Алматы қаласы әкімдігінің
«Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогы бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін операциялық бағалау нәтижелері туралы қорытынды
2020 жыл
(есептік кезең)
|
№ п\п |
Бағалау өлшемшарты/көрсеткіші |
Ұпайлар |
Жоғары ұпайлар |
|
1 |
Персоналды басқару |
92,37 |
100 |
|
1.1 |
Мемлекеттік органның кадр әлеуеті |
23,57 |
30 |
|
1.2 |
Еңбекті ұйымдастыру |
29,46 |
30 |
|
1.3 |
Меритократия және ұйымдастырушылық мәдениет |
39,34 |
40 |
|
2 |
Ақпараттық технологияларды қолдану |
77,78 |
100 |
|
2.1 |
Архитектуралық порталын толтыру бойынша мәліметтерді есепке алу |
25,2 |
30 |
|
2.2 |
«Ақылды» қалалар бастамаларын іске асыру және негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу |
17,6 |
20 |
|
2.3 |
Ақпараттық жүйелер мен деректер қорындағы мәліметтердің өзектілігі |
21,94 |
25 |
|
2.4 |
Мемлекеттік органдардың функцияларын автоматтандыру |
20,04 |
25 |
|
2.5 |
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі жергілікті қамтудың үлесі |
5 |
5 (бонустық) |
|
2.6 |
Қолданылмайтын ақпараттық жүйелер мен деректер қорларының болуы |
-3 |
-15 |
|
Жалпы ұпай[1] |
85,08 |
100 |
|
«Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогы бойынша операциялық бағалау персоналды басқару және ақпараттық технологияларды қолдану бойынша мемлекеттік органдар шараларының тиімділігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
Бағалау Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 76/НҚ және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 39 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогы бойынша мемлекеттік органдар қызметін операциялық бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес жүргізілген.
Бағалау объектісі бағаланатын Алматы қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – Әкімдік) және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі болып табылады.
«Персоналды басқару» бағыты бойынша операциялық бағалау мемлекеттік органның кадрлық әлеуеті, еңбекті ұйымдастыру, меритократия және ұйымдастырушылық мәдениет көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылды.
Бағалау өлшемшарттары бір-бірімен өзара байланысты және олар мемлекеттік органдарда персоналды басқару тәжірибесін жақсартуға, мемлекеттік қызмет реформаларын сапалы іске асыруға, ұжымда жоғары еңбек тәртібінің деңгейі мен моральдық-психологиялық климатты сақтауға бағытталған.
«Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша қорытындыны даярлау үшін бастапқы деректер ретінде Әдістеменің 6-тармағының 9) тармақшасына сәйкес ұсынылған Әкімдіктің есептік ақпараты (2021 жылдың 26 ақпандағ №4-50.01//1111 шығ.хаты) және «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталының (бұдан әрі – архитектуралық портал) ақпараты пайдаланылды.
Бұдан әрі Әдістеменің өлшемшарттары мен көрсеткіштері бойынша Әкімдік қызметіне жасалған талдау ұсынылды.
Кадрлардың ауыспалығы мемлекеттік органдар іске асыратын кадр саясатының тиімділігін көрсететін негізгі көрсеткіштің бірі болып табылады.
2020 жылғы есептік ақпаратқа сәйкес, Әкімдікте басқарушы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің орташа нақты саны – 255 бірлікті, басшылық емес лауазымдарды атқаратын мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің орташа нақты саны– 736 бірлікті құрайды.
Бұл ретте, 52 адам мемлекеттік қызмет жүйесінен жұмыстан шыққан, оның ішінде: 20басшы құрамдағы, 32орындаушылық құрамдағы қызметкерлер.
Осылайша, қызметкерлердің таза ауыспалығы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің орташа нақты санынан 5,2%құрайды.
Өткен есепті кезеңмен салыстырғанда кадрлар кету деңгейінің төмендеуі байқалады (2019 ж. – 7,7%).
Әдістемеге сәйкес, көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 10 ұпайдан 10 ұпайды құрайды.
Көрсеткіш мемлекеттік органдарды білім сабақтастығын және институционалдық жадыны сақтауды қамтамасыз ете отырып, барынша кәсіби қызметкерлерді ұстап қалуды ынталандырады.
Әкімдіктің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің орташа нақты санынан (988 бірлік) үздіксіз 3 жылдан астам 591 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, яғни 59,82% құрайды. Бұл нәтиже кәсіби және тәжірибелі кадрларды ұстап қалу және оларды жетілдіру бойынша тиісті жұмыстың жеткілікті түрде жүргізілетіндігін көрсетеді.
Алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда кадр құрамының тұрақтылығы көрсеткішінің жоғарлауы байқалады (2019 ж. - 56%).
Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 3,19 ұпайды құрайды.
Шығу сұхбатын қолдану тәжірибесі мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік орган жүйесінен кадрлардың кету себептерін анықтауға және ондай жағдайларды болдырмау бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Есепті кезеңде Әкімдікте мемлекеттік қызмет және мемлекеттік орган жүйесінен шыққан 52 қызметкер шығу сұхбатын толтырған, бұл 100% - ды құрайды (2019 ж. - 100 %).
Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 5 ұпайды құрайды.
Бағалау параметрлері 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында айқындалған биліктің атқарушы, өкілді және мемлекеттік секторларда шешімдер қабылдау деңгейіндегі әйелдердің 30% өкілдігін қамтамасыз ету бойынша көрсеткішті ескере отырып белгіленді.
Көрсеткіш басқарушы лауазымдарға тағайындалуда ерлер мен әйелдердің тең қолжетімділігін бағалайды.
Әкімдікте басшылық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілердің орташа нақты саны 261 адамды құрайды, оның ішінде
109 лауазымды әйелдер атқарады, бұл 41,7%-ды құрайды.
Сондай-ақ алдыңғы есептік кезеңдермен салыстырғанда мемлекеттік органда басшы лауазымдарға тағайындау кезінде гендерлік теңдікті сақтаудың аздап төмендеуі байқалады (2019 ж. -42%).
Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 5 ұпайды құрайды.
Көрсеткіш бойынша бағалау мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адами капиталдың сапасын жақсартуға бағытталған.
Есептік деректерге сәйкес 2020 жылы Әкімдікте мынадай мемлекеттік қызметшілер еңбек етеді:
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің орташа нақты санының (988 бірлік) 7,6 % ғылыми дәрежелері мен үздік жоғары оқу орындарының дипломдарына ие.
Алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда персонал құрамының сапасын арттырудың оң динамика байқалады (2019 жылы – 6,1%).
Осылайша, Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 0,38 ұпайды құрайды.
«Мемлекеттік органның кадрлық әлеуеті» өлшемшартының жоғарыда аталған көрсеткіштері бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 30 ұпайдан 23,57 ұпайды құрайды.
Мемлекеттік қызметшілерге сауалнама жүргізу осы көрсеткіш бойынша бағалау құрауышы болып табылады.
Сонымен сұралғандардың 99% басшылықтың жазбаша өкімінсіз жұмыс уақыты аяқталған нан кейін кідірмегенін белгіледі.
Әкімшіліктің 99% қызметшісіне басшылықтың жазбаша өкімінсіз жұмыста кідірмегенін және артық жұмыс істеу уақыты орташа есеппен 30 минут құрады (1сағат/2 сағатқа дейін және одан көп) .
98% қызметшілер жыл бойында басшылықтың жазбаша өкімінсіз демалыс немесе мереке күндері жұмысқа шықпаған.
99% қызметшілер, қашықтық жұмыс режимінде (икемді жұмыс кестесі) артық жұмыс істемегенін көрсетті.
Әдістемеге сәйкес, көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 10 ұпайдан 9,78 ұпайды құрайды.
Сауалнамаға қатысқандардың 97% өзінің мемлекеттік органдағы жұмысына қанағаттанған.
Сауалнамаға қатысқандардың 98 % өздерінің кәсіби міндеттерін орындау үшін барлық қажетті техникалық жабдықтардың (ұйымдастыру техникасы, кеңсе керек-жарақтары, жарықтандыру және т.б.) жеткілікті көлемде бар екенін көрсетті.
97% қызметкердің жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін жеткілікті уақыт бар.
97% қызметкердің жұмысты орындау үшін қажетті барлық ақпараттық жүйелерге үздіксіз қол жеткізе алады.
Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 4,83 ұпайды құрайды.
Сауалнама нәтижесі Әкімдікте ұжымдағы қарым-қатынас пен кері байланысты басқарудың реттелген процесін көрсетті.
Осылайша, қызметшілердің 97% кәсіптік мәселелер бойынша мемлекеттік органның басшысына еркін жүгінуге мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Сауалнамаға қатысқандардың 96%-ы басшылық олардың жетістіктерін еңбегіне қарай әділ бағалайды деп есептейді.
97% олардың бөлімшесінде қажетті жұмыс көлемін орындау үшін қызметкерлердің саны жеткілікті деген пікірмен келіседі.
Қызметшілердің 97% өздерінің мемлекеттік органдарында орындаушылар арасында тапсырмалар тең деңгейде бөлінеді деп есептейді.
97% қызметшілер тапсырмалардың анық түсіндіріле отырып берілетінін, оларды қолжетімді тұрғыда алатынын көрсетті.
Сауалнамаға қатысқандардың 97% күн сайын өздеріне тапсырылған жұмысты еркін аяқтап үлгеретінін атап өтті.
Осылайша, Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 4,85 ұпайды құрайды.
Осы көрсеткіш шеңберінде кадр құрамының кәсібилігін арттыру бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігі бағаланады.
Әкімдік өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша жоспарды қамтамасыз етті. Осы ретте Әкімдіктің 269 мемлекеттік қызметшісі біліктілігін арттыруға тиіс болды, оның ішінде қызметкерлердің 100%- белгіленген мерзімде біліктілігін арттырудан өтті (2019 ж. - 100%).
Сондай-ақ, қайта даярлау курстарында 112 қызметкер оқытылуы тиіс болатын, олардың 112 тиісті оқытудан өтті, яғни 100 % (2019 ж. - 100%).
Осылайша, Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 5 ұпайды құрайды.
Осы көрсеткіш Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы
21 қазандағы № 13 бұйрығымен бекітілген Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережеге сәйкес Персоналды басқару стратегиясының болуын бағалайды.
Есептік ақпаратқа сәйкес Әкімдік Персоналды басқару стратегиясын ұсынған. Ол Үлгілік ережеге сәйкес келеді.
Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 5 бонустық ұпайды құрайды.
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша «Еңбекті ұйымдастыру» өлшемшартын қорытынды бағалау мүмкін болатын 30 ұпайдан 29,46 ұпайды құрайды.
Бұл көрсеткіш мемлекеттік органда бос лауазымдарға орналасу байқаушылардың қатысуымен және бейне тіркеумен өткізілген конкурстардың санын бағалауға негізделген іріктеу рәсімдерінің ашықтық деңгейін айқындайды.
Әкімдік ұсынған ақпаратқа сәйкес 2020 жылы бос лауазымдарға орналасу үшін 340 конкурс өткізілген, олардың ішінде үміткерлерді іріктеу рәсімдерінің 100% тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен өткен (2019 ж. - 100%).
Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 54-тармағына сәйкес, техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен әрбір кандидатпен әңгімелесу барысын тіркеу, эссе жазу, сондай-ақ өзге де іріктеу құралдарын өткізу 2020 жылғы наурыздан бастап міндетті рәсім болды.
Осылайша, конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде бейнетіркеу міндеттілігі енгізілген сәттен бастап бос лауазымдарға орналасуға 285 конкурс өткізілген, оның 100% бейнетіркеумен өткен, бұл конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етудің жоғары деңгейін куәландырады.
Осылайша, Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 10 ұпайдан 10 ұпайды құрайды.
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарда кадрларды қабылдау мен ілгерілетудің қолданыстағы жүйесіне қатынасын анықтау үшін оларға сауалнама аясында бірқатар тұжырымдарға жауап беру ұсынылды.
Әкімдік қызметшілерінің жауаптарын өңдеу нәтижесі сауалнамадан өткендердің 97% қызметкерлерді мемлекеттік органда жұмысқа қабылдау рәсімі әділ және айқын деген пікірмен келіскен.
Жұмысқа талантты және білікті қызметкерлерді қабылдау тұжырымымен келіскендердің үлесі 96% құрады.
Сауалнамаға қатысқандардың 97% мемлекеттік органдағы қызметшілер жұмыста мансаптық көтерілуге лайықты деп (қолдаусыз немесе патронажсыз) және 96% өз лауазымдық міндеттерімді уақытында және сапалы орындаған жағдайда менің мемлекеттік органымда қызмет бойынша жоғарылауым мүмкін деп есептейді.
Осылайша, Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 10 ұпайдан 9,66 ұпайды құрайды.
Бұл көрсеткіштің өзектілігі мемлекеттік қызметшілердің мансабын жоспарлау болып табылады, бұл мемлекеттік орган ішіндегі сабақтастықты сақтаудың тиімді құралы болып табылады.
Жалпы, Әкімдікте басқа мемлекеттік органдардан ауысқан қызметшілерді ескере отырып, жоғары тұрған лауазымдарға 81 адам тағайындалды, олардың ішінде мемлекеттік орган ішіндегі мансап бойынша ілгерілегендер – 80 (98,8%).
Бұл өңірде меритократия қағидатының жоғары деңгейде іске асырылуын анықтайды. Бұл көрсеткіш 2019 ж.–93%-ды құраған.
Осылайша, Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 10 ұпайдан 10 ұпайды құрайды.
Материалдық және материалдық емес сипаттағы көтермелеуді әділ жолмен бөлу меритократияның басты бағыттарының бірі болып табылады. Бұл көрсеткіш мемлекеттік қызметшілер арасында сауалнама жүргізу арқылы олардың осы рәсімдерді қабылдауы өлшенеді.
Өткізілген сауалнама келесі нәтижелерді көрсетті:
Респонденттердің 97 % мемлекеттік органда қабылданған ынталандыру шараларына (материалдық ынталандыру) қанағаттанған.
Бұл ретте Әкімдік қызметкерлерінің 97% мемлекеттік органда матералдық ынталандыру әділ және айқын деп санайды.
Сауалнамаға қатысқандардың96% материалдық емес көтермелеу шаралары (марапаттар, грамоталар, алғыстар, құрмет тақтасы) мемлекеттік органда әділ қолданылатынын атап өткен.
Сондай - ақ, 97% Әкімдікте әрдайым лайықты қызметкерлерді марапаттайды және атап өтеді деген тұжырыммен келіскен.
Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 4,84 ұпайды құрайды.
Әдеп және ұжымдағы өзара қарым-қатынас бойынша жүргізілген сауалнама мынадай нәтижелерді көрсетті:
Әкімдік қызметшілерінің 98% басшылық тарапынан бағынушыларға әдепсіз (дөрекілік, қорлау, әдепсіз тіл, қол көтеру) әрекеттер орын алмағандығын көрсеткен;
респонденттердің 98% әріптестер арасында әдепсіз әрекеттер жоқтығын атап көрсеткен;
96% ұжымдағы атмосфераны қолайлы деп санайды;
96% жұмыс барысында дөрекі сөздерді қолданып қатты дауыстап сөйлеудің куәгері болмағанын көрсеткен.
Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 4,84 ұпайды құрайды.
«Меритократия және ұйымдастырушылық мәдениет» өлшем шартының барлық көрсеткіштері бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 40 ұпайдан 39,34 ұпайды құрайды.
Әкімдік қызметінің тиімділігін қорытынды бағалау «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогының «Персоналды басқару» бағыты бойынша 2020 жылы мүмкін болатын 100 ұпайдың 92,37 ұпайын құрады.
Өткен есепті кезеңмен салыстырғанда 9,26 ұпайға өсу динамикасы байқалады. 2018 жылы блок бойынша нәтиже 96,29 ұпай, 2019 жылы 83,11 ұпай болған.
Әдістемеге сәйкес алынған бағалау нәтижесі Әкімдік қызметі тиімділігінің жоғары дәрежесін куәландырады.
«Архитектуралық порталын толтыру жөніндегі мәліметтерді есепке алу» өлшемшарты бойынша мемлекеттік органдардың архитектуралық порталын толтыру дәрежесі бағаланады және бағаланатын жылдың соңғы күнтізбелік күні кезеңінде Сервистік интегратор ұсынған ақпаратқа сәйкес жүргізіледі. Бағалау осы Әдістеменің 15-қосымшасына сәйкес архитектуралық порталында құжаттар пакетін және ақпараттық жүйелер (бұдан әрі – АЖ) туралы қажетті ақпаратты орналастыруға мемлекеттік органдарды ынталандыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде Cервистік интегратормен есептік кезеңде мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне тексеру жүргізілді. 2020 жылғы 20 қазандағы №№4-50/393СК.31 шығ.хатымен расталып, жүргізілген жұмыстарға сәйкес есептік кезеңде Әкімдікпен архитектуралық порталында 12 АЖ бекітілген.
Осы Әдістеменің 15-қосымшасына сәйкес архитектуралық порталында АЖ туралы нормативтік-техникалық құжаттаманы орналастыру бойынша Әкімдікпен келесі іс-шаралар жүргізілмеген:
1-кесте
|
№ |
АЖ атауы |
АЖ аббревиатурасы |
Орналастырылмаған деректер |
Бағалау ұпайы, (%) |
|
1. |
Алматы қаласының геоақпараттық жүйесі |
ГАЖ |
«АКТ жобалар», «Сипаттамалары», «Өмірлік цикл мәртебесі» |
93 |
|
2. |
Алматы қаласының бірыңғай ақпараттық жүйесі |
Алматы қаласының БАЖ |
«АКТ жобалар», «Сипаттамалары», «Өмірлік цикл мәртебесі» |
93 |
|
3. |
«Сайлаушылардың электрондық тізімдері» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» |
СЭТ ААЖ |
«АКТ жобалар», «Сипаттамалары», «Өмірлік цикл мәртебесі» |
93 |
|
4. |
«Алматы қаласының мемлекеттік электрондық мұрағаты» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі |
МЭМ |
«АКТ жобалар», «Сипаттамалары», «Өмірлік цикл мәртебесі» |
93 |
|
5. |
Әкімдік бөлімшелерінің ішкі электрондық құжат айналымы жүйесі |
ЭҚА |
«АКТ жобалар», «Сипаттамалары», «Өмірлік цикл мәртебесі» |
93 |
|
6. |
«Алматы қаласының тұрғындары» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» |
«Тұрғындар» ААЖ |
«АКТ жобалар», «Сипаттамалары», «Өмірлік цикл мәртебесі» |
93 |
|
7. |
«Алқабилер» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» |
«Алқаби-лер» ААЖ |
«АКТ жобалар», «Сипаттамалары», «Өмірлік цикл мәртебесі», «Техникалық құжаттама» |
90 |
|
8. |
«Өткізу жүйесі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі |
ӨЖ ААЖ |
«АКТ жобалар», «Сипаттамалары», «Технологиялар», «Техникалық құжаттама» |
91 |
|
9. |
«Электрондық үкіметтің» шлюзінің кіші жүйесі ретінде Өңірлік шлюз» ақпараттық жүйесі |
ЭҮӨШ АЖ |
«АКТ жобалар», «Сипаттамалары», «Өмірлік цикл мәртебесі» |
93 |
|
10. |
Электрондық құжат айналымының корпоративтік ақпараттық жүйесі |
ЭҚАКАЖ |
«АКТ жобалар», «Өмірлік цикл мәртебесі» |
95 |
|
11. |
Алматы қаласының негізгі көрсеткіштерінің мониторинг жүйесі |
Қаланың ахуалдық орталығы |
«Өмірлік цикл мәртебесі», «Сақталатын деректер», «Орнатулар» |
62 |
|
12. |
Алматы қаласының автоматтандырылған геоақпараттық жүйесі |
Алматы қ. АГАЖ |
«АКТ-жобалар», «Функционалдық компоненттер мен талаптар», «Технологиялар», «Пайдаланушылардың рөлдері», «Техникалық құжаттама», «Сақталатын деректер», «Орнатулар», «Іске асыру», «Шығындар» |
19 |
4-тараудың 1-параграфының 59-тармағына сәйкес, егер бағаланатын мемлекеттік орган ЖАО болып табылса не бағаланатын мемлекеттік органда архитектураны әзірлеу жөніндегі жұмыстар есептік кезеңнен кейінгі жылға жоспарланған болса, онда жоғарыда көрсетілген коэффициент 30-ға тең. Мұндай жағдайда бағаланатын мемлекеттік орган архитектураны әзірлеуге, дамытуға есепті кезеңде қол қойылған ресми коммерциялық ұсыныстың растайтын құжатын -скан-көшірмесін қоса беруі қажет.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, есептік кезеңде қол қойылған ресми коммерциялық ұсыныстың скан-көшірмесін ұсынуға байланысты осы өлшемшарт бойынша коэффициент 30-ға тең.
Жоғарыда келтірілген фактілерді ескере отырып, осы өлшемшартты есептеу келесідей жүргізіледі:
«Архитектуралық порталын толтыру жөніндегі мәліметтерді есепке алу» өлшемшарты бойынша қорытынды ең жоғарғы 30 ұпайдан 25,2 ұпайды құрайды.
Осы өлшемшарт бойынша бағалау мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттық сұраныстар санын және олардың мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында заңды және жеке тұлғалардың сұратылатын мәліметтер мен құжаттар санын барынша азайту мақсатында, бағаланатын мемлекеттік органдарды ақпараттық жүйелерді электрондық үкіметтің шлюзімен интеграциялауға ынталандыруға бағытталған.
«Ақылды» қала-қазіргі және болашақ ұрпақтардың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, сондай-ақ мәдени аспектілерге қатысты қажеттіліктеріне сәйкес келуін қамтамасыз ете отырып, өмір сүру сапасын, қала қызметінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жақсарту үшін АКТ және басқа да құралдарды пайдаланатын инновациялық қала.
«Ақылды» қалаларды құру кезінде ЖАО қала өмірінің 11 саласынан тұратын 3 бағыт (Басым бағыттар, қосымша бағыттар, АКТ бағыттары) шеңберінде цифрлық бастамаларды іске асыру жолымен қызметтің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуге шоғырландыру ұсынылады:
Басым бағыттар:
Қосымша бағыттар:
АКТ бағыты:
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
ЖАО-ның «ақылды» қалаларды (Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының эталондық стандарты) құруға әдістемелік ұсынымдар бойынша бағалауы шеңберінде өмірдің барлық салалары шеңберінде әрбір көрсеткішке қол жеткізу дәрежесі есебі жүргізілді.
2-кесте
|
№ |
Бағыттың атауы |
Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізудің орташа, % |
|
Басым (GБ) |
||
|
1 |
Денсаулық сақтау |
77,8 |
|
2 |
Білім |
100 |
|
3 |
Қауіпсіздік |
87,5 |
|
4 |
ТҮКШ |
70,5 |
|
5 |
Көлік |
87,9 |
|
6 |
Қаланы басқару |
97,2 |
|
Қосымша (GҚ) |
||
|
7 |
Экология |
58,4 |
|
8 |
Құрылыс |
100 |
|
9 |
Бизнес пен туризмді дамыту |
24,0 |
|
10 |
Әлеуметтік сала |
80,8 |
|
АКТ (GАКТ) |
||
|
11 |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
77,1 |
2-кестеде келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, келесі есептеулер жүргізілді:
Бұдан басқа, Әдістеменің 4-тарауы 3-параграфының 69-тармағына сәйкес осы өлшем бойынша қорытынды мәнді 20 салмақтық мәнге келтіру қажет:
Осылайша, «Ақылды «қалалардың бастамаларын іске асыру және негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу» өлшемшарты бойынша қорытынды баға ең жоғары 20 ұпайдан 17,6 ұпайды құрайды.
Осы өлшемшарт бойынша бағалау басқарушы және басқа да шешімдер қабылдаған кезде, жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік органдардың қызметінің үздіксіз жұмыс істеуі барысында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде деректердің дәйектілігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйелер мен деректер қорларындағы мәліметтердің толық өзектілігін бағаланатын мемлекеттік органдарды қолдап отыру үшін ынталандыруға бағытталған.
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4-тармақшасына және 10-бабының 4-тармақшасына сәйкес орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ ЖАО электрондық ақпараттық ресурстарды толықтыруды жүзеге асырады, олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты, осы өлшемшартта ақпараттық жүйелерде және деректер базасында қамтылған мәліметтердің анықтығы мен өзектілігі ескеріледі.
Бағаланатын мемлекеттік органның есептік деректеріне сәйкес 12 АЖ-дің 11-і бойынша мәліметтердің өзектілігінің ағымдағы деңгейі 3-кестеде көрсетілген.
Кесте 3
|
№ |
Ақпараттық жүйенің атауы |
Мәліметтер өзектілігінің ағымдағы деңгейі, % |
|
1 |
2 |
3 |
|
1. |
ӨЖ ААЖ |
100 |
|
2. |
ЭҮӨШ АЖ |
100 |
|
3. |
ЭҚА |
100 |
|
4. |
МЭМ |
100 |
|
5. |
Алматы қаласының БАЖ |
90 |
|
6. |
«Тұрғындар» ААЖ |
97 |
|
7. |
СЭТ ААЖ |
99 |
|
8. |
«Алқабилер» ААЖ |
97 |
|
9. |
ГАЖ |
90 |
|
10. |
ЭҚАКАЖ |
100 |
|
11. |
Қаланың ахуалдық орталығы |
80 |
Алматы қаласының автоматтандырылған геоақпараттық жүйесі бойынша АЖ-да қамтылған мәліметтердің өзектілігі бойынша деректер ұсынылмаған.
Жоғарыда келтірілген фактілерді ескере отырып, осы өлшемшартты есептеу келесідей жүргізіледі:
«Ақпараттық жүйелер мен деректер қорындағы мәліметтердің өзектілігі» өлшемшарты бойынша жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, мүмкін 25-тен 21,94 ұпайды құрайды.
Аталған өлшемшарт бойынша бағалау бағаланатын мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыру бойынша жұмыстарды кешенді зерделеуге бағытталған.
Бағаланатын мемлекеттік орган есептік ақпараты шеңберінде автоматтандыруға жататын функциялардың бекітілген тізбесін (2019 жылғы 11 қазандағы №4/578) ұсынды, оған сәйкес 126 функцияның 25-і автоматтандырылмаған.
Осылайша, мемлекеттік органның АЖ, не оның ведомстволық және ведомстволық бағынысты ұйымдардың АЖ арқылы 38 функция автоматтандырылды.
Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер арқылы, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделі шеңберінде іске асырылған сервистік бағдарламалық өнімдер арқылы 1 функция автоматтандырылған.
Басқа мемлекеттік органның, не оның ведомстволық және ведомстволық бағынысты ұйымдарының АЖ арқылы 62 функция автоматтандырылған.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде іске асырылған АЖ арқылы бірде-бір функция автоматтандырылмаған.
Осылайша, осы өлшемшарт бойынша есептеу келесідей жүргізіледі:
«Мемлекеттік органдардың функцияларын автоматтандыру» өлшемшарты бойынша қорытынды баға мүмкін болатын 25-тен 20,04 ұпайды құрайды.
Аталған өлшемшарт бойынша бағалау «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын бағаланатын мемлекеттік органның және оның ведомстволық, ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық жүйелеріндегі жергілікті қамтудың үлесін анықтауға бағытталған.
Есепті кезеңде Әкімдік АТ-қызметтерін көрсетуге келесі нөмірлермен 5 шарт жасасты: №2 18.02.2020, №4 05.02.2020, №5 20.01.2020, №06 20.01.2020, №70 16.04.2020. Осы шарттардағы жергілікті қамту үлесі 100%-ды құрайды.
Осылайша, осы өлшемшарт есептеу келесідей жүргізіледі:
«Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі жергілікті қамтудың үлесі» өлшемшарты бойынша қорытынды баға ең жоғары 5-тен 5 бонустық ұпайды құрайды.
«Қолданылмайтын ақпараттық жүйелер мен деректер қорларының болуы» өлшемшарт бойынша бағалау мемлекеттік органдар ие болып отырған ақпараттық активтердің көлемін және осындай активтерге иелік етудің құнын оңтайландыру мақсатында, бағаланатын мемлекеттік органның автоматтандыру кезінде пайдаланылмайтын функцияларын немесе ол көрсететін қызметтерді, ақпараттық жүйелері мен дерекқорларын анықтауға бағытталған.
Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, «Қалалық ауданның паспорты» ААЖ бағаланатын мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруда қолданылмайды.
Әдістеменің 4-тарауы 5-параграфының 74-тармағына сәйкес қолданылмайтын бір ақпараттық жүйе үшін айыппұл ұпайын (-3) шегеру жүргізіледі.
Айыппұл ұпайлары туралы мәлімет
Бағаланатын мемлекеттік органмен есептік ақпарат 2021 жылдың 26 акпандағы №4-50.01//1111 шығ.хатымен ұсынылды.
Әкімдіктің ұсынған есептік деректері негізінде келесі сәйкессіздік фактілері анықталды:
Есептік ақпараттың нақты ұсынылған күні : «26» ақпан 2021 жыл.
Осыған байланысты, Әдістеменің 2-тарауының 2-параграфының 21-тармағына сәйкес бағаланатын мемлекеттік органның әрбір кешіктірген жұмыс күні үшін 1 (бір) айыппұл ұпайы шегеріледі, бірақ 5 айыппұл ұпайдан көп емес.
Шегерім: 5 ұпайды құрайды.
Шегерім: 2 ұпайды құрайды.
3-кесте. «Ақпараттық жүйелер мен деректер қорындағы мәліметтердің өзектілігі» өлшемшарты бойынша АЖ-да сақталатын деректер объектілерін көрсету бөлігінде 10 АЖ бойынша дұрыс емес ақпарат ұсынылды.
Шегеру: 10*0,2=2 ұпайды құрайды.
Жалпы шегерім: 5+2+2=9 ұпайды құрайды.
«Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогындағы «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелері туралы қорытынды (-9) айыппұлды шегеруді ескере отырып мүмкін болатын 100 ұпайдан 77,78 ұпайды құрайды.
Қорытындылар мен ұсынымдар:
«Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогы бойынша Әкімдік қызметінің тиімділігін қорытынды бағалау 85,08 ұпайды құрайды. Әдістемеге сәйкес алынған бағалау нәтижесі осы блок бойынша қызмет тиімділігінің орташа дәрежесін куәландырады.
«Персоналды басқару» бағыты бойынша Әкімдікте бірқатар өлшемшарттар бойынша оң көрсеткіштер байқалады.
Оларға: таза ауыспалық, шығу сұхбатын өткізу, гендерлік теңдікті сақтау, меритократия қағидаттарын сақтау, мемлекеттік қызметшілерді оқыту, конкурстық рәсімдердің ашықтығы, мансаптық өсу, мемлекеттік органда көтермелеудің ашықтығы жатады.
Алайда, келесі мәселелер атап өтіледі.
Бірінші. Кадрлық құрамның тұрақтылығы.
Бұл көрсеткіш бойынша өткен есепті кезеңдермен салыстырғанда біршама жақсару байқалады (55,3% - 2018 жыл, 56,2% - 2019 жыл және 59,82% - 2020 жыл).
Бұл кадрлар ауысымының одан әрі өсуіне жол бермеу және олардың сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында білікті қызметкерлерді ұстап қалу үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігін көрсетеді.
Екінші. Қызметкерлердің сапалық құрамы. PhD докторы (бейін бойынша доктор) дәрежесі бар қызметкерлердің болмауы, «Болашақ» бағдарламасы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің, ғылыми дәрежесі бар және т.б. тұлғалардың төмен пайызы байқалады.
Үшінші. Ынталандыру рәсімдерінің айқындығын арттыру.
Сұрағандардың көбі Әкімдіктің жағымды жұмысын белгіледі. Оған қоса, сұралғандардың 3,3% қабылданатын ынталандыру шараларымен қанағаттанбайды.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Әкімдікке мыналар ҰСЫНЫЛАДЫ:
Жоғарыда айтылған барлық ұсыныстар адами ресурстарды басқару бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен жалпы Әкімдіктің персоналды басқару деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Әдістемеге сәйкес жүргізілген бағалау нәтижелері Әкімдіктің ақпараттық технологияларды қолдану бойынша қызметінің орташа тиімділігін көрсетеді.
Алдыңғы есепті кезеңде (2019 жыл) жалпы ұпайы осы бағыт бойынша 88,99 ұпай болды. Осылайша, Әкімдікте «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогының «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша мемлекеттік органның қызметін бағалау негізінде жалпы ұпайдың теріс серпіні байқалады.
Әкімдіктің қызметін талдау келесіні көрсетті.
Бірінші.Архитектуралық порталын толтыру бойынша мәліметтерді есепке алу» өлшемшарты бойынша 19,25 ұпайдан 25,2 ұпайға дейін өсу байқалады.
Екінші. «Ақылды» қалалар бастамаларын іске асыру және негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу» өлшемшарты бойынша бағалау алғаш рет жүргізіледі, осыған байланысты өткен жылмен салыстырғанда салыстырмалы талдау жүргізу мүмкін емес;
Үшінші. «Ақпараттық жүйелерде және деректер базасында қамтылған мәліметтердің өзектілігі» өлшемшарты бойынша 23,94 ұпайдан 21,94 ұпайға дейін аздап төмендеу байқалады.
Төртінші. «Мемлекеттік органдардың функцияларын автоматтандыру» өлшемшарты бойынша 24,4 ұпайдан 20,04 ұпайға дейін төмендеу байқалады.
БесіншіМемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі жергілікті қамтудың үлесі» өлшемшарты бойынша бағалау алғаш рет жүргізіледі, осыған байланысты өткен жылмен салыстырғанда салыстырмалы талдау жүргізу мүмкін емес;
Алтыншы.Қолданылмайтын ақпараттық жүйелер мен деректер қорларының болуы» өлшемшарты бойынша қолданылмайтын бір АЖ-нің болуына байланысты 0-ден -3 ұпайға дейін төмендеу байқалады.
Ақпараттық технологияларды қолдану деңгейін одан әрі арттыру мақсатында төмендегілер ұсынылады:
Бірінші. Архитектуралық порталында АЖ туралы қажетті ақпарат пен құжаттар пакетін уақытылы және сапалы орналастыруды қамтамасыз ету;
Екінші. АЖ-да және деректер базасында қамтылған мәліметтердің уақтылы өзектілігін қамтамасыз ету;
Үшінші. Ұсынылған есептік ақпаратты толтырудың дұрыстығы мен толықтығына назар аудару;
Төртінші. Мемлекеттік органның балансында тұрған, бірақ іс жүзінде қолданылмайтын және қазіргі уақытта қолдау көрсетілмейтін АЖ ақпараттық аудитін (инвентаризация) жүргізу ұсынылады.
[1] Әдістеменің 84-тармағына сәйкес «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогы бойынша тиімділікті бағалаудың жалпы ұпайы:
O= 0,5*92,37+0,5*77,78=85,08
«Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогы бойынша қорытынды баға айыппұл ұпайларын шегеруді ескере отырып, мүмкін болатын 100 ұпайдан 85,08 ұпайды құрайды.