Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. 2020 жылдың қорытындысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.

2020 жылдың қорытындысы

 

Алматы қаласының әлеуметтік әл - ауқат басқармасы (бұдан әрі-басқарма) өз құзыреті шегінде осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізеді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) 10-бабына сәйкес, Басқарма Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеп, басшының бұйрығымен бекітілді. Стандарт Басқарманың интернет порталында орналастырылған. Қаржылық бақылау мақсатында қызметкерлер тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органына кірістер туралы декларацияны уақтылы ұсынады.

Сонымен қатар, басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқу тұрақты негізде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы мемлекеттік қызметтерді 2019 жылы 80%, ал 2020 жылы 90%-ға электрондық форматқа көшіру тапсырмасы шеңберінде, Алматы қаласында 2019 жылға арналған Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді, өзге де қызметтер мен функцияларды көрсетудің бизнес-процестерін одан әрі автоматтандыру және оңтайландыру жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Қалалық жоспар) бекітілді.

Қалалық жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметтердің 7 түрін автоматтандыру жоспарланған, олар: «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету», «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру», «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету», «Мүгедектерге кресло-арбалар беру», «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» және «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу».

Бүгінгі таңда Басқармамен көрсетілетін 4 мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылған («Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу», «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру», «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру», «ұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту»);

3 мемлекеттік қызметтер ішінара автоматтандырылған («Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Тұрғын үй көмегін тағайындау», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»), 6 мемлекеттік қызметтер проактивті түрде көрсетіледі («Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етугеқұжаттарды ресімдеу», «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»).

Жыл басынан азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған кезектен тыс 255 тексеру жүргізлген. Тексеру барысында 243 еңбек заңнамасы нормаларын бұзу анықталды, 109 заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 74 сөз сөйлеу ұйымдастырылды.

Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша қала кәсіпорындарында 3 252 адамның қатысуымен 219 кездесу өткізілді. Еңбек заңнамасының нормалары бойынша 1 038 азаматқа түсіндірме берілді.Карантин кезеңінде жедел желі құралдары бойынша кезекшілік ұйымдастырылып, 2020 жылғы 21-30 наурыз аралығында 342 азаматқа түсіндірме берілді.

22 желтоқсан күні сағат 20: 00-де «Алматы» телеарнасында Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы Akimat LIVE эфирінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

2020 жылғы 7 ақпанда Басқарманың ресми инстаграм парақшасында Басқарманың мемлекеттік қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністері орын алған жағдайда азаматтар хабарласуға арналған Басқарма мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі) call-center номерлері көрсетілген ақпарат жарияланған.

«Вечерний Алматы» газетінің 2020 жылғы 15 ақпандағы № 19 санында «№ 1 Арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-і директорының «Против коррупции сообща» атты мақаласы жарияланды.

«Вечерний Алматы» газетінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 24 санында «№ 2 Арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-і директорының «Противодействие коррупции – обязанность каждого гражданина» атты мақаласы жарияланды.

2020 жылғы 26 ақпанда «№ 3 Арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-де Орталық қызметкерлері арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты жиналыс өткізілді.

«Жемқорлыққа жол жоқ» атты мақала 2020 жылғы 27 ақпанда «Қала&Дала» газетінде және 28 ақпанда «Kazgazeta.kz» газетінде жарияланды.

«Almaty AQSHAMY» газетінің 2020 жылғы 24 қазандағы № 127 (5946) санында басқарманың «Парасат» әлеуметтік қызметтер орталығының кадрлар бөлімі басшысының «Сыбайлас жемқорлықтың көрініс табу түрлері мен формалары» атты мақаласы жарияланды.

«Вечерний Алматы» газетінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 24 санында «Қамқор» әлеуметтік үйінің заңгері А.Нұрбаеваның «Борьба с коррупцией – долг каждого» атты мақаласы жарияланды.

«Almaty AQSHAMY» газетінде басқарманың «Аяла» әлеуметтік қызметтер Орталығының заңгері «Әлеуметтік құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында мақала жарияланды.

 

Дата публикации
05 января 2021