2022 жылдың 01 сәуіріне 67 303 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 38 397 мемлекеттік қызмет – "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы, 11 968 мемлекеттік қызмет – Мемлекеттік корпорация арқылы,
16 938 мемлекеттік қызмет – мемлекеттік орган арқылы.
I. Аз қамтылған азаматтарға жәрдемақы төлеу және әлеуметтік көмек көрсету
Кедейлік шегі тоқсан сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде айқындалады: 2022 жылғы 1 тоқсанға күнкөріс деңгейі 40 925 теңге, кедейлік шегі – 28 648 теңгені құрайды.
АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмекке жіктеледі.
АӘК төлеуге 4 005,7 млн. теңге бөлінді (РБ – 3 211,9 млн. теңге, ЖБ-793,8 млн. теңге).
01.04.2022 ж. АӘК 3 649 отбасына (18 005 адам) 456,1 млн. теңгеге төленді, оның ішінде:
шартсыз ақшалай көмек – 1 064 отбасына (3 960 адам) 132,9 млн. теңгеге, отбасының 1 мүшесіне шаққанда орташа мөлшері 13 425 теңгені құрады;
шартты ақшалай көмек -2 585 отбасына (14 045 адам) 323,2 млн. теңгеге, отбасының 1 мүшесіне шаққанда орташа мөлшері 9 205 теңгені құрады.
АӘК алушылар 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған табиғи қолдауды (балалар тағамы және тұрмыстық химия жиынтығы) қамтитын кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі. 7 949 балаға 764,2 млн.теңге (РБ – 610,6 млн. теңге, МБ – 153,6 млн. теңге) бөлінді.
1) жан басына шаққандағы орташа табысы 3 АЕК-тен аспайтын азаматтарға жарты жылда бір рет 7 АЕК (21 441 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек:
- зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;
- арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, зейнеткерлік жасқа жеткен зейнеткерлерге;
- арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын жасына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
- бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінен зардап шегетін 1 топтағы мүгедектерге;
- ҰОС жылдары тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 22.06.1941-09.05.1945 ж.бастап кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын, ҰОС тылындағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға.
01.04.2022 жылға 7 600 адамға 325,9 млн. теңге бөлінді. Көмек 89,2 млн.теңгеге 3 967 адамға төленді.
2) біржолғы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа табысы 2 АЕК-тен аспайтын азаматтарға өмірлік қиын жағдай туындаған кезде 20 АЕК (61 260 теңге). 6 870 адамға 420,8 млн.теңге бөлінді. 01.04.2022 жылғы жағдай бойынша 199 млн. теңгеге 3 494 адамға көмек көрсетілді.
3) біржолғы әлеуметтік көмек – өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен, баспанасынан айрылған, бүлінген, елеулі зиян келген отбасына 200 АЕК-ке дейін (612 600 теңге), сондай-ақ отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда әрбір қайтыс болған адамға 50 АЕК (153 150 теңге) мөлшерінде көрсетіледі. Бөллінген қаражат - 38 адамға 23,3 млн. теңге. 01.04.2022 жылғы жағдай бойынша 17 адамға 7,5 млн. теңге төленді.
4) сумен, газбен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азаматтарға бір құрал үшін 3,4 (10 415 теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:
Бөлінген қаражат - 500 адамға 5,2 млн. теңге. Көмек 103 адамға 1,1 млн. теңгеге көрсетілді.
5) ай сайынғы әлеуметтік көмек – 6,5 АЕК (19 910 теңге):
160 адамға 38,2 млн. теңге қарастырылған. 01.04.2022 ж. 3,4 млн. теңгеге 89 адамға төленді.
6) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтарға 12 АЕК (36 756 теңге) мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.
Бекітілген бюджет - 390 адамға 172 млн.теңге. 01.04.2022 ж. әлеуметтік көмек 26 млн.теңгеге 397 адамға төленді.
7) жеке тұрғын үй иесіне жалпы басынан тұрғын үйге дейін газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға 100 % шығыны мөлшерінде, бірақ 3 (үш) нүктеден көп емес:
Шығындарды өтеу біржолғы болып есептеледі және қайта көрсетілмейді. 40 адамға 8,4 млн. теңге бөлінді. 01.04.2022 ж. көмек
10 адамға 2,9 млн. теңгеге көрсетілді.
8) ай сайынғы әлеуметтік көмек орташа жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 1 еселік мөлшерінен аспайтын көп балалы отбасылардан шыққан ЖОО-да өте жақсы оқитын студенттерге (10 мың теңге мөлшерінде) ай сайынғы әлеуметтік көмек төленеді. 5 адамға 500 мың теңге бөлінді.
9) ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ инфекциясы бар балаларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 есе мөлшерінде (ҚР бойынша – 72 036 теңге) ай сайынғы көмек. Бекітілген бюджет - 50 адамға 43,2 млн. теңге. 01.04.2022 жылға көмек 49 балаға 7,1 млн. теңгеге көрсетілді.
10) ҰОС Жеңіс күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек, 4 725 адамға 522,5 млн. теңге бөлінді.
11) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылған, "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға 150 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған. 430 адамға 64,5 млн. теңге бөлінді.
25.03.2022 ж. жағдай бойынша 256 зардап шегушіге 180 млн. теңге төленді.
IІ. Мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
Арнаулы әлеуметтік қызметтер медициналық-әлеуметтік мекемелерде және үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы мүгедек адамдарға, оның ішінде мүгедек балаларға, қарттарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетіледі.
01.04.2022 жылғы жағдай бойынша 6 427 адамға қызмет көрсетілді (кезектілік - 95 адам, оның ішінде «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы – 82 адам, «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы – 2 адам, ҮЕҰ – 11 адам).
Стационар жағдайында 1 330 адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде:
– 757 адам - бірінші, екінші топтардағы психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға («Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығы»);
– 153 адам - 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар бірінші, екінші топтағы «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан жаңадан ашылған «Алатау» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына ауыстырылды;
– 106 адам - 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалар («Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығы);
– 40 адам – «Демеу» ОО жанындағы дербес тұру үйлерінде («РУХ» бейімдеу, оңалту және абилитациялау орталығы ЖМ, «Психоаналитикалық қауымдастық»ҚБ).
«Қамқор» әлеуметтік үйінде 47 адам тұрады.
Жартылай стационар жағдайында 965 адамға қызмет көрсетілді.:
– 375 адам - мүгедек балаларға, 18 жастан асқан адамдарға («Шапағат» ОАО – 79 адам, Түрксіб, Бостандық, Наурызбай аудандарының бөлімшелерінде – 133 адам, Көпсалалы оңалту орталығында – 36 адам, «Аяла», «Парасат» ОАО – 127 мүгедек бала);
– 508 адам - мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға (АРДИ, «Мархабат» ҚҚ, «Мейірім» ЖҚ, «Аман-Ималь» ҚҚ, «Арман Алматы» ҚҚ, «Кеңес» ҚҚ, «Ерзи» мүгедектер қауымдастығы ҚБ, «Paralimpic Sports Association» ҚҚ, «Энштейннің балалары» ҚҚ);
– 82 адам - күндізгі болу бөлімшелерінде қарт адамдарға (қарттарға арналған «балабақша») артериялық гипертензия және жеңіл дәрежедегі когнитивті бұзылулар болған кезде («Жас дәрігерлер қауымдастығы» ҚБ, «Ұлттық медициналық ассоциациясы» ҚБ).
Үй жағдайында қызмет көрсету – 3 637 адамға көрсетілді, оның ішінде:
– 392 адам - мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға («Аяла», «Парасат» ОӘБ);
– 599 адам - мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға (Басқарманың 6 аудандық бөлімі жанындағы 13 әлеуметтік көмек бөлімшесі);
- 2 646 адам - жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға (аудандық әкімдіктер жанындағы 29 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі).
Уақытша болу жағдайында – 502 адам, оның ішінде:
– 346 адам - белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға (180 төсек-орынға есептелген «Пана» әлеуметтік қызметтер орталығы);
– 156 адам - тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына («Жан-Сая» дағдарыс орталығы).
«Ерте араласу» жобасын іске асыру жалғасуда, ол даму патологиясы бар балаларға және туғаннан 3 жасқа дейінгі қатер тобындағы балаларға мүгедектіктің ауыр жағдайы мен әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында кешенді сипаттағы қызметтер көрсетуге бағытталған. «Кеңес» ИҰ-мен 150 адамға 24 млн. теңге сомасына шарт жасалды.
01.04.2022 жылғы жағдай бойынша 22 бала қызмет алды.
ІІІ. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
ЗТМО мәліметтері бойынша мүгедектер саны 53 174 адамды құрайды.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту шаралары «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңдары, Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 26.03.2015 жылғы № 165 бұйрығы) шеңберінде жүзеге асырылады.
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер оңалтудың техникалық көмекші құралдарымен (сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен, протездік-ортопедиялық көмекпен және т.б.), әлеуметтік қызметтермен (санаторий-курорттық сауықтырумен, жеке көмекшінің, «инватаксидің», ымдау тілі маманының қызметтерімен) тегін қамтамасыз етіледі.
2022 жылы 24 800 мүгедек адамды Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы («Инватакси» қызметінен басқа) 6,5 млрд.теңгеге оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету жоспарланған.
«Ten Qogam» мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру орталығы» әлеуметтік жобасын іске асыру жалғастырылуда, 40,3 млн теңге бөлінді, 250 мүгедектігі бар тұлғаны қамту жоспарланған.
01.04.2022 ж. жағдай бойынша "Инватакси" тасымалдау бойынша қызметтер 14 млн. теңгеге 39 машинамен ұсынылды, "Оңай" терминалдарына ай сайын қызмет көрсетуге 0,6 млн. теңге жұмсалды.
Міндетті гигиеналық құралдармен 164 млн. теңгеге 980 адам, сурдотехникалық құралдармен 5 млн. теңгеге 60 адам, тифлотехникалық құралдармен 5 млн. теңгеге 20 адам, протездеу және ортездеумен 90 млн. теңгеге 893 адам қамтамасыз етілді.
Жеке көмекшінің қызметімен 472,2 млн.теңгеге 2 785 адам, ымдау тілі маманының қызметімен 24,4 млн. теңгеге 168 адам қамтамасыз етілді. Кеңейтілген тізбеге сәйкес 25 млн.теңгеге 610 адам техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз етілді. Санаторлық-курорттық емдеумен 68,4 млн.теңгеге 150 адам қамтамасыз етілді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға өз құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беру мақсатында мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол нысандарды паспорттауды және бейімдеуді қамтиды.
2022 ж. 230 нысанды паспорттап, 260 нысанды бейімдеу жоспарланған.
IV. «Белсенді ұзақ өмір» (Активное долголетие) Жол картасын іске асыру
ЗТМО мәліметтері бойынша зейнеткерлер саны-231 656 адам.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының (Орталық) қызметін іске асыруға күн сайын 1056 адамның баруына 281,8 млн. теңге бөлінді.
Барлығы Орталықта 27 812 адам тіркелді, қызметтермен 308 мың адам қамтылды.
Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, әлеуметтік қашықтықты, температуралық режимді сақтай отырып, ЖҚҚ және дезинфекциялық өңдеуді пайдалана отырып 9 Орталық жұмыс істейді.
Зейнеткерлерді белсенді және салауатты өмір салтына тарту үшін емдік йога, скандинавиялық жүріс және ЕДШ сабақтары өткізіледі. Барлығы 3 752 мың адам қамтылды.
Гериатр-дәрігердің, кинезиолог-психологтың, медицина қызметкерлерінің консультацияларымен 1 412 адам қамтылды.
Бос уақытты өткізу іс-шараларымен (шахмат, нарды, домино, сурет салу, кескіндеме және графика, өсімдік шаруашылығы, хендмейд, жадыны нығайту техникасы) 1 489 адам қамтылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік-құқықтық, экономикалық кеңестер өткізіліп, 129 адам смартфонды меңгеру және компьютерлік сауаттылық бойынша курстармен 311 адам қамтылды, сондай-ақ латын, ағылшын және қазақ тілдері оқытылады. 1181 адам қамтылды.
Санаторлық-курорттық емделуді ұсыну бойынша әлеуметтік көмекке
2 571 зейнеткерге 432 млн. теңге бөлінді.
V. Аз қамтылған отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы
Көп балалы отбасылардың саны – 31 355, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар - 4 960 адам.
«Бақытты отбасы» орталықтарының қызметін іске асыруға күн сайын 725 адамның келуіне 192,3 млн.теңге бөлінді.
8 «Бақытты отбасы» орталығы жұмыс істейді (Жетісу аудандық орталығында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде). Орталықта 5 431 адам тіркелген (2019 жылдан бері 39 815 адам), 7 283 адам ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау алды, 345 адам – әдістемелік және заңгерлік көмек алды, 406 адам – базалық тренингтер өтті (жеке өсуі, балаларды тәрбиелеу, көшбасшылық, отбасылық құндылықтар бойынша), оқыту курстарынан 901 адам өтті (ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық, тігін ісі, бизнесті жоспарлау, киім дизайны, бухгалтерлік курс, маникюр шебері, аспаздық және т. б.).
Алатау ауданының аз қамтылған отбасыларына дәстүрлі қолөнерді дамыту орталығын іске асыруға күн сайын 85 адамға 22,3 млн.теңге бөлінді.
1 459 адам жүгінді, 3 584 адамға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетілді, 403 адам психолог, 325 адам заңгер, 504 адам әлеуметтік қызметкер қызметтерін алды, 1 565 адам дәстүрлі қолөнер, киім дизайны, визаж және маникюр бойынша курстарда оқиды, 2 420 бала үйірмелерге барады.
VI. Қайырымдылық іс-шараларын өткізу
ҮЕҰ, меценаттар, қайырымдылық жасаушылар мен қорлардың бірыңғай дерекқорын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қайырымдылық көмек көрсету және әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша меценаттармен, ҮЕҰ-мен, Халықпен, мемлекеттік органдармен және т.б. өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.
«Игіліктің бастауы» қайырымдылық қорымен бірлесіп тұрақты негізде «Ыстық түскі ас» қайырымдылық акциясы өткізіліп, 4 160 тұрмысы төмен отбасыға ыстық тамақ жеткізілді.
36 аз қамтылған отбасыға азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетілді.
Мемлекеттік активтер басқармасымен бірлесіп мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 1 271 бірлік ойыншық түрінде көмек көрсетілді.
Аз қамтылған отбасыларға 167 бірлік киім және өзге де тауарлар түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
8 ауданда «Шыңға өрлеу» 10 әлеуметтік клубын жүзеге асыру жалғасуда (бюджет – 383,7 млн.теңге). Аз қамтылған көп балалы отбасылардан шыққан 606 бала оқумен қамтылды, 199 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 146 адам зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар.
«Тәуелсіз өмір мектебі» жобасы аясында (бюджет – 192 адамды қамтумен 57,4 млн. теңге) 48 мүгедектігі бар адамдар «Ақбастау» шипажайында жеті күндік курстарында оқудан өтті.
VII. Халықты жұмыспен қамту
Статистика деректері бойынша 2021 жылдың 4 тоқсанында жұмыс күшінің саны 1 032,3 мың адамды құрады, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,7 мың адамға артық, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық – 979,3 мың адам (24,9 мың адамға өсті).
Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 111,2 мың адам (29,5 мың адамға өсті), олардың жұмыспен қамтылған халық санынан үлесі 11,4% - ды құрады.
Жұмыссыздар саны-52,9 мың адам, жұмыссыздық деңгейі-5,1%.
2022 жылдың басынан бастап халықты жұмыспен қамту орталығына
13 486 адам жүгінді, оның ішінде 10 587 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.
Ағымдағы жылдан бастап халықты жұмыспен қамту шаралары 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде көрсетіледі.
Ұлттық жобаның бірінші бағыты аясында:
1) уақытша жұмыс орындарына 7 455 адам жіберілді (жоспар бойынша
7 861 адам), оның ішінде:
- әлеуметтік жұмыс орындары - 595 адам (жоспар-980 адам, бюджет 597,1 млн. тг.);
- жастар тәжірибесі - 279 адам (жоспар-1000 адам, бюджет 578,9 млн. теңге);
– қоғамдық жұмыстар – 6 581 адам (жоспар – 5881 адам, бюджет 5 503,0 млн. теңге);
2) субсидияланатын жұмыс орындарына 72 адам жіберілді (жоспар бойынша 1 116 адам), оның ішінде:
- бірінші жұмыс орны - 57 адам (жоспар-424 адам, бюджет 137,8 млн. теңге);
- ұрпақтар келісімшарты - 15 адам (жоспар-59 адам, бюджет 32,7 млн. теңге);
- күміс жасы - 0 адам (жоспар – 633 адам, бюджет нақтылануда);
3) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1002 адам жіберу жоспарлануда, 191,8 млн. теңге бөлінді, онда:
– жұмыс берушілердің сұрауы бойынша білім беру ұйымдарында оқыту - 689 адам, бюджет 134,3 млн. теңге (бюджет нақтылануда);
– жұмыс орнында оқыту - 313 адам, бюджет 57,5 млн. теңге (бюджет нақтылануда);
Сонымен қатар, enbek.kz платформасында дағдыларға оқыту жүргізіледі, 207 адам өтті.
Екінші бағыт шеңберінде 400 АЕК-ке дейін 950 адамға өтеусіз гранттар беру жоспарланған, 612,6 млн.теңге бөлінді.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары 61,4 мың адамды қамтитын ұлттық жобалар шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша қажетті шараларды іске асыруды қарастыратын 2022 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарын бекітті (келісуде тұр).
01.04.2022 ж. жұмыспен қамту шараларымен 9 777 адам қамтылды (15,9%), оның ішінде:
- тұрақты жұмысқа орналастырылғандар - 2 250 адам (жоспар-9753 адам);
- әлеуметтік жұмыс орындары – 595 адам (жоспар – 980 адам);
- жастар тәжірибесі-279 адам (жоспар-1000 адам);
- қоғамдық жұмыстар – 6581 адам (жоспар-5881 адам);
- бірінші жұмыс орны-57 адам (жоспар-424 адам, бюджет 137,8 млн. теңге);
- «ұрпақтар келісімшарты» жобасы – 15 адам (жоспар-59 адам).
Жеке жұмыспен қамту агенттігіне 910 адам жүгінді.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментімен бірлесіп Алматы қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, әлеуметтік көмек және өзге де бейімдеу шаралары бойынша 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. ЛА-155/6, ЛА-155/13, ЛА-155/18 мекемелерінде семинарлар өткізу жоспарланған.
2022 жылдың басынан бастап Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына бас бостандығынан айыру орындарынан 3 адам жүгінді, оның ішінде 1 адам тұрақты жұмыс орнына, 1 адам уақытша жұмыс орнына жіберілді.
Пробация қызметінің есебінде тұрғандардың ішінен 12 адам жүгінді (барлығы есепте 24 адам тұрды, оның ішінде 12 адам ауыспалы), оның ішінде 5 адам – жұмыспен қамту шараларынан бас тартты. Есепте тұрған 24 адамның 7 – і тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, 5 адам-уақытша жұмыс орындарына жолданды, 12 адам тіркеуден шығарылды.
2022 жылы 52 241 жұмыс орнын (оның ішінде 36 126 – тұрақты, 16 115 – уақытша) құру жоспарлануда, оның ішінде ұлттық жобалар шеңберінде – 16 019 жұмыс орны, жеке бастамалар шеңберінде – 2 618 жұмыс орны, ШОБ – 33 604 жұмыс орны.
01.04.2022 ж. жағдай бойынша 8 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде ШОБ шеңберінде – 460 бірлік, уақытша – 7 527 бірлік.
Қызметкерлердің толық емес жұмыспен қамтылуы мен босатылуына байланысты жағдайды бақылау мақсатында қызметкерлер саны 79,9 мың адамды құрайтын 340 кәсіпорынға сауалнама жүргізілді, штат санының қысқаруы немесе кәсіпорынның таратылуы себебінен 23 кәсіпорында 96 адам жұмыстан босатылды.
Өндірісті ішінара тоқтату себебінен жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстарда – 28 адам, жалақысы сақталмайтын өндіріс көлемінің қысқаруы – 53 адам, ҚР ЕК-не сәйкес төлемдер тоқтап қалу салдарынан уақытша жұмыспен қамтылмаған – 65 адам. Алдағы айда 4 кәсіпорында 6 адам санының қысқаруына байланысты жұмыстан босату болжануда.
2017-2025 жылдарға арналған жұмыс күшінің басқарылатын ағыны бойынша жұмыскерлердің саны 250 адамнан асатын қаланың ірі кәсіпорындарымен 206 жол картасы (90%) жасалды, бұл жұмыс орындарын қысқартуға емес, сақтауға мүмкіндік береді.
Осы жылдың басынан бастап Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы 4 бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды және оған қатысты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша тұрақты жұмыс орындарына 29 адам жұмысқа орналастырылды.
01.04.2022 ж. жағдай бойынша үшжақты комиссияның 4 отырысы өткізілді, онда қала кәсіпорындарындағы жалақы бойынша берешек мәселелері қаралды.
VIII. Көші-қон процестері
Оралмандар шығатын елдер: 90 адам – ҚХР, 105 адам – Өзбекстан,
12 адам – Қырғызстан, 8 адам – Ресей, 2 адам – Моңғолия, 3 адам –Түрікменстан, 2 адам - Тәжікістан, 1 адам – Канада.
01.04.2022 ж. жағдай бойынша 199 рұқсат берілді (I санат-22, II санат-99, III санат – 77, IV санат – 1).
Шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер жергілікті бюджетке 98 млн. теңге салық төледі.
ШЖК шығатын негізгі елдер: Қытай – 47,2%, Түркия – 16,5%, Украина – 6%, Үндістан – 3%.
IX. Еңбек қатынастарын бақылауды қамтамасыз ету
Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардың 1 038 өтініші қаралды, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған 83 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Еңбек заңнамасы нормаларының 107 бұзылуы анықталды, заңдылықтың бұзылуын жою туралы 50 ұйғарым берілді. Әкімшілік жауапкершілікке 7,1 млн.теңгеге 34 заңды тұлға тартылды, оның ішінде жалақыны уақтылы төлемегені үшін – 5,5 млн. теңгеге 26 заңды тұлға.
Жалақы бойынша берешек 5 банкрот кәсіпорында 62 қызметкер алдында 125 млн. теңгені құрайды.
92 кәсіпорында 73,2 млн. теңге сомасына жалақы бойынша берешек өтелді, осылайша 182 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.
19 жазатайым оқиға тіркелді, оның ішінде ауыр дәрежелі жарақаттар – 7 адам, жеңіл дәрежелі жарақаттар-11 адам, өліммен аяқталғандар - 2 адам.
Қала кәсіпорындарында жасалған 27 502 ұжымдық шарттарға мониторинг және тіркеу жүзеге асырылды.
X. Әлеуметтік қызметтер үйінде мемлекеттік қызметтер көрсету
Әлеуметтік қызметтер үйінде әлеуметтік әл-ауқат және тұрғын үй саясаты басқармаларының, халықты жұмыспен қамту орталығының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, «Отбасы Банкінің», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының, «Атамекен» ӨКП және әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері орналасқан. «Бір терезе» қағидаты бойынша «Open Space» форматында мемлекеттік қызметтердің 776 түрін алу көзделген.
Жыл басынан бері барлығы 29,5 мың қызмет көрсетілді, оның ішінде: