Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты

     

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 26 наурыздағы

№ 165 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда

арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты


  1. Жалпы ережелер

 

  1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
  2. Осы стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің көлемін және шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, медициналық-әлеуметтік ұйымдар (бұдан әрі - МӘҰ) қызметінің тәртібін, медициналық-әлеуметтік ұйымдарға:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларды (бұдан әрі - балалар);

2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар);

3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерді (бұдан әрі - он сегіз жастан асқан адамдар);

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерді (бұдан әрі - мүгедектер);

5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі - қарттар) МӘҰ қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.

Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады.

  1. Стационар жағдайында қызмет алушылардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар) стационарлық үлгідегі ұйымдар (бұдан әрі - стационарлық үлгідегі ұйымдар) болып танылады.
  2. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық субъектілер сақтайды.
  3. Қызмет көрсетумен байланысты шығындар бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
  4. Стационарлық үлгідегі ұйымдар:

1) мыналардың:

барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде арнайы білім беру түзету ұйымдарының арнайы (қосымша) сыныптарында оқуды қиындататын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін) болуы;

барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігімен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдігі (нашар есту), оның ішінде мамандандырылған мектеп интернаттардың қосымша сыныптарында оқуды қиындататын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының болуы;

жарыместігі болғанда айына төрт реттен жиі емес ұстамасы бар (оның ішінде симптоматикалық) эпилепсия;

өнімді симптоматикасыз дефектісі айқын білінетін шизофрения;

бас миының органикалық зақым алғаннан кейінгі жарыместігі салдарынан стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж үш жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың.

Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балалардың тұруына медициналық қарсы көрсетілімдер:

өнімді симптоматикасы бар шизофренияның;

жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім эпилепсияның;

кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі психопатияға ұқсас симптоматиканың;

балалар мен айналасындағылар үшін қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың;

белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (бұдан әрі - ЖИТС);

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады.

2) стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж интеллектісі сақталған, үш жастан он сегіз жасқа дейінгі ТҚА бұзылған балалардың.

ТҚА бұзылған балалардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына медициналық қарсы көрсетілімдер:

психикалық аурулардың;

барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;

жиі эпилептиформалық ұстамалардың (айына бес реттен артық);

мінез-құлықтың психоұқсас бұзылушылықтарының;

қайтымсыз гидроцефалияның;

жіті психотикалық симптоматикалы нашақорлық пен алкоголизмнің;

мінез-құлықтың психоұқсас түрлері мен (немесе) интеллектілік-мнестикалық бұзылушылықтарының;

белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады.

3) мыналардың:

барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін адамдар) болуы;

барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігімен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдігі (нашар есту), оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының болуы;

жіті психотикалық симптоматикасының болмауымен, жарыместігі немесе психикалық кемістігінің өрескел көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері;

психотикалық симптоматикасы күшеюден тыс, жеке адам дефектісі айқын білінетін шизофрения;

жарыместік белгілері мен айына төрт реттен артық емес тырыспа және эквиваленттері бар эпилепсияның түрлі нысандары;

жарыместік белгілері бар бас мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисі және т.б.);

айқын білінетін жарыместік белгілері бар тұрақты алкоголизм;

айқын білінетін психомоторлық мазасыздығы жоқ және есінің өзгеру жай-күйінің ұзақ немесе қайталанатын жарыместік белгілері жоқ қан-тамыр және сенильдік аурулар салдарынан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан бірінші, екінші топтағы адамдардың.

Он сегіз жастан асқан адамдардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына медициналық қарсы көрсетілімдер:

белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантинді инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, ЖИТС-тің, жыныстық жолмен берілетін аурулардың;

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың;

жіті және қатты сатыдағы психикалық аурулардың;

созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайының;

айқын білінетін психотиялық симптоматикамен, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетілетін адамның өзіне және айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулардың, атап айтқанда мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ұстамалы түрдегі немесе жиі өршімелі немесе аурудың жиі декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендті өтетін кез келген психикалық аурулардың;

эпилепсия және басқа этиологиядағы жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім тырыспалы синдромның;

тұрақты алкоголизм, нашақорлық, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерінен асқынған басқа да психикалық аурулардың;

түрлі генездегі айқын білінетін депрессиялық және қияли жай-күйлер, созылмалы реактивті жай-күйлердің;

айқын білінетін психопатқа ұқсас синдромдар, эксплозивті, параноидті, паранояльдік, қояншық ауруларының болуы болып табылады.

4) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін - егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектердің;

5) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне қызмет көрсете алмайтын және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін - егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар қарт адамдардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған.

Мүгедектер мен қарттардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына:

белсенді процесс сатысындағы туберкулездің;

психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлерді, ақыл-ес кемістігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бір реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі тырыспалы синдромдарды қоспағанда);

карантиндік инфекциялардың, тері мен шаш жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.

  1. Стационарлық үлгідегі ұйым заңды тұлға болып табылады, оны құрылтайшы құрады және өз қызметін құрылтай құжаттарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
  2. Стационарлық үлгідегі ұйымдар:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым);

2) психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым);

3) қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым);

4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым);

5) тәулік бойы тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрінде құрылады.

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың міндеттері мен функциялары
  2. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың негізгі міндеттері:

1) қызмет алушыларға үй жағдайына жақындатылған, жасы мен денсаулық жағдайына барынша барабар тыныс-тіршілік жағдайын жасау;

2) стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді осы стандартта белгіленген көлемге сәйкес көрсету;

3) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және кірігу деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;

4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;

5) кемсітушіліктің барлық түрлерінен, физикалық және психикалық күш көрсетуден, қорлаудан, дөрекіліктен қорғау болып табылады.

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың негізгі функциялары:

1) қызмет алушыларды қабылдау және олардың ауруларын, жағдайының ауырлығын, жасын ескере отырып орналастыру, оларды жаңа жағдайға бейімдеу бойынша іс-шаралар жүргізу;

2) қызмет алушылардың жеке басының қол сұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3) стационарлық үлгідегі ұйымдарда қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;

4) осы стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсету;

5) қызмет алушылардың тұру жағдайларын жақсарту, келушілерді қабылдау жағдайларын қамтамасыз ету;

6) қызмет алушылардың жеке және құнды заттарының сақталуын қамтамасыз ету;

7) қызмет алушыларды және олардың отбасы мүшелерін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, стационарлық үлгідегі ұйымдардағы ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;

8) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;

9) қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж қызмет алушыларға қатысты стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігіне жүктелген қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын Кодекстің 122-бабының 4-тармағында125-бабында белгіленген тәртіппен орындау;

10) стационарлық үлгідегі ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;

11) стационарлық үлгідегі ұйымдардың құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып табылады.

 

 

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау шарттары

 

  1. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымдарға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары арқылы жүзеге асырады.
  2. Арнаулы әлеуметтік қызмет бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы стационарлық үлгідегі ұйымдар қызмет алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
  3. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:

1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін - заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешінің және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегіз жастан асқан адамның) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;

2) қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

4) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;

5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);

6) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесі (болған кезде);

7) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін - зейнетақы куәлігінің көшірмесі;

8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.

Аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар) жергілікті атқарушы органы арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешім шығарғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға стационарлық үлгідегі ұйымға жолдама беру туралы сұрау салу жолдайды. Уәкілетті орган стационарлық үлгідегі ұйымға жолдама беру туралы сұрау салуды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органына стационарлық үлгідегі ұйымда кезектілік болмаған жағдайда жолдама не кезекке қою туралы хабарлама жібереді.

Егер кезекке қою туралы хабарлама берілген күннен бастап бір айдан астам уақыт өтсе, онда жолдаманы ресімдеу кезінде аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орган алушыны қайтадан медициналық тексеріп-қараудан өту қажеттігі және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсыну туралы хабардар етеді. Қызмет алушыда медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, жергілікті атқарушы органның арнацлы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешімі қызмет алушы онда медициналық қарсы көрсетілімнің жоқ екені туралы куәландыратын осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Уәкілетті органнан жолдама алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын стационарлық үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:

1) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;

2) уәкілетті органның жолдамасы (арнаулы әлеуметтік қызметтерді бюджет қаражаты есебінен ұсынған кезде);

3) қызмет алушының ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

5) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;

6) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);

7) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесі (болған кезде);

8) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін - зейнетақы куәлігінің көшірмесі;

9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.

Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж он сегіз жастан асқан адамдарды және (немесе) үш жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларды стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігіне тапсырған кезде заңды өкілдерінің бірі (ата-анасының біреуі, қамқоршы, қорғаншы, асырап алушы, патронат тәрбиеші және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдар, он сегіз жастан асқан адамдар) мынадай құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады:

он сегіз жастан асқан адамдар үшін - ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжат, соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (болған кезде);

балалар үшін - ЖСН-і бар туу туралы куәлік және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша профилактикалық егу картасы.

  1. Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.

 

 

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұру жағдайлары

 

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымдар санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздігіне, оның ішінде өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
  2. Құрылтайшы стационарлық үлгідегі ұйымдарды қазіргі заманғы техникамен жабдықталуын қамтамасыз етеді.
  3. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың ғимараты құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес онда тұру ыңғайлылығы мақсатында, оған кедергісіз кіріп-шығуды, орынжай ішінде және ғимаратқа іргелес жатқан аумақта жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталады.
  4. Қызмет алушылар бөлмелерге денсаулық жағдайына, жасы, жынысы және психологиялық үйлесімділігі ескеріліп орналастырылады. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұратындар қатарындағы ерлі-зайыптыларға бірге тұру үшін жеке орынжай бөлінеді.
  5. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұру тәртібі стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітетін ішкі тұру тәртібі ережесінде айқындалады.
  6. Қызмет алушылардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда уақытша болу жағдайында тұруы стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы қызмет алушымен не оның заңды өкілімен жасасатын келісімшартпен ресімделеді, онда уақытша болу мерзімі, қызметтердің көлемі мен түрлері айқындалады.

 

 

  1. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке
    сұранысын айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу

 

  1. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті (түрлері мен көлемін) әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер, педагогтар және стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары (бұдан әрі - стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары) айқындайды. Стационарлық үлгідегі ұйым персоналының штаттық нормативтері бюджет қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріліп, осы стандартқа 3-қосымшада белгіленген стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең аз штаттық нормативтері сақтала отырып қалыптастырылады.
  2. Қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары әрбір қызмет алушыға бір жыл мерзімге осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрі - жеке жоспар) әзірлейді.
  3. Қызмет алушылардың жеке жоспарлары қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары бақылағаннан кейін стационарлық үлгідегі ұйымға түскен күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап бір күн ішінде әзірленеді, кейінгі бес жұмыс күні ішінде толтырылады және стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітеді.
  4. Жеке жоспарда көрсетілген оңалту іс-шараларын стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары жеке жоспарда бекітілген мерзімде жүргізеді.
  5. Қызмет алушылардың жай-күйіндегі өзгерістерді стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары тоқсан сайын (қажет болғанда ай сайын) қарауға тиіс.
  6. Өткізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспардың (мониторингтің) орындалуы жөніндегі журналда/электрондық картотекада (бұдан әрі - журнал/электрондық картотека) көрсетеді. Журнал/электрондық картотека әрбір қызмет алушыға жеке жүргізіледі.
  7. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары мониторинг қорытындысы бойынша қажет болғанда қызмет алушылардың жеке жоспарларын түзетеді.
  8. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман жеке жоспарды және журналды/электрондық картотеканы әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді, олардың сапалы толтырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
  9. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандарының жұмыс сапасын стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы немесе уәкілетті орган:

1) отбасыларға қайтарылған (берілген) және (немесе) жартылай стационарлық және үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын;

2) тұрмыстық және еңбек қызметіне тартылған қызмет алушылар санының алдыңғы жылғымен салыстырғанда көбеюі бойынша бағалайды.

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымдарға қажетті мамандар болмаған жағдайда жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының немесе консультациялардың нәтижелігін бағалау үшін келісімшарт негізінде басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға болады.
  2. Стационарлық үлгідегі ұйымның әрбір маманы лауазымдық нұсқаулыққа және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады.

Оңалту іс-шараларының нәтижелері тоқсан сайын журналға/электрондық картотекаға белгіленіп отырады.

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы ай сайын аурудың терминалды (соңғы) сатысында тұрған паллиативтік көмек қызметі мен мейірбикенің күтімі қажет жазылмайтын ауруларды анықтау мониторингін жүргізеді.
  2. Стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігі стационарлық үлгідегі ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттердің сапалы орындалуына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.
  3. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары
  4. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуге:

1) денсаулық жағдайына байланысты әдеттегі, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге - сақал-мұртын алу сияқты күнделікті рәсімдерді орындауға қабілетсіз қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;

2) тұрғын жай беру, оның ішінде бір балаға, ТҚА бұзылған балаға кемінде төрт шаршы метр және он сегіз жастан асқан адамға, мүгедекке, қартқа кемінде бес шаршы метр жатын бөлмелерін беру;

3) оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларына, діни рәсімдерді жасауға, емдік еңбек қызметін ұйымдастыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, тұрмыстық бағдарлау негіздеріне үйретуге арналған жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;

4) денсаулық жағдайына байланысты жұмыс істеуге болатын мүгедектерге және он сегіз жастан асқан адамдарға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жағдай жасау;

5) бөгде адамның көмегіне сүйенбей тұрмыстық мұқтаждықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бейімделген орынжайлар мен айлабұйымдар ұсыну;

6) дағдарыс палаталарын, паллиативтік көмек палаталарын (бөлімшелерін) жасау үшін интенсивтік күтім және терапия жүргізуге арналған жабдықтармен жабдықталған орынжайлар ұсыну;

7) отбасында тұратын және уақытша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларға жергілікті атқарушы орган бекіткен тәртіппен ақылы келісімшарт негізінде стационар жағдайында уақытша (алты айға дейін) болу үшін орынжайлар ұсыну;

8) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнінде қызметтер көрсету;

9) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса алғанда, тамақ ұсыну;

10) осы стандартқа 6-қосымшада көзделген көлемнен кем емес жұмсақ мүкәммал беру;

11) тұрмыстық қызметпен қамтамасыз ету (кір жуу, кептіру, үтіктеу, іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау);

12) қалалық телефон байланысы қызметін ұсыну;

13) емдеуге, оңалтуға, оқуға, мәдени және тынығу іс-шараларына қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметін ұсыну;

14) хат жазуға және оқуға көмек көрсету;

15) әдеттегі шаштараздарда қызмет көрсету қиын немесе мүмкін болмайтын жағдайларда қызмет алушыларға шаштараз қызметін көрсету;

16) жерлеу қызметін ұйымдастыру (қайтыс болған туыстары (заңды өкілдері) болмаған немесе олар жерлеумен айналысқысы келмеген кезде) жатады.

  1. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) берілетін тұрғын үй орынжайлары көлемі мен басқа да көрсеткіштері бойынша (ғимараттар мен орынжайлардың жай-күйі, олардың жайлылығы) санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың тұруына қолайлылықты қамтамасыз етеді.

Тұрғын орынжайларға (бөлмелерге) қызмет алушыларды орналастыру кезінде олардың денсаулық жағдайы, жас ерекшеліктері, физикалық және психикалық хал-жайы, әдеттері, психологиялық үйлесімділігі, жеке даму және әлеуметтену деңгейі ескеріледі;

Барлық тұрғын, қызметтік және өндірістік орынжайлар санитарлық нормалар мен ережелерге, қауіпсіздік талаптарына, өртке қарсы талаптарға жауап беретін телефон байланысымен жабдықталады және коммуналдық-тұрмыстық жабдықталудың барлық құралдарымен қамтамасыз етіледі және қызмет алушыларға олардың талаптары бойынша көрсетіледі. Орынжайлар персоналдың, қызмет алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердің сапасына кері әсер ететін әртүрлі факторлардың әсерінен (ауаның жоғары температурасынан, ауа ылғалдығынан, шаң-тозаңнан, дірілден және тағы да басқа қолайсыз жағдайлардан) қорғалған болады.

Оңалту іс-шараларын, емдеу-еңбек және білім беру қызметін, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылатын орынжайлар көлемі, орналасуы мен конфигурациясы бойынша қызмет көрсетілетін қызмет алушылардың ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған барлық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етіледі;

2) стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандарының кабинеттері қажетті жиһазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады.

әрбір мамандандырылған кабинетке ерікті нысанда ресімделген паспорт толтырылады;

3) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз, жабдық, жұмсақ мүкәммал Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес болады;

4) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз бен төсек-орын жабдықтары қызмет алушылардың физикалық жай-күйін және жасын ескере отырып таңдалып, заманауи дизайн талаптарына жауап береді;

5) қызмет алушыларға берілетін киім, аяқ киім, іш киім және бірінші қажеттіліктегі басқа да заттар киюге ыңғайлы, қызмет алушылардың жынысына, бойы мен өлшемдеріне сәйкес келеді, мүмкіндігінше олардың сұраған фасоны мен түсіне, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап береді;

6) ыстық тамақ, оның ішінде диеталық тағамдар сапалы тағамдардан әзірленуге, теңгерімділігі мен калориялық талаптарына жауап береді, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп ұсынылады.

Стационарлық үлгідегі ұйымдардың басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзірді және екінші аптаға перспективалық мәзірді бекітеді;

7) бақылаудағы, төсек режиміндегі және денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі күтудің қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындалады (мұндай қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетуші персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылық танытуы қажет);

8) шаштараз қызметін көрсету санитарлық-гигиеналық талаптар сақтала отырып арнайы жабдықталған кабинеттерде жүзеге асырылады;

9) созылмалы дамушы аурулар жағдайындағы немесе терминалды (соңғы) даму сатысындағы он сегіз жастан асқан адамдарды, мүгедектерді, қарттарды үздіксіз бақылау мақсатында паллиативті көмек палаталары (бөлімшелері) құрылады;

10) өзіне дене зақымын келтіруі мүмкін және (немесе) айналасындағыларға қауіп тудыруы мүмкін және осы себептермен қосымша күтімге, күшейтілген бақылауға және (немесе) шұғыл медициналық көмекке мұқтаж балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар үшін дағдарыс палаталары (бөлімшелері) құрылады;

11) жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қол шеберлігі мен еңбек дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін қызмет алушылардың ауруының және/немесе мүгедектігінің сипаты, физикалық жай-күйі ескеріліп, тиісті жағдай жасалады және тәрбиелеу мен оқыту процесінде оларға қажетті жайлылықты қамтамасыз етеді;

12) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдарлау (ас әзірлеу, дастархан жасау, ыдыс жуу, бөлмені/орынжайды күту және өзге де дағдылар) негіздеріне үйрету үшін қажетті тұрмыстық техникамен және жиһазбен жабдықталған әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлы кабинеттер құрылады;

13) қызмет алушыларды емдеу, оқыту, мәдени іс-шараларға қатысу үшін автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен ережелері, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады;

14) тұрмыстық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету (іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын жуу, кептіру, үтіктеу, дезинфекциялау) сапа талаптары мен оның уақтылығына жауап береді;

15) діни ғұрыптарды орындау үшін жағдай жасау кезінде қызмет алушылардың діни наным-сенімі, жасы, жынысы, физикалық жай-күйі, әртүрлі концессияларда қабылданған діни салттардың ерекшелігі қатаң түрде ескеріледі;

16) жерлеу қызметін ұйымдастыру қайтыс болған қызмет алушының діни наным-сенімі ескеріліп жүзеге асырылады.

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетуге:

1) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет болған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);

2) дәрігерге дейін көмек көрсету;

3) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;

4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;

5) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

6) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

7) қызмет алушыларға техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;

8) мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмек алуына жәрдемдесу;

9) әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына қарай бейімделу мәселелері бойынша консультация беру;

10) арнайы маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;

11) денсаулыққа байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және басқа рәсімдер);

12) емдік-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету;

13) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу;

14) денсаулық жағдайына байланысты қызмет алушылардың күтімін қамтамасыз ету;

15) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;

16) санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру);

17) денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және ілесіп жүруге жәрдемдесу;

18) емдеу-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарында ұйымдастыру;

19) әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын, оның ішінде дәрі-дәрмектік емес терапия қызметін жүргізу;

20) диспансеризациядан өтуін ұйымдастыру;

21) емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу (тері асты және бұлшық етке дәрілік препараттарды жіберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлерді, жарақат бетін тазалау; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргізуге қажетті материалдарды алу, катетерді және басқа да медициналық бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету);

22) медициналық көрсетілімдер мен жас ерекшеліктеріне қарай «денсаулық топтарын» қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру;

23) балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға, қарттар мен мүгедектерге паллиативтік көмек қызметтерін көрсету;

24) балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға психиатриялық, психотерапевтикалық көмек қызметтерін көрсету жатады.

  1. Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) қызмет алушылардың әлеуметтік-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсетілімдерін, физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп, қызметтердің уақтылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етеді;

2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық медициналық рәсімдер мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

3) қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп стационарлық үлгідегі ұйымдарда күтуді қамтамасыз ету қызмет алушының денсаулық жағдайын күнделікті бақылау (дене ыстығын, артериалдық қысымын өлшеу және т.б.), емдеуші дәрігерлердің тағайындауына сәйкес дәрі-дәрмек беру, қызмет алушының қозғалуына (қажет болғанда) және басқа да әрекетіне көмектесу сияқты қызметтерді қамтиды;

4) медициналық рәсімдерді (тері асты және бұлшық етке дәрілік препараттарды жіберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлерді, жарақат бетін тазалау; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргізуге қажетті материалдарды алу, катетерді және басқа да медициналық бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету), сондай-ақ денсаулыққа байланысты өзге рәсімдерді (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және басқа рәсімдер) жүргізу қызмет алушыларға қандай да бір зиян келтіріп алмай, барынша мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;

5) дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыру уақтылы жүргізіледі және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрі-дәрмекті дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрігер келгенше оларды қабылдау тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді;

6) психотерапевтік көмек қызмет алушылардың өмірлік қиындықтары мен жеке бас шиеленістерінің негізінде жатқан ауыр психологиялық жара салу немесе стресс жағдайларын жеңу, өмірі мен тұрмысының өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайына әлеуметтік бейімделу сияқты және басқа да проблемаларды тиімді шешуіне жәрдемдеседі;

7) емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру қызмет алушылардың соматикалық жай-күйін, оның жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіледі;

8) қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызу немесе жатқызуға жәрдемдесу, сондай-ақ балаларға, қарттар мен мүгедектерге оларды емдеу-алдын алу мекемелеріне немесе санаторлық-курорттық емдеуге жіберуге жәрдемдесу жедел, уақтылы жүргізілуге тиіс және қатаң түрде медициналық көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады;

9) қамқоршылықтағы адамдарды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға жәрдемдесу және онда бірге баруды әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман және (немесе) медицина қызметкері жүзеге асырады;

10) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызмет алушыларға, олардың алдында тұрған әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және т.б.) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

Қызмет алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектерді отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;

11) стационарлық үлгідегі ұйымдарда паллиативті көмек және мейірбике күтімі қызметтері қажет болған сәттен бастап өмірінің соңғы күніне дейін көрсетіледі.

Паллиативті көмек палаталарында (бөлімшелерінде) дәрігердің ұйғарымы бойынша медициналық персоналдың (мейірбике) тәулік бойы бақылауы белгіленеді, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер тағайындалады, дәрі-дәрмекпен, құралдармен және техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық бұйымдар мен науқасы ауыр қызмет алушыны оңалту және күту құралдарына қажеттілік айқындалады.

Денсаулық сақтау ұйымдарымен паллиативті көмек көрсету және мейірбике күтімі мәселелері жөніндегі өзара іс-әрекетті әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман мен жетекші дәрігер жүзеге асырады;

12) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу, қызмет алушыларға «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін тәртіппен организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсету;

13) оңалту іс-шараларын жүргізу қызмет алушылардың денсаулық жағдайына қарай жүзеге асырылады, әлеуметтік-орта бағдарына және әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуге және т.б. бағытталған өзі үшін қолайлы медициналық іс-шаралар кешенін орындауды қамтамасыз етеді;

14) емдік-дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету қызмет алушылардың денсаулығын нығайту үшін жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене жаттығулары кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді;

15) диспансеризациядан өтуді ұйымдастыру денсаулық жағдайын тереңдетіп және жан-жақты тексеру үшін қызмет алушылардың барлық ұйғарылған маман дәрігерлерге баруын қамтамасыз етеді;

16) медициналық-әлеуметтік тексеруді, білікті консультация беруді ұйымдастыру, бастапқы медициналық тексеруді және бастапқы санитарлық тазалауды жүргізу, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

17) протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;

18) техникалық (орнын толтырушы) көмекші құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;

19) санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызмет алушылардың денсаулық жағдайы мен хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жоюға мүмкіндік береді;

20) медициналық көрсетілімдер мен жас ерекшеліктеріне қарай «денсаулық топтарын» қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру қызмет алушылардың жеке қажеттіліктері мен олардың денсаулық жағдайларына қарай жүзеге асырылады;

21) дәрігерлердің ұйғарымдары бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардың ауруларының уақтылы алдын алуға және жоюға ықпал етеді;

22) арнайы мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу қызмет алушыларға бастапқы диагноз қоюды қамтамасыз етуге көмектеседі.

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:

1) психологиялық диагностика және жеке адамды тексеру;

2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);

3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстары;

4) психологиялық консультация беру;

5) шұғыл психологиялық (оның ішінде телефон бойынша) көмек;

6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;

7) психологиялық тренингтер;

8) қызмет алушыларды психологиялық түзету;

9) өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізу жатады.

  1. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) психологиялық консультация беру қызмет алушыларға жанжалдың алдын алу және жою үшін тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпараттар мен туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау негізінде ішкі ресурстарды ашуға және жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседі;

2) қызмет алушылардың психологиялық диагностикасы стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітетін психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.

Тұлғаны психодиагностикалау және тексеру қызмет алушылардың мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін олардың психикалық жай-күйін және жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат беруге тиіс;

3) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық түзету қызмет алушылардың мінез-құлқындағы, эмоционалдық жай-күйіндегі ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мінез стереотипінің жайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар және мінез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл аталған көрсеткіштерді жас нормалары мен әлеуметтік орта талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді;

4) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық тренингтердің психологиялық жара салу жағдайларының, нервтік-психологиялық шиеленістердің салдарын жоюда, тұрмыс-тіршіліктің бейәлеуметтік нысанын жеңуші адамдарды әлеуметтік құнды нормаларға дағдыландырудағы, өзгермелі жағдайларға бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен бағаланады;

5) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелі тексеру негізінде психикалық жайсыздық, тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжал және қызмет алушылардың қиын өмірлік жағдайын одан әрі қиындата түсетін басқа да жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға осы сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

6) қызмет алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізуге тарту қызмет алушылардың жайсыздық жағдайынан шығуына, психикалық денсаулығын сақтау және нығайтуды, стреске төзімділігін, ең алдымен тұлғааралық байланыс және қарым-қатынас саласында психологиялық мәдениет деңгейін арттыруға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

7) шұғыл психологиялық көмек қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруды, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;

8) психологиялық алдын алу жұмысы мүгедектер мен қарттарда психологиялық білімге және оларды өзін түзеу және өз проблемаларымен жұмыс жүргізу үшін пайдалану ықыласына қажеттілігін қалыптастыруға, тұлғаның әрбір жас кезеңінде толыққанды психикалық дамуы үшін жағдай жасайды, тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ықтимал бұзылушылықтардың уақтылы алдын алуға жәрдемдеседі;

9) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігі мен психикалық қорғалуын қамтамасыз етеді.

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге:

1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;

2) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;

3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуына жәрдемдесу;

4) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қол еңбегі дағдыларының негіздеріне үйрету;

5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас жасау дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;

6) баланың, оның ішінде ТҚА бұзылған баланың және он сегіз жастан асқан адамның жеке тұлғасына, даму деңгейіне педагогикалық диагностика жүргізу және тексеру;

7) балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзету;

8) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, арнайы оқу бағдарламалары бойынша оларды оқытуды ұйымдастыру;

9) есту қабілеті бұзылған балалар мен мүгедектердің, сондай-ақ олардың ата-аналары мен басқа да мүдделі адамдардың ымдау тілін үйренуіне жәрдемдесу;

10) ымдау тіліне аудару қызметтері жатады.

  1. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсінуде және шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

2) адамды педагогикалық диагностикалау және тексеру заманауи аспаптарды, аппаратураны, тестілерді пайдалана отырып жүргізіледі және дағдарыс немесе шиеленіс жағдайына тап болған қызмет алушыға белгіленген диагнозына сәйкес тиімді педагогикалық көмек көрсету үшін, балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың зияткерлік дамуын айқындау, олардың бейімділіктерін зерттеу және т.б. үшін балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың тұлғасын жан-жақты зерттеу негізінде оның жай-күйінің шынайы бағасын береді;

3) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқытуды ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, жеке қажеттіктер негізінде әзірленетін авторлық бағдарламалар (үлгілер) бойынша қызмет алушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, қозғалу, сенсорлық және когнитивтік дағдыларын қалыптастыру бойынша қызметтерге де жол беріледі.

Авторлық бағдарламалар (үлгілер) қандай да бір қызмет алушының тәрбие дағдыларын немесе оқу материалын қабылдау және меңгеруге қабілеттігін ескере отырып құрылады;

4) әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру және түзеу-дамыта оқытуды жүргізу үшін балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды, олардың жас ерекшеліктерін әлеуметтік дағдылары мен когнитивтік дамуын ескеріп, (үш жастан бес жасқа дейін, алты жастан сегіз жасқа дейін, тоғыз жастан он үш жасқа дейін, он төрт жастан он сегіз жасқа дейін, он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін және қажеттігіне қарай одан үлкен) топтарға, оларды кейіннен толықтыра отырып бөлу жүргізіледі:

өзіне-өзі қызмет көрсетудің және жеке гигиенаның қарапайым дағдылары болмаған жағдайда (өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздігінен тамақтана алмайтын), үнемі бөгде адамның күтіміне мұқтаж алты адамнан асырмай;

қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) өзіне-өзі қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болған жағдайда, үнемі бөгде адамның бақылауына мұқтаж сегіз адамнан асырмай;

қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) тұрмыстық дағдылары болған жағдайда он адамнан асырмай;

қалыптасқан қолымен жұмыс істей алу дағдылары болған жағдайда он екі адамнан асырмай (еңбек бағдары бағдарламасын іске асыруға арналған топ алты адамнан тұратын кіші топтарға бөлінеді) бөлінеді.

Арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуға жәрдемдесу балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту нысанын айқындауды және олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімсіздену дәрежесін, білім деңгейін, физикалық және психикалық жағдайын ескере отырып, оқытуды ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетуді қамтиды.

5) тұрмыстық бағдар негіздеріне оқыту көрнекі және тиімді болып табылады, нәтижесінде қызмет алушылар ас әзірлеу, киімді ұсақ жөндеу, тұрғын орынжайды күту, аумақты тазалау және жайластыру және т.б. сияқты тұрмыстық рәсімдерді толық көлемде үйренеді;

6) ымдау тілін игеруге жәрдемдесу және ымдау тіліне аудару жөніндегі қызметтер қызмет алушылардың стационарлық үлгідегі ұйымның мамандарымен өзара қарым-қатынасын орнатуға жәрдемдеседі.

7) стационарлық үлгідегі ұйымдардың балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға сабақ өткізу ұзақтығы осы стандартқа 7-қосымшада көрсетілген.

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:

1) қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жөнінде іс-шаралар жүргізу;

2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу;

3) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау;

4) бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;

5) қол жетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

6) қарттар мен он сегіз жастан асқан адамдардың бойындағы жоғалған тұрмыстық дағдыларды қалпына келтіру жөніндегі қызметтер жатады.

  1. Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға, олардың жеке қажеттіліктеріне қарай қызмет алушылардың жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады;

2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және стационарлық үлгідегі ұйымдарда қызмет алушыларды олардың денсаулық жағдайын ескеріп, тыныс-тіршіліктің әртүрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;

3) он сегіз жастан асқан адамдар мен мүгедектерде шамасы келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін, сондай-ақ қарттар мен он сегіз жастан асқан адамдардың жойылған тұрмыстық дағдыларын қалпына келтіру бойынша фронтальді және жеке сабақтар ұйымдастырылады;

4) қолжетімді кәсіптік дағдыларды оқыту, тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі;

5) мүгедектерді кәсіптік оңалту олардың кәсіптік дағдыларын барынша ықтимал қалпына келтіруге және жаңа кәсіптерді меңгеруге мүмкіндік береді;

6) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмек көрсететін іс-шаралармен бірге жүргізіледі;

7) қызмет алушылардың еңбек дағдыларын зерттеп тексеру жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесін, қызмет алушылардың физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп жүргізіледі.

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтерге:

1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;

2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

3) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға (экскурсиялар ұйымдастыру, театрға, көрмелерге, концерттер мен басқа да іс-шараларға бару) тарту жатады.

  1. Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да мәдени, тынығу іс-шараларын өткізу стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады;

2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қарым-қатынас саласын кеңейтуге бағытталады;

3) қызмет алушыларды концерт бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралар сценарийлерінің жобасын әзірлеуге тарту қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына жәрдемдеседі;

4) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру стационарлық үлгідегі ұйым ұжымының қоғамдық өміріне қатыстыру арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарын жөнге салуға жәрдемдеседі.

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу жатады.

  1. Әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар:

қызмет алушыларға жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақылар мен басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу олар үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:

1) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;

2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;

3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;

4) заңнамада белгіленген жеңілдіктермен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;

5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;

6) құқығы мен мүддесін қорғау үшін сотта өкілдікті қамтамасыз ету;

7) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қамқоршылыққа және қорғаншылыққа алу мәселелері бойынша заңгерлік консультация беру жатады.

  1. Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өздерінің мүдделерін қорғау құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгіленген құқықтар мен ықтимал бұзушылықтардан қорғау тәсілдері туралы толық түсінік береді;

2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасы, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама және т.б.) бойынша консультация беру оларды қызықтыратын заңнамалық актілер мен көтерілген мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік беруге, осы мәселелерді іс жүзінде шешу үшін қажетті құжаттарды (өтініш, шағым, анықтама және тағы да басқа құжаттар) дайындау және тиісті адресатқа жіберуде қажетті көмек көрсетеді;

3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін лауазымды тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарында шағымданатын әрекеттің мәнін, жол берілген заң бұзушылықты жою талабын заң тұрғысынан сауатты жазуға және шағымды адресатқа жіберуге көмек көрсетеді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша алуға тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға, балаларды, ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға және отбасы тәрбиесінің басқа нысандарына алуға) ресімдеуде заңгерлік көмек көрсету қызмет алушыларға қажетті құжаттардың мақсатына қарай мазмұнын, құжаттар мәтінінің баяндалуын және жазылуын (қажет болғанда) немесе нысанды бланкілердің толтырылуын, ілеспе хаттардың жазылуын түсіндіруді қамтамасыз етеді;

5) Кодекске сәйкес қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қорғаншылыққа, патронатқа, қамқоршылыққа алуға жәрдемдеседі.

 

 

  1. Қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымнан шығару,
    шығарып жіберу, уақытша шығару және ауыстыру шарттары

 

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымнан қызмет алушыларды шығару:

1) қызмет алушылардың жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін - заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешінің және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегіз жастан асқан адамның) жазбаша өтініші;

2) мүгедектік алынған немесе үшінші топ мүгедектігі (он сегіз жастан асқан адамдарға және мүгедектерге) белгіленген, медициналық ұйым мүгедектің денсаулық жағдайы бөгде адамның көмегінсіз еңбек қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей жақсарған деп таныған жағдайда және қызмет алушылардың тұрғын үй аумағы және өмір сүруге қаражаты болғанда;

3) балалар мен ТҚА бұзылған балалар кәмелетке толғанда;

4) ақылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы келісімшарт бұзылған жағдайда жүзеге асырылады.

  1. Қызмет алушылардың жеке уәждемесі бойынша уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) шығуына стационарлық үлгідегі ұйым дәрігерінің қорытындысы ескеріле отырып, мүгедектер мен қарттардың стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігіне жазбаша хабарламасының, ал балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар үшін - заңды өкілдерінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешінің және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегіз жастан асқан адамның), жақын туысының жазбаша өтінішінің негізінде рұқсат етіледі.
  2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызмет алушылар болмаған уақытта стационарлық үлгідегі ұйым басшысының тиісті бұйрығымен олар үлестен шығарылады.
  3. Қызмет алушыларды одан әрі оңалту үшін басқа ұйымға бір жылға дейінгі мерзімге жіберу туралы шешімді қабылдаушы тараптың қызмет алушыларды ұстау және оларға қажетті күтімді қамтамасыз ету туралы жазбаша міндеттемесі болған кезде стационарлық үлгідегі ұйым тәртіпаралық комиссияның қорытындысын есепке ала отырып, стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігі қабылдайды.
  4. Он сегіз жасқа толған балалар, оның ішінде ТҚА бұзылған балалар медициналық ұйымның және медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындыларына сәйкес қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік ұйымға, психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік ұйымға ауыстырылады не үйіне шығарылады.
  5. Стационарлық үлгідегі ұйымда тұруға медициналық қарсы көрсетілімдері болған кезде қызмет алушылар мамандандырылған медициналық ұйымға стационарлық емдеуге ауыстырылады.
  6. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызмет алушыларды бір өңірде орналасқан стационарлық үлгідегі ұйымнан елдің өзге өңірінде орналасқан стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру, тиісті өңірлердің уәкілетті органдарымен келісім бойынша жүзеге асырылады.
  7. Бала он алты жасқа толғанда стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігі оның жеке куәлігін ресімдеуді қамтамасыз етеді.
  8. Қарттар мен мүгедектер:

1) ішкі тәртіп ережесін тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде есірткі заттарын, спиртті ішімдіктерді әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған жағдайда;

2) мүгедектер мен қарттар соттың шешімі бойынша спиртті ішімдікке салынудың немесе есірткі заттарын қолданудың салдарынан әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған жағдайда.

Әрекет қабілеттілігінің шектелуі соттың шешімі бойынша жойылған жағдайда адам жалпы негізде қайта қабылданады;

3) қызмет алушы стационарлық үлгідегі ұйым аумағынан өз бетімен шығып кеткен және екі тәуліктен астам уақыт бойы болмаған жағдайларда шығарылуға жатады.

Стационарлық үлгідегі ұйым аумағынан шығып кеткен адам осы стандарттың 3-тарауына сәйкес жалпы негізде қайта қабылдануы мүмкін, ал маңызды себептер бойынша ол жөнінде хабардар етуге мүмкіндігі болмаған адам дереу қайта қабылданады.

  1. Осы стандарттың 58-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша стационарлық үлгідегі ұйымнан шығарып жіберілген қызмет алушылар осы стандарттың 3-тарауында көзделген тәртіппен, алайда олар шығарып жіберілгеннен кейін бір күнтізбелік жыл өткен соң ғана стационарлық үлгідегі ұйымға қабылданады.
  2. Қызмет алушыларды шығару (шығарып жіберу), уақытша шығару, басқа стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру стационарлық үлгідегі ұйым басшысы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте, міндетті түрде шығару немесе ауыстыру эпикризі, стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының ұсынымдары ресімделеді, олар мүгедектер мен қарттардың қолына не қызмет алушыларды қабылдайтын тарапқа беріледі.

  1. Шығару, уақытша шығару немесе басқа стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру кезінде қызмет алушыларға жеке және маусым бойынша өзіне бекітілген киімі мен аяқ киімі, стационарлық үлгідегі ұйымда сақталған құнды заттары (құжаттары) беріледі.

 

 

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымды басқару

 

  1. Стационарлық үлгідегі ұйымды уәкілетті орган немесе құрылтайшы лауазымға тағайындайтын және босататын басшы басқарады.
  2. Стационарлық үлгідегі ұйым персоналының штат нормативтерін уәкілетті орган немесе құрылтайшы осы стандартқа 3-қосымшада көзделген нормативтерді сақтау арқылы бюджет қажеттіліктерін және мүмкіндіктерін ескере отырып бекітеді.
  3. Стационарлық үлгідегі ұйымда қарттар мен мүгедектер қатарынан мәдени-тұрмыстық комиссия (МТК) құрылады, оны төрағасы басқарады, стационарлық үлгідегі ұйым басшысы бекітетін Мәдени-тұрмыстық комиссия туралы ереже негізінде әрекет етеді.
  4. Стационарлық үлгідегі ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол стационарлық үлгідегі ұйым басшысында сақталады және қызмет алушылар мен келушілердің бірінші талабы бойынша беріледі.
  5. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган ай сайын қарайды.
  6. Стационарлық үлгідегі ұйымның заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару үшін демеушілік, қайырымдылық және өзге де шоттары болады.

 

Халықты әлеуметтік қорғау

саласында стационарлық жағдайда

арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсету стандартына 1-қосымша

 

Нысан

 

Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйымның басшысы

_____________________________________________________________________________________________________

    (Жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйым басшысының Т.А.Ә.)

Жеке басын куәландыратын құжаттың № ___ _____ ___ жылы берілді

Тіркелген жері_________________________________________________

Тұратын жері_________________________________________________________________________________________

Туған жері___________________________________________________________________________________________

Туған күні «___» _________ ____ жыл

Жәрдемақының түрі мен мөлшері_______________________________________________________________________

Мүгедектік санаты____________________________________________________________________________________

Туыстары (заңды өкілдері)______________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________

(туыстық қатынасы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұратын мекенжайы, байланыс телефоны)

 

 

ӨТІНІШ

 

____________________________________________________________________________________________________

(қызмет алушының Т.А.Ә.)

стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге

мұқтаж болғандықтан,__________________________________________________________________________________

медициналық-әлеуметтік мекемеге тұрақты/уақытша (керегін сызу)

тәулік бойы тұруға қабылдауды сұраймын.

Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

1) _______________________ 2) _________________________

3) _______________________ 4) _________________________

5) _______________________ 6) _________________________

7) _______________________ 8) _________________________

9) _______________________ 10) ________________________

Медициналық-әлеуметтік мекемеге қабылдаудың, онда ұстаудың, одан ауыстырудың және шығудың шарттарымен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстым.

20 ___ жылғы «___»_________ __________________________________

(Өтініш иесінің Т.А.Ә. және қолы)

Құжаттарды қабылдаған________________________________________

                                                         (Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

20 __ жылғы «___»_________

 

Халықты әлеуметтік қорғау

саласында стационарлық жағдайда

арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсету стандартына 2-қосымша

 

Нысан

 

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА

 

__________________________________________________________________________________________________________

                               (медициналық ұйымның атауы)

Т.А.Ә. ____________________________________________________________________________________________________

Туған күні «____»_________ _____ жыл

Үйінің мекенжайы __________________________________________________________________________________________

Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды,

азық-түлікті көтере алмаушылық және тағы басқа) ________________________________________________________________

Медициналық тексеру:

(негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын, бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет)

хирург ____________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________

невропатолог ______________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________

психиатр __________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________

окулист ___________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________

отоларинголог _____________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________

дерматовенеролог __________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________

фтизиатр___________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________

терапевт/педиатр____________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________

эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды __________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________

Көрсеткіштер бойынша:

стоматолог ________________________________________________________________________________________________

эндокринолог ______________________________________________________________________________________________

кардиолог _________________________________________________________________________________________________

ортопед ___________________________________________________________________________________________________

нарколог __________________________________________________________________________________________________

онколог ___________________________________________________________________________________________________

гинеколог _________________________________________________________________________________________________

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері:

қанның жалпы анализі_______________________________________________________________________________________

(мерзімі, нәтижесі)

зәрдің жалпы анализі ________________________________________________________________________________________

(мерзімі, нәтижесі)

нәжіс жұғындарын гельминттер жұмыртқасына паразитологиялық зерттеу

___________________________________________________________________________________________________________

(мерзімі, нәтижесі)

нәжіс жұғындарын ішек таяқшасына бактериологиялық зерттеу

___________________________________________________________________________________________________________

(мерзімі, нәтижесі)

психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар үшін:

АИТВ инфекциясына қанның анализі __________________________________________________________________________

(мерзімі, нәтижесі)

сифилиске қанның анализі ___________________________________________________________________________________

(мерзімі, нәтижесі)

әйелдердің қынап жағындысы ________________________________________________________________________________

(мерзімі, нәтижесі)

ерлердің уретральды жағындысы ______________________________________________________________________________

(мерзімі, нәтижесі)

Дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағасының қорытындысы

___________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________

(стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма)

М.О.

Медициналық ұйымның басшысы: __________________________________

(Т.А.Ә., қолы)

20___ жылғы «___»___________

 

Халықты әлеуметтік қорғау

саласында стационарлық жағдайда

арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсету стандартына 3-қосымша

 

 

Стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең аз штаттық

нормативтері

 

№

Лауазым атауы

Қызмет алушылардың саны

51-ге дейін

50-

100

101-

150

151-

200

201-

250

251-

300

301-

400

401- 500

500-ден астам

Басшы қызметкерлер мен қызмет көрсетуші-шаруашылық персоналдың штаттық нормативтері

1

Директор

мекемеге 1 бірлік

2

Директордың әкiмшiлiк-шаруашылық жұмыс жөнiндегi орынбасары

-

-

-

1

1

1

1

1

1

3

Директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары

мекемеге 1 бірлік

4

Директордың медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары (6 кем емес дәрігерлік лауазым жағдайында)

-

-

-

-

-

-

 

-

-

5

Медициналық бөлімнің меңгерушісі (6 кем емес дәрігерлік лауазым жағдайында)

1

1

1

1

1

1

1

1

-

6

Бас бухгалтер

мекемеге 1бірлік

7

Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау бойынша экономист

-

0,5

1

1

1

1

1

1

1

8

Бухгалтер

0,5

1

1,5

2

2

2

2

3

3

9

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер

мекемеге 1 бірлік

10

Кадр жөнiндегi инспектор

0,5

1

1

1

1

2

2

3

3

11

Аудармашы

мекемеге 1 бірлік

12

Шаруашылық меңгерушiсi

мекемеге 1 бірлік

13

Қойма меңгерушiсi

мекемеге 1 бірлік

14

Қойма (көкөніс сақтау қоймасы) меңгерушісі (азық-түлік қоймасы, көкөніс сақтау қоймасы болса)

мекемеге 1 бірлік

15

Хатшы-машинистка (референт)

мекемеге 1 бірлік

16

Дезинфектор

0,5

0,5

1

1

1,5

2

2

2

2

17

Вахтер

1 мекемеге 1 бірлік

18

Лифтер (лифт болса)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 9 бұйрығыменбекітілген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9739 болып тiркелген, барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес (бұдан әрі - еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтер)

19

Күзетші

мекемеге 4 бірлік

20

Автомобиль жүргізушісі

1 техникалық жүріп тұрған автокөлік құралына 1 бірлік

21

Тракторшы (трактор болса)

1 техникалық жүріп тұрған автокөлік құралына 1 бірлік

22

Бақшашы (тазаланатын алаң 0,75 га кем емес)

мекемеге 1 бірлік

23

Аула сыпырушы

еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес

24

Слесарь-сантехник

еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес

25

Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электромонтер

еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес

26

Электр-газ дәнекерлеуші

еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес

27

Қосалқы жұмысшы

еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес

28

Ғимараттар мен үй-жайларды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы (ағаш ұстасы, ағаш шебері)

еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес

29

Газ тектес, сұйық және қатты отынмен жанатын, электрмен ысып істейтін қазандықтарға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар

еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес

30

Қазылған орлардан қатты шөгінділерден болған қоқысты шығару жөніндегі тасушы

4 бірлік кәріз болмаған жағдайда және қазылған орларды тазарту орталықтанған тәртіпте жүргізілмесе

31

Су сорғы станциясының машинисі (моторшысы)

мекемеге 1 бірлік

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

32

Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман

1,5

2,5

3,5

4,5

5,5

6,5

8

9,5

10

Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі персоналдық штаттың нормативтері

33

Шаштараз 1, 3, 4(жабдықталған шаштараз болғанда)

әдеттегі шаштараздарда қызмет көрсету қиын болғанда немесе мүмкін болмаған жағдайда әрбір 100 қызмет алушыға 1 бірлік

34

 

 

 

 

 

Палаталық санитар

өзіне-өзі қызмет ету мен жеке гигиенаның қарапайым дағдылары болмаған жағдайда 6 адамнан (өздігінен қозғала және тамақтана алмайды), үнемі күтімді қажет етеді;

өзіне-өзі қызмет ету мен жеке гигиена дағдыларының қалыптасуы жағдайында 8 адамнан (ішінара қалыптасқан) үнемі қадағалауды қажет етеді;

тұрмыстық дағдылардың қалыптасуы жағдайында 10 адамнан (ішінара қалыптасқан);

қолының ептілігі дағдыларының қалыптасуы жағдайында 12 адамнан (еңбек бағдары бағдарламасын іске асыру үшін топ 6 адамнан шағын топқа бөлінеді) тұратын топқа 5,25 ставка

35

Палаталық санитар2,3,4

әрбір тәулік бойы жұмыс істейтін постқа 5,25 ставка. Бiр тәулiк бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттiлiгi мен мүмкiндiктердi ескере отырып, кемiнде 50 төсек-орынға қалыптастырылады

36

Бақылау жөніндегі санитар3

әрбір тәулік бойы жұмыс істейтін постқа 5,25 ставка. Бiр тәулiк бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттiлiгi мен мүмкiндiктердi ескере отырып, кемiнде 100 төсек-орынға қалыптастырылады

37

Күтім жөніндегі санитар (полиативті көмек палаталарында)

Жеке күтімді қажет ететін 6 ауыр науқасқа - 1 бірлік

38

Бас аспазшы

-

-

0,5

1

1

1

1

1

1

39

Аспазшы

2

2

3

4

4

5

7

7

8

40

Ыдыс-аяқ жуушы

1

1

1

1

1

1,5

2

2

3

41

Көкөніс және картоп тазалаушы

1

1

2

2

3

3,5

4

5

6

42

Нан кесуші, асхана жұмысшысы

-

0,5

1

1

1

1

2

3

4

43

Буфетші

50 қызмет алушыға 1 бірлік

44

Шаруашылық бикесі

әрбір 100 төсек-орынға 1 бірлік, бірақ 1 мекемеге кемінде 1 бірлік

45

Кір жуатын орын меңгерушісі (машинистердің қатарынан)

-

-

-

-

-

1

1

1

1

46

Киім және іш киім жуатын машинист

1

1,5

2

2,5

3

5

7

7

8

47

Санитар (-тазалаушы)

еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес

48

Ваннашы санитар

1

2

3

4

5

6

6

7

 

Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

49

Педиатр дәрігер 1, 2

1

1

1,5

2

2

2

3

3

4

50

Терапевт дәрігер3, 4

1

1

1,5

1,5

1,5

1,5

2

2

3

51

Невропатолог дәрігер

1

1

1,5

1,5

1,5

1,5

2

2

2

52

Психиатр дәрігер (психотерапевт) 1, 3, 4

1

1

1,5

2

2

2

2

2

2

53

Травматолог-ортопед дәрігер 2

0,5

0,5

1

1

1

1

2

2

3

54

Дәрігер *

мекемеге 1 бірлік

55

Райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы 2, 4

мекемеге 1 бірлік (тиісті жағдай болғанда)

56

Жүзу (гидрокинезотерапия) жөніндегі нұсқаушы 2, 4

мекемеге 1 бірлік (бассейн болғанда)

57

Диетолог дәрігер немесе диеталық тамақ жөніндегі мейірбике

мекемеге 1 бірлік

58

Дәріхана меңгерушісі (дәріхана болғанда)

-

0,5

0,5

1

1

1

1

1

1

59

Фармацевт

0,5

0,5

1

1

1

1

1

1

1

60

ЕДШК нұсқаушысы

тірек-қимыл аппараттары бұзылуының ауыр түріне қызмет алушы 20 адамға немесе тірек-қимыл аппараттары функцияларының орташа бұзылуына байланысты қызмет алушы 40 адамға 1 бірлік, бірақ ЕДШК бір кабинетіне 2 бірліктен көп емес

61

Бас мейірбике (аға мейірбике)

мекемеге 1 бірлік

62

Мейірбике

әрбір тәулiк бойғы постқа - 5,25 ставка.

Бiр тәулiк бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттiлiгi мен мүмкiндiктердi ескере отырып, кемiнде 50 төсек-орынға қалыптастырылады

63

Массаж жасау жөнiндегi мейiрбике

1

1

1

2

2

3

4

5

6

64

Акушер, фельдшер 3, 4

0,5

0,5

1

1

1

1

1

1

1

Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

65

Психолог

1

1

1,5

2

2

2

2

2

3

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

66

Әдіскер 1, 2

мекемеге 1 бірлік

67

Тәрбиеші 1, 2

оқу тобына 1,5 бірліктен ***

68

Логопед 1, 2

1

1

1,5

2

2

3

4

4

5

69

Дефектолог мұғалім 1, 2, 3

оқу тобына 1 бірлік **

70

Музыка мұғалімі 1,2,3

мекемеге 1 бірлік

71

Дене шынықтыру мұғалімі1, 2, 3

мекемеге 1 бірлік

72

Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы (еңбекке оқыту мұғалімі) 1,2

оқу тобына 1 бірлік ***

Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

73

Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы 3, 4

1 бейінге 1 бірлік (бейін кемінде 6 қызмет алушыны оқытқанда қалыптастырылады)

Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

74

Мәдени ұйымдастырушы

1

1

1

1

2

2

2

2

2

75

Музыкалық жетекші 4

мекемеге 1 бірлік

76

Кітапханашы (кітапхана, лекотека болғанда)

мекемеге 1 бірлік

Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

77

Заңгер

мекемеге 1 бірлік

                       

 

Ескертпе:

1) 1 - стационарлық үлгідегі балалар психоневрологиялық ұйымдарында енгізіледі;

2 - ТҚА бұзылған балалар үшін стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;

3 - стационарлық үлгідегі психоневрологиялық ұйымдарға енгізіледі;

4 - қарттар мен мүгедектерге арналған стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;

2) * (54-тармақ) - бұл лауазымға қызмет алушылардың ауру сипатын ескере отырып, қажеттігіне қарай кез-келген дәрігерді қабылдауға болады;

3) ** (67, 69, 72-тармақтар) - оқу топтары халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартының 41-тармағы 4) тармақшасына сәйкес қалыптастырылады;

4) жабдықталған мамандандырылған кабинеттер болғанда ең төмен штат нормативіне енгізілмеген тиісті мамандар қабылданады, алайда бір кабинетке 2 маманнан артық емес;

5) қажеттігіне қарай белгіленген лауазымдар еңбекақы төлеу қоры шегінде бірін-бірі алмастырады;

6) басшы қызметкерлер мен қызмет көрсетуші-шаруашылық персоналды ұстау бойынша шығыстар 1 бірлік қызметтің құнын есептеуге қосылмаған;

7) стационарлық үлгідегі мекемелерде қызметтік автокөлік құралдары лимиті мынадай көлемде белгіленеді;

бір жеңіл автомобиль;

екі санитарлық автомобиль;

бір жолаушылар автобусы (100 немесе одан көп қызмет алушы болғанда);

бір автокөлік құралы (350 немесе одан көп қызмет алушы болған жағдайда.

 

 

Халықты әлеуметтік қорғау

саласында стационарлық жағдайда

арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсету стандартына 4-қосымша

 

Нысан

 

Бекітемін:

______________________________

(стационарлық үлгідегі МӘҰ

басшысының Т.А.Ә. және қолы)

______жылғы «___»_____________

 

________________________________________________________________

(стационарлық үлгідегі МӘҰ-ның атауы)

 

Жеке жұмыс жоспары

 

Қызмет алушының Т.А.Ә. ________________________________________________________________________________________

Туған күні және жылы ___________________________________________________________________________________________

Диагнозы ______________________________________________________________________________________________________

Стационарлық үлгідегі МӘҰ-ға түскен күні 20__жылғы «___»_____________

Қызмет алушыға __бастап ___қоса алғанға дейін бақылау жүзеге асырылды

Жеке жұмыс жоспары _______ бастап _________ қоса алғанға дейінгі кезеңге әзірленді

Қызмет алушының жеке қажеттілігіне сәйкес тағайындалған іс-шаралар (көрсетілетін қызметтің түрлері мен көлемін көрсету):

 

№

Қызмет түрлері

Қызмет көлемі

(жеке жүргізілетін іс-шаралардың атауы)

Тағайындауды жүзеге асырған маманның Т.А.Ә. және қолы

Тағайындау күні

1

әлеуметтік-тұрмыстық

     
 
 

2

әлеуметтік-медициналық

     
 
 

3

әлеуметтік-психологиялық

     
 
 

4

әлеуметтік-педагогикалық

     
 
 

5

әлеуметтік-еңбек

     
 
 

6

әлеуметтік-мәдени

     
 
 

7

әлеуметтік-экономикалық

     
 
 

8

әлеуметтік-құқықтық

     
 
 

 

Жеке жұмыс жоспарын қайта қарау күні 20 __жылғы «__» __________

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман _______ ______________________

(қолы)          (Т.А.Ә., күні)

 

Халықты әлеуметтік қорғау

саласында стационарлық жағдайда

арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсету стандартына 5-қосымша

 

Нысан

 

 

Қызмет алушының жеке жұмыс жоспарының орындалуы
(мониторингі) жөніндегі журнал/электрондық картотека

 

Қызмет алушының Т.А.Ә. _________________________________________________________________________________________

Туған күні және жылы ____________________________________________________________________________________________

Диагнозы ______________________________________________________________________________________________________

___ ______ бастап ___ _______ қоса алғандағы кезеңге әзірленген жеке жұмыс жоспарына мониторингі

Қызмет алушыны қадағалау кезеңі: __ ____ бастап __ ____ қоса алғанда

 

№

Қызмет алушының жай-күйі туралы белгі, оның ішінде

Жеке жұмыс жоспарын түзету туралы шешім (қызмет көрсетудің қандай түрі қайта қаралуға тиіс екенін көрсету)

Мониторинг жүргізу күні

Мониторингті жүзеге асырған маманның Т.А.Ә. және қолы

оң өзгерістер бар (сипаттап беру)*

өзгерістер жоқ немесе нашарлады

(себебін көрсету)

1

2

3

4

5

6

1

         

2

         

3

         

4

         

5

         

6

         

7

         

8

         

 

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман ___________  _______________________

 (қолы)                    (Т.Ә.А., күні)

 

Ескертпе: * Қызмет алушының:

- соматикалық, психикалық, эмоционалдық жай-күйінде;

- қимыл, сенсорлық, танымдық, тіл дамыту, коммуникативтік салаларында;

- өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекпен бейімдеу мен әлеуметтендіруді қалыптастырудағы оң өзгерістері белгіленді.

 

Халықты әлеуметтік қорғау

саласында стационарлық жағдайда

арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсету стандартына 6-қосымша

 

 

Стационарлық үлгiдегi ұйымдарға арналған киім, аяқ-киім және
жұмсақ инвентарь, сондай-ақ олардың тозу мерзімдерінің ең төмен

 нормалары

 

№

Атауы

Өлшем бiрлiгi

Балаларға және ТҚА бұзылған балаларға*

Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға*

Норма

Мерзiмi (жыл)

Норма

Мерзiмi (жыл)

Төсек-орын жабдықтары

1

Ақ жайма

дана

3

1

3

1

2

Сейсеп

дана

3

1

3

1

3

Жастық тысы

дана

4

1

4

1

4

Матрац (оның iшiнде басылып қалмайтын матрац)

дана

1

2

1

3/2**

5

Жастық

дана

1

2

1

3

6

Көрпе

дана

1

2

2

3

7

Жамылғы

дана

1

4

1

4

8

Вафельді сүлгiлер

дана

4

1

4

1

9

Түкті сүлгiлер

дана

2

1

2

1

Бөлме инвентарі

10

Дастархан

дана

1

1

1

1

11

Үстелге арналған майлық орамалдар

дана

4

1

4

1

Санитарлық-гигиеналық инвентарь

12

Резина клеенка

дана

қажеттігіне қарай

1

тоқсанда

13

Әйелдерге арналған сiңіргіш төсемелер

дана

16

айына

16

айына

14

Жаялықтар (дәрігердің тағайындауы бойынша мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес нормаға қосымша)

дана

3

күніне

3

күніне

 

Ескертпе:

1) * бөлме инвентарі мен санитарлық-гигиеналық инвентарь нормативтері стационарлық үлгідегі ұйымдарды арнаулы әлеуметтік қызметтерді алатын балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарға ғана қолданылады;

2) ** 4-тармақтағы бірінші сан жалпы бөлiм үшін орындау мерзімін, ал екінші сан ауыр науқастар үшін орындау мерзімін көрсетеді.

Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға киім мен аяқ киім мынадай көлемде беріледі:

 

№

Атауы

Өлшем бiрлiгi

Балаларға (психоневрологиялық ауытқулары бар)

Он сегіз жастан асқан адамдарға

Норма

Мерзiмi (жыл)

Норма

Мерзiмi (жыл)

Киім

1

Пальто немесе куртка

дана

1

2

1

3

2

Жадағай немесе жел өткiзбейтiн күрте

дана

1

2

1

2

3

Жүн матадан тiгiлген костюм

дана

1

2

1

3

4

Мақта матадан тiгiлген костюм

дана

1

1

1

1

5

Спорттық костюм

дана

1

1

1

1

6

Шалбар немесе джинсы

дана

3/4*

1

4

1

7

Көйлек, сарафан немесе халат

дана

3/4*

1

4

1

8

Жүн матадан тiгiлген юбка

дана

1

2

1

2

9

Мақта матадан тiгiлген юбка

дана

3/4*

1

2

1

10

Мақта матадан тiгiлген блузка

дана

2

1

2

1

11

Свитер, жекет, жемпiр, кофта немесе трикотаж жаймадан тiгiлген желет

дана

1

2

4

2

12

Трико

дана

2

1

2

1

13

Футболка

дана

3

1

3

1

14

Мақта матадан тiгiлген кеудеге киетiн жейде

дана

3/4*

1

3/4**

1

Іш киім

15

Трусы немесе панталон

дана

6/4*

1

4/8**

1

16

Түнде киетiн жейде немесе пижама

дана

2/3*

1

2/3**

1

17

Майка

дана

2

1

3

1

18

Мақта матадан және иiлiмдi трикотаж жаймадан тiгiлген киiм-кешек бұйымы (бюстгальтер)

дана

2

1

4

1

19

Кальсондар

дана

2

1

20

Гамаштар

дана

1

1

1

1

Орамал-шарф бұйымдары мен бас киiмдер

21

Шарф

дана

1

1

1

1

22

Бөрiк немесе берет

дана

1

2

2

2

23

Панама, фуражка немесе кепкалар

дана

1

1

1

1

24

Әйелдердiң бас орамалы

дана

1

1

1

1

25

Тақия

дана

1

2

26

Қолғап немесе биялай

дана

1

1

1

1

27

Жүн орамал (жартылай жүн)

дана

1

1

28

Тоқыма шапка

дана

1

1

1

1

Носки-шұлық бұйымдары

29

Колготки

дана

6

1

6

1

30

Шұлық

дана

12

1

31

Носки

дана

6/12*

1

12/10**

1

32

Гольфы

дана

3

1

Аяқ киім

33

Қысқы етiк немесе киiзден тiгiлген аяқ киiм

дана

1

1

2

3

34

Пима

дана

1

1

1

1

35

Маусымдық етiк

дана

1

1

1

2

36

Қысқа етiк

дана

1

1

1

2

37

Бәтеңке немесе туфли

дана

1

1

1

1

38

Қысқа бәтеңке

дана

1

1

1

1

39

Жалаңаяқ киетiн аяқ киiм немесе сандали

дана

2

1

1

1

40

Спорттық аяқ киiм

дана

1

1

1

1

41

Бөлмеде киетiн тәпiшке

дана

3/4*

1

4

1

42

Сланцы

дана

1

1

2

1

 

Ескертпе:

1) * 6, 7, 9, 14, 15, 16, 31, 41-тармақтардағы бiрiншi сан - он төрт жасқа дейiнгi балаларға арналған кию нормасын, екiншi сан - он төрттен он сегіз жасқа дейiнгі балаларға арналған кию нормасын көрсетеді;

2) ** 14, 15, 16, 31-тармақтарда ересектерге арналған бiрiншi сан - еркектерге арналған кию нормасын, екiншi сан - әйелдерге арналған кию нормасын көрсетедi.

 

Халықты әлеуметтік қорғау

саласында стационарлық жағдайда

арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсету стандартына 7-қосымша

 

 

Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан
адамдарды стационарлық үлгiдегi ұйымдарда оқыту ұзақтығы

 

Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы барлық үлгідегі ұйымдарда олардың дағды деңгейiне, танымдық қызметi мен жас ерекшелiктерiне қарай құрылады:

балалардың әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi ең төмен деңгейде болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейiн созылады;

әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi төмен деңгейде болғанда - 20 минутқа дейiн;

әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi қалыпты деңгейде болғанда - сабақ 30 минутқа дейiн;

әлеуметтiк дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметiнің деңгейі айтарлықтай төмендемеген жағдайда - 45 минутқа созылады.

Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзiрленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындар өткiзіледi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 марта 2015