БҰЙЫРАМЫН:
- «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы енгізген қоғамдық жұмыстарды құруға өтінім берген Алматы қаласы ұйымдарының тізбесін, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен, нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу мөлшерін және оларды 2022 жылға арналған қаржыландыру көздерін бекіту туралы» Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 175 бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:
жұмыс орындарының санын, жұмыстың ұзақтығын, кәсіпті және еңбекақының мөлшерін көрсете отырып, кезекті қаржы жылына қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының
2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 185 «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы енгізген қоғамдық жұмыстарды құруға өтінім берген Алматы қаласы ұйымдарының тізбесін, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен, нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу мөлшерін және оларды 2022 жылға арналған қаржыландыру көздерін бекіту туралы» Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының 2021 жылғы 5 қарашадағы
№ 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы жойылсын.
- Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек нарығын дамыту бөлімі және Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы осы бұйрықтың Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының ресми интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары
Д. Әлкебайұлына және «Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Д.Б. Иманкуловаға жүктелсін.
Басшы Н. Тоғызбаева