Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы атқарылған жұмыстарының қорытындысы туралы ақпарат

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының
2020 жылғы 31 желтоқсандағы атқарылған жұмыстарының қорытындысы туралы ақпарат

                  

Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектерге және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік жәрдемақы төлеу қызметтері «Алматы – 2020» Даму бағдарламасы мен «Еңбек» 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

  1. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету және жәрдемақы төлеу.
  2. Жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Кедейлік шегі тоқсан сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде анықталады
    (2020 жылғы 4 тоқсанда – 38 132 теңге, кедейшілік шегі – 26 692 теңге).

Атаулы әлеуметтік көмек төлеміне РБ-тен 3 173,9 млн. теңге жоспарланды.

Жыл басынан АӘК 5 920 отбасыға (29 212 адам) 3 099,9 млн. теңге төленді, оның ішінде:

Шартсыз ақшалай көмек – 1 663 отбасына (6 207 адам) 760,5 млн. теңге төленді, отбасының бір мүшесіне шаққандағы төлемнің орташа көлемі
10 210 теңгені құрады;

Шартты ақшалай көмек – 4 504 отбасына (24 059 адам) 2 229,4 млн. теңге төленді, отбасының бір мүшесіне шаққандағы төлемнің орташа көлемі
8 103 теңгені құрады.

2020 жылдан бастап АӘК алушылар балаларға арналған табиғи қолдауды қамтитын кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен (КӘП) қамтамасыз етіледі:

  • мектепке дейінгі жастағы – балалар тағамы және гигиеналық керек-жарақтар;
  • мектеп жасындағы – мектепте ыстық тамақ, мектеп киімін және керек-жарақтарын сатып алу, жолақы шығындарын өтеу.

Осы мақсаттарға РБ-тен 329,8,2 млн.теңге бөлінді.

31.12.2020 жылы 1 мен 6 жас аралығындағы 6 927 бала азық-түлік жиынтығымен 329,8 млн. теңгеге қамтылды. Кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету «Magnum Cash&Carry» дүкендер желісі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылары жалғамаларды орнату және жеткізу бойынша қызметті төлеу арқылы қайтарымсыз телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етіледі.

Аталған қызмет төлемі 2020 жылға жергілікті бюджеттен 100 адамға 0,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Көмек 100 адамға 0,9 млн. теңгеге көрсетілді.

  1. Аз қамтылған азаматтарға бекітілген нормативтер шегінде тұрғын үй коммуналдық шығындар төлемі отбасының жиынтық табысының
    5% пайыздық үлесінен асқан жағдайда тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі төлеміне 1 648 адамға 33,6 млн. теңге бөлінді.

2020 жылғы 31 желтоқсанға тұрғын үй көмегі 1669 отбасыға
33,6 млн. теңге төленді.

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы
    №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысын және Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімін орындау мақсатында келесі әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі:

1) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға жарты жылда бір рет
7 АЕК (19 446 теңге) мөлшерінде беріледі:

  • арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, зейнет жасына толған зейнеткерлерге;
  • арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;
  • бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектерге;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған, аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға көрсетіледі.

2020 жылға осы мақсаттарға 8 051 адамға 297,4 млн. теңге бөлінді, көмек 8 182 адамға төленді, 297 млн. теңге игерілді.

  • жан басына шаққандағы орташа табысы 2 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтылған азаматтарға 20 АЕК мөлшерлі біржолғы әлеуметтік көмек (55 560 теңге).

2020 жылға 5 689 адамға 310,2 млн. теңге жоспарланған. Аталған көмек 6 058 адамға 321,5 млн. теңге төленді.

  • өрт немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккендерге баспанасынан айырылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде 200 АЕК (555 600 теңге), сондай-ақ қазалы жағдай орын алғанда отбасының қайтыс болған әр мүшесіне 50 АЕК (138 900 теңге) мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек. Аталған көмек төлеміне 27 адамға 14,6 млн. теңге бөлінді. Көмек 29 адамға 12,2 млн. теңге төленді.
  • ыстық және (немесе) суық сумен, газбен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азаматтарға бір құрал үшін 3,4 АЕК (9 445) мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
  • бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
  • бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге;
  • зейнет жасына толған зейнеткерлерге.

Осы мақсатқа 269 адамға 3,3 млн.теңге қаражат бөлінді. 2020 жылғы
31 желтоқсанға аталған әлеуметтік көмек 307 адамға 3,7 млн. теңгеге көрсетілді.

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) ай сайын
    6,5 АЕК (18 057 теңге) мөлшеріндегі әлеуметтік көмек. Аталған көмекке
    205 адамға 38,6 млн. теңге бөлінді. Аталған әлеуметтік көмек 205 адамға
    37,6 млн. теңге төленді.
  • Емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтарға ай сайынғы 12 АЕК (33 336 теңге) мөлшеріндегі әлеуметтік көмек. 2020 жылы осы көмек түріне 738 адамға 157 млн.теңге бөлінді, көмек 774 адамға 142,9 млн. теңге төленді.

7) жеке тұрғын үй иесіне жалпы басынан үйге дейін газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға 3 нүкте үшін 100% шығыны мөлшерінде:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
  • бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
  • құрамында бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері бар отбасыларына;
  • мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларына;
  • Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге көрсетіледі.

Аталған газ құбырын жалпы басынан үйге дейін орнату және жүргізу шығындарын өтеу біржолғы болып есептеледі және алған өтініш иесіне, отбасы мүшелеріне және онымен бірге тұрақты тұратын адамдарға қайта көрсетілмейді.

2020 жылы аталған көмек түрі төлеміне 41 адамға 8 млн. теңге бөлінді. 31.12.2020 жылы көмек 44 адамға 8 млн. теңгеге көрсетілді.

  • жан басына шаққандағы отбасы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік деңгейінен аспайтын көп балалы отбасыдан шыққан ЖОО үздік студенттеріне 10 мың теңге ай сайынғы шәкіртақы түрінде әлеуметтік көмек төлемі жүргізіледі. 7 адамға 220 мың теңге бөлінді. 31.12.2020 жылы көмек 7 адамға 170 мың теңге төленді.
  • 2020 жылғы шілде айынан бастап әлеуметтік көмектің жаңа түрі енгізілді: ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырған балаларға 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек (ҚР бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі – 65 336), 45 балаға
    16,5 млн. теңге бөлінді. 31.12.2020 жылы 44 балаға 15,9 млн. теңгеге көмек көрсетілді.

10) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне 18 314 адамға жалпы сомасы 1 308,2 млн. теңге қаражат бөлінді.

31.12.2020 жылы көмек төленді:

- ҰОС қатысушыларына, мүгедектеріне – 203 адамға 203 млн.теңге;

- ҰОС қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға – 3994 адамға 399,4 млн.теңге;

- еңбек майданының қатысушыларына – 14 118 адамға 705,9 млн. теңге

11) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысқандары үшін азаматтық, әкімшілік, тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғаларға, ҚР 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға 150 мың теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек қарастырылған. 380 адамға 57 млн. теңге қаражат бөлінген. 65,9 млн. теңгеге 439 адам көмек алды.

  1. Алматы қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы №82 «Қоршаудағы кезенінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және Ленинградты қорғағаны үшін медалімен әрі Қоршаудағы Ленинград тұрғыны белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» шешіміне сәйкес қоршаудағы Ленинград тұрғындарына барып және қайтуға жолы өтеледі. 2020 жылға 145 мың теңге бөлінді, 2 адамға 144,6 мың теңге төленді.
  2. Алматы қаласы мәслихатының ХХIII сессиясының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы 5 жиынында №196 «мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне сәйкес мүгедек баланы үйде оқыту шығындарын өтеуге тоқсан сайын 12 АЕК (33 336 теңге) төленеді.
    800 адамға 63,2 млн. теңге бөлінді. 31.12.2020 жылы 794 адамға 63,2 млн. теңге төленді.

ІІ. Мұқтаж азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету.

2020 жылдың 31 желтоқсанына арнайы әлеуметтік қызмет (АӘҚ) 7 495 адамға көрсетілді, кезекте 199 адам тұр, оның ішінде «Демеу» (№1) АӘҚ көрсету орталығына – 152, «Шапағат» АӘҚ көрсету орталығында (психоневрологиялық ауыру бар мүгедек-балаларға арналған күндізгі болу орталығы) – 35, үкіметтік емес ұйымдарда – 12 адам.

Стационар жағдайында АӘҚ мүгедектер, соның ішінде мүгедек балалар, қарт адамдар мен өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға медициналық-әлеуметтік мекемелерде көрсетіледі.

«Шаңырақ» (№3) арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 326 адам, «Демеу» (№1) арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында - 710 адам, «Сенім» (№2) арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында - 139 адам тұрды. «Қамқор» Әлеуметтік тұрғын үйде 53 адам тұрады.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлар арқылы жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет 1099 адамға көрсетілді.

АӘҚ мемлекеттік сектормен жартылай стационар жағдайында 359 адамға көрсетілді, солардың ішінде, «Шапағат» АӘҚ көрсету орталығында (Психоневрологиялық аутқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығында) – 63 адам, Түрксіб, Бостандық және Наурызбай аудандарының бөлімшелерінде – 158 адам, «Аяла» және «Парасат» АӘҚ көрсету орталықтарында (Алмалы және Әуезов аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталықтары) – 138 бала.

Үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтермен 6 аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің 12 әлеуметтік көмек бөлімшелерінде және «Аяла» және «Парасат»  орталықтарында 1034 мүгедек бала қамтылған, оның ішінде 259 адам - 18 жастан асқан тұлғалар.

Сонымен қатар, қалалық аудандық әкімдігі аппараты жанындағы жалғыз басты мүгедектер мен қарттарға үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсетудің 29 бөлімшесінде 2 933 жалғыз басты мүгедектер мен зейнеткерлерге қызмет көрсетіледі.

Уақытша болу жағдайындағы АӘҚ 180 койка-орынға есептелінген «Пана» әлеуметтік бейімдеу Орталығында (Алматы қалалық бейімдеу орталығы) 775 адам алды.

Мемлекеттік емес сектормен АӘҚ 908 адамға көрсетілді, оның ішінде:

стационар жағдайында:

- тәуелсіз өмір сүру орталығы арқылы («Рух» ҚБ, «Психоаналитикалық қауымдастық» ҚБ) - 40 адам;

жартылай стационар жағдайында:

- 550 мүгедек-балалар мен 18 жастан асқан балаларға: «АРДИ» мүгедек балаладың ата-аналары қауымдастығы, «Мархабат» ҚҚ, «Мейірім» ҚҚ, «Амаль-Иман» ҚҚ, «Арман-Алматы» ҚҚ, «Кеңес» МҚБ және т.б. арқылы;

- «Алматы жас медиктері қауымдастығы» ҚБ (жоспар - 50 адам,
42,2 млн.теңге)
және «Ұлттық медициналық ассоциация» ҚБ (жоспар – 30 адам 25,3 млн.теңге) күндіз болу орталығы арқылы күретамыр қысымы көтерілуі танымдық бұзылулары бар (3 деңгейі және 3 қатер) 190 қарт адамға есін жаттықтыру және қалпына келтіру үшін қызмет көрсетілді.

  • ҚР Президентінің 2016 жылғы 08 желтоқсандағы № 387 «Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы» Жарлығын орындау мақсатында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 10 тұлғаға арнайы әлеуметтік қызметтер «Виктория» ҚҚ арқылы (жоспар – 10 адам, 5,9 млн.теңге) көрсетіледі.
  • 102 тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына «Қазақстанның тең құқық және тең мүмкіндіктер институты» ҚҚ арқылы қызмет көрсетілді (жоспар – 17 адамға 22,4 млн.теңге).
  • адам саудасының құрбандарына арналған арнайы әлеуметтік қызметтер «Арман АНК» ҚҚ арқылы 16 қызмет алушыға беріледі (жоспар – 6 адамға 10 млн.теңге).

«Кеңес» МҚ арқылы «Ерте араласу» жобасы жалғасуда (жоспар 150 адамға 24,2 млн.теңге) қызмет көрсетуге келісім шарт жасалды. Жоба даму ауытқулары бар балаларға және туа біткеннен бастап үш жылға дейін мүгедектік патологиясы мен әлеуметтік жетімдікке жол бермеу үшін қауіп-қатері бар балаларға кешенді қызмет көрсетуге бағытталған. Топтық және жеке сабақтар жүргізіледі, онлайн қызмет барлығы 152 балаға көрсетілді.

ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңын іске асыру және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерді шешу үшін
«Жан-Сая» Дағдарыс орталығында 311 адам қызмет алды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне және Алматы қаласы әкімдігіне 369 көп балалы ананың құжаттары жіберілді, оның ішінде жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеген 66 адам «Алтын алқа»  төсбелгісімен марапатталды, алты бала туып, тәрбиелеген 303 анаға «Күміс алқа» төсбелгісі берілді.

ІІІ. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау.

МЖТО мәліметтері бойынша Алматы қаласы бойынша мүгедектердің саны 54 595 адам.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту бойынша шаралар «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңдары, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Стандарттары шеңберінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасына сәйкес тегін хирургиялық және гигиеналық құралдар, мүгедектер арбасы, протездік-ортопедиялық көмек, санаторлық-курорттық емдеу, жеке көмекші қызметтері, «инватакси , ымдау тілі маманымен қамтамасыз етіледі.

Осы мақсаттарға 2020 жылы 4 588,6 млн.теңге бөлінді, (РБ – 1 219,2 млн. теңге, ЖБ – 3 369,4 млн. теңге).

Жыл басынан «Инватакси» тасымалдау қызметтері бойынша
257,4 млн.теңге сомасына 30 машинамен, «Оңай» терминалдарын ай сайынғы қызмет көрсету 5,7 млн теңге жұмсалды.

5 750 адам 644,7 млн. теңге сомасына міндетті гигиеналық құралдармен, 215,6 млн. теңге сомасына 847 адам кресло-арбалармен, 17,8 млн. теңге сомасына 1090 адам қозғалу құралдарымен, 94,7 млн. теңге сомасына 1176 адам сурдотехникалық құралдармен, 19,6 млн. теңгеге 548 адам тифлотехникалық құралдармен, 407 млн. теңге сомасына 4 305 адам протездеу және ортездеу қызметімен, 3,4 млн. теңгеге 410 адам есіту протезі құралдарымен қамтамасыз етілді. Жеке көмекшінің қызметімен 1 771,5 млн.теңге сомасына 2 729 адам, ымдау тілі маманының қызметімен 202,3 млн. теңге сомасына 507 адам қамтамасыз етілді. Кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорын баптау және ауыстыру бойынша қызметтер 85 мүгедек адамға 416,5 млн. теңгеге көрсетілді.

Санаторлық-курорттық емдеумен 505,2 млн. теңге сомасына 4 909 адам қамтамасыз етілді.

«Ten Qogam» мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру орталығы» әлеуметтік жобасын іске асырылуда, 26,3 млн. теңгеге 172 адамды қамту жоспарлануда. Жобаның мақсаты – мүгедек адамдарға өз әлеуетін іздеу және жұмысқа орналастыру және іске асыру мақсатында біліктілік алуға, білім мен дағды алуға көмектесу. Джоб-коучинг функциясы мүгедектерді іздеу және жұмысқа орналасудың бастапқы кезеңінде сүйемелдеуге мүмкіндік береді. 26,3 млн. теңгеге 172 мүгедектігі бар тұлғаға қызмет көрсетілді.

Мүгедектерге өз құқықтарын іске асыру бойынша тең мүмкіндіктер беру мақсатында мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде, ол объектілерді паспорттауды және бейімдеуді қамтиды. Ағымдағы жылы 392 нысан паспорттаудан өткізу, 275 нысан бейімдеу жоспарлануда. Нысандарды паспорттау және бейімдеу бойынша жұмыстар 100% орындалды.

  1. «Белсенді ұзақ өмір» Жол картасын (бұдан әрі - ЖК) іске асыру бойынша.

МЖТО мәліметтеріне сәйкес зейнеткерлер саны – 232 213 адамды құрайды.

Ағымдағы жылы «Белсенді ұзақ өмір» ЖК іске асыру жұмыстары жалғасуда, осы мақсатқа бюджеттен 245,4 млн.теңге бөлінді.

Алматы қаласында 9 Белсенді ұзақ өмір орталығы (бұдан әрі - БҰӨО) жұмыс істейді. Орталықтарда 21 397 адам тіркелген, 1 015,7 мың адам қызметтермен қамтылған.

Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты БҰӨО қашықтықтан қызмет көрсетуге ауысты. Зейнеткерлер гериотар, психолог, медбикелер онлайн немесе телефон арқылы қызметтер ала алады. Скандинавиялық жүру, шахмет, би курстары WhatsApp мессенжеры арқылы жүргізілуде. Онлайн қызметтерді барлығы – 4 706 зейнеткер алды. Қарттар күні мен айлығына орай өткізілген іс-шараларға 1500 адам қатысты.

Туризм басқармасымен бірлесіп қаланың 4 ауданының (Алатау, Әуезов, Наурызбай, Бостандық) 200 зейнеткерлергеэкскурсия өткізілді.

Зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емдеу бойынша әлеуметтік көмек 2 465 адамға 240,7 млн теңге бөлінді.

Натуралды түрде (жолдама түрінде) санаторлық-курорттық емдеу
2 490 зейнеткерге 240,7 млн. теңгені құрайтын, санаторлық-курорттық емдеу шығындарын өтеуге 38 адамға 2,6 млн. тенгені құрайтын әлеуметтік көмек көрсетілді.

  1. Күнкөрісі төмен отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы.

«Бақытты отбасы» орталығының қызметін жүзеге асыру үшін 191,4 млн. теңге бөлінді. Алматы қаласында «бір терезе» қағидасы бойынша күнкөрісі төмен отбасыларға арнайы қызметтерді көрсетуге бағытталған «Бақытты отбасы» қалалық және 8 аудандық орталықтар жұмыс істейді.

Барлығы орталықтарды 33 848 адам тіркелген, ақпараттық - кеңестік және ресурстық қолдау – 78 802 адамға, әдістемелік және құқықтық көмек – 35 716 адамға, салауатты өмір кабинеті қызметімен – 4 742 мың адам, базалық тренингтерден 31 226 адам, көпбалалы аналар үшін оқыту курстары – 33 734 адамға өткізілді.

Қалалық орталыққа 9 235 адам тіркелді. «Бақытты отбасы» орталығының базалық тренингтерінен – 1 142 адам өтті. Ақпараттық-кеңестік және ресурстық қолдау қызметін – 5 765, салауатты өмір кабинеті қызметімен – 780 адам қамтылды.

Аудандық орталықтарда 24 568 адам тіркелді, ақпараттық-кеңестік және ресурстық қолдау – 37,4 мың адамға, ана мен балаға арналған салауатты өмір кабинеті – 5,3 мың адам, базалық тренингтерден 31,7 мың адам, оқыту курстардан – 27,3 мың адам өтті.

Төтенше жағдай жариялануына байланысты, орталықтар қашықтықтан қызмет көрсетуге ауыстырылды. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар заңгердің, психологтың, қызметтерін онлайн және телефон арқылы алады. Сондай-ақ, аналар және балалар үшін оқылатын мастер-класстар WhatsApp мессенжерлері арқылы  және Instagram әлеуметтік желісі арқылы жүргізіледі.

2020 жылғы маусымнан бастап Алатау ауданының аз қамтылған отбасыларына арналған дәстүрлі қолөнерді дамыту орталығы жұмыс істейді, 10,6 млн.теңге бөлінді. Орталықтың мақсаты ұрпақтардың сабақтастығы, аз қамтылған отбасы мүшелеріне аналған дәстүрлі қолөнерді дамыту бойынша қызмет көрсету.

Орталыққа 3 258 адам жүгінді, ақпарттық-кеңестік қолдау – 12 мың адам, психолог қызметін – 1,5 мың адам, заңгер қызметін – 5,5 мың адам, әлеуметтік қызметші – 3,9 мың адам алды. Дәстүрлі қолөнер, киімдер дизайны, әрлеу және маникюр бойынша – 960 адам оқуда, білім беру және шығармашылық үйірмелерге – 2 071 бала барады, ересектерге арналған жеке өсу бойынша базалық тренингтерден – 1 028 адам өтті.

VІ. Қайырымдылық шараларын өткізу

ҮЕҰ, меценаттар қайырымдылық жасаушылар мен қорлардың біріңғай мәліметтер базасын жасақтау бойынша жұмыс жалғасуда. Меценаттармен ҮЕҰ, халық және мемлекеттік органдармен бірлесіп қайырымдылық көмек және әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша бірлескен шаралар жүргізілуде.

2020 жылғы  1 тамыздан бастап «Шыңға өрлеу» Әлеуметтік клубы» жобасын іске асыру басталды, жобаның мақсаты өмірлік қиын жағдайда қалған аға буын өкілдерін өздерінің өмірлік тәжірибелерін, білімі мен дағдыларын бастауыш мектеп жасындағы балаларға беру жолымен қоғамдық өмірге тарту болып табылады. Медициналық-әлеуметтік мекемеде тұратын зейнеткерлер, жұмысқа қабілетті мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, аз қамтылған көп балалы отбасылардың 1-4 сыныптағы балалар – клубтың өкілдері болды.

«Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы қаланың 5 ауданында (Алатау, Алмалы, Әуезов, Жетісу, Наурызбай) онлайн режимде жұмыс жасайды. Жетісу ауданында орталықтың бөлімшесі оффлайн режимде ашылды.

Қаланың Алатау, Алмалы, Әуезов, Жетісу, және Наурызбай аудандарында оффлайн режимде 390 бала оқиды.

VII. Обеспечение занятости населения.

Статистика деректері бойынша қалада 2020 жылғы 3 тоқсанда жұмыс күшінің саны 1 008,5 мың адамды құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 21,5 мың адамға артық, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық – 954,8 мың адам (өсім 18,1 мың адамға).

Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 82 мың адам, олардың жұмыспен қамтылған халық санынан үлесі 8,6%-ды құрады.

Жұмыссыздар саны 54 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі 5,3%.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру жалғасуда, ол 4 бағыт бойынша іске асырылады.

Бірінші бағыт шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) өмірлік қиын жағдайда жүрген 9-11 сыныптардың 2500 түлегін және аз қамтылған отбасы мүшелерін, сондай-ақ азаматтардың өзге де санаттарын қамту жоспарланған. 5 123,4 млн. теңге бөлінді, 100% игерілді. 2017 жылдан бастап 8 384 адам оқуын жалғастыруда (462 адам оқудан шығарылды, 1 358 адам оқуын аяқтады, 907 адам жұмысқа орналастырылды).

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша жоспар 1000 адамды құрайды, 226,9 млн. теңге бөлінді. Өңірлік комиссия 25 оқу орталығының, 27 мамандықтың тізбесін бекітті. Барлығы 1 005 адам жіберілді, 100% игерілді (932 адам аяқтады).

Екінші бағыт шеңберінде бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын жұмыссыздарға және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға шағын кредит беріледі. Шағын несиелеуге (ауыспалы қаражатты есепке ала отырып) – 2 002,6 млн.теңге, шағын несиелерге кепілдік беруге – 101,3 млн. теңге бөлінді, ағымдағы жылы 2 032,2 млн. теңгеге 154 жоба қаржыландырылды, 41 млн. теңгеге 3 жоба мақұлданды, кепілдік беру бойынша 125,8 млн. теңгеге 21 жоба мақұлданды. 330 адамға – ХЖҚО жолдама берілді.

200 АЕК-ке дейін 1 705 өтеусіз грант берілді, 947,3 млн. теңгеге (100%).

Үшінші бағытта жүгінген азаматтарға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:

  • әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, мамандық таңдауға көмек, оқу және жұмысқа орналасу бойынша кеңестер;
  • лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
  • әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
  • жастар тәжірибесін ұйымдастыру;
  • қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.

Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу және еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында Еңбек министрлігімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 2020 жылға арналған кешенді жоспары бекітілді, онда 53,9 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсетуді көздейді.

Барлығы 56 367 адам қамтылды, (104,5%) оның ішінде:

– тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғаны – 23 897 адам,

– «Жұмыспен қамту» ЖК жұмысқа орналастырылғандар – 10 958 адам;

– уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандар –18 649 адам, оның ішінде:

  • әлеуметтік жұмыс орындары – 1 185 адам;
  • жастар тәжірибесі – 1 503 адам;
  • қоғамдық жұмыс – 15961 адам.

– қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 1 005 адам;

– 200 АЕК дейін гранттар – 1 858 адамға берілді.

Төртінші бағыт «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыруды көздейді:

- «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлау;

-«Жас кәсіпкер»жобасы аясында жастар кәсіпкерлігін дамыту.

31.12.2020 ж. Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін 76 082 адам жүгінді, оның ішінде жұмыссыз ретінде 33 043 адам тіркелді. Ай соңында есепте тұрғандар 21 183 адам, оның ішінде жұмыссыздар санынан – 19 506 адам.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі қыркүйек айының соңында – 1,9%.

Ағымдағы жылы 48 282 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның ішінде 28 мың тұрақты. 31.12.2020 ж. 76 301 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 35 406 тұрақты, кәсіпкерлік субъектілерімен – 30 032, сондай-ақ «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары бойынша – 18 648, Өңірлерді дамыту – 824, «БЖК – 2020» бағдарламасы – 3 540, ЖҚЖК бағдарламасы – 21 863, «Нұрлы жер» бағдарламасы – 455, Білім және ғылымды дамыту – 70, ИИДМБ – 869.

Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру аясында жұмыс түрі және нысандар бойынша 26 мың жаңа жұмыс орнын ашумен 228 инфрақұрылымдық жобалар көзделген, онда 50% жұмысшылар Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жалданады. 104 млрд. теңге бөлінді.

Барлығы ЖҚЖК бойынша 21 818 жаңа жұмыс орны құрылды (жоспардан 84%), Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 10 958 адам жұмысқа орналасты (84,3%). Жұмысшылардың орташа жалақысы 92 мың теңге. Жұмысқа орналасқан жастардың үлесі 37%.

Жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне (2 агенттіктің деректері бойынша) еңбек делдалдығы үшін жүгінген азаматтардың саны 3 631 адамды құрады, оның ішінде 17 адам жұмысқа орналастырылды.

Толық емес жұмыспен қамту және қызметкерлерді босату жағдайы тұрақты бақылауда. 31.12.2020 жылы қызметкерлер саны 183,3 мың адамнан тұратын 668 кәсіпорынға сауалнама жүргізілді. Сұралған кәсіпорындарда қабылданған қызметкерлер саны 20,3 мың адамды, жұмыстан босатылған қызметкерлер (өз еркімен) – 31,6 мың адамды құрады, оның ішінде штат санының қысқаруы немесе кәсіпорынның таратылуы себебінен 122 кәсіпорында 1 130 адам босатылды.

Өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты 3 465 адам жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстарда. Толық емес жұмыс уақыты режимінде 2 816 адам жұмыспен қамтылған, ҚР ЕК сәйкес ақы төлеу арқылы бос тұрып қалуына байланысты уақытша жұмыспен қамтылмаған – 2 420 адам, өндірісті ішінара тоқтату – 387 адам. Алдағы айда 13 кәсіпорында 114 адам босатылады деп болжануда.

2017-2025 жылдарға жұмыс күшінің басқарылатын ағыны бойынша 250 адамнан астам қызметкерлері бар қаланың ірі кәсіпорындарымен жол карталарын жасау бойынша жұмыс жалғастырылды, бұл жұмыс орындарын қысқартуға емес, сақтауға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 206 жол картасы жасалды (90%).

Әлеуметтік мәртебені анықтау бойынша жүргізілген жұмыс шеңберінде әлеуметтік мәртебесі жоқ азаматтардың саны 470 мыңнан (2017 жылғы сәуір) 14,3 мың адамға дейін төмендеді, мемлекеттік органдар
455,7 мың адамның немесе 97% мәртебесін растады. 2019 жылдан бастап «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасына 15 221 адам тартылды
(тұрақты жұмыс орындары – 8 554 адам, уақытша – 5 443 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 1 121 адам, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау – 55 адам, Бастау Бизнес – 48 адам).

Бейресми жұмыспен қамтылған халықпен мәселені шешу үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді, ол салық есептілігін ұсынуды талап етпейді. БЖТ төлеуші барлығы - 31 626 адам болды, 458 970 төлем жүргізілді.

Жыл басынан бері 3 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, оған 96 жұмыс беруші қатысты, 630 бос жұмыс орны ұсынылды. 635 адам өтініш білдірді, 45 адамға жұмысқа жолдама берілді.

Халықтың осал топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында Алматы қаласы бойынша әлеуметтік әл-ауқат басқармасы мен ҚАЖ Департаменті 2020 жылға арналған Алматы қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға, әлеуметтік көмек көрсетуге және басқа да бейімдеу шараларына жәрдемдесу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті. Халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаға сәйкес ЛА-155/6, ЛА-155/1, ЛА-155/13, ЛА-155/18 мекемелерінде еңбек заңнамасы, босату кезінде жұмысқа орналасу кепілдіктері және әлеуметтік қорғау түрлері мәселелері бойынша семинарлар өткізу жоспарланды. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты семинарларды өткізу тоқтатылды.

Жұмыс орындарын сақтауды көздейтін, жасалған меморандумдар туралы аудан әкімдіктерінен мәліметтер жинау бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта қала кәсіпорындарымен 406 197 қызметкер үшін жұмыс орындарын сақтай отырып, 38 412 меморандумға қол қойылды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

«Еңбек жолы» республикалық конкурсы өткізілді, 10 үміткер қатысты. Онлайн дауыс беру арқылы 3 жеңімпаз әр номинация бойынша анықталды.

«Парыз-2020» конкурсы шеңберінде 5 жеке кәсіпкерлік субъектілерін екі номинация бойынша өтінім берді

  • Көші-қон процестері.

1) Көші – қон заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша 2400 этникалық қазақ өтініш білдірді, 516 адамға оралман мәртебесі берілді, шетелде тұратын этникалық қазақтар арасынан туыстарын ҚР-ға көшіру үшін шақырулар берілді – 82 (ҚР азаматтарынан 28 өтініш).

Келген оралмандардың шығу елдері: ҚХР – 579 адам, Өзбекстан – 106 адам, Қырғызстан – 18 адам, Моңғолия – 40 адам, Ауғанстан – 5 адам, Түрікменстан – 6 адам, Түркия – 2 адам, , Ресей – 2 адам, Иран -1 адам.

2) Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту үшін 1 897 бірлік мөлшерінде квота бөлінді (I санат – 304, II санат-884, III санат-660, IV санат-49). Барлығы 1 153 рұқсат берілді (I санат – 146, II санат – 572, III санат – 408, IV санат – 27). ШЖК тартатын жұмыс берушілерден қала бюджетіне 363 млн. теңге мөлшеріндегі салық алымы төленді. ШЖК нәтижесінің негізгі елдері Қытай – 45%, Украина – 12%, Түркия – 9%,Үндістан – 4% болып табылады.

  1. Еңбек қатынастарын бақылау.

Жыл басынан бері азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған 295 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексерулер нәтижесі бойынша 285 заң бұзушылық анықталып, 180 нұсқама берілді. Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 123 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 27 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды, оның ішінде жалақыны уақытында төлемегені үшін 98 заңды тұлғаға 23,5 млн. теңгеге айыппұл салынды.

Банкротқа ұшыраған 7 мекемеде 57 жұмысшы алдында жалақы бойынша берешегі 71,9 млн.теңгені құрайды. Ағымдағы және мерзімі өткен берешектер жоқ.

137 кәсіпорында 330,3 млн. теңгеге жалақы бойынша берешек өтелді, 1 959 жұмысшының еңбек құқықтары қорғалды.

106 өндірістік жазатайым оқиға тіркелініп (зардап шеккендер – 110), нәтижесінде 55 адам жеңіл, 46 адам ауыр дәрежедегі дене жарақаттарын алды, 9 адам қазаға ұшырады.

Қала кәсіпорындарында жасалған 27 038 ұжымдық шарттарға мониторинг және тіркеу жасалды.

Дата публикации
08 января 2021