«Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы енгізген «Ұрпақтар келісімшарты» жобасын ұйымдастыруға өтінім берген Алматы қаласы ұйымдарының тізбесін, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, жұмыстың нақты шарттарын, еңбекақы мөлшерін және оларды 2022 жылға арналған қаржыландыру көздерін бекіту туралы» Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 178 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы
14 маусымдағы № 516 бұйрығымен бекітілген «Ұрпақтар келісімшарты» жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы енгізген «Ұрпақтар келісімшарты» жобасын ұйымдастыруға өтінім берген Алматы қаласы ұйымдарының тізбесін, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, жұмыстың нақты шарттарын, еңбекақы мөлшерін және оларды 2022 жылға арналған қаржыландыру көздерін бекіту туралы» Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының 2021 жылғы
    5 қарашадағы № 178 бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасын ұйымдастыруға өтінім берген Алматы қаласы ұйымдарының тізбесін, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, жұмыстың нақты шарттарын, еңбекақы мөлшерін және оларды 2022 жылға арналған қаржыландыру көздері осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының еңбек нарығын дамыту бөлімі және Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы осы бұйрықтың Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының және Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ресми интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауы Алматы қаласы Әлеуметтік
    әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Д. Әлкебайұлына және «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Д.Б. Иманкуловаға жүктелсін.

 

 

Басшы                                                                                                                                                          Н. Тоғызбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 февраля 2022