Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Алматы қаласы еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бөлу балансы;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже.
1) Алматы қаласының әділет органдарында мекемелерді мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеуді;
2) қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде осы қаулыны «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық түрде жариялау үшін жіберу;
3) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев