Өнім берушілерді порталда тіркеу және тауарға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге өтінімдерді мақұлдау үшін өнім берушінің тіркелген жері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органы Комиссия құрады.
Комиссия мүшелерінің тақ санынан тұрады, комиссия мүшелерінің арасынан көпшілік дауыспен төраға сайланады, ол Комиссия қызметіне басшылық жасайды.
Комиссияға Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары төрағалық етеді, сондай-ақ комиссияның құрамына тең мүмкіндіктер бөлімінің басшысы, заңгерлік қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу, қаржы бөлімдерінің өкілдері кіреді.