«Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

«Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

  1. Кіріспе

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің толық атауы: «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма).
Ішкі талдау жүргізудің негізі: Басқарма басшысының 2021 жылғы                22 қарашадағы № 179 бұйрығы (2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 186 өзгерістер енгізу туралы бұйрық).
Ішкі талдау жүргізу аралығы: 2021 жылдың 22 қарашасы мен                       14 желтоқсаны аралығы.
Ішкі талдау жүргізу объектісі қызметін талдау аралығы: 2021 жылдың         4 қаңтарынан мен 2021 жылғы 14 желтоқсан аралығы.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  • Басқарма қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

  • Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдамалық көздер ретінде Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер (заңдар, ережелер, бұйрықтар және өзге де НҚА), басқарманың ішкі құжаттары, Басқарма ұсынған ресми ақпарат, уәкілетті органдардың тексеру материалдары, шағымдар мен өтініштер, еркін қол жеткізуге болатын материалдар мен құжаттар пайдаланылды.

  1. Негізгі бөлім

Басқарма қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарма өз қызметінде келесі салалық нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Кәсіпкерлік кодексін және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Ардагерлер туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы», 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы», 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулыларын, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесін бекіту туралы», 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м «Оралман мәртебесін немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы», 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы», 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді корсету саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы», 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы»2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы», 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы», 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшерттарын бекіту туралы», 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы», Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы» бұйрықтарын, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы бұйрықтарын, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы», V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралышешімдерін, Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 489 «Учаскелік комиссиялар туралы Ережені бекіту туралы», Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/77 «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»  (бұдан әрі - Ереже) қаулыларын.
Нормативтік құқықтық актілердің мониторингі барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына келесідей сәйкессіздіктер анықталды:

  1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы №559 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының 8-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган жергілікті атқарушы орган құратын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның ұсынымдары негізінде шешім қабылдайды.

Алайда, комиссияның шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі шешімі тек «ұсынымдық сипатта» болады, комиссияның жауапкершілігі көзделмеген. Яғни қабылданған шешім үшін комиссия заңды түрде жауап бермейді.
Осыған орай, келесі ұсынылады:
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша комиссия мүшелерінің жауапкершілігін белгілеу туралы ұсыныс енгізілсін.

  1. Басқарма өз жұмысында қолданатын ҚР ӘҚБтК баптарын зерделеу кезінде еңбек заңнамасының талаптары бұзылған немесе орындалмаған жағдайларда ескерту немесе айыппұл түріндегі дискрециялық өкілеттіктер (әкімшілік жаза қолданудың баламалы шаралары) анықталды. 94 бапқа сәйкес «Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы – ескерту жасауға немесе шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады».

Осылайша, жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде «ескерту» түріндегі әкімшілік жауапкершілікті қолдану арқылы кейбір адамдарға артықшылық берілуі мүмкін, ал дәл осындай құқық бұзушылықтар үшін басқа адамдарға қатысты «айыппұл» түріндегі шаралар қолданылуы мүмкін.
Ұсыным:
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша жауапкершіліктің төменгі/жоғары шегін («ескерту» немесе «айыппұл») алып тастау бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 94-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасау туралы ұсыныс енгізу қажет.

  1. Басқарма ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығымен бекітілген тексеру парақтарына сәйкес ҚР еңбек заңнамасы саласында бақылауды жүзеге асырады.

Осылайша, талдау барысында Еңбек Кодексінің 46 - бабының 1-тармағына сәйкес еңбек жағдайларының өзгеруі анықталды (Қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайларының өзгеруіне және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге орай, жұмыскер өз мамандығына немесе кәсібіне, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде, еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі. Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі).
Алайда, тексеру парақтарында еңбек жағдайларын өзгерту қарастырылмаған. Осыған байланысты, Басқарма қызметкерлері өтініш бойынша тексеруді жүзеге асыра алмайды, бұл азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіруі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығының тексеру парақтарында Еңбек Кодексінің 46-бабында көрсетілген еңбек жағдайлары өзгерістерінің болмауы азаматтардың құқықтарының бұзылуына әкеп соғады.
Осылайша, тексеру парақтарында еңбек жағдайларының өзгеруін тексерудің болмауы азаматтардың құқықтарының бұзылуына әкеледі, олар бұзылған жағдайда өз құқықтарын қорғай алмайды. Бұл қақтығыс жұмыс берушілерге жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік береді.
Ұсыным:
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына еңбек жағдайларын өзгертуге қатысты Еңбек Кодексінің 46-бабына сәйкес «Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және ҚР еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парақтарын» сәйкес келтіру туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізу қажет.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 26 - тармағына «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 2-бабының 6-тармағына сәйкес өзгерістер енгізілмеген (12.10.2021 ж.өзгерістер).

Заңның 2 банының 6 тармағының 4 тармақшасына сәйкес, үш жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын ата-ананың біреуіне, мүгедек балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.
 Қағидалардың 26 тармағына сәйкес, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу табысы отбасының келесі мүшелеріне шартты ақшалай көмек төлеу үшін міндетті шарт болып табылмайды: үш жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек баланы, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж қарттарға күтім жасайтын адамдарға. «Адамдарға» сөзі «ата-ананың біреуіне» сөздеріне ауыстырылуы қажет, сондай-ақ қарттарға «сексен жастан асқан» деген жас шектеуі көрсетілмеген. Қызмет Ережеге сәйкес көрсетілетіндіктен, ережелердің тармақтарын заңнама талаптарына сәйкес келтіру қажет.
Сондай-ақ, Ереженің 38-тармағы Заңның 2-бабы 7-тармағымен сәйкес келтірілмеген.
Ұсыным:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қазақстан Республикасы Заңының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2 бабы 6 тармағының 4 тармақшасына сәйкеси Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік пакетті ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізу қажет.

Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарманың штат саны - 233 бірлікті, нақты саны -209 бірлікті құрайды.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 25 қызметкер жұмыстан босатылды. Қызметкерлердің жалпы ауысымдылығы – 2,4% құрады.
Штаттық кестеге сәйкес Басқармада және аудандық бөлімдерде басшылық лауазымдар – 30 (12,9%), орындаушылық – 203 (87,1%), бұл бір басшыға орта есеппен 6 (алты) орындаушылардан келеді.
Президенттің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына» сәйкес тәртіптік практиканы талдау.
Ұсынылған есептік деректерге сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны 2021 жылы – 24 қызметшіні құрайды (16 - ескерту, 6 - сөгіс, 2 - қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту).
Тәртіптік комиссияның материалдарын қарау арқылы тәртіптік істердің жалпы санынан 2021 жылға – 2 қызметші, оның ішінде мемлекеттік органдардың ұсынымы бойынша – 1 қызметші жауапкершілікке тартылды.
24 тәртіптік жазаның 12-і мерзімінен бұрын алынып тасталды (бұл 50% - ды құрайды). Барлық басқа жағдайларда тәртіптік жазалар 3 ай өткеннен кейін алынып тасталды.
Басқарманың және аудандық бөлімдердің қызметкерлері көп жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңды сақтамағаны (2021 жылғы 1 шілдеге дейін) және тексерулерді сапасыз жүргізгені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мемлекеттік сатып алуда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының талаптарына сәйкес қатаң түрде жүргізілетін мемлекеттік сатып алу рәсіміне талдау жүргізілді, конкурстық не аукциондық комиссия мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушілердің үлестестігін анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Талданып отырған кезеңде үлестестік фактілері анықталған жоқ.
Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірге қызмет ету фактілерін анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін зерделеу жүргізілді. Талданып отырған кезеңде үлестестік фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын талдау 2021 жылы жоспардың 642 лоттан тұратынын көрсетті, оның ішінде сатып алу Мемлекеттік сатып алудың мынадай түрлерімен жүргізілді: (1) 375 – бір көзден алу тәсілімен сатып алу, (2) 166 – баға ұсыныстарын сұрату, (3) 47 – конкурс, (4) 11 – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу. Мемлекеттік сатып алудың жалпы санынан бір көзден алу тәсілімен 58% - ды құрады.
ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы (39-бап) Бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарт жасасу жолымен осындай біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құны АЕК жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде сатып алған жағдайда сатып алуға мүмкіндік береді.
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілерді таңдау бойынша жеке-дара шешім қабылдау сыбайлас жемқорлық өрісін тудырады.
Ұсыным:
- Мемлекеттік сатып алу жоспарына талдау жүргізсін және оның нәтижелері бойынша бір көзден сатып алуды азайту (алып тастау) жөнінде шаралар қабылдасын.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне талданды.
Басқарма 22 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
баламалы негізде, мемлекеттік органмен, «Азаматтарға арналған үкімет» МК және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы»:

  • «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (ішінара автоматтандырылған);

  • «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

3) «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» (толық автоматтандырылған);
4) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» (толық автоматтандырылған);
5) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» (ішінара автоматтандырылған);
6)  «Тұрғын үй көмегін тағайындау» (толық автоматтандырылған);
7) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» (толық автоматтандырылған, проактивті қызмет);
8) «Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» (толық автоматтандырылған, проактивті қызмет));
 9) «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» (толық автоматтандырылған, проактивті қызмет);
 10) «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» (толық автоматтандырылған, проактивті қызмет);
 11) «Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» (толық автоматтандырылған, проактивті қызмет);
 12) «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» (толық автоматтандырылған, проактивті қызмет);
13) Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» (ішінара автоматтандырылған);
14) «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» (ішінара автоматтандырылған);
15) «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту»;
16) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» (толық автоматтандырылған);
17) «Жұмыссыздарды тіркеу» (толық автоматтандырылған);
18) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» (толық автоматтандырылған).
         Баламасыз негізде,
- «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы:
19) «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» (толық автоматтандырылған);
20) «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» (толық автоматтандырылған);
21) «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» (толық автоматтандырылған);
- мемлекеттік корпорация арқылы:
22) Ақталған адамға куәлік беру».

2021 жылы 142 751 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 72 176 (79,3 %) Мемлекеттік орган арқылы, 19 853 (14,8%) «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы және 50 722 (6%) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың 8 199 жағдайы тіркелді. Барлық бас тартулар негізді болды, яғни құжаттар толық көлемде ұсынылмады, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға құқығы жоқ.
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес толық автоматтандырылуға тиіс. Алайда, талдау кезеңінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебіне сәйкес мемлекеттік орган арқылы 32 қызмет, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 0 қызмет көрсетілді.
Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі мемлекеттік орган арқылы көрсетіледі.
Атап айтқанда, «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметі  «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 18 983 қызмет, мемлекеттік орган арқылы 25 388 қызмет көрсетілді.
 «Жұмыссыздарды тіркеу» қызметі мемлекеттік орган арқылы 9 271, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 13 136  қызмет көрсетілген.
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» қызметі «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 3 078 қызмет, Мемлекеттік орган арқылы 14 224 қызмет көрсетілді.
Халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік органмен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 84 080. Бұл көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 59% - ын құрайды. Осылайша, мемлекеттік орган арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесі бұрынғысынша жоғары болып қалуда, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады.
Осы мемлекеттік қызметтерді көрсетілетін қызметті беруші арқылы ұсынудың негізгі себебі азаматтардың өздері көбінесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінбей тікелей көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді, электрондық үкіметтің веб-порталының қызметтерін пайдаланбайды. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтерді алуға өтініш берген кезде электрондық үкіметтің веб-порталында іркілістер орын алған.
Талдау барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделмеген құжаттарды талап етудің 2 фактісі анықталды.
«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін мыналарды ұсынады:
1) Мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) мүгедектен сенімхат алған адам жүгінген жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектен сенімхат.
Алайда, И. А. Шитова мен Т.М. Игбаеваның 2021 жылғы 4 наурыздағы және 2021 жылғы 25 мамырда берген (Әуезов аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінде тіркелген) құжаттарында мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі бар.
Сондай-ақ, М.И. Джамированың өтінішінде (Әуезов аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінде тіркелген) қоса берілген құжаттарда жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің ақылы қызмет көрсету шартының көшірмесі бар.
Қызмет алушылар И.А. Шитов, Т. М. Игбаева және М. И. Ажамироваға құжаттардың жоғалуын болдырмау мақсатында қосымша қолда бар артық құжаттардың көшірмелерін сақтауды ұсынылды.
Бүгінгі күні алушылар И.А. Шитова, Т. М. Игбаев және М. И. Ажамировадан алынған Ережелермен қарастырылмаған артық құжаттар іс материалдарынан алынып тасталды және сәйкестікке келтірілді.
Ұсыным:
- Басқарманың ресми әлеуметтік желілерінеде түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы мемлекеттік корпорация және «электрондық үкіметтің веб-порталы» арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізу. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтердің электрондық ұсынылуына мониторинг жүргізу. Ақаулардың негізгі себептерін анықтау.
 «Электрондық үкімет порталында» электрондық түрде мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолжетімділігін талдау.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Басқармамен Электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде көрсетілетін «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызметін көрсету көзделген.
E-gov порталында оны алуға қолжетімділік мониторингі өтінішті беру рәсімі көмекті таңдау деңгейінде аяқталатынын көрсетті, содан кейін портал көрсетілетін қызметті алушыны автоматты түрде бастапқы бетіне қайтарады.
2021 жылғы 1 желтоқсандағы есепке сәйкес көрсетілген 19 068 қызметтің тек 8-і ғана «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген, пайыздық қатынаста 0,004% - ды құрайды.
Осылайша, тізілім мен стандартқа сәйкес электрондық қызмет болып табылатынына қарамастан, бұл қызмет автоматтандырылмаған және электрондық түрде алу үшін қолжетімсіз екені анықталды.
Ұсыным:
- Е-гов порталында «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдарға өтініштер беру кезінде жүйелік іркілістер мен бағдарламалық қателерді жою туралы хатқа бастамашылық етсін.

Рұқсат беру функцияларын іске асыру желісі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарма «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына сәйкес Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» рұқсат беру функциясын іске асырады. Есептік кезеңде 1 210 рұқсат берілді, оның ішінде 1 210 рұқсат «электрондық үкімет» порталы арқылы берілді, көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Басқармада рұқсат беру функцияларын іске асыруды көші-қон процестері бөлімі жүзеге асырады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес бөлім мыналарды қамтамасыз етеді:
- жұмыс берушілердің белгіленген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның қорытындылары негізінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруі және алуы;
- шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру бойынша тұрақты жұмыс істейтін қалалық комиссияның отырысын ұйымдастыру.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м. а. 27.06.2016 ж. № 559 бұйрығымен бекітілген корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына 17.04.2020 ж. өзгерістер мен толықтыруларға байланысты «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www. elicense.kz. Осыған байланысты жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту кезіндегі тәуекелдер азайды.
Бақылау функцияларын жүзеге асыру бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Әкімшілік тәжірибе.
ҚР ӘҚБтК-нің 693-бабына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары 83-бапта (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 86, 87, 88, 89, 90, 93 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктер), 94, 95, 96, 97, 98, 230 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде екінші бөлігінде), осы Кодекстің 519-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
Басқарма өз жұмысында қолданатын ҚР ӘҚБтК баптарын зерделеу кезінде еңбек заңнамасының талаптары бұзылған немесе орындалмаған жағдайларда ескерту немесе айыппұл түріндегі дискрециялық өкілеттіктер (әкімшілік жаза қолданудың баламалы шаралары) анықталды. 94 бапқа сәйкес  «Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы – ескерту жасауға немесе шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады».
Осылайша, жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде «ескерту» түріндегі әкімшілік жауапкершілікті қолдану арқылы кейбір адамдарға артықшылық берілуі мүмкін, ал дәл осындай құқық бұзушылықтар үшін басқа адамдарға қатысты «айыппұл» түріндегі шаралар қолданылуы мүмкін.
Ұсыным:
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша жауапкершіліктің төменгі/жоғары шегін («ескерту» немесе «айыппұл») алып тастау бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 94-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасау туралы ұсыныс енгізу қажет.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 190 бабының 2 тармағына сәйкес, егер еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия өрескел абайсыздық зиянның туындауына немесе оның ұлғаюына себеп болғандығын анықтаса, онда комиссия тараптардың сабақтас жауаптылығын қолданады және жұмыскер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесін пайызбен айқындайды. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тараптардың аралас жауапкершілігін қолдану тәртібі айқындалмаған, бұл еңбек инспекторлары өз міндеттерін орындаған кезде сыбайлас жемқорлық қауіпін туғызады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру және кінә дәрежесінің пайызын айқындау кезінде қызметкер мен жұмыс берушінің аралас жауапкершілігін айқындау әдістемесін әзірлеуге бастамашылық жасау туралы ұсыныс енгізу қажет.
Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2021 жылдың талдау кезеңінде 267 тексеру жүргізілді, анықталған бұзушылықтар саны 273. Бұзушылықтарды жою бойынша берілген нұсқамалардың саны - 158. Салынған әкімшілік айыппұлдар саны - 91.
Жұмыс жоспарларына сәйкес 2021 жылы ақпараттық-имидждік сипаттағы жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары 219 семинар-кеңестер мен «дөңгелек үстелдерді» ұйымдастыруға және өткізуге қатысты, БАҚ-та 72 сөз сөйлеу ұйымдастырылды.
Басқарма ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығымен бекітілген тексеру парақтарына сәйкес ҚР еңбек заңнамасы саласында бақылауды жүзеге асырады.
Осылайша, талдау барысында Еңбек Кодексінің 46 - бабының 1-тармағына сәйкес еңбек жағдайларының өзгеруі анықталды (Қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайларының өзгеруіне және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге орай, жұмыскер өз мамандығына немесе кәсібіне, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде, еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі. Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі).
Алайда, тексеру парақтарында еңбек жағдайларын өзгерту қарастырылмаған. Осыған байланысты, Басқарма қызметкерлері өтініш бойынша тексеруді жүзеге асыра алмайды, бұл азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіруі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығының тексеру парақтарында Еңбек Кодексінің 46-бабында көрсетілген еңбек жағдайлары өзгерістерінің болмауы азаматтардың құқықтарының бұзылуына әкеп соғады.
Осылайша, тексеру парақтарында еңбек жағдайларының өзгеруін тексерудің болмауы азаматтардың құқықтарының бұзылуына әкеледі, олар бұзылған жағдайда өз құқықтарын қорғай алмайды. Бұл қақтығыс жұмыс берушілерге жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік береді.
Ұсыным:
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына еңбек жағдайларын өзгертуге қатысты Еңбек Кодексінің 46-бабына сәйкес «Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және ҚР еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парақтарын» сәйкес келтіру туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізу қажет.
2018 жылы әкімшілік хаттамаларды электронды толтыру үшін 1 968 743 теңге сомасына 21 дана планшет сатып алынды.
Алайда, қызметкерлер 3 жыл бойы планшеттерді қолданбаған.
Сонымен қатар, объектіге тексеру жүргізу кезінде еңбек инспекторлары аудио-бейне тіркеуді жүргізбейтіні анықталды.
Тексеру жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтардың жоғары деңгейі орын алғанын атап өту қажет.
Жоғарыда көрсетілген фактілерді болдырмау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін басқарма ұсынымға сәйкес келесі шараларды қабылдауы қажет.
- электрондық планшеттерді пайдалану ережелерін әзірлеу қажет;
- әкімшілік хаттама жасау үшін электрондық планшеттерді пайдалану бойынша шаралар қабылдау қажет;
- төске тағатын бейнетіркеуіштерді сатып алу бойынша қаржыландыру мәселесін қарау;
- ішкі нормативтік актімен әкімшілік материалдар бойынша нұсқамаларды енгізу рәсімдерін, бір типті бұзушылықтар бойынша мерзімдерді көрсете отырып регламенттеу қажет.
Бұл шаралар осы бағыттағы бұзушылықтарды барынша азайтуға және ықтимал сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді.


Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметпен сабақтас өзге де мәлелелер.

2021 жылы басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 15 949 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 8043 өтініш және заңды тұлғалардан 6830 өтініш келіп түскен. «Е-Өтініш» барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында (1.07.2021 жылдан бастап) 3726 өтініш тіркелген, оның ішінде: өтініштер – 3516, шағымдар – 60, ұсыныстар – 5, басқалары – 145. Түсімдер көздері бойынша:
Пошта-6;
Қолма – қол-1227;
АЖ – «Е-өтініш» - 2493.
Қарау қорытындысы бойынша қабылданған шешім: авторға жауап берілді – 96, қолайлы Әкімшілік акт қабылданды – 2466, қарымта Әкімшілік акт қабылданды – 236, қараусыз есептен шығарылды (ӘҚК 95 – бабы) – 33, тоқтатылды (ӘҚК 89, 70 – баптары) – 591, назарға алынды (ӘҚК 89-бабы-4), басқалары-9. Мерзімі бұзылып қаралды-5.
Басқарма басшысының жеке қабылдауында 2021 жылы 88 азамат болды.
Қорытынды: Басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін бұзу бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Құрылыс нысандарының мүгедектерге қол жетімділігі

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларациясының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Сәйкестік туралы декларацияның 13 тармағына сәйкес Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қол жеткізу қамтамасыз етілді, оны халықтың әлеуметтік қорғау органдары растайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының 25 быбның 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, ұлттық стандарттарға сәйкес жергілікті органадар елдi мекендердi жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерiлетiн және реконструкцияланатын аумақтар мен басқа да елдi мекендердi абаттандыру кезiнде мүгедектердiң тұрғын, қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттарға, құрылысжайларға және үй-жайларға кiрiп-шығуын қамтамасыз етуі тиіс.
Осыған байланысты, 2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жеке және заңды тұлғалардан объектілердің сәйкестігі туралы декларацияларды келісу бойынша барлығы 697 өтініш келіп түсті, олардың ішінде: 418 (72%) келісілді және 179 (28%) бас тартылды.
Оның ішінде нысандардың көтергішпен сәйкестігі туралы декларация 55 бірлікке келісілді.

Еңбек нарығын дамыту.

Осы бағыттағы негізгі функциялар:
- Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру арқылы Жұмыспен қамту шараларын көрсетуге жәрдемдесу; Жұмыспен қамту жол картасы Жұмыспен қамту бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына мониторинг жүргізу бөлігінде;
- Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіру;
- Алматы қаласының аумағында әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру;
- жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларын әзірлеу және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен («Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген) мынадай бағыттар бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары іске асырылуда:
1)  Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
2)  жаппай кәсіпкерлікті дамыту (микрокредиттер, гранттар);
3)  халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

  1. Алматы қаласында «Еңбек» бағдарламасын іске асыру

2021 жылға арналған еңбек бойынша бюджет 14 862,6 млн. теңгені құрайды
Игерілгені 14 811,5 млн. теңге немесе 99,7%.

Бірінші бағыт шеңберінде:

  • ТжКБ бойынша жоспар - 2 500 адам, 6 081,5 млн.теңге бөлінді (ұйымдастырушы. - ББ). Игерілгені 6081,5 млн. теңге (100%) 2017 жылдан бастап 8056 адам оқуын жалғастыруда (718 адам оқудан шығарылды, 4043 адам оқуын аяқтады, 3285 адам жұмысқа орналастырылды немесе 80,6%, 317 адам жұмысқа орналастырылды).

  • Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша жоспар-1 000 адам, жолдама берілді-1031 адам, бөлінді – 190,8 млн. теңге, игерілді-190,8 млн. (100%).

          Екінші бағыт шеңберінде:
1) 115 жұмыссыз және өзін – өзі жұмыспен қамтығандарға микрокредит беруге 1 507,3 млн.теңге (РБ – 916,1 млн., ЖБ – 591,2 млн. теңге), ішінара кепілдік беруге – 101,4 млн. теңге (ағымдағы жылдың қараша айының соңында бюджетке қайтарылды) қарастырылған.
Игерілгені-1507,3 млн. теңге немесе 100%.
– 1507,3 млн. теңгеге 102 жоба қаржыландырылды;
ХЖҚО жолдама берілді-239 бірлік.
1) 200 АЕК – ке дейінгі гранттар беру жоспары – 1 241 адам, 724,0 млн.теңге бөлінді. 724,0 млн.теңге игерілді, 1299 адам мақұлданды (қайтаруды ескере отырып).

          Үшінші бағыт шеңберінде:
2021 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына 47 478 адам өтініш білдірді, оның ішінде 23 194 адам жұмыссыз мәртебесін алды.
Жыл басынан бері барлығы 37 831 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде
- тұрақты жұмыс орындарына – 25 261 адам.;
- мемлекеттік бағдарламаларға - 922 адам . ;
– жұмыспен қамту жол картасы жобаларына-449 адам.;
- «бірінші жұмыс орны» жобасына-217 адам.
ЖБ - 39,4 млн. теңге бөлінді. Игерілгені-39,0 млн. теңге.
- «ұрпақтар келісімшарты» жобасына-2 адам.
– уақытша жұмыс орындарына-10 980 адам (жоспардан 136,2% 7 825 адам), оның ішінде::
әлеуметтік жұмыс орындары-1205 адам (жоспар 960 адам). 444,3 млн. теңге бөлінді, 443,6 млн. теңге игерілді;
жастар тәжірибесі-1491 адам (жоспар 865 адам). 626,1 млн. теңге бөлініп, 626,1 млн. теңге игерілді;
қоғамдық жұмыстар – 8284 адам (жоспар 6 000 адам). 5 188,6 млн. теңге бөлініп, 5138,7 млн. теңге игерілді.

Жұмыспен қамтудың 2021 жылға арналған Жол картасы

2021 жылдың жоспары Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде-құрылыс бойынша 6 инфрақұрылымдық жоба (әкімшілер – КИБ, ЭжИДБ), оның ішінде 5 – еуі 2020 жылдан ауыспалы (3 бірлік – әлеуметтік-мәдени объектілер, 3 бірлік – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық).
Жұмыс орындарын құрудың жалпы жоспары – 1 889 бірлік, оның ішінде іске асыру (құрылыс) кезеңінде – 1 310 ө.м. (оның ішінде ХЖҚО арқылы – 418 бірлік), жобалар аяқталғаннан кейін – 579 тұрақты жұмыс орны.
Жыл басынан бері 1374 адам жұмысқа орналастырылды (104,9%), оның ішінде 449 адам ХЖҚО арқылы жіберілді (жалпы жұмысқа орналасудың 32,7%).


Ақшалай қаражатты игеру

Жұмыспен қамту жол картасы жобаларын іске асыруға 2021 жылы жалпы сомасы 14 272,3 млн. теңге ақшалай қаражат бөлінді, оның ішінде:
1) нысаналы даму трансферттері есебінен 7 466,6 млн. теңге, оның ішінде:
- 6 325,4 млн. теңге-РБ қаражаты есебіне.

  • 1 700 млн. теңге - ПВХ № 7 қалалық ауруханасындағы МКК қабылдау бөлімінің жапсаржай құрылысы;

  • 1 884,4 млн.теңге - Алматы қаласына қосылған кенттердің инженерлік желілерін дамыту. Наурызбай ауданын қамтамасыз ету үшін Қарғалы өзенінде су жинау ғимаратын және Су дайындау станциясын салу;

  • 630,7 млн. теңге - Шұғыла кентінде сумен жабдықтау және су бұрудың магистральдық желілерінің құрылысы;

  • 2 110,3 млн.теңге - Алматы қаласына қосылған елді мекендерді электрмен жабдықтау. Тұздыбастау ҚС-110/10-10 кВ және электр беру желілерін салу;

  • 1 141,2 млн.теңге - Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт есебінен (Алматы қаласына қосылған елді мекендерді электрмен жабдықтау. ҚС-110/10-10 кВ Тұздыбастау және электр беру желілерін салу).

Ағымдағы жылғы 14 желтоқсандағы жағдай бойынша игеру – 100%, жоспар бойынша 7 466,6 млн.теңге (жоспар бойынша РБ есебінен 6 325,4 млн. теңге, ҰАО қаражаты есебінен).1 141,2 млн.теңге) игеру 7 466,6 млн. теңгені құрады.
2) ЖҚЖК шеңберіндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен 6 805,7 млн. теңге, оның ішінде:
- 5 508,8 млн. теңге – «Алматы қаласындағы мектептерге жапсарлас 13 құрылыс салу» жобасы бойынша ішкі қарыздар есебінен, оның ішінде:
- 5 қосымша құрылыс бойынша(№132, 57, 102, 34, 191 мектеп) - Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаларға түзету жүргізілуде,
- 8 қосымша құрылыс бойынша(117, 6, 177, 121, 133, 170, 199, 144 -5% төлемі пайдалануға беру актісінен кейін жүзеге асырылады.
- Облигациялар бойынша түсімдердің болмауына байланысты «Алматы қаласында 8 мектеп салу» жобасы бойынша ішкі қарыздар есебінен-1 296,9 млн.теңге.

Жергілікті қамту үлесі

Материалдарды сатып алуға 8,7 млрд.теңге қарастырылған, ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 8,7 млрд. теңге игерілді. Жергілікті қамтудың үлесі 94,9% - ды құрады.
Анықтама: тиісті жобалардың тізбесін Стратегия және бюджет басқармасы (Әаиб) қалыптастырады. Ақшалай қаражатты игеру мониторингі сондай-ақ УСиБ жүзеге асырылады. Жұмысқа орналастыру бөлігінде мониторинг – әлеуметтік әл – ауқат басқармасы, мемлекеттік сатып алуды өткізу – мемлекеттік активтер басқармасы, қазақстандық қамтуды есептеу-кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.
Қорытынды анықтамаға қол қойылғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бірлескен жұмыс барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және жұмыс тобының ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.

Басшы                                                                                              Н. Тоғызбаева

Енгізеді:
Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы:                                                                             


Басшының орынбасары                                                                    А. Мұқажанова
(жұмыс тобының басшысы)      

Жұмыс тобының мүшелері:

Басшының орынбасары                                                                      Д. Әлкебайұлы

Басшы орынбасарының м.а.                                                                  Ж. Қаратаев

Заңмен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы                                        А. Қалдыбаев

Еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы                                     Ж. Галиев

Кадрлық жұмыс және құжаттық қамсыздандыру
бөлімінің басшысы                                                                         Д. Абибуллаева

Миграциялық жүйелер
бөлімінң басшысы                                                                                М. Маринов

   
Еңбек қатынастарын бақылау
бөлімінің басшысы                                                                             М. Мукашева

Жұмысшыларды құқықтық қолдауды
бақылау бөлімінің басшысы                                                              С. Оразбеков

Қаржы бөлімі басшысының м.а.                                                            А. Екетаева

Еңбек нарығын дамыту бөлімінің басшысы                                   Ж. Қайыпова

Корпоративтік басқару бөлімінің басшысы                                        М. Тұрғынов

Әлеуметтік инфрақұрылым бөлімінің басшысы                             Қ. Қазыбеков

Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы                              А. Ермұхаметова

Мемлекеттік қызметті бақылау және
ақпараттық технологияларды дамыту
бөлімінің бас маманы                                                                        А. Сапарханов

Тең мүмкіндіктер бөлімі басшысы м.а.                                          А. Сұлтанғазиев

Заңмен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы                                К. Кунапиева
(жұмыс тобының хатшысы)






Дата публикации
31 декабря 2021