Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау қорытындысы бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Ішкі талдау объектісінің толық атауы: «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма).
Ішкі талдау жүргізудің негізі: Басқарма басшысының 2019 жылғы 3желтоқсандағы № 126 бұйрығы.
Ішкі талдау жүргізу аралығы: 2019 жылдың 3желтоқсаны мен25желтоқсаны аралығы.
Ішкі талдау жүргізу объектісі қызметін талдау аралығы: 2019 жылдың 3 қаңтары мен 3желтоқсаны аралығы.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Басқарма қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарма қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарма өз қызметінде келесі салалық нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Кәсіпкерлік кодексін және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларғатеңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтікқорғау туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы», 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы», 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулыларын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы»2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» жіне 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы», 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрықтарын, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы», V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралышешімдерін, Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы», 2017 жылғы 30 қарашадағы № 4/496 «Еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы», Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4ақпандағы № 1/77«Алматы қаласыӘлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (бұдан әрі - Ереже) қаулыларын.
Нормативтік құқықтық актілердің мониторингі барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына келесідей сәйкессіздіктер анықталды:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 594 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 28 сәуір 2015 жылғы № 279 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер келесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына енгізілген:
1)«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» атына өзгертілді;
Сондай-ақ, 6-тармақ Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне өзгерістер енгізілген.
2) Енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін ұсыну мерзімі 7 жұмыс күнінен 11 жұмыс күніне дейін ұзартылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің тізіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30 қыркүйек 2019 жылғы № 726 Қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызметі «Электрондық үкімет» Веб-порталы арқылы көрсетіледі. Бірақ, аталған мемлекеттік қызметтің Стандартының 3 тармағына тиісті өзгертулер енгізілмеген.
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартының 9 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрсетілетін қызметті берушіге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісетіні көрсетілген еркін нысандағы өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады: тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне 2019 жылғы 30 қыркүйектегі енгізілген өзгерістерге сәйкес «Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру» редакциясында жазылған. Сәйкесінше, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты алу мүмкін емес.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне 2019 жылғы 30 қыркүйектегі енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызметі «Электрондық үкімет» Веб-порталы арқылы көрсетіледі. Бірақ, мемлекеттік қызметтік стандартына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады деп анықталған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына уақытылы өзгерістердің енгізілмеуі салдарынан азамматтар мемелекеттік қызметті алу үшін ұсынушыға жүгінуге мәжбүр, бұл қызмет алушы мен қызмет берушінің арасындағы тікелей байланыс тәуекелін жоғарылатады.
«Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» және «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»мемлекеттік көрсетілетін қызметтері мемлекеттік қызметтер тізімінен алынып тасталған. «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік қызметі келесі редакцияда көрсетілеген «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу». Талдау жасау барысында жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес өзгертулер енгізілмеген.
Басқармаға және Әуезов аудандық бөлімге А.Д. Нургалиеваның 2018 жылдың 4 тоқсаны мен 2019 жылдың 1 тоқсанына тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартуын заңсыз деп тану туралы арызына Алматы қаласының № 2 аудандық соты талапкердің талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарылған. Алайда, Нургалиева А.Д. Алматы қалалық сотының азаматтық істер бойынша апелляциялық сот алқасынабірінші инстанциясының шешімінің күшін жою туралы шағым жолдаған. Сот алқасының 2019 жылғы 5 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сот инстанциясының шешімі Нургалиеваның талаптарын қанағаттандыру бөлігі бойынша өзгертілген. Аталған қаулыға сәйкес, Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 02 маусымдағы № 232 шешімімен бекітілген Алматы қаласында тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесінің 19 тармағына сәйкес, «тұрғын үй көмегін алуға дейінгі қарыздарды өтеуді коммуналдық қызметті жеткізушілер бақылап отырады және ағымдағы айға тұрғын үй көмегін есептеу кезінде есепке алынбайды», осыған байланысты, тұрғын үй көмегін есептеу кезінде 2018ж. жетоқсандағы берешекті төлеуі мемлекеттік органмен ескерілмеген.
Осы Ереженің 26 тармағына сәйкес, орнын толтыратын төлемақылармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы, отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй беру нормасына тең және адам басына он сегіз шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды, ал бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін - иеленіп отырған тұрғын үйінің нақты пайдалы алаңына тең болуы тиіс.
Қазақстан Республиксының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 24 тармағына сәйкес, нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тiл нормалары, заң терминологиясы және заң техникасы сақтала отырып жазылады, оның ережелерi барынша қысқа болуға, нақты мағынаны және әртүрлi түсiндiруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиiс. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде мағыналық және құқықтық жүктемесi жоқ декларативтік сипаттағы ережелер қамтылмауға тиiс.
Жоғарыда аталғандарды қолдана отырып, заң шығарушы бір бөлмелі пәтерде тұру мемлекетпен көрсетілетін көмекті кейінге қалдыру шарты емес, көзделген жағдайлардың бірі болып табылатынын анықтады.
Қарастырылып отырған жағдайда Нургалиева А. Алматы қ., 1 ш.а., 2 үй, 42 пәтер мекен-жайы бойынша, жалпы аумағы 43 ш.м. болатын екі бөлмелі пәтерде жалғыз тұрады.
Жауапкер өкілінің өтініш берушіге оның бір бөлмелі пәтерде тұрмағанына байланысты көмек көрсетудің мүмкін еместігі туралы дәлелдері көмек көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды, өйткені аталған Ережелердің 26-тармағында көп бөлмелі пәтерлерде жалғыз тұратын, азаматтар үшін қандай да бір шектеулер белгіленбеген, яғни осы санаттағы азаматтар үшін пәтер аумағының әлеуметтік нормасы қарастырылмаған.
Алқа мұндай дәлелдерді сот шешімінің негізіне ала алмайды деп санайды».
Осылайша, Алматы қалалық сотының 2019 жылғы 5 желтоқсандағы қаулысы Басқармаға 2018 жылдың IV тоқсаны және 2019 жылдың І тоқсаны үшін тұрғын үй көмегін төлеуді міндеттейді, себебі басқарманың Ереженің 26-тармағын қолдануы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты Ереженің 26-тармағына өзгерістер енгізуді және бір адамға 18 шаршы метр есептеу шарттарын, сондай-ақ жалғыз тұратын азаматтар үшін есептеу шарттарын нақтылауды жөн деп санаймыз.
Апелляциялық сот алқасының қаулысына Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына шағым жолданатын болады.
Қорытынды: Қазіргі уақытта Басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған шаралар қабылдауда.
Персоналды басқару желісі бойынша, сонымен қатар кадр ауысымы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарманың штаттық саны – 233 бірлік, талдау жүргізу аралығында – 33 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған, қызметке – 26 мемлекеттік қызметші орналастырылған. Кадрлар ауысымының себебі келесілер: өзге мелекеттік органға ауысу – 7 адам, негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты – 5 адам, мемлекеттік органның қайтаұйымдастырылуына байланысты – 4 адам, штат қысқартылуына байланысты – 4 адам, денсаулығына байланысты жұмыстан босатылған – 1 адам. Осылайша кадрлар ауысымы 3 адамды құрайды, бұл 1,2 % құрайды.
2019 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша Басқармадағы бос орындар саны 17 бірлікті құрады.
Жыл сайынғы еңбек демалысына 216 қызметші жіберілді.
Басқармада лауазымды тұлғалармен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауға қатысты жауапкершілікке тарту фактілері анықталған жоқ. 33 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған.
Қорытынды: Басқармада персоналды басқару желісі бойынша, сонымен қатар кадр ауысымы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Мемлекеттік сатып алу рәсімі талданды. Басқармада мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 6 бабына сәйкес жүзеге асырылады. Оған сәйкес конкурстық немесе аукциондық комиссия мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу барысында әлеуетті өнім берушілердің үлестестігін анықтау бойынша жұмыстар атқарылады. Аталған уақыт аралығында үлестестік фактілері анықталған жоқ.
Жақын туыстардың, жұбайлардың мен жекжаттардың бірге қызмет жасау фактілерін анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің жеке істері зерттелінді, жақын туыстардың, жұбайлар мен жекжаттардың бірге қызмет жасау фактілері анықталған жоқ.
Қорытынды: Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сәйкес нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне зерттеу жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 1/20 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне сәйкес мемлекеттік Басқарма 20 мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
баламалы негізде мемлекеттік органмен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы:
«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;
«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру»;
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;
«Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»;
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»;
«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;
11) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;
12) «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;
13) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;
14) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
15) «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
16) «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту»;
Мемлекеттік орган арқылы, баламасыз негізде:
17) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;
18) «Ақталған адамға куәлік беру»;
19) «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;
20) «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру».
Талдау жүргізу кезеңінде 148 228 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның 114 395 (77%) мемлекеттік орган арқылы, 30 933 (20,8 %) «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы, 2 900 (1,9 %) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген.
«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген стандарты және 2015 жылғы 23 шілдедегі № 3/461 Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген регламенті негізінде жүзеге асырылады. Талдау жасау аралығында 745 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 742 қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы, 3 қызмет мемлекеттік орган арқылы көрсетілген.
2019 жылдың 25 ақпаны мен 26 наурызы аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2019 жылғы 22 ақпанындағы № 6 және Басқарманың 2019 жылғы 25 ақпандағы № 12 бұйрықтарының негізінде Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.
Талдау қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін ұсыныстар берілді.
2019 жылдың 30 қыркүйегі мен 14 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің және Басқарманың бұйрықтарының негізінде Басқарма қызметіндегі және мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.
Келесі тәуекелдер анықталды:
Талдау барысында жеке табыс салығын (бұдан әрі – ЖТС) заңсыз ұстап қалу анықталды.
Жеке көмекшінің қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 қаңтардағы №26 бұйрығының (бұдан әрі - Ереже) 10 тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылған.
Сонымен, Басқарма «Ерекше таңдау» Корпоративтік қорымен (жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну бойынша) «Общество Неунывающих Инвалидов» қоғамдық бірлестігі (780 жеке көмекшілер) және «Самғау-М» оңалту қызметі орталығы» ЖШС (1808 жеке көмекшілер) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасты.
Өз кезегінде, аталған кәсіпорындар ақылы көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тікелей жеке көмекшілермен келісімшарт жасасқан.
Құжаттарды зерделеу барысында, 2019 жылдың 1 ақпанына дейін шарттарда жеке көмекшілерден ай сайын ЖТС 10%-н ұстап тұру туралы шарт қарастырылған.
2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болған, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің (бұдан әрі - Салық Кодексі) 155-бабы 3-тармағының 32) тармақшасына сәйкес (28.11.2014 ж. редакциясында), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде мүгедек Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу кезінде алынған материалдық пайда жеке тұлғаның табысы ретінде қаралмайды.
Бұл ретте, жеке көмекшілермен мүгедектерге көрсетілген қызметтердің төлемі салық салу мақсатындағы жеке көмекшілердің табысы болып табылмайды.
Тәуекел:
1)Осылайша, «Ерекше таңдау» корпоративтік қорының «Общество Неунывающих Инвалидов» Қоғамдық Бірлестігі мен «Самғау-М» оңалту қызметі орталығы» ЖШС жеке көмекшілерден ЖТС ұстап қалу салық заңнамасын бұзу арқылы жүргізілді.
Ұсынылды:
1)Басқарма заңсыз ұсталған ЖТС көлемін белгілеу бойынша жұмыс жүргізу қажет;
2)«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірлеу кезінде ИҚИ және ЖАО-ның техникалық оңалту құралдарын ауыстыру мерзімін қысқарту, міндеттерін анықтау және жеке көмекшінің қызметіне ақы төлеу бөлігінде ұсыныстарын ескеру, бұл ретте жақын туыстардың жеке көмекші қызметін көрсету мүмкіндігін жоққа шығармау, Қарағанды облысы мысалында ҮЕҰ атынан делдалдарды алып тастау, маршруттық парақтар мен есептерді алып тастау мүмкіндігін қарастыру.
Талдау барысында 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі мемлекеттік сатып алу жоспары талданды, онда «ОНИ» ҚБ «Ерекше таңдау» КҚ - мен 86 шарт жасалды, оның ішінде (73 - баға ұсыныстарын сұрату, 13-Бір көзден).
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларының 12 тармағына сәйкес, Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеуді жұмыспен қамту бөлімдері әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның бір сағаттық жалақысы мөлшері есебімен, бірақ күніне 8 сағаттан асырмай, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілеріне, қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жүргізеді.
Тәуекел:
Алайда, қандай критерийлер бойынша сағаттар тағайындалатындығы анықталмаған. ҮЕҰ сағат тағайындаудың критерийінің болмауы бір диагнозы қойылған науқасқа көмек көрсететін көмекшіге -8 сағаттан, ал басқасына 5 сағат тағайындалуы мүмкін (мысалы, гемодиализ).
Ұсынылды:
Басқарма жоғары тұрған орган арқылы Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына сағат тағайындау критерийі бойынша өзгертулер енгізу туралы хат жолдау.
Тәуекелдер:
1)Шипажайлық-курорттық емделу кезегі ашық емес және автоматтандырылмаған. Кезекте тұрғандардың нақты нөмірленуі жоқ, яғни квота бөлінген кезде жекелеген адамдарға санаторлық-курорттық емделуге жөнелтуді жылдамдату бойынша артықшылық көрсетілуі мүмкін, ал басқалары кеш мерзімде берілуі мүмкін.
2)Сонымен қатар, «Санаторийлік-курорттық жолдамаларды беру журналы» журналдарды тіркеу журналында тіркелмеген. Басқарма бөлімдерінде журналдарды тіркеу журналы жоқ.
Ұсынылды:
1) Басқарма анаторлық-курорттық емделуге кезектік ашықтығы менайқындығын қамтамасыз ету мақсатында, Алматы қаласының аумағындаaleumet-almaty.kz пилоттық жобасына методикалық ұсынымдарды жасау және бекіту бойынша ҚР ЕӘҚМ-не 1 ай мерзімде ұсыныстар жолдауы тиіс.
2) Басқарма 1 ай мерзімде журналдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына және Қазақстан Республикасы Мңдениет жңне спорт министрінің м.а. 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік жңне мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкестендіру тиіс.
Тәуекел:
«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»; «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»; «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»; «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»; «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»; «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»мемлекеттік қызметтері Басқармамен Мемлекеттік корпорация арқылы баламалы түрде көрсетіледі.
Жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсету мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды. Ұсынылатын құжаттардың көлемі үлкен емес, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің негізгі бөлігі жауапты маманның ұсынылған құжаттарды тексеруі болып табылады.
Талдау аудандық бөлімдер өтініш берушілердің белгіленген құжаттар тізбесін ХҚО-ға немесе бөлімдерге ұсынған кезде хабарламалар құжаттарды тіркеу күні дайындалатынын көрсетті.
Бұдан басқа, көрсетілетін қызметті берушінің өтініш берушілермен тікелей байланысын болдырмау мақсатында жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер түрлері бойынша көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызмет баламасын алып тастау орынды деп санаймыз.
Ұсынылды:
1)Тікелей байланысты болдырмау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдерін екі есе қысқартудың орынды деп санаймыз.
2)Басқарма бір ай ішінде жоғары тұрған мемлекеттік органға «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»; «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»; «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»; «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»; «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»; «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»; «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетуді баламалы түрде Мемлекеттік корпорация арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетуді және қызмет көрсетушіні алып тастау мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс жолдасын.
Композиттік қызметтер.
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі - МОЖБ) әлеуметтік бөлігі негізінде басқармамен келесі мемлекеттік қызмет көрсетіледі: «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»; «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»; «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»; «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»; «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»; «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»; «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
Мүгедектердің МОЖБ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитетінің аумақтық бөлімшелерімен (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) әзірленеді. Бұл функция мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызметтің атауы - «Мүгедектікті жңне/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дңрежесін белгілеу жңне/немесе қажетті ңлеуметтік қорғау шараларын айқындау».
Жоғарыда аталып өткен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің негізі болып аумақтық бөлімше әзірлейтін мүгедектердің МОЖБ табылатындықтан, мемлекеттік қызметтерді «бір арыз» принципі негізінде бастапқы МОЖБ-ны әзірлеу барысында көрсетуді қарастыру орынды деп санаймыз.
Мысалы,
1) Қызмет алушы «Мүгедектікті жңне/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дңрежесін белгілеу жңне/немесе қажетті ңлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін алу үшін аумақтық бөлімшеге арызданады;
2) МОЖБ-ны әзірлеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға Басқарманың ақпараттық жүйесіне автоматты режимде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алуға өтініш түседі.
Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерін оңайлату арқылы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі артады. Сонымен қатар, аталған өзгерістер халықтың осал тобы болып табылатын мүгедектердің тыныс-тіршілігін жеңілдетеді.
Ұсынылды:
Басқарма бір ай ішінде жоғары тұрған мемлекеттік органға бір өтініш негізінде жоғарыда аталған мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс енгізуі қажет.
Тәуекел:
Деректер базасын интеграциялаудың болмауы.
Бүгінгі күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде өтініштерді қабылдау және құжаттардың толық тізбесі бөлігінде проблемалар туындайды. Айта кету керек, «Е-собес» ААЖ, «Еңбек нарығы» ААЖ және ХҚКО ИАЖ арасында интеграция жоқ.
Ұсынылды:
Басқарма бір ай ішінде жоғары тұрған мемлекеттік органға «Е-собес» ААЖ, «Еңбек нарығы» ААЖ және ХҚКО ИАЖ арасында интеграцияны қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс енгізсін. Бұл шаралар мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері.
Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі («Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»; «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»; «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»; «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»; «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»; «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»; «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»)мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету мерзімдерін көрсете отырып, ұсыну үшін еркін нысандағы құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама болып табылады. Шын мәнінде, қолхатта белгіленген мерзімге қызмет көрсету орындалмаған болып қалады, өйткені мүгедектер қаражаты іс жүзінде әлдеқайда кеш ұсынылады.
Ұсынылды:
Басқарма бір ай ішінде жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету әдістемесін (өтінішті қабылдаудан бастап оларды заттай түрде алғанға дейін) әзірлеу бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органға әрбір рәсімнің нақты мерзімін белгілей отырып ұсыныс енгізсін.
Сонымен қатар, талдау барысында басқарма бөлімдерінде мүгедектерге арналған гигиеналық құралдарды сақтауға арналған қойма жоқ екендігі анықталды.
Тәуекел:
Тиісті үй-жайдың және жауапты қызметкердің болмауына байланысты гигиеналық құралдар жоғалуы немесе жарамсыз болуы мүмкін, ішіндегісін ауыстыруы мүмкін.
Ұсынылды:
1)Басқарма гигиеналық құралдарды сақтауға арналған тиісті үй-жайды жабдықтау немесе Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттарда тауарды кезең-кезеңмен жеткізуді көздеу қажет;
2)Гигиеналық құралдарды есепке алуды тіркеу журналын, гигиеналық құралдар сақталатын үй-жайға баруды есепке алу журналын жүргізу;
3)Сондай-ақ, бір ай ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне кресло-арбаларды, сурдо-тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды сақтау үшін қызмет көрсетушілерді қойма үй-жайларымен қамтамасыз етудің нормативтік құқықтық актілеріне енгізуге қатысты хат жолдау қажет.
Сондай-ақ, бір ай ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне кресло-арбаларды, сурдо-тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды сақтау үшін қызмет көрсетушілерді қойма үй-жайларымен қамтамасыз етуді нормативтік құқықтық актілеріне енгізуге қатысты хат жолдау қажет.
Талдау барысында «Гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге өтінішті тіркеу журналы» журналдарды есепке алу журналында тіркелмегені анықталды.
Ұсынылды:
Басқарма 1 ай мерзімде журналдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына және Қазақстан Республикасы Мңдениет жңне спорт министрінің м.а. 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік жңне мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкестендіру тиіс.
Тәуекел:
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес, мүгедектерді гигиеналық, тифло-сурдотехникалық құралдармен, протездік-ортопедиялық көмекпен, санаторлы-курорттық емдеумен, есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін келесі құжаттар қажет:
Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
Тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
Мүгедектік туралы анықтама;
Мүгедекті оңтайландырудың жеке бағдарламасының көшірмесі;
Талдау барысында, жоғарыда аталған құжаттардың барлығы Мүгедекті оңтайландырудың жеке бағдарламасында көрсетілген.
Ұсынылды:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 1 ай мерзімде мүгедектерді гигиеналық, тифло-сурдотехникалық құралдармен, протездік-ортопедиялық көмекпен, санаторлы-курорттық емдеумен, есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну мемлекекттік қызметтерінің стандарттарына құжаттар тізімі бойынша өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жолдау қажет (жо)
Управлению в течении месяца необходимо направить предложение в Министерство труда и социальной защиты населения РК о внесении изменений Стандарты государственных услуг обеспечения инвалидов гигиеническими, тифло-сурдотехническими средствами, протезно-ортопедической помощью, санаторно-курортным лечением, специалистом жестового языка для слабослышащих граждан, предоставлением индивидуального помощника для инвалидов 1 группы в части перечня документов (жоғарыда аталған құжаттар тізбесінен мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірменің көшірмесін ғана қалдыру, себебі онда жеке бас деректері, мекенжай анықтамасының деректері, мүгедектігі туралы анықтама деректері бар).
2)Сонымен қатар, Басқарма Министрлігіне медициналық-әлеуметтік сараптамасының (бұдан әрі - МӘС) деректер қорымен интеграция қажеттілігі труралы ұсыныс жолдасын.
Басқарма «Дельфинотерапия», «Сурдоонлайн», «ЕРЗИ» ҚБ оңалту орталығы сияқты әлеуметтік жобалардың әкімшісі болып табылатыны анықталды.
Әлеуметтік жобаларды іріктеу үдерісі айқын емес, салынған бюджет қаражатының тиімділігін бағалау жоқ, әлеуметтік жобалардың нәтижелері сапалық көрсеткіштерде емес, тек қана сандық түрде көрсетіледі
Осылайша, сол әлеуметтік жобаларды қаржыландыруды жалғастыру қажеттілігін бағалау қиын.
Тәуекел:
Әлеуметтік жобалар әкімшісі мен өнім беруші арасындағы уағдаластық мүмкіндігі.
Ұсынылды:
Әлеуметтік жобалардың тиімділігін мониторингілеу мен бағалаудың екі деңгейлі жүйесін енгізу. Бірінші деңгей-Әлеуметтік жоба қызметін алушылардың өздері тарапынан бағалау. Екінші деңгей-мамандар мен сарапшылар қауымдастығы тарапынан баға беру.
Оңалтудың техникалық құралдаға (бұдан әрі - ОТҚ) және Арнайы әлеуметтік қызметтерге (бұдан әрі- АӘК) қажеттілік арыз беру принципі арқылы жүзеге асырылады, қызмет алушылар ОТҚ мен АӘК алуға өздері арыздануы тиіс.
Нозологиялар (адам ағзасының бұзылу түрлері және оның ерекше қажеттіліктері) бойынша құрылымдалған мүгедектігі бар адамдардың деректер базасы жоқ. ОТҚ-ң қымбат түрлерін, мысалы электр жетегі бар арбалар немесе белсенді арбалар тарату рәсімі ашық емес. Басқарманың сайтында есепті кезеңде берілген ОТҚ саны мен оны алу мүмкіндігі туралы ақпарат жеткіліксіз. Аталған ОТҚ тағайындаудың нақты критерийі қызмет алушылардың МОЖБ-да жоқ.
Тәуекел:
Әлеуметтік жобалар әкімшісі мен ОТҚ алушы арасындағы уағдаластық мүмкіндігі.
Ұсынылды:
Жоғары тұрған мемлекеттік органға Е-собес ААЖ базаларын МБДИ-мен интеграциялай отырып, Е-собес және МБДИ ДБ-ға сәйкес ІҚЖ және ОАА-ға қажеттіліктерді анықтау үшін тармақталған принцип бойынша ОТҚ және АӘК алушылардың деректер базасын әзірлеу және енгізу жөнінде ұсыныс енгізу. Ашық көздерде есепті кезеңде берілген осындай ОТҚ-ны алу мүмкіндігі мен саны туралы егжей-тегжейлі ақпаратты орналастыруға міндетті.
Қызмет алушылар ОТҚ мен АӘК сапасына риза емес. Кері байланыс, сатып алынған ОТҚ мен АӘК мониторингі және бағалау жоқ.ОТҚ және АӘК бойынша тендерлер үшін техникалық ерекшелікті алушы қанағаттану дәрежесін зерделеу негізінде емес, сараптау комиссиясының ұсынымдары негізінде сатып алуды әкімші ретінде Басқарма жасайды.
Тәуекел:
Әлеуметтік жобалар әкімшісі мен өнім беруші арасындағы уағдаластық мүмкіндігі, бұдан басқа, сараптамалық топ мүшелерінің (консультанттардың) ОТҚ жеткізушілерінің мүдделерін қолдау мүмкіндігі. Комиссияға лоббистер ретінде сарапшылар (ҮЕҰ өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар) кіруі мүмкін.
Ұсынылды:
Көрсетілген қызметтердің сапасы бойынша ОТҚ мен АӘК алғаннан кейін қызмет алушыларға сұрау салу жүйесін енгізу, кейіннен осындай сұрау салуды E-gov.kz немесе ХҚКО жүйесіне енгізу.
Деректерді сұрастыру негізінде талдау жасау, кейіннен техникалық ерекшелікті жасау және қызмет алушыларды сұрастыру негізінде тендер өткізу. ҮЕҰ өкілдерінен және мүдделі тұлғалардан тұратын сараптамалық комиссиялардың (консультанттардың) қатысуымен техникалық ерекшелікті құрастыруды болдырмау.
Қазіргі уақытта Басқарма басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.
Рұқсат беру функциялары бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Басқармада «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» рұқсат беру функциясы жүзеге асырылады. Есептік кезеңде 1355 рұқсат берілген, оның 1354 «электронық мемлекет» порталы арқылы, 1-і мемлекеттік орган арқылы берілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге шағым тіркелмеген.
Бақылау функцияларын жүзеге асыру бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарма бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен тексеруді және профилактикалық бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бұзылуы мәселелері бойынша 3585 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қарастырылды.
Талданып отырған кезеңде еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған жоспардан тыс 740 тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында 651 заң бұзушылық анықталып, 405 заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді. Еңбек заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін 33 183 350теңге сомасына 320 әкімшілік айыппұл салынған.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 45 әкімшілік және азаматтық іс бойынша материалдар жолданды.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметпен сабақтас өзге де мәлелелер.
Аталған кезеңде Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 7019 өтініш келіп түскен, олардың 5686 жеке тұлағалардан және 1333 өтініш заңды тұлғалардан, Басқарма басшылығының жеке қабылдауында 147 азамат болған. Заңды тұлғалардың 489 өтініштері толықтай қанағаттандырылған, 844 өтініштер бойынша негізделген жауап берілген, жеке тұлғалардың 3314 өтініші бойынша оң шешім қабылданып, 2372 өтініші бойынша негізделген жауап берілген.
Талдау жүргізілген кезеңде өтініш берушілер тарапынан 234 шағым түскен. Шағымдарды қарастыру нәтижесінде негізделген жауаптар берілген.
Талдау қорытындысы негізінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша келесіні ұсынамыз:
Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына талдау аяқталған күннен бастап үш ай мерзімде келесі бағыттар бойынша шаралар қолдансын:
Отбасылық әл-ауқат бөліміне:
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімімен бекітілген Алматы қаласында тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету ережесінің 26 тармағына 12 тармақшасына сәйкес өзгерістер енгізсін.
Тең мүмкіндіктер бөлімі:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған тәуекелдерді жою бойынша берілген ұсынымдарды орындау бойынша тиісті шараларды қабылдансын.
Заңмен қамтамасыз ету бөліміне:
Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша уақытылы құқықтық оқу жүргізу.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөліміне:
Профильдік бөлімдермен бірге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бойынша, тиісті жоспар жасай отырып, жалпы оқыту ұйымдастыру.
Кадрмен жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне:
Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша және оларды қарастыру барысында ақпараттық жүйелерді қолдану туралы жалпы оқыту жүргізу.
Бөлім басшылары тұрақты түрде:
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысына;
Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысына жеке бақылауды күшейтсін.