Алматы қаласыӘлеуметтік әл-ауқат басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау қорытындысы бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Ішкі талдау объектісінің толық атауы: «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма).
Ішкі талдау жүргізудің негізі: Басқарма басшысының 2020 жылғы 22сәуірдегі № 44 бұйрығы.
Ішкі талдау жүргізу аралығы: 2020 жылдың 4мамыры мен25мамыры аралығы.
Ішкі талдау жүргізу объектісі қызметін талдау аралығы: 2020 жылдың 3 қаңтары мен 4мамыры аралығы.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Басқарма қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарма өз қызметінде келесі салалық нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Кәсіпкерлік кодексін және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VI «Ардагерлер туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы», 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы», 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулыларын, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы»2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» және 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы», 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы», 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшерттарын бекіту туралы», 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы», Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы» бұйрықтарын, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы», V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралышешімдерін, Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 11 шілдедегі № 3/575 «Учаскелік комиссиялар туралы Ережені бекіту туралы», 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы», 2017 жылғы 30 қарашадағы № 4/496 «Еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы», Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4ақпандағы № 1/77«Алматы қаласыӘлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (бұдан әрі - Ереже) қаулыларын.
Нормативтік құқықтық актілердің мониторингі барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына келесідей сәйкессіздіктер анықталды:
Ереженің кіріспесінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібіне алмастыру қажет;
Қазақстан Республикасының2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңының 1 бабының 1 тармағының 29) тармақшасына сәйкес, Ереженің 1 тармағының 3) тармақшасын«(ерлі-зайыптылықтан)», «жекжаттықтан» сөздерімен, сонымен қатар «және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған» сөйлемімен толықтыру және де «және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті» сөйлемін алып тастау қажет;
Заңның 2 бабының бірінші абзацының 28) тармақшасына сәйкес, Ереженің 1 тармағының 4) тармақшасында «техникалық» сөзін «құрылыс» сөзіне, «талаптарға» сөзін «нормалар мен қағидаларға» сөздеріне және «жеке» сөзін «дара» сөзіне алмастыру және «экологиялық, өртке қарсы» сөздерімен толықтыру қажет;
Ереженің 1 тармағының 5) тармақшасымен анықталған «Кондоминиум» сөзінің мәнін Заңның 2 бабының бірінші абзацының 16-5) тармақшасымен анықталған «көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумы (бұдан әрі – кондоминиум) – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген меншік нысаны, бұл ретте пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар дара (бөлек) меншікте болады, ал дара (бөлек) меншікте емес бөліктер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады» түсінігімен алмастыру қажет;
Ереженің 1 тармағының 6) тармақшасымен анықталған «үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі» сөзінің мәнін Заңның 2 бабының бірінші абзацының 16-6) тармақшасымен анықталған «көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі (бұдан әрі – мүліктің меншік иелері бірлестігі) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға» түсінігімен алмастыру қажет;
Ереженің 1 тармағының 7) тармақшасымен анықталған «коммуналдық қызметтер» сөзінің мәнін Заңның 2 бабының бірінші абзацының 10) тармақшасымен анықталған «коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер» түсінігімен алмастыру қажет;
Заңның 2 бабының бірінші абзацының 13) тармақшасына сәйкес, Ереженің 1 тармағының 8) тармақшасы келсідей мәтінде жазылсын: «кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар – кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесіне, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жиналыс шешімімен белгіленген пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің міндетті шығындары»;
Ереженің 1 тармағының 9) тармақшасы Заңның 2 бабының бірінші абзацының 16-4) тармақшасына сәйкес мәтінде жазылсын: «көппәтерлі тұрғын үй кеңесі (бұдан әрі – үй кеңесі) – пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан сайланатын кондоминиум объектісін басқару органы»;
Ереженің 1 тармағының 12) тармақшасын Қазақастан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 1 бабының бірінші абзацының 1 тармақшасына сәйкес мәтінде жазу қажет: ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға»;
Ереженің 3 тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын келесі кезекте алмастыру қажет:
«1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға» сөйлемін «кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды» сөйлеміне;
«2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына» сөйлемін «коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға» сөйлеміне;
«3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге» сөйлемін «мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қабылдайды» сөйлеміне;
Заңның 97 бабының 7 тармағына сәйкес, Ереженің 6 тармағы келесі мәтінде жазылсын: «Тұрғынжайға ақы төлеу және коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемақы жөніндегі шығыстарды тұрғынжайда тұратын бірнеше жалдаушы (қосымша жалдаушы) немесе меншік иесі арасында бөлу тәртібі – тараптардың келісуімен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен айқындалады»;
Ереженің 8 тармағына өзгерістер енгізілуі тиіс, себебі Ереженің қажет құжаттар тізімінің қазақша нұсқасы мен орысша нұсқалары бір бірінен айрықшаланады. Сәйкестендіру міндетті. Дегенмен, қажетті құжаттар тізімінен тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мекенжай анықтамасын ұсыну талабы алып тасталуы тиіс.
Ереженің 17 тармағын Заңның 2 бабының бірінші абзацы 16-8) тармақшасына сәйкестендіру қажет, себебі «Үй-жай меншік иелерінің жалпы жиналысы» сөйлемі «көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс)» деп өзгертілген.
Ереженің 18 тармағының 3) тармақшасында келтірілген «канализация» сөзін Заңның 2 бабының бірінші абзацы 10) тармақшасына сәйкестендіріп «су бұру» сөзіне алмастыру қажет.
2019 жылдың екінші жартыжылдығында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтаманың ұсынымдарында тұрғын үй алаңының нормасына қатысты сот шешіміне байланысты Ереженің 26-тармағын өзгерту және толықтыру жөнінде ұсыныс берілді. Алайда, бүгінгі күні өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеген.
Уәкілетті органның атына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хат жолдау қажет.
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету үшін өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация, Нұр Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады деп көрсетілген. Алайда мемлекеттік қызметтің стандартында, сондай ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығыменбекітілген Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларында «электрондық үкімет» веб-порталына нұсқаулар жоқ.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VI «Ардагерлер туралы» Заңының жаңадан қабылдануына байланысты, Қағиданың 12 тармағының 2) тармашасында және 21 тармақтың 4) тармақшасындағы «және кепілдіктер» сөзін алып тастау қажет. Сонемен қатар,Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» ЗаңыҚазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VI «Ардагерлер туралы» Заңына алмастырылуы тиіс.
Ережеде анықталған әлеуметтік көмек алатын тұлғалар санатының тізімін «Ардагерлер туралы» Заңына сәйкескелтіру.
Қағиданы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету бөлігінде қайта қарау, осы Қағидамен айқындалған адамдардың барлық санаттарына әлеуметтік көмек алу және төлеу үшін әкімшілік кедергілерді жою.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 13 бабының бірінші бөлігінің 1 тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап екі ай ішінде әзірленеді және бекітіледі. Дегенмен, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілеттін қызметтің стандартына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес өзгертілер мен толықтырулар енгізілмеген.
Жоғарыда аталып өткен нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгертілер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін Қағиданың 23 тармағының 2) тармақшасымен және 39 тармағының 2) тармақшасымен анықталған тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты ұсыну талабы алынып тасталуы тиіс, себебі аталған құжатты беруге бағытталған мемлекеттік қызмет жойылған.
Ереженің 2 тармағының 1 тармақшасындағы уәкілетті органның атауын «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» атауынан «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» атауына өзгерту қажет.
Ереженің 5 тармағындағы «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XIX сессиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 «Учаскелік комиссия туралы Ережені келісу туралы» шешімімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына (бұдан әрі - Ереже)» сөйлемін «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына(бұдан әрі - Ереже)» сөйлеміне алмастыру қажет.
Ереженің 4 тармағы «сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын» сөйлемімен толықтырылсын.
Ереженің 6 тармағының 4 тармақшасы «немесе қажеттіліктің жоқтығы» және «2-қосымшасына сәйкес өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын ескере отырып» сөйлемдерімен толықтырылсын.
7 тармақ алынып тасталсын.
Ереженің 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 тармақтары Үлгілік ереженің сәйкес тармақтарына сәйкестендірілсін.
7.Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес, «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.Алайда, көрсетілген мемлекеттік қызмет стандартының 3-тармағына сәйкес өзгерістер енгізілмеген. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет қызмет беруші арқылы көрсетіледі, бұл қызмет алушылар мен қызмет беруші арасындағы тікелей байланысқа әкеледі.
8.Жаңадан бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Алайда, мемлекеттік қызмет көрсету стандартында өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады деп анықталған.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына өзгерістер уақтылы енгізілмеуіне байланысты, азаматтар тікелей қызмет берушіге жүгінуге мәжбүр, бұл көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланыс жасау қаупін арттырады.
Қорытынды: қазіргі уақытта Басқарма оның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған шаралар қабылдауда.
Персоналды басқару желісі бойынша, сонымен қатар кадр ауысымы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарманың штаттық саны – 233 бірлік, талдау жүргізу аралығында – 6 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған, қызметке – 7 мемлекеттік қызметші орналастырылған. Кадрлар ауысымының себебі келесілер: негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты – 2 бірлік, денсаулығына байланысты– 1 бірлік. Кадрлар ауысымы 3 адамды қамтиды, бұл 1,2 % құрайды.Басқармадағы бос орындар саны 16 бірлікті құрады.
Жыл сайынғы еңбек демалысына 200 қызметші жіберілді.
Басқармада лауазымды тұлғалармен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауға қатысты жауапкершілікке тарту фактілері анықталған жоқ. Бірақ, есеп беру кезеңінде 29 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды.
Қорытынды: Басқармада персоналды басқару желісі бойынша, сонымен қатар кадр ауысымы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Мемлекеттік сатып алу рәсімі талданды. Басқармада мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 6 бабына сәйкес жүзеге асырылады. Оған сәйкес конкурстық немесе аукциондық комиссия мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу барысында әлеуетті өнім берушілердің үлестестігін анықтау бойынша жұмыстар атқарылады. Аталған уақыт аралығында үлестестік фактілері анықталған жоқ.
Жақын туыстардың, жұбайлардың мен жекжаттардың бірге қызмет жасау фактілерін анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің жеке істері зерттелінді, жақын туыстардың, жұбайлар мен жекжаттардың бірге қызмет жасау фактілері анықталған жоқ.
Қорытынды: Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сәйкес нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне зерттеу жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 1/20 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне сәйкес мемлекеттік Басқарма 20 мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
баламалы негізде мемлекеттік органмен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы:
6) «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту»;
7)«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;
8) «Тұрғын үй көмегін тағайындау»;
9) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;
10) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;
11) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;
12) «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;
13) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;
14) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
15) «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
16) «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту»;
Мемлекеттік орган арқылы, баламасыз негізде:
17) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;
18) «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;
19) «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру»;
20) «Ақталған адамға куәлік беру».
Талдау жүргізу кезеңінде 61 315 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның 43 293 (70%) мемлекеттік орган арқылы, 15 498 (25,3 %) «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы, 2 524 (4,1 %) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген.
«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген стандарты және 2015 жылғы 23 шілдедегі № 3/461 Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген регламенті негізінде жүзеге асырылады. Талдау жасау аралығында 252 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 309 қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы, мемлекеттік орган арқылы 0 қызмет көрсетілмеген.
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізілімі бойынша, Алматы қаласы әлеуметтік әл - ауқат басқармасы (бұдан әрі-басқарма) 2020 жылдан бастап 18 мемлекеттік қызмет көрсетеді, алайда, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес өзгертулер мен толықтылуардың енгізілмеуіне байланысты, қазіргі уақытта басқарма мемлекеттік қызметтердің қолданыстағы стандарттарына сәйкес 20 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 16 қызмет баламалы негізде Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылады.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың 2477 оқиғасы тіркелді. Барлық бас тартулар негізделген, яғни құжаттар толық емес көлемде ұсынылған, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті мемлекеттік қызметті алуға құқығы жоқ.
Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 27 776 немесе 45% Халықты жұмысқа орналастыру мен жұмыспен қамтуға келеді, әлеуметтік төлемдер көрсетуге бір ай ішінде 19 797 немесе 32% және 12 366 қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 20% мүгедектерді әлеуметтік қорғауға тура келді.
Әлеуметтік төлемдер саласында «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі 12 204 бірлік немесекөрсетілген қызметтердің жалпы санынан 19% көрсетілгенін атап өткен жөн.Стандартқа сәйкес бұл қызмет баламалы негізде веб-портал арқылы тек әлеуметтік мәні бар аурулар мен мүгедектер санаты үшін көрсетіледі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 370 «Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен айқындалған Туберкулез; адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) туындаған ауру; созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы; қатерлі ісіктер; қант диабеті; психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы; балалардың церебральды сал ауруы; миокард жедел инфарктісі (алғашқы 6 ай); Ревматизм; дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы; жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары;; Орталық жүйке жүйесінің демиелиндеуші аурулары; орфандық аурулар), қалған санаттар (мысалы, алушылар санының жартысынан астамы келетін зейнеткерлер (7 АЕК) мемлекеттік қызметті мемлекеттік орган арқылы алуы тиіс.
Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы бекіткен Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жөніндегі қалалық жоспарға сәйкес 2019 жылға келесі 7 қызметті автоматтандыру жоспарланған:
- «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;
- «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;
- «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;
- «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;
- «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;
- «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
- «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу».
Қалалық жоспарды орындау мақсатында«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» және «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету үшінэлектронды алаң (aleumet-almaty.kz) жасалды.
Бұл алаң қызмет алушылардың жеке келу санын қысқартуға, электрондық базаны құру есебінен қызмет көрсету кезінде субъективті факторлардың әсерін азайтуға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта аталған портал тестілік режимде жұмыс істейді.
Азаматтардың санаторлы-курорттық емдеуді ұсыну кезектілігінің мониторингінеқол жеткізуін және ашықтығын, санаторийді таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін белгілеу үшін нормативтік құжаттарды әзірлеу жөнінде хат жіберілді.
Проблемалық сұрақтарды атап өтсек, электрондық үкімет порталы арқылы электронды түрде «Жұмыс іздеп жүрген тұлғаларды тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде проблемалар бар.Осылайша, жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жұмыс іздеуші «білім беру» және «еңбек қызметі» тармақтарын электрондық үкімет порталы арқылы толтырғаннан кейін осы тармақтар «еңбек нарығы» ААЖ арқылы сұрау салуды қабылдау кезінде көрсетілмейді.Осы себепті халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарына ізденуші өз бетінше толтырған деректерді қайта толтыруға тура келеді.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13 бабының 2 тармағына сәйкес, Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы, оны бос орындар пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы лайықты жұмыстың бар екендігі туралы хабардар ете отырып, өтеусіз негізде оған жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ әлеуметтік кәсіптік бағдарлау және кәсіптік оқыту бойынша қызметтер көрсетеді.Жоғарыда аталған «білім», «еңбек қызметі» тармақтарының болмауы ізденушіге еңбек делдалдығы кезінде белгілі бір қиындықтар туғызады.Электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсету кезінде көбінесе ақаулар орын алады, атап айтқанда азаматтық хал актілері (АХАЖ) жазбаларынан деректер келмейді, бұл тіркеуге сұрау салуды жіберуге мүмкіндік бермейді.Сондай-ақ, ізденушілер электрондық үкімет порталы арқылы өтінішті толтырудың барысында, атап айтқанда, онда білім, еңбек қызметін таңдау кезінде, саланы және қалаған қызметті таңдау кезінде іздеушінің жұмыс істемейтініне наразылық білдіруде.Қандай да бір мамандықты табу үшін қойындыдан өтіп, қолмен іздеу керек.Осыған байланысты, ізденушілер өтінімді толтыру кезінде қателіктер жібереді (қалаған лауазымын, білімін, еңбек қызметін көрсетпейді, жұмыспен қамту санатын, жай-күйінің санатын және есепке алу мақсатын дұрыс көрсетпейді), жұмыспен қамту орталығы өз кезегінде, осы сауалдарды тіркеуден бас тартады, себебі бұл деректер автоматты түрде электрондық еңбек биржасында түйіндеме ретінде орналастырылады. Ізденушілер сұрау салуды «Еңбек» порталында деректерді орналастыруға келісім берген кезде ғана жібере алатынын атап өту қажет, бұл келісімсіз сұрау салуды жіберу мүмкін емес.Барлық ізденушілер өз деректерін «Еңбек» порталына орналастыруға келіспейді, жеке, субъективті себептерден басқа, жақсы жұмыс орындары мен еңбек жағдайлары сылтауымен ізденушілерді «сетевиктер» қоңырау шалып мазалайды.Сондай-ақ, электрондық үкімет порталы Алматы қаласында уақытша тіркелген азаматтардан өтінімдерді қабылдамайды.Бейіндеуді жүргізу мүмкіндігі іске асырылмаған, соның салдарынан мамандардың электрондық үкімет порталы арқылы сұрау салуды қабылдау кезінде ізденушіні бейіндеуді жүргізуге мүмкіндігі жоқ, ол еңбек делдалдығын көрсету кезінде маңызды құрал болып табылады.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу үшін азаматтарға электрондық құжат нысанында өтініш беру үшін қажетті ЭЦҚ міндетті түрде болуы талап етіледі.Алматы қаласында мамандар барлық аудандық ХҚКО-да, сондай-ақ бас кеңседе орналасқан.ЭЦҚ жоқ жұмыс іздеушілердің өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы бас кеңсеге хабарласу арқылы, кезекті күтпестен, жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркеуге өтініш немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына электрондық жолдама алуға сұрау жіберу мүмкіндігі болмайды, бұл белгілі ыңғайсыздықтар туындатады.Осы қолайсыздықтарды жою үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарында Ұлттық куәландыру орталығы (ҰКО) маманының тұрақты қатысуы қажет. Сондай-ақ, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» және «Мүгедек балаларды үйде оқытуға арналған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың саны басқа да мемлекеттік қызметтерден бірнеше есе көп екенін атап өтуқажет, мемлекеттік корпорацияда өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарында үлкен кезектілік байқалады.Бұл қызметтерді көп жағдайда егде жастағы азаматтар алатындықтан, қызметті электрондық түрде алу олар үшін қиын болып табылады.
Жалпы жоғарыда айтылған проблемалық мәселелер электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санының өсуіне кері әсер етеді.
Қорытынды: Басқармада мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша келесідей сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:
Рұқсат беру функциялары бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидаларымен шарттарын бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Басқармада «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» рұқсат беру функциясы жүзеге асырылады. Есептік кезеңде 339 рұқсат берілген, оның барлығы «электронық мемлекет» порталы арқылы көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге шағым тіркелмеген.
Бақылау функцияларын жүзеге асыру бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарма бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен тексеруді және профилактикалық бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларын бұзу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың 996 өтініші қаралды.
Талданып отырған кезеңде еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған 81 тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында 92 заң бұзушылық анықталып, 56 заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді. Еңбек заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін 9,8 млн.теңге сомасына 46 әкімшілік айыппұлсалынды.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметпен сабақтас өзге де мәлелелер.
Аталған кезеңде Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 2045 өтініш келіп түскен, олардың 1714 жеке тұлағалардан және 331 өтініш заңды тұлғалардан, Басқарма басшылығының жеке қабылдауында 49 азамат болған. Заңды тұлғалардың 274 өтініштері толықтай қанағаттандырылған, 57 өтініштер бойынша негізделген жауап берілген, жеке тұлғалардың 1547 өтініші бойынша оң шешім қабылданып, 465 өтініші бойынша негізделген жауап берілген.
Бұзушылықтар 2302 жеке тұлғалардың өтініштерін қарау және орындау кезінде жіберілген, оның ішінде-2200 өтініш 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем алу мәселесі бойынша, қалған 102 өтініш АӘК мәселелері бойынша; мүгедектерді әлеуметтік қорғау; жұмыспен қамту; қайырымдылық, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өтініштер.
Заңды тұлғалардың 4931 өтініші уақтылы қаралмаған және орындалмаған, оның ішінде 4930 өтініш 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем алу мәселесі бойынша, басқа мәселелер бойынша 1 өтініш.
Басқарманың құжат айналымының едәуір ұлғаюының негізгі себебі Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне(бұдан әрі - ТЖ), және Алматы қаласындағы карантинге байланысты және меншік нысанына қарамастан Алматы қаласының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін тоқтатуға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардыңтөтенше жағдай кезеңінде табыстан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алуға өтініштерінің түсуінен болды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығымен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес, (1 АЕК (42 500 теңге)мөлшерінде ТЖ кезеңінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеуді жүзеге асыру тәртібі бекітілді, оған сәйкесжардемақыға түскен өтініштерді бастапқы өңдеу және қарау бойынша және одан әрі оларды уәкілетті органға жолдауды Басқарма жүзеге асырады.
Өтінішті уақтылы қарамаудың негізгі себептері мынадай факторлар болды:
Бірінші фактор.ТЖ режимін жариялау, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу бойынша шектеу шараларын енгізу кезінде басқарма қызметкерлерінің 70% астамы (мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, техникалық қызметкерлер) әртүрлі демалыс түрлеріне жіберілді,сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырылды.
Осыған байланысты, басқарманың алдына нақты қойылған функциялар мен міндеттерді, Алматы қаласы аумағында әлеуметтік шиеленіске жол бермеу мақсатында (Алматы қаласы әкімдігі бекіткен талаппен - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары мен ережесімен анықталған) орындаған қызметкерлер саны - 65 бірлікті құрады,бұл ретте Басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне жүктеме 3-4 есеге өсті(халықтың осал топтарына әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жұмыс, әлеуметтік төлемдер, техникалық құралдармен және мүгедектерді оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету, жұмысқа орналасуға көмек көрсету, Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, құқықтық актілерді әзірлеу және қолданысқа енгізу және т.б.).
Екінші фактор.ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты Басқармаға 2020 жылғы 20 наурыздан бастап қосымша 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмекті ұйымдастыру және төлеу бойынша жұмыс жүктелді (69 мыңнан астам адам қамтамасыз етілді), мұқтаж отбасыларды азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз ету (8,4 мыңнан астам адам қамтамасыз етілді).Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін, оларға теңестірілген тұлғаларды, еңбек майданына қатысушыларды және басқа санаттарға әлеуметтік қолдау (18 705-тен астам адам). Мұқтаж адамдарға медициналық маскаларды алу және бөлу, 50 000 теңге көлеміндегі көмеккемұқтаж азаматтардың жеке санаттағы тізімдерді дайындау, тексеру және тапсыру, табыстан айырылуы бойынша 1 АЕК (42 500 теңге) мөлшерінде әлеуметтік төлем, коммуналдық шығындарға 15 000 теңге мөлшерінде материалдық көмек және т. б.
Әлеуметтік қолдау шараларын түсіндіру, оларды алуға өтінімдерді қабылдау және өңдеу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын түсіндіру және қажетті кеңес беру мақсатында Басқармада 2СALL-орталық жұмыс істеді (әлеуметтік мәселелер және еңбек қатынастары мәселелері бойынша).
Үшінші фактор.Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген кезеңде 1 ЕТЖ (42 500 теңге) мөлшерінде әлеуметтік төлемді тағайындау жөніндегі ереже енгізілгенге дейін де Басқарма халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізді.
Өтініштерді қабылдау және өңдеудібұл жүзеге асыру Порталы және ЭҚАБЖ арқылы жүргізілген, үлкен жүктемені өңдеу және одан әрі құжаттарды орындау ұзақ уақытқа кешіктірілетін, бұл Басқарма қызметкерлерініңтүсініктемелеріменрасталады (ЭҚАБЖ базасының өшіп қалуы,ЭҚАБЖ құжаттарды ұзақ уақыт түсіру және тиеу және т. б.) себеп болғанын атап өту қажет.
Жоғарыда аталған себептерге байланысты, келіп түскен Басқарманың құзыретіне жататын сұрақтар бойынша, сонымен қатар 1 ЕТЖ (42 500 теңге) көлеміндегі табысынан айырылу бойынша әлеуметтік көмек бойынша өтініштердің уақытылы қарастырылмауы және кешіктірілуі Басқарманың қызметкерлеріне еркінен тыс жағдайларға байланысты орын алған деп санаймыз.
Талдау қорытындысы негізінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша келесіні ұсынамыз:
Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына талдау аяқталған күннен бастап үш ай мерзімде келесі бағыттар бойынша шаралар қолдансын:
1) V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімімен бекітілген Алматы қаласында тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету ережесіне сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет;
2) V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешімімен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін;
3) Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 11 шілдедегі № 3/575 қаулысымен бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы ЕрежесінеҚазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығымен бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережесіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкесөзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет;
4) V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 82 «Қоршаудағы кезенінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» шешіміне «Ардагерлер туралы» Заңының қабылдануына байланысты тиісті өзгертулер енгізу қажет;
Бейінді бөлімдермен бірлесе отырып, тиісті жоспарды бекіте отырып, басқарма көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттары бойынша жалпыға бірдей оқытуды жүргізу.
Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша және оларды қарастыру барысында ақпараттық жүйелерді қолдану туралы жалпы оқыту жүргізу.
Басшы Р. Шимашева
Енгізді:
Алматы қаласыӘлеуметтік әл-ауқат басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасау бойынша жұмыс тобы.
Басшының орынбасары А. Мукажанова
(жұмыс тобының басшысы)
Жұмыс тобының мүшелері:
Еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы А. Қалдыбаев
Заңмен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ж. Галиев
Мемлекеттік қызметті бақылау және
ақпараттық технологияларды дамыту
бөлімінің басшысы Ж. Қаратаев
Кадрлық жұмыс және құжаттық қамсыздандыру
бөлімінің бас маманы С. Нұрбаева
Миграциялық жүйелер
бөлімінң басшысы М. Маринов
Еңбек қатынастарын бақылау
бөлімінің басшысы М. Мукашева
Жұмысшыларды құқықтық қолдауды
бақылау бөлімінің басшысы С. Оразбеков
Тең мүмкіндіктер бөлімінің басшысы Ж. Кужамбердиева
Әлеуметтік инфрақұрылым бөлімінің басшысы А. Құрманғалиев
Мемлекеттік сатып алулар бөлімі
Басшысының м.а. А. Ермұхаметова
Заңмен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы К. Кунапиева
(жұмыс тобының хатшысы)