«Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы енгізген 2021 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға өтінім берген Алматы қаласы ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының 2020 жылғы 6 қарашадағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы енгізген 2021 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға өтінім берген Алматы қаласы ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының
    2020 жылғы 6 қарашадағы № 105 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:

мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға өтінім берген Алматы қаласы ұйымдарының тізбесі, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Алматы қаласы Әлеуметтік әл – ауқат басқармасының еңбек нарығын дамыту бөлімі және Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы осы бұйрықтың Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының және Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ресми интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Д. Әлкебайұлына және «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Д.Б. Иманкуловаға жүктелсін.

 

 

Басшы                                                                                                  Н. Тоғызбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 апреля 2021