БҰЙЫРАМЫН:
Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы енгізген жұмыс орындарының санын, жұмыс ұзақтығын, кәсібін және айына еңбекақы мөлшерін көрсете отырып, кезекті қаржы жылына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын Алматы қаласы жұмыс берушілерінің тізбесі, оның ішінде «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» жобалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) 2022 жылғы 18 ақпандағы № 13 «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы енгізген алғашқы жұмыс орнын ұйымдастыруға өтінім берген Алматы қаласы ұйымдарының тізбесін, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, жұмыстың нақты шарттарын, еңбекақы төлеу мөлшерін және оларды 2022 жылға арналған қаржыландыру көздерін бекіту туралы» Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының 2021 жылғы
5 қарашадағы № 177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»;
2) 2022 жылғы 18 ақпандағы № 14 «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы енгізген «Ұрпақтар келісімшарты» жобасын ұйымдастыруға өтінім берген Алматы қаласы ұйымдарының тізбесін, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, жұмыстың нақты шарттарын, еңбекақы мөлшерін және оларды 2022 жылға арналған қаржыландыру көздерін бекіту туралы» Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»;
3) 2022 жылғы 18 ақпандағы № 16 «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы енгізген Әлеуметтік жұмыс орнын құруға өтінім берген Алматы қаласы ұйымдарының тізбесін, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын және нақты жұмыс жағдайын, төленетін еңбекақы мөлшерін және оларды 2022 жылға арналған қаржыландыру көздерін бекіту туралы» Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының 2021 жылғы
5 қарашадағы № 174 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы».
Басшы Н. Тоғызбаева