Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы енгізген жұмыс орындарының санын, жұмыс ұзақтығын, кәсібін және айына еңбекақы мөлшерін көрсете отырып, кезекті 2023 қаржы жылына, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Алматы қаласының жұмыс берушілерінің тізбесі бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту туралы» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрімен бекітілген 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы енгізген жұмыс орындарының санын, жұмыс ұзақтығын, кәсібін және айына еңбекақы мөлшерін көрсете отырып, кезекті 2023 қаржы жылына қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Алматы қаласының жұмыс берушілерінің тізбесі бекітілсін.
  2. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек нарығын дамыту бөлімі және Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы осы бұйрықтың Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының ресми
    интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Ж.С. Галиевке және «Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры С.Ж. Кенжебаевқа жүктелсін.
Дата публикации
14 декабря 2022