АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ, ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ӨКІЛЕТТІ ӨКІЛДЕРІ ЖӘНЕ КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ АЙМАҚТЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ 2024 – 2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ҚАЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ
Бұдан әрі бірге Тараптар, ал жеке дара Тарап деп аталатын Алматы қаласы деңгейіндегі әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау негізінде әрекет ете отырып:
- мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара сыйластық және олардың мүдделерінің барынша ымыраға келуі;
- әлеуметтік әріптестік, оның ішінде еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты басқа қатынастарды ұжымдық-шарттық реттеу, сондай-ақ тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген әлеуметтік-экономикалық қатынастар;
- еңбек ұжымдарында келісім мен тұрақтылықты сақтау, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің лайықты еңбек ету жағдайлары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қамтамасыз етудегі сындарлы өзара іс-қимыл қағидаларын мойындай отырып,
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің негізінде 2024 - 2026 жылдарға жасалған Бас келісімді басшылыққа ала отырып, осы Қалалық келісімді 2024-2026 жылдарына Алматы қаласының әкімдігі, жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері және кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктері арасында (бұдан әрі – Қалалық келісім) жасасты.
Қалалық келісім Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Алматы қаласында әлеуметтік әріптестікті және диалогты дамыту туралы; Алматы қаласының бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау туралы; жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздықты азайтуға бағытталған шаралар қабылдау туралы; әлеуметтік-еңбек саласындағы даулардың, жанжалдардың және ереуілдердің алдын алу шаралары туралы, оның ішінде еңбек дауларын шешуде жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдеріне жәрдемдесу және ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу жөніндегі Кеңестің қызметі туралы, сондай-ақ оның орындалуын бақылау тәртібі; өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда тараптардың жауапкершілігі; оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы ережелерді қамтиды.
Алматы қаласында әлеуметтік әріптестікті және диалогты дамыту үшін Қалалық келісім шеңберінде Тараптар келесі міндеттемелерді қабылдады:
1.1. әлеуметтік әріптестіктің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жұмысшылар мен жұмыс берушілердің мүдделерін үйлестіру бойынша әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның (бұдан әрі – қалалық үшжақты комиссия) рөлін күшейту бойынша бірлескен жұмыс жасау.
Тараптар қалалық үш жақты комиссияның отырыстарында тұрақты түрде бірлескен консультациялар мен келіссөздер жүргізуге, сондай-ақ еңбек қатынастарын реттеу мәяелесі, еңбек қатынастарына, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық қатынастарына тікелей қатысты басқа да мәселелер бойынша оның шешімдерін толық, уақтылы және сапалы орындауға міндеттенеді.
Қалалық үш жақты комиссияның өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қабылданған шешімдері әлеуметтік серіктестіктің барлық тараптарымен міндетті түрде қаралып, белгіленген мерзімде орындалуы тиіс;
1.2 барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарда, ұйымдарда және кәсіпорындарда ұжымдық шарттарды міндетті түрде жасасуды мойындай отырып, Алматы қаласында әлеуметтік әріптестік қағидаттарын қолдануды кеңейту, ұжымдық шарттар жасасуды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау, оның ішінде аталған шарттарды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (бұдан әрі – ЕШЕБЖ) енгізу арқылы цифрландыру (www.hr.enbek.kz);
ЕШЕБЖ-не (www.hr.enbek.kz) қызметкермен, шетелдік жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы мәліметтерді және басқа да соған байланысты ақпаратты енгізу;
1.3. Алматы қаласының кәсiпорындары мен ұйымдарына әлеуметтiк әрiптестiк шарттары мен ұжымдық шарттардың мiндеттемелерiн орындауға жәрдемдесу;
1.4. Алматы қаласы бойынша ұжымдық шарттардың жасалуын бақылау және еңбек ұжымдарының конференциялары мен жиналыстарында олардың орындалуы туралы жыл сайынғы есеп беру;
1.5. Алматы қаласында мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде әлеуметтік әріптестік пен диалогты дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу;
1.6. 2024 жылы Қалалық үш жақты комиссия туралы ережені (бұдан әрі – Ереже) жаңа редакцияда әзірлеу және қабылдау;
1.7. зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге кепілдіктер мен жеңілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс тәжірибесін ескере отырып, қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс кезеңдерін (болған жағдайда) растайтын құжаттармен (еңбек шартының көшірмелері немесе еңбек кітапшасынан еңбек қызметі туралы жазбалар) белгілей отырып, жұмыскерлердің еңбек кітапшаларын ЕШЕБЖ-не енгізу.
Қалалық келісім шеңберінде Тараптар Алматы қаласының бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау бойынша келесі міндеттемелерді қабылдады:
2.1. Алматы қаласындағы кәсіпкерлік климатты жақсартуға бағытталған стратегиялық құжаттарда көрсетілген экономика салаларындағы негізгі реформаларды жүзеге асыруда бірлескен күш-жігерді біріктіру;
2.2. жұмыс берушілер мен кәсіподақтар өкілдерінің әлеуметтік-еңбек және олармен байланысты басқа да қатынастарға әсер ететін Алматы қаласының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асырудың тиімділігін, реттеуші және нақты әсерін әзірлеуге, сараптауға, іске асыруға және бағалауға қатысуына жәрдемдесу;
Тараптар әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның қарауына өз ұсыныстарын енгізе отырып, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының бағдарламалық және стратегиялық жоспарларын/құжаттарын әзірлеуге қатысуға келісті.
Тараптар сондай-ақ Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының орындалуын талдауға қатысады, қажет болған жағдайда тиісті құжаттарды (оның ішінде қала халқының жұмыспен қамтылуы мен табысын қалпына келтіруді, экономикалық өсу мен қала экономикасындағы ұзақ мерзімді құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары, Алматы қаласының бағдарламалық және стратегиялық құжаттары, Алматы қаласы әкімдігінің қызметінің негізгі бағыттары, Алматы қаласы әкімдігінің іс-шаралар жоспарлары және басқа құжаттар) нақтылау бойынша ұсыныстар енгізеді;
2.3. стратегиялық жоспарлау құжаттарын ескере отырып, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамының негізгі параметрлерін қарауға қатысу;
2.4. Алматы қаласын дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру туралы;
2.5. мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың өмiр сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтiк қолдауды күшейту және қоғамға кiрiгуi үшiн жағдай жасау жөнiндегi тиімді шараларды әкiмдiктiң күшімен жүзеге асыруына жәрдемдесу.
Қалалық келісім шеңберінде Алматы қаласында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықты азайту мақсатында Тараптар келесі міндеттемелерді қабылдады:
3.1. Алматы қаласында халықты жұмыспен қамтуды арттыру және жұмыссыздықты азайту бағдарламаларын, оның ішінде сапалы жұмыс орындары үшін жағдай жасауды және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейтуді, инклюзивті еңбек нарығын қалыптастыруды, сондай-ақ мүгедектігі бар тұлғалар үшін арнайы жұмыс орындарын құруды көздейтін бағдарламаларды жыл сайын әзірлеу;
3.2. мамандықтар қимасында Алматы қаласы экономикасының кадрларға жылдық болжамды сұранысын анықтау және кәсіптік бағдар беру жүйесін дамыту.
Ақпараттық деректер банкін құру үшін жұмыс берушілер бос орындар болған жағдайда кадрларға қажеттілік туралы мәліметтерді аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, Мансап орталығына беруге міндеттенеді;
3.3. бұқаралық ақпарат құралдарын және заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық пиар-науқандар, оның ішінде «Еңбек жолы» Республикалық байқауын өткізу арқылы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру;
3.4. жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, оның ішінде:
- «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» Бағдарламалары аясында шағын және орта бизнесте уақытша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
- қаланың барлық деңгейдегі оқу орындарының (жоғары оқу орындарының, колледждердің) студенттердің өндірістік тәжірибелері туралы шарттар жасасуына жәрдемдесу.
3.5. қаржылық-экономикалық және өзге де дағдарыстардың салдарларына байланысты немесе өндіріс көлемінің төмендеуіне, өндірістік объектілерді жоюға, тоқтата тұруға (тоқтатып қоюға) байланысты төтенше жағдайларды қоспағанда, жұмысшылардың жаппай жұмыстан босатылуын болдырмау (жұмысшылардың жалпы санының 10%-нан астамы).
Жұмысшыларды (жұмысшылар санының 10%-нан астамы) жаппай жұмыстан шығару қаупі туындаған жағдайда, бұл туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аумақтық уәкілетті мемлекеттік органға, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға және кәсіподақ ұйымына хабарлау.
Тараптар өзара консультациялар негізінде аудан әкімдіктерімен бірлесіп, қаржыландыру көздерін анықтай отырып, жұмыстан босатылған қызметкерлерді қайта даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша шұғыл шаралар бағдарламасын әзірлейді.
Қалалық келісім шеңберінде Алматы қаласының кәсіпорындарында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету үшін Тараптар келесі міндеттемелерді қабылдады.
Адами капиталды сақтау, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Келісім тараптары еңбек қызметі кезінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұлттық басымдықтардың бірі ретінде қарастыра отырып, келесі міндеттемелерді өзіне алады:
4.1 жалақысының мөлшері заңмен белгіленетін мемлекеттік заңды тұлғаларды қоспағанда, қаржылық мүмкіндіктер болған жағдайда, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдық шарттарында Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы айқындаған инфляцияның болжамды деңгейінен төмен емес мөлшерде жұмыскерлердің жалақысын индексациялау туралы мәселені қарау;
4.2. еңбекті қорғау бойынша алдын алу іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, оның ішінде профилактикалық іс-шараларды, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің стандарттарын енгізуді, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйін бақылауды, кәсіптік ауруларды ерте анықтауды, кәсіптік тәуекелдерді басқару тетіктерін күнделікті өмірде өндірістік тәжірибеге енгізуді және т.б. қоса алғанда қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау.
4.3. қауіпсіз еңбек мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын (кеңестер, семинарлар, тренингтер, конференциялар және т.б.) ұйымдастыру және өткізу.
4.4. кәсiпорындарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi өндiрiстiк кеңестер құру және оларды қауiпсiз жұмысты қамтамасыз ету, еңбектi қорғау талаптарын сақтау, өндiрiстiк жарақаттар мен кәсiптiк аурулардың алдын алу процестерiне белсендi қатыстыру.
4.5. әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешуге, оның ішінде кәсіпорын басшыларын гендерлік саясат және кемсітушілікке қарсы шаралар, сондай-ақ балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру жолымен көмектесу.
Әлеуметтік-еңбек жанжалдары мен ереуілдердің алдын алу және болдырмау үшін Тараптар келесі міндеттемелерді қабылдады:
5.1. еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге көмектесу, ұжымдық-шарттық реттеу тәжірибесін дамыту және қалалық үшжақты комиссияның отырыстарында кәсіпорындардың проблемалық мәселелерін қарау.
Жұмыс берушiлердiң бiрлестiктерi (қауымдастықтары, одақтары) және кәсiподақтар жеке еңбек дауларын қарау кезiнде келiсу комиссиясына, ұжымдық еңбек дауларын қарау кезiнде татуласу комиссиясына және еңбек арбитражына қатысу жолымен әлеуметтiк әрiптестiк тетіктерi арқылы қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң құқықтары мен мүдделерiн бiлдiредi.
Тараптар еңбек қатынастары саласындағы жағдайды талдауға және бақылауға, проблемалық мәселелерді шешуде келісілген ұстанымды әзірлеуге, мемлекеттік органдардың қатысуымен қалалық үшжақты комиссиялардың отырыстарында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін жүйелі түрде қарауға бірлесіп қатысуға келісті.
Жанжал туындаған жағдайда Тараптар оның себептерін анықтайды, жанжалды шешу жолдарын анықтайды, ұжымда түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
5.2. еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек жанжалдарында консенсусқа қол жеткізу бойынша жұмысшылар мен жұмыс берушілер үшін бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу.
5.3. әлеуметтік шиеленістің алдын алу және кәсіпорындардағы әлеуметтік-еңбек жанжалдарын шешу жөніндегі Жол картасын әзірлеу және қабылдау.
5.4 Әлеуметтік әріптестік тараптарының ұсыныстары бойынша әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның шеңберінде Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу жөніндегі кеңесті (бұдан әрі - Кеңес) құру және Кеңестің қызметі туралы ережені Тараптар қалалық үшжақты комиссия отырысында қабылдайды.
6.1. Әкімдік уәкілетті құрылымдық бөлімшенің атынан әлеуметтік әріптестікке қатысты барлық құжаттардың, оның ішінде Қалалық келісімнің, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының, ол бойынша кезеңді есеп берудің ( жылына кемінде бір рет) және Ереженің ресми интернет-ресурсында «Әлеуметтік әріптестік» бөлімінде орналастырылуын қамтамасыз етеді.
6.2. Тараптар осы Қалалық келісімге қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде өз міндеттемелерін орындау бойынша шаралар кешенін әзірлеуге және нақты мерзімдер мен орындалуына жауапты Тараптарды көрсете отырып, Қалалық келісімді жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспарының жобасын қалыптастыру үшін және оны қалалық үшжақты комиссияда одан әрі қарау мен бекіту үшін Алматы қаласының әкімдігіне жіберуге міндетті.
6.3. Қалалық келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау және мониторингі Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қалалық үшжақты комиссия Қалалық келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау және мониторингілеу нәтижелері бойынша Тараптар орындауы міндетті шешімдер қабылдайды. Қалалық үш жақты комиссияның шешімдері осы Қалалық келісімді іске асыру нысаны болып табылады.
6.4. Тараптар өздерінің ресми интернет-ресурстарында Қалалық келісімді жүзеге асыру, қалалық үшжақты комиссияның қызметі, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту мәселелері бойынша материалдарды тұрақты түрде жариялайды.
6.5. Қалалық үшжақты комиссияның жұмыс тобы Қалалық келісімнің орындалу барысы туралы ақпарат дайындайды. Қалалық үш жақты комиссия жыл сайын Қалалық келісімнің ережелерінің орындалу барысын қарайды.
6.6. Қалалық үш жақты комиссияның қызметін және Қалалық келісімнің орындалу барысы туралы ақпарат тарату мақсатында Тараптар Алматы қаласында әлеуметтік әріптестікті дамытуға және әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелеріне арналған материалдардың бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жариялануын қамтамасыз етеді.
7.1. Тараптар осы Қалалық шартқа барлық Тараптардың өзара келісімі бойынша қабылданатын, Қалалық келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымша келісімдерде ресімделетін және оларға қол қойылған күннен бастап күшіне енетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық етуге құқылы.
Өзгерістер мен толықтырулар жеке хаттамалармен ресімделеді және оларға қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
7.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілген және (немесе) Қалалық келісімнің кез келген Тарабының міндеттемелерін орындауына тікелей әсер ететін басқа да мән-жайлар туындаған жағдайда, Тараптар оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәселені қарауға міндетті.
7.3. Қалалық келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы қосымша келісімге қол қойылғаннан кейін ол жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен өзгертілген Қалалық шарттың мәтінімен бірге ресми жариялануға жатады.
7.4. Қалалық келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтыруларға сәйкес келтіріледі.
8.1. Тараптар Қалалық келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауға, сондай-ақ Қалалық келісімнің орындалуын бақылау үшін қажетті ақпаратты ұсынуға, осы келіссөздерді жүргізу мерзімдеріне сәйкес Келісімді өзгерту немесе толықтыру жөніндегі келіссөздерге қатысуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тараптар айқындаған мерзімдерде қалалық үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз етуге жауапты.
8.2. Тараптар бір-бірінің қызметіне заңсыз араласуға, сондай-ақ кәсіподақтардың және олардың бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының), сондай-ақ жұмыс берушілердің бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) құрылуына, жұмыс істеуіне және қызметіне кедергі келтіруге және (немесе) шектеуші жағдайлар жасауға жол бермейді.
8.3. Қалалық келісімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұғымдар пайдаланылады.
8.4. Қалалық келісім Алматы қаласындағы мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілерге, қызметкерлерге және белгіленген тәртіпте өкілдік берілген олардың өкілдеріне қолданылады.
8.5. Жұмыс органы (үйлестіруші) «Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
8.6. Қалалық келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және келесі кезеңге Қалалық келісім күшіне енгенге дейін әрекет етеді.
8.7. Қалалық келісім Алматы қаласында 2024 жылғы 29 мамырда бірдей заңды күші бар Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалды. Қол қоюшы тараптардың әрқайсысында Келісімнің бір данасы болады.
Осы Қалалық келісімге қол қойды:
|
Жергілікті атқарушы органнан:
Алматы қаласы Әкімінің орынбасары
А.Б.Нусупова |
___________ |
|
Жұмыс берушілердің уәкілетті өкілдерінен:
Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілерінің (кәсіпкерлерінің) ұлттық конфедерациясының бас директоры
А.К.Абиханов
|
___________ |
|
Кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінен:
Алматы қаласы Кәсіподақтар орталығының төрағасы
З.А.Умирбаева
Алматы кәсіподақтар одағының төрағасы
Қ.Қ.Қаратаев |
_____________
_____________
|