Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының жұмыс қорытындысы туралы ақпарат (2021 жылғы 1 шілде жағдайына)

І. Аз қамтылған азаматтарға жәрдемақы төлеу және әлеуметтік көмек көрсету.

  1. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі (АӘК).

Кедейлік шегі тоқсан сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде айқындалады: 2021 жылғы 3 тоқсанға күнкөріс деңгейі 38 731 теңге, кедейлік шегі –       27 112 теңгені құрайды.

АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмекке жіктеледі.

АӘК төлеуге 4 527,3 млн. теңге бөлінді (РБ – 4 005,2 млн. теңге, ЖБ-522 млн. теңге).

Жыл басынан бастап АӘК 4 470 отбасына (22 348 адам) 922 млн. теңгеге төленді, оның ішінде:

шартсыз ақшалай көмек -1 289 отбасына (4 835 адам) 290,5 млн. теңгеге, отбасының 1 мүшесіне шаққанда орташа мөлшері 12 015 теңгені құрады;

шартты ақшалай көмек -3 243 отбасына (17 514 адам) 631,6 млн. теңгеге, отбасының 1 мүшесіне шаққанда орташа мөлшері  7 212 теңгені құрады.

2020 жылдан бастап АӘК алушылар 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған табиғи қолдауды (балалар тағамы және тұрмыстық химия жиынтығы) қамтитын кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі. 10 156 балаға 795 млн.теңге (РБ – 713,4 млн. теңге, ЖБ – 82,6 млн. теңге) бөлінді. 01.07.2021 жыл жағдай бойынша 5 554 бала 61,7 млн. теңгеге  кепілдендірілген әлеуметтік пакет алды.

  1. АӘК алушылар теледидар абоненттік жалғамалармен (08.11.2016 ж. №677 ҚРҮҚ) жалғамаларды жеткізу және орнату бойынша қызметтерді төлеу арқылы тегін қамтамасыз етіледі. 100 адамға 1,1 млн.теңге бөлінді, 01.07.2021 жылға 1 061,5 мың теңгеге 129 адам қамтамасыз етілді.
  2. Аз қамтылған азаматтарға коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалған шығындар отбасының жиынтық табысының 5% - нан асқан жағдайда тұрғын үй-коммуналдық шығындарды төлеу үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі (мәслихаттың 02.06.2014 ж. №232 шешімі). 2 500 адамға 77,9 млн.теңге бөлінді. 29,2 млн. теңгеге 1 537 отбасы тұрғын үй көмегін алды.
  3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына келесі әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі (21.05.2013 жылғы № 504 ҚРҮҚ, Алматы қаласы мәслихатының 23.07.2015 жылғы № 347 шешімі):

1) жан басына шаққандағы орташа табысы 3 АЕК-тен аспайтын азаматтарға жарты жылда бір рет 7 АЕК (20 419 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек:

- арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, зейнеткерлік жасқа жеткен зейнеткерлерге;

- арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын жасына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;

- бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінен зардап шегетін 1 топтағы мүгедектерге;

- ҰОС жылдары тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 22.06.1941-09.05.1945 ж.бастап кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын, ҰОС тылындағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға.

8500 адамға 347,1 млн.теңге бөлінді. Көмек 138,3 млн. теңгеге 6 686 адамға төленді.

2) біржолғы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа табысы 2 АЕК-тен аспайтын азаматтарға өмірлік қиын жағдай туындаған кезде 20 АЕК (58 340 теңге). 8 000 адамға 466,7 млн.теңге бөлінді, 269,6 млн. теңгеге 4 754 адамға көмек көрсетілді.

3) біржолғы әлеуметтік көмек – өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен, баспанасынан айрылған, бүлінген, елеулі зиян келген отбасына 200 АЕК-ке дейін (583 400 теңге), сондай-ақ отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда әрбір қайтыс болған адамға 50 АЕК (145 850 теңге) мөлшерінде көрсетіледі. Ағымдағы жылға 38 адамға 22,2 млн. теңге бөлінді. 01.07.2021 жылға 10,5 млн. теңгеге 26 адамға төленді.

4) сумен, газбен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азаматтарға бір құрал үшін 3,4 (9 918 теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
  • бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
  • бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;
  • зейнет жасына толған зейнеткерлерге.

500 адамға 4,9 млн. теңге бөлінді. Көмек 157 адамға 2 млн. теңгеге көрсетілді.

5) ай сайынғы әлеуметтік көмек – 6,5 АЕК (18 961 теңге):

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
  • Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне;
  • Aуғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына).

205 адамға 46,6 млн. теңге қарастырылған. 01.07.2021 жылға 12,8 млн. теңгеге 141 адамға төленді.

6) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтарға 12 АЕК (35 004 теңге) мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.

360 адамға 151,2 млн.теңге бөлінді. 01.07.2021 жылға 77,6 млн.теңгеге 503 адамға төленді.

7) жеке тұрғын үй иесіне жалпы басынан тұрғын үйге дейін газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға 100 % шығыны мөлшерінде, бірақ 3 (үш) нүктеден көп емес:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
  • бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
  • құрамында бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері бар отбасыларына;
  • мүгедек балаларды тәрбилейтін отбасыларына;
  • Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге көрсетіледі.

Шығындарды өтеу біржолғы болып есептеледі және қайта көрсетілмейді. 70 адамға 14,7 млн. теңге бөлінді. 01.07.2021 жылға көмек 16 адамға 3,7 млн.теңгеге көрсетілді.

8) ай сайынғы әлеуметтік көмек орташа жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 1 еселік мөлшерінен аспайтын көп балалы отбасылардан шыққан ЖОО-да өте жақсы оқитын студенттерге 10 (он) мың теңге мөлшерінде төленеді. 10 адамға 1 млн. теңге бөлінді, 1 адамға 10 мың теңге төленді.

9) ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ инфекциясы бар балаларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 есе мөлшерінде (ҚР бойынша – 68 604 теңге) ай сайынғы көмек. 55 адамға 45,3 млн. теңге бөлінді. Көмек 48 адамға 16,2 млн. теңгеге көрсетілді.

10) ҰОС Жеңіс күніне біржолғы әлеуметтік көмек, 4 200 адамға 500 млн. теңге бөлінді,  4 590 адамға 508,3 млн. теңге төленді:

- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне – 123 адамға 122,5 млн. теңге;

- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге – 1 712 адамға 171,3 млн. теңге;

- ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне, ҰОС-да қаза тапқандарға – 1 адам 100 мың теңге;

- басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 2 759 адам 275,9 млн. теңге;

- ҰОС-ң қайтыс болған қатысушысы мен мүгедегінiң жұбайына – 568 адам 28,4 млн. теңге;

- еңбек майданының қатысушыларына – 11 671 адам, 583,6 млн.теңге.

11) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылған, "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға 150 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған. 375 адамға 56,3 млн. теңге бөлінді.

  1. Алматы қаласында тұратын Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына бару және кері қайту жолақысын өтеу (мәслихаттың 12.12.2012 ж. №82 шешімі). Аталған көмекке 147 мың теңге бөлінді.
  2. Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын бір тоқсанда 12 АЕК (35 004 теңге) мөлшерінде өтеу (Мәслихаттың 19.12.2013 ж. №196 шешімі). Осы жылға 800 адамға 84 млн. теңге бөлінді, 01.07.2021 жылға 50,5 млн.теңгеге 758 адамға төленді.

 

IІ. Мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер медициналық-әлеуметтік мекемелерде және үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы мүгедек адамдарға, оның ішінде мүгедек балаларға, қарттарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетіледі.

01.07.2021 ж. жағдай бойынша 6 725 адамға қызмет көрсетілді (кезектілік - 214 адам, оның ішінде «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы – 176 адам, «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы – 26 адам, ҮЕҰ – 12 адам).

Стационар жағдайында 1 122 адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • 280 адам – егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, өзіне қызмет көрсете алмайтын жалғыз басты тұлғалар («Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы»);

– 688 адам - бірінші, екінші топтардағы психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға («Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығы»);

– 114 адам - 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға («Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығы»);

– 40 адам – «Демеу» ОО жанындағы дербес тұру үйлерінде («РУХ» бейімдеу, оңалту және абилитациялау орталығы ЖМ, «Психоаналитикалық қауымдастық»ҚБ).

«Қамқор» әлеуметтік үйінде 51 адам тұрады.

Жартылай стационар жағдайында 991 адамға қызмет көрсетілді.:

– 337 адам - мүгедек балаларға, 18 жастан асқан адамдарға («Шапағат» ОАО – 66 адам, Түрксіб, Бостандық, Наурызбай аудандарының бөлімшелерінде – 140 адам, «Аяла», «Парасат» ОАО – 131 мүгедек бала);

– 543 адам - мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға (АРДИ, «Мархабат» ҚҚ, «Мейірім» ЖҚ, «Аман-Ималь» ҚҚ, «Арман Алматы» ҚҚ, «Кеңес» ҚҚ, «Ерзи» мүгедектер қауымдастығы  ҚБ және т. б.);

– 111 адам - күндізгі болу бөлімшелерінде қарт адамдарға (қарттарға арналған «балабақша») артериялық гипертензия және жеңіл дәрежедегі когнитивті бұзылулар болған кезде («Жас дәрігерлер қауымдастығы» ҚБ, «Ұлттық медициналық ассоциациясы» ҚБ).

Үй жағдайында қызмет көрсету – 3 868 адамға көрсетілді, оның ішінде:

– 399 адам - мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға («Аяла», «Парасат» ОӘБ);

– 740 адам - мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға (Басқарманың 6 аудандық бөлімі жанындағы 13 әлеуметтік көмек бөлімшесі);

- 2 729 адам - жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға (аудандық әкімдіктер жанындағы 29 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі).

Уақытша болу жағдайында – 744 адам, оның ішінде:

– 466 адам - белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға (180 төсек-орынға есептелген «Пана» әлеуметтік қызметтер орталығы);

– 216 адам - тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына («Жан-Сая» дағдарыс орталығы);

- 54 адам - тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына («Тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институты» ҚҚ);

– 8 адам - адам саудасының құрбандарына («Арман» ҚХА РҚБ).

Дамуында ауытқуы бар және туғаннан бастап 3 жасқа дейінгі қатер тобындағы балаларға мүгедектіктің ауыр жай-күйі мен әлеуметтік жетімдіктің алдын алу үшін кешенді қызметтер көрсету бойынша «Ерте араласу» («Кеңес» МҚҚ) жобасын іске асыру жалғастырылды. 75 бала қамтылды (жоспар 150 бала).

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 ҚРЗ сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Алматы қаласының әкімдігіне 207 көп балалы аналардың құжаттары жолданды, оның ішінде жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеген - 44 адамды – «Алтын алқа» алқасымен наградтау үшін, алты бала туып тәрбиелеген-163 адамға - "»Күміс алқа» берілді.

 

ІІІ. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау.

ЗТМО мәліметтері бойынша мүгедектер саны 53 702 адамды құрайды.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту шаралары «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңдары, Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 26.03.2015 жылғы № 165 бұйрығы) шеңберінде жүзеге асырылады.

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер оңалтудың техникалық көмекші құралдарымен (сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен, протездік-ортопедиялық көмекпен және т.б.), әлеуметтік қызметтермен (санаторий-курорттық сауықтырумен, жеке көмекшінің, «инватаксидің», ымдау тілі маманының қызметтерімен) тегін қамтамасыз етіледі.

2021 жылдан бастап мүгедек адамдардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оңалту құралдарын өз бетінше таңдау мүмкіндігін беретін Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу рәсімдерін алып тастау арқылы оларды алу мерзімдері қысқартылады.

2021 жылдан бастап 5,5 млрд.теңгеге 27 698 мүгедек адам Портал арқылы оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен («Инватакси»қызметінен басқа) қамтамасыз етілетін болады.

Жыл басынан бері «Инватакси» тасымалдау қызметін 107,4 млн. теңгеге 39 машина ұсынды, «Оңай» терминалдарына ай сайын қызмет көрсетуге 2,8 млн.теңге жұмсалды.

470,1 млн.теңгеге 6 628 адам міндетті гигиеналық құралдармен, 18,4 млн. теңгеге 153 адам кресло-арбамен, 343 мың теңгеге 15 адам жүріп – тұру құралдарымен, 14,1 млн. теңгеге 201 адам сурдотехникалық құралдармен, 58,6 млн. теңгеге 355 адам тифлотехникалық құралдармен, 10,5 млн. теңгеге 145 адам протездеу және протездеу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Жеке көмекшінің қызметімен 1 138,6 млн.теңгеге 2 812 адам, ымдау тілі маманының қызметімен 129 млн. теңгеге 470 адам қамтамасыз етілді. Кеңейтілген тізбеге сәйкес техникалық көмекші құралдармен 36,1 млн.теңгеге 2 154 адам қамтамасыз етілді. Санаторлық-курорттық емдеумен 140 млн.теңгеге 1 441 адам қамтамасыз етілді.

«Ten Qogam» мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру орталығы» әлеуметтік жобасын іске асыру жалғастырылуда,. 295 адамды қамтуға 36,1 млн теңге бөлінді. 295 адам қызмет алды, 9,6 млн. теңге игерілді

Мүмкіндігі шектеулі жандарға өз құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беру мақсатында мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол нысандарды паспорттауды және бейімдеуді қамтиды.

2021 жылы. 110 нысан паспортталды (жоспар 260 нысан), 120 нысан бейімделді (жоспар 392 нысан).

 

  1. "Белсенді ұзақ өмір" (Активное долголетие) Жол картасын іске асыру.

ЗТМО мәліметтері бойынша зейнеткерлер саны-231 554 адам.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының (Орталық) қызметін іске асыруға күн сайын 1056 адамның баруына 283,4 млн. теңге бөлінді, барлығы Орталықта 24 248 адам тіркелді, қызметтермен 203,4 мың адам қамтылды.

Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, әлеуметтік қашықтықты, температуралық режимді сақтай отырып, ЖҚҚ және дезинфекциялық өңдеуді пайдалана отырып 9 Орталық жұмыс істейді. 65 жастан асқан адамдар үшін қызметтер онлайн көрсетіледі.

Зейнеткерлерді белсенді және салауатты өмір салтына тарту үшін емдік йога, скандинавиялық жүріс және ЕДШ сабақтары өткізіледі. Барлығы 8 мың адам қамтылды.

Гериатр-дәрігердің, медицина қызметкерлерінің консультацияларын 2 мыңнан астам адам алды. Смартфондарды, компьютерлік графиканы игеру бойынша курстармен 3 мыңға жуық адам қамтылды. Латын, ағылшын және қазақ тілдерін оқытумен 3 мыңнан астам зейнеткер қамтылған.

400 адамға қала бойынша экскурсиялар ұйымдастырылды.

Санаторлық-курорттық емделуді ұсыну бойынша әлеуметтік көмекке 4000 зейнеткерге 457,6 млн. теңге бөлінді. Санаторлық-курорттық емдеу бойынша қызметтерді 133,5 млн. теңгеге 1 351 адам алды.

 

  1. Аз қамтылған отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы.

«Бақытты отбасы» орталықтарының қызметін іске асыруға күн сайын 725 адамға 187,2 млн.теңге бөлінді.

9 «Бақытты отбасы» орталығы жұмыс істейді, 2 106 адам тіркелген,    26 706 адам ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау алды, 2 294 адам – әдістемелік және заңгерлік көмек алды, 2 278 адам – базалық тренингтер өтті, көп балалы отбасылар үшін оқыту курстарынан 3 419 адам өтті.

Алатау ауданының аз қамтылған отбасыларына дәстүрлі қолөнерді дамыту орталығын іске асыруға күн сайын 100 адамға 26,3 млн.теңге бөлінді, 339 адам жүгінді, 1 237 адамға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетілді, 155 адам психолог, 125 адам заңгер, 280 адам әлеуметтік қызметкер қызметтерін алды, 480 адам базалық тренингтерден өтті, 460 адам дәстүрлі қолөнер, киім дизайны, визаж және маникюр бойынша курстарда оқиды, 924 бала үйірмелерге барады.

 

  1. Қайырымдылық іс-шараларын өткізу.

ҮЕҰ, меценаттар, қайырымдылық жасаушылар мен қорлардың бірыңғай дерекқорын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қайырымдылық көмек көрсету және әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша меценаттармен, ҮЕҰ-мен, халықпен, мемлекеттік органдармен және т.б. өзара байланыс жүзеге асырылуда.

«Астана күнін» мерекелеу аясында «Халық» ҚҚ - мен бірлесіп атаулы әлеуметтік көмектің 2 мың алушыларына азық-түлік жиынтығын табыстау арқылы қайырымдылық акциясы өткізілді.

Балаларды қорғау күніне орай Туризм басқармасымен бірлесіп 200 бала «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына, Алматы хайуанаттар бағына, балалар кафесіне шақырылды. «Игіліктің бастауы» ҚҚ-мен бірлесіп 200 тұрмысы төмен отбасыға ыстық тамақ жеткізу бойынша қайырымдылық акциясы өткізілді.

Мемлекеттік активтер басқармасымен бірлесіп 8 ауданның тұрмысы төмен отбасыларына 2 мың бірлік көлемінде ойыншық түрінде көмек көрсетілді.

8 ауданда офлайн режимінде 11 «Шыңға өрлеу» (бюджет-369 млн.теңге) әлеуметтік клубы (Әуезов ауданында 3 бөлімше) жұмыс істейді.. Мамыр айынан бастап клубтарда 582 бала оқиды, жыл басынан 2 496 бала қамтылды.

«Тәуелсіз өмір мектебі» жобасы аясында (бюджет – 128 адамды қамтумен 37,8 млн.теңге) 6 жаттықтырушының қатысуымен 64 мүгедек адам жеті күндік курстан өтті.

 

VII. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

Статистика деректері бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанында жұмыс күшінің саны 1 031,5 мың адамды құрады, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,4 мың адамға артық, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық – 978,3 мың адам (12,7 мың адамға өсті).

Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 107,3 мың адам (31,3 мың адамға өсті), олардың жұмыспен қамтылған халық санынан үлесі 11% - ды құрады.

Жұмыссыздар саны-53,2 мың адам, жұмыссыздық деңгейі-5,2%.

01.07.2021 ж.жағдай бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына 25 209 адам жүгінді, оның ішінде жұмыссыздар ретінде 14 616 адам тіркелді, айдың аяғында 23 546 адам есепте тұр, оның ішінде 21 510 жұмыссыздар. Наурыз айының аяғында тіркелген жұмыссыздық деңгейі-2%.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) 4 бағыт бойынша іске асыру жалғасуда. 13,7 млрд. теңге бөлінді.

Бірінші бағыт шеңберінде техникалық және кәсіптік біліммен (ТжКБ – УО әкімшісі) 8 361 адам қамтылды (491 адам оқудан шығарылды, 1358 адам оқуды аяқтады, 937 адам жұмысқа орналастырылды, 210 адам қайта отырғызылды), 6,1 млрд.теңге бөлінді, 3 474,6 млн. теңге игерілді.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап 9-11 сыныптардың қиын өмірлік жағдайға тап болған 2500 түлегін және аз қамтылған отбасы мүшелерін, сондай-ақ азаматтардың өзге де санаттарын жалдау жоспарлануда.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 1000 адам жіберіледі, 191,8 млн.теңге бөлінеді. Өңірлік комиссия 34 оқу ұйымының, 41 мамандықтың тізбесін, оқу құны – 43 мың теңгені бекітті. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 603 адам жіберілді.

Екінші бағыт шеңберінде бизнес – жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын жұмыссыздарға және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға (әкімшісі - КжИБ) микрокредиттер беріледі. Шағын несиелеуге – 1,5 млрд.теңге, шағын несиелерді кепілдендіруге – 101,3 млн. теңге бөлінді.

397,1 млн.теңге игерілді (26,3%), 310,1 млн. теңгеге 21 жоба қаржыландырылды, 87 млн. теңгеге 6 жоба мақұлданды.

Халықты жұмыспен қамту орталығы 149 адамға жолдама берді.

200 АЕК-ке дейінгі өтеусіз гранттарды 1000 адам алады, 583,4 млн.теңге бөлінді. Гранттарды 495 адам 116,7 млн. теңгеге алды.

Үшінші бағыт бойынша жүгінген азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары ұсынылады.

Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу және еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында 25,3 мыңнан астам жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсетуді көздейтін 2021 жылға арналған Кешенді жоспар жобасы әзірленді.

01.07.2021 ж. жұмыспен қамту шараларымен 16 767 адам қамтылды, соның ішінде:

- 7 365 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды (жоспар - 9753 адам);

- мемлекеттік бағдарламалар жобаларына 369 адам жұмысқа орналастырылды (жоспар - 841 адам);

- ЖҚЖК жобаларына 164 адам жұмысқа орналастырылды (жоспар-800 адам);

- алғашқы жұмыс орны – 24 адам (жоспар – 212 адам);

- әлеуметтік жұмыс орындары – 1 016 адам (жоспар-960 адам);

- жастар тәжірибесі – 974 адам (жоспар-800 адам);

- қоғамдық жұмыстар – 6 333 адам (жоспар-6000 адам);

- гранттар берілді-495 адам (жоспар – 1000 адам);

- Микрокредиттер берілді – 27 адам (жоспар - 115 адам).

Іске асырылып жатқан Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 1 359 жұмыс орнын құрумен 11 инфрақұрылымдық жоба (бюджет – 12,9 млрд.теңге) бойынша жұмыстар көзделген, оның 800 жұмыс орнына Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыз жастарға басымдық бере отырып, жұмысқа орналастырылатын болады. Жобалар аяқталғаннан кейін 259 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.

01.07.2021 ж. жағдай бойынша 334 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 164 адам Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша.

Жеке жұмыспен қамту агенттігіне 1 892 адам жүгінді, оның ішінде 1 адам жұмысқа орналастырылды.

Жаңа жұмыс орындарын құру жоспары 49 248-ден 51 217 жұмыс орнына дейін ұлғайтылды, оның ішінде 35 418 – тұрақты жұмыс орындары. 01.07.2021 ж. жағдай бойынша 38 110 жаңа жұмыс орны құрылды (оның ішінде 25 086 – тұрақты), оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері – 22 547, сондай - ақ «Еңбек» бағдарламалары бойынша – 8 323, БЖК – 874, ЖҚЖК – 334, Нұрлы жер – 1 461, Өңірлерді дамыту – 282, білім мен ғылымды дамыту –794, АӨК – 138, экстремизм мен терроризмге қарсы іс – қимыл – 124, туристік саланы дамыту – 21, ИИДМБ – 15, жеке бастамалар – 2 674, гранттар-495 адам, шағын несиелер-28 адам алды.

Қызметкерлердің толық емес жұмыспен қамтылуы мен босатылуына байланысты жағдайды бақылау мақсатында қызметкерлер саны 127,9 мың ды құрайтын 502 кәсіпорынға сауалнама жүргізілді, онда 9,6 мың адам қабылданды, 10,8 мың адам жұмыстан шығарылды, оның ішінде 39 кәсіпорында 479 адам кәсіпорынның штат санының қысқаруы немесе таратылуы себебінен босатылды.

Еңбекақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстарда 1309 адам бар, өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты - 1118 адам толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыс істейді, ҚР ЕК сәйкес төлемнің тоқтап қалу салдарынан уақытша жұмыс істемейтіндер-1 580 адам, өндірісті ішінара тоқтату – 18 адам.

Алдағы айда 8 кәсіпорында 154 адам санының қысқаруына байланысты жұмыстан босату болжануда.

Жұмыскерлердің саны 250 адамнан асатын қаланың ірі кәсіпорындарымен жұмыс күшінің басқарылатын ағыны бойынша 2017-2025 жылдарға арналған Жол карталарын жасау бойынша жұмыс жалғасуда, бұл жұмыс орындарын қысқартуға емес, сақтауға мүмкіндік береді. 206 Жол картасы жасалды (90%).

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментімен бірлесіп Алматы қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, әлеуметтік көмек және өзге де бейімдеу шаралары бойынша 2021 жылға арналған Іс-шаралар жоспары бекітілді. ЛА-155/6, ЛА-155/13, ЛА-155/18 мекемелерінде семинарлар өткізу жоспарланған. Онлайн форматта ЛА-155/6 мекемесінде екі кездесу өткізілді (25 жасөспірім, 47 жасөспірім).

Аудан әкімдіктерінен жұмыс орындарын сақтауды көздейтін меморандумдар туралы мәліметтер жинау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта қала кәсіпорындарымен 406 197 қызметкер үшін жұмыс орындарын сақтай отырып, 38 412 меморандумға қол қойылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

VIII. Көші-қон процестері.

1) Көші – қон заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша 1 331 этникалық қазақ жүгінді, оралман мәртебесін беру немесе ұзарту бойынша қызмет – 362 адамға көрсетілді, шетелде тұратын этникалық қазақтардың туыстарын ҚР-ға көшіру үшін 54 шақыру берілді (ҚР азаматтарынан 22 өтініш).

Оралмандар шығатын елдер: 127 адам – ҚХР, 184 адам – Өзбекстан, 11 адам – Ресей, 12 адам – Қырғызстан, 10 адам – Моңғолия, 13 адам –Түрікменстан, 2 адам – Түркия, Ауғанстан – 2 адам, 1 адам –Украина.

2) Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту үшін 2 915 бірлік мөлшерінде квота бөлінді (I санат – 476, II санат – 1158, III санат – 1181, IV санат – 100). Барлығы 643 рұқсат берілді (I санат – 72, II санат – 293, III санат – 265, IV санат – 13). ШЖК шығатын негізгі елдер: Қытай – 45,6%, Түркия – 15,4%, Украина – 9,9%, Үндістан – 2,8%.

 

  1. Еңбек қатынастарын бақылауды қамтамасыз ету.

Жыл басынан бері азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған 167 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Еңбек заңнамасы нормаларының 161 бұзылуы анықталды, заңдылықты бұзушылықты жою туралы 94 нұсқама берілді. Әкімшілік жауапкершілікке 52 заңды тұлға тартылды. 8,7 млн.теңге айыппұл салынды, оның ішінде жалақыны уақтылы төлемегені үшін – 37 заңды тұлғаға. 6,5 млн. теңге айыппұл салынды.

Жалақы бойынша берешек 5 банкрот кәсіпорында 30 қызметкер алдында 40,84 млн. теңгені құрайды.

100 кәсіпорында 239 млн. теңге сомасына жалақы бойынша берешек өтелді, осылайша 1532 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.

42 жазатайым оқиға тіркелді (зардап шеккендер - 42 адам), оның ішінде өліммен аяқталғандар – 3 адам, ауыр дәрежелі жарақат алғандар – 15 адам, жеңіл дәрежелі жарақат алғандар – 24 адам.

Қала кәсіпорындарында жасалған 27 137 ұжымдық шартқа мониторинг жүргізілді және тіркеу жүзеге асырылды.

Дата публикации
12 июля 2021