Алматыда халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі Алматы қаласының Өңірлік комиссиясының отырысы өтті

2023 жылғы 6 қаңтарда Алматы қаласында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Н.А. Тогизбаеваның төрағалығымен Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссиясының отырысы өтті.

Өңірлік комиссия қызметінің мақсаты халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оның ішінде субсидияланатын жұмыс орындары.

Қалада Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы іске асырылуда, ұлттық жоба аясында қатысушы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін белгілеу қажет.

Отырыс барысында мүгедектігі бар адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін белгілеу мәселесі бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Ж. Галиевтің баяндамасы тыңдалып, онда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. бұйрығымен 2022 жылғы 7 ақпандағы №46 бекітілген «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» жаңа қағидаларға сәйкес өңірлік комиссиялар мүгедектер үшін үкіметтік емес ұйымдар жыл сайынғы негізде құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшері белгіленді.

Отырыс қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс беруші белгілеген жалақының 80% мөлшерінде субсидиялау мөлшері бекітілді, сондай-ақ тіркелген жұмыссыздардың субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама бойынша жұмысты бақылауға алу тапсырылды.

Дата публикации
06 января 2023