Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы
LXVIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының LХVIII сессиясының 2020 жылғы 9 қазандағы № 488 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2020 жылғы 12 қазанда № 1647 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) белгіленсін.
- Әлеуметтік көмек осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға жыл сайын Санкт-Петербург қаласына әуе немесе темір жол көлігі арқылы барып-келу құны толық мөлшерде екінші деңгейдегі банктердегі олардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
- Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік көмек алу үшін Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына келесі құжаттармен бірге өтініш береді:
1) өтініш иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
2) "Ленинградты қорғағаны үшін" медалі немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісі куәліктерінің көшірмесі;
3) жол жүру құнын растайтын билеттер;
4) ағымдағы банк шотын ашқаны туралы мәліметтер.
- Алматы қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 82 "Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 960 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 қаңтарда "Алматы ақшамы" газетінде және 2013 жылғы 19 қаңтарда "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Р.К. Бадаеваға жүктелсін.
- Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының |
С. Козлов |
|
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
К. Казанбаев |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК