«БЕКІТЕМІН»
Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы
______________ Н. Тоғызбаева
«___» ___________ 2022 жыл
Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында және бағынысты мекемелерде
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шара |
Өткізу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
|
1. |
Алматы қаласы әлеуметтік әл - ауқат басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) және ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтау бойынша құқықтық жалпы оқытулар жүргізу |
Тоқсан сайын |
Заңмен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |
Хаттама |
|
2. |
Басқарма қызметінде және бағынысты мекемелердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) жүргізу |
Басшының шешімі бойынша жылына 1 реттен кем емес |
Басқарманың заңмен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы; |
Талдамалық анықтама. |
|
3. |
Басқарма қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын сақтау бойынша құқықтық жалпы оқытулар жүргізу |
Тоқсан сайын |
Кадрмен жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |
Хаттама |
|
4. |
Ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері арасында азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексін сақтау бойынша құқықтық жалпы оқытулар жүргізу |
Тоқсан сайын |
Бағынысты мекемелер директорлары |
Хаттама |
|
5. |
Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері арасында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын орындау бойынша құқықтық жалпы оқытулар жүргізу |
Тоқсан сайын |
Кадрмен жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы; |
Хаттама |
|
6. |
Басқармасының қызметкерлері және ведомстволық бағынысты мекемелері қызметкерлері арасында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша құқықтық жалпы оқытуды өткізу |
Тоқсан сайын |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы; |
Хаттама |
|
7. |
Жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерге тиісті шаралар қабылдасын |
Тұрақты |
Қауіпсіз еңбекті бақылау бөлімінің басшысы; |
Ақпарат |
|
8. |
Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша еңбек заңнамасының жалақыны уақтылы төлемеу бөлігінде бұзушылыққа жол берген жұмыс берушілерге тиісті шаралар қабылдансын |
Тұрақты |
Қауіпсіз еңбекті бақылау бөлімінің басшысы; |
Ақпарат |
|
9. |
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының қолжетімділігіне мониторинг жүргізу |
Тоқсан сайын |
Тең мүмкіндіктер бөлімінің басшысы |
Ақпарат |
|
10. |
Басқарманың ресми сайтында Басқарманың қызметі туралы ақпаратты өзектендіру |
Тұрақты |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы; |
Ақпарат |
|
11. |
Басқарманың ресми сайтында бюджет туралы ақпаратты өзектендіру |
Бюджетті әр нақтылағаннан кейін |
Қаржы бөлімінің басшысы |
Ақпарат |
|
12. |
Қазақ және орыс тілдерінде жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар құру, мекемелердің қызметі туралы ақпаратты өзектендіру |
Тұрақты |
Бағынысты мекемелер директорлары |
Ақпарат |
Ескерту: Жүргізілген іс-шара туралы ақпаратты жауапты орындаушылар Басқарманың заңмен қамтамасыз ету бөліміне тиісті құжатты (хаттама және т.б.) қоса ұсынады
Заңмен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А. Қалдыбаев