Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларға төленетін еңбекақыны қоса қаржыландыру туралы

Жергілікті бюджет қаражаты

есебінен жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларға

төленетін еңбекақыны қоса қаржыландыру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен бекітілген 2022 жылғы 7 ақпандағы № 46 бұйрығына сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларға төленетін еңбекақыны қоса қаржыландыру айына 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына төленетін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) белгіленсін.
  2. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының еңбек нарығын дамыту бөлімі және Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы осы бұйрықтың Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының және Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ресми интернет - ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары       Д. Әлкебайұлына және «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Д.Б. Иманкуловаға жүктелсін.

 

 

Басшы                                                                                                                                                                      Н. Тоғызбаева

 

Дата публикации
21 февраля 2022