Түрксіб, Бостандық, Наурызбай аудандарының бөлімшелерінде – 158 адам, Көпсалалы оңалту орталығында – 57 адам, «Аяла», «Парасат» ОАО – 152 адам);

– 677 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға (АРДИ, «Каритас Казахстан» ЖҚҚ, «Ерзи» мүгедектер қауымдастығы ҚБ, «Кеңес» ҚҚ, «Амаль-Иман» ҚҚ, «Энштейннің балалары» ҚҚ, «Мархабат» ҚҚ, «Арман Алматы» ҚҚ, «Rakhym» ҚҚ, «Мейірім» ЖҚ);  

– 91 күндізгі болу бөлімшелерінде қарт адамдарға (қарттарға арналған «балабақша») артериялық гипертензия және жеңіл дәрежедегі когнитивті бұзылулар болған кезде («Жас дәрігерлер қауымдастығы» ҚБ, «Зиялылар» ҚҚ).

Үй жағдайында қызмет көрсету – 3 822 адамға көрсетілді, оның ішінде:

– 384 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға («Аяла», «Парасат» ӘҚО);

– 613 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға (Басқарманың 6 аудандық бөлімі жанындағы 13 әлеуметтік көмек бөлімшесі);

- 2 825 жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға (аудандық әкімдіктер жанындағы 29 әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі).

Уақытша болу жағдайында – 496 адам, оның ішінде:

– 355 белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға (180 төсек-орынға есептелген «Пана» әлеуметтік қызметтер орталығы);

– 141 адам - тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына («Жан-Сая» дағдарыс орталығы).

ІІІ. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау.

ЗТМО мәліметтері бойынша мүгедектер саны 55 348 адамды құрайды.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту шаралары «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңдары, Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22.01.2015 жылғы № 26 бұйрығы) шеңберінде жүзеге асырылады.

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер оңалтудың техникалық көмекші құралдарымен (сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен, протездік-ортопедиялық көмекпен және т.б.), әлеуметтік қызметтермен (санаторий-курорттық сауықтырумен, жеке көмекшінің, «инватаксидің», ымдау тілі маманының қызметтерімен) тегін қамтамасыз етіледі.

2023 жылы 20 458 мүгедек адамды Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы («Инватакси» қызметінен басқа) 8,9 млрд.теңгеге оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету жоспарланған.

 01.04.2023 ж. жағдай бойынша «Инватакси» тасымалдау бойынша қызметтер 64,6 млн. теңгеге 64 машинамен ұсынылды, «Оңай» терминалдарына ай сайын қызмет көрсетуге 1,1 млн. теңге жұмсалды.

Кресло-арбалармен – 112,3 млн. теңгеге 110 адам, қозғалыс құралдарымен – 12,9 млн. теңгеге 263 адам, сурдоқұралдармен – 29,8 млн. теңгеге 277 адам, тифлоқұралдармен – 116,8 млн. теңгеге 401 адам, протездеу және ортездеумен – 48,6 млн. теңгеге 703 адам, гигиеналық құралдармен –         1 260 адам 200,1 млн. теңгеге қамтамасыз етілді. Санаторлық – курорттық емдеу қызметтері 78,5 млн. теңгеге 603 адамға, ымдау тілі маманының қызметі 87,5 млн. теңгеге 801 адамға, жеке көмекшінің қызметі -509,8 млн. теңгеге 2 385 адамға ұсынылды.

 «Ten Qogam» мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру орталығы» әлеуметтік жобасын іске асыру жалғастырылуда, қаланың 7 ауданында орталықтар ашылды (Наурызбай ауданынан басқа), 197,2 млн.теңге бөлінді. Орталықтардың қызметтерін 464 адам алды.

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде «TenQogam» екінші орталығы ашылды, бюджеті 16 млн. теңге, 300 адамды қамти отырып, есту қабілеті бұзылған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Барлығы 16 млн. теңгеге 250 адам қызмет алды.

Кресло-арбаларды жөндеу орталығын іске асыру жалғастырылды, мүгедектігі бар 600 адамға кресло-арбаларды жөндеуді қамтамасыз ету мақсатында 32,8 млн.теңге бөлінді,. Қызметтерді 106 адам алды.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға өз құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беру мақсатында мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол нысандарды паспорттауды және бейімдеуді қамтиды.

2023 ж. 190 нысанды паспорттап, 230 нысанды бейімдеу жоспарланған.

IV. Әлеуметтік жобаларды іске асыру

ЗТМО мәліметтері бойынша зейнеткерлер саны - 237 508 адам.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының (Орталық) қызметін іске асыруға күнделікті 1070 адамды қамтуға 431,3 млн. теңге бөлінді.

 2023 жылдың басынан барлығы Орталықта 3 051 адам тіркелді, 104 мың қызмет көрсетілді.

Зейнеткерлерді белсенді және салауатты өмір салтына тарту үшін емдік йога, скандинавиялық жүріс және ЕДШ сабақтары өткізіледі. Барлығы 46,5 мың адам қамтылды.

Гериатр-дәрігердің, кинезиолог-психологтың, медицина қызметкерлерінің консультацияларымен 10,3 мың адам қамтылды.

Бос уақытты өткізу іс-шараларымен (шахмат, нарды, домино, сурет салу, кескіндеме және графика, өсімдік шаруашылығы, хендмейд, жадыны нығайту техникасы) 29,5 мың адам қамтылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік-құқықтық, экономикалық кеңестер өткізіліп, 2,1 мың адам қамтылды. Смартфонды меңгеру және компьютерлік сауаттылық, сондай-ақ латын, ағылшын және қазақ тілдерін оқу курстарымен, 15,7 мың адам қамтылды.

Санаторлық-курорттық емделуді ұсыну бойынша әлеуметтік көмекке
2 000 зейнеткерге 432 млн. теңге бөлінді.

 «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне күнделікті 150 қарт адамды қамтуға 195,8 млн.теңге бөлінді. Орталықта барлығы 1 137 зейнеткер тіркеліп, 5,3 мың адам қызмет алды.

Көп балалы отбасылардың саны – 35 569, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар – 5 260 адам.

«Бақытты отбасы» орталықтарының қызметін іске асыруға күн сайын 725 адамның келуіне 289 млн.теңге бөлінді.

Қалалық және 7 аудан орталықтары (Түрксіб орталығынан басқа) жұмыс істейді, оған 2 089 адам жүгінді.

Алатау ауданының аз қамтылған отбасылары үшін Дәстүрлі қолөнерді дамыту орталығын іске асыруға 24,4 млн. теңге бөлінді, күн сайын 85 адам келіп, 580 адам жүгінді, орталықтың қызметімен 478 адам қамтылды.

8 ауданда «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубын жүзеге асыру жалғасуда (666,8 млн.теңге бөлінді). Клубтың 15 бөлімшесі жұмыс істейді, онда аз қамтылған отбасылардан 880 бала оқытумен қамтылған, 268 адам мұғалім болып жұмысқа орналастырылған, оның 187-і халықтың осал топтары болып табылады.

«Тәуелсіз өмір мектебі» жобасы аясында (бюджет – 192 адамды қамтумен 65,4 млн. теңге) 49 мүгедектігі бар адамдар «Ақбастау» шипажайында жеті күндік курстарында оқудан өтті.

Мақсаты отбасыларды кешенді қолдау, балалары бар әйелдердің өмір сүру сапасын жақсарту, сондай - ақ проблемалы қарыз алушыларға консультациялық көмек көрсету болып табылатын «Жарқын өмір» әлеуметтік жобасы 384 адамға, «Жаңа өмір» - 360 адамға, «Isker isi» - 7200 адамға көмек көрсетумен өз жалғасын тапты. Жыл басынан бері жобамен 1 804 адам қамтылды.

V. Халықты жұмыспен қамту.

Статистика деректері бойынша 2022 жылы жұмыс күшінің саны 1 051 мың адамды құрады, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,8 мың адамға артық, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық – 998 мың адам (15,2 мың адамға өсті).

Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 11,4 мың адам (16,5 мың адамға өсті), олардың жұмыспен қамтылған халық санынан үлесі 11,3% - ды құрады.

Жұмыссыздар саны - 53 мың адам, жұмыссыздық деңгейі - 5,0%.

2023 жылдың басынан бастап Халықты жұмыспен қамту орталығына
20 545 адам жүгінді, оның ішінде 14 670 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.

Ағымдағы жылдан бастап халықты жұмыспен қамту шаралары 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде көрсетіледі.

Жыл басынан бері 13 356 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде:

1) тұрақты жұмыс орындарына – 2 752 адам (оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 644 адам);

2) субсидияланатын жұмыс орындарына 10 510 адам жіберілді (жоспар 8 759 адам болған кезде), оның ішінде:

- әлеуметтік жұмыс орындары - 788 адам (жоспар-980 адам, бюджет-763,8 млн. тг.);

- жастар практикасы - 229 адам (жоспар - 1 177 адам, бюджет - 1 462,8 млн. теңге);

- қоғамдық жұмыстар - 9 167 адам (жоспар - 6000 адам, бюджет - 6 210 млн. теңге);

- бірінші жұмыс орны - 141 адам (жоспар - 424 адам, бюджет - 475,3 млн. теңге);

- ұрпақтар келісімшарты - 4 адам (жоспар - 59 адам, бюджет - 36,6 млн. теңге);

- күміс жас - 181 адам (жоспар - 119 адам, бюджет - 73,9 млн. теңге);

3) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1000 адам жіберу жоспарланып отыр, 258 млн. теңге бөлінді, онда:

- оқу орталықтарында оқыту - 687 адам, бюджет 146,2 млн. теңге;

- жұмыс орнында оқыту - 313 адам, бюджет 111,7 млн. теңге;

Сонымен қатар, enbek.kz платформасында дағдыларды оқыту жүргізіледі, 251 адам оқудан өтті.

Екінші бағыт шеңберінде 1000 адамға 400 АЕК дейін өтеусіз гранттар беру жоспарланған, 1 380 млн.теңге бөлінді. Гранттарды 129,7 млн. теңгеге 94 адам алды.

Жастар арасынан 967 адамға жылдық 2,5% номиналды мөлшерлемемен 5 млн. теңгеге дейін шағын несие беру жоспарлануда. 4 835 млн. теңге бөлінді. (РБ).

Жеке жұмыспен қамту агенттігіне 495 адам жүгінді.

2023 жылы 81 869 жұмыс орнын (оның ішінде 69 079 – тұрақты, 12 790 – уақытша) құру жоспарлануда, оның ішінде ұлттық жобалар шеңберінде –           17 384 жұмыс орны, жеке бастамалар шеңберінде – 308 жұмыс орны, ШОБ – 64 177 жұмыс орны.

Жыл басынан 18 364 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты – 7 840  бірлік, уақытша – 10 524 бірлік.

Қызметкерлердің толық емес жұмыспен қамтылуы мен босатылуына байланысты жағдайды бақылау мақсатында қызметкерлер саны 49,8 мың адамнан тұратын 253 кәсіпорынға сауалнама жүргізілді. Штат санының қысқаруы немесе кәсіпорынның таратылуы себебінен босатылғандар саны – 3 кәсіпорында 7 адам.

Толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылғандар - 26 адам, мәжбүрлі демалыста жүргендер – 89 адам, оның ішінде өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты – 35 адам, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес төлеммен бос тұрып қалғандықтан уақытша жұмыспен қамтылғандар - 54 адам.

Толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылғандар 26 адам, мәжбүрлі демалыста 89 адам, оның ішінде өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты – 35 адам, ҚР ЕК сәйкес төлеммен бос тұрып қалуына байланысты уақытша жұмыспен қамтылмаған 54 адам.

Алдағы айда қаланың 3 кәсіпорнында 4 адамның босатылуы болжануда.

VII. Көші-қон процестері.

  • Көші - қон заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша 825 этникалық қазақ жүгінді, оның ішінде түсініктеме берілді – 357 адам, қандас мәртебесін беру немесе ұзарту бойынша қызмет көрсетілді –459 адам (оның ішінде мәртебесі ұзартылды – 49 адам.), шетелде тұратын этникалық қазақтар қатарындағы туыстарын ҚР-ға көшіру үшін шақыру берілді-9 адам.

Оралмандар шығатын елдер: ҚХР - 210 адам, Өзбекстан - 110 адам, Ресей – 77 адам, Қырғызстан - 24 адам, Моңғолия - 20 адам, Түркіменстан - 10 адам, Иран - 5 адам, Тәжікстан – 3 адам.

2) Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту үшін 2 050 бірлік мөлшерінде квота бөлінді (I санат – 356, II санат – 852, III санат – 763, IV санат – 79). Барлығы 267 рұқсат берілді (I санат-26, II санат-114, III санат –118, IV санат – 9).

Шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер жергілікті бюджетке 157 млн. теңге салық төледі.

ШЖК шығатын негізгі елдер: Қытай – 47,6%, Түркия – 15,4%, Украина – 8,2%.

VIII. Әлеуметтік қызметтер үйінде мемлекеттік қызметтер көрсету.

Әлеуметтік қызметтер үйінде әлеуметтік әл-ауқат және тұрғын үй саясаты басқармаларының, халықты жұмыспен қамту орталығының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, «Отбасы Банкінің», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының, «Атамекен» ӨКП және әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері орналасқан. «Бір терезе» қағидаты бойынша «Open Space» форматында мемлекеттік қызметтердің 776 түрін алу көзделген.

 Жыл басынан бері барлығы 24 957 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • 11 022 қызмет – Халықты жұмыспен қамту орталығы бойынша;
  • 9 637 қызмет – даму және коммуналдық инфрақұрылым басқармасы бойынша;
  • 1 503 қызмет – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша;
  • 943 қызмет – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша;
  • 931 қызмет – «Отбасы банк» бойынша;
  • 921 қызмет – «Азаматтарға арналған үкімет» МК бойынша.
Басқарманың 2023 жылдың 2 тоқсанындағы жұмыс қорытындысы
Дата публикации
12 апреля 2023