Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау қорытындысы бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Ішкі талдау объектісінің толық атауы: «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма).
Ішкі талдау жүргізудің негізі: Басқарма басшысының 2020 жылғы 7 желтоқсандағы№ 117 бұйрығы.
Ішкі талдау жүргізу аралығы: 2020 жылдың 7желтоқсаны мен20желтоқсаны аралығы.
Ішкі талдау жүргізу объектісі қызметін талдау аралығы: 2020 жылдың 1маусымы мен 2желтоқсан аралығы.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Басқарма қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарма өз қызметінде келесі салалық нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексін, 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексін және 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VI «Ардагерлер туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы», 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы», 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулыларын, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы»2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» және 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы», 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы», 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшерттарын бекіту туралы», 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы», Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы» бұйрықтарын, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы», V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралышешімдерін, Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 10қарашадағы № 489 «Учаскелік комиссиялар туралы Ережені бекіту туралы», Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4ақпандағы № 1/77«Алматы қаласыӘлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (бұдан әрі - Ереже) қаулыларын.
Нормативтік құқықтық актілердің мониторингі барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына келесідей сәйкессіздіктер анықталды:
1) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызметінің атауы «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» деп өзгертілген;
2) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметі «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» және «Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» атты екі мемлекеттік қызметке жекеленген;
3) «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» мемлкеттік қызметінің атауы «Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» деп өзгертілген;
4) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлкеттік қызметінің атауы «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» атауына өзгертілген;
5) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру» жаңа мемлекеттік қызметі қосылған.
2019 жылғы 30 қыркүйектегі Тізілімге енгізілген өзгерістерге сәйкес «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметі мынадай редакцияда жазылған: «Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтерді ұсыну». Бұдан тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуді тоқтататын құжатты алу мүмкін емес екендігі байқалады.
Алайда, қазіргі уақытта Алматы қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы белгіленбеген. Бұдан басқа, 2020 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматы қаласында 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленбеген, бұл халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнаманы бұзу болып табылады.
Қорытынды: қазіргі уақытта Басқарма оның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған шаралар қабылдауда.
Персоналды басқару желісі бойынша, сонымен қатар кадр ауысымы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарманың штаттық саны – 233 бірлік, талдау жүргізу аралығында –20 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған, қызметке – 35 мемлекеттік қызметші орналастырылған. Кадрлар ауысымының себебі келесілер: негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты – 5 бірлік, денсаулығына байланысты– 4 бірлік, өзге мемлекеттік қызметке орналасуына байланысты – 3 бірлік, зейнет жасына жетіуіне байланысты – 2 бірлік, өзге себептермен – 1 бірлік. Кадрлар ауысымы 5 адамды қамтиды, бұл 2,1 % құрайды.Басқармадағы бос орындар саны 13 бірлікті құрады.
Жыл сайынғы еңбек демалысына 220 қызметші жіберілді.
Басқармада лауазымды тұлғалармен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауға қатысты жауапкершілікке тарту фактілері анықталған жоқ. Бірақ, есеп беру кезеңінде 38 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды.
Қорытынды: Басқармада персоналды басқару желісі бойынша, сонымен қатар кадр ауысымы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Мемлекеттік сатып алу рәсімі талданды. Басқармада мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 6 бабына сәйкес жүзеге асырылады. Оған сәйкес конкурстық немесе аукциондық комиссия мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу барысында әлеуетті өнім берушілердің үлестестігін анықтау бойынша жұмыстар атқарылады. Аталған уақыт аралығында үлестестік фактілері анықталған жоқ.
Жақын туыстардың, жұбайлардың мен жекжаттардың бірге қызмет жасау фактілерін анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің жеке істері зерттелінді, жақын туыстардың, жұбайлар мен жекжаттардың бірге қызмет жасау фактілері анықталған жоқ.
Қорытынды: Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сәйкес нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне зерттеу жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне сәйкес мемлекеттік Басқарма 20 мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
баламалы негізде мемлекеттік органмен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы:
-«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;
- «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру»;
4) «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту»(толық автоматтандырылған);
5)«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» (шінара автоматтандырылған);
6) «Тұрғын үй көмегін тағайындау» (ішінара автоматтандырылған);
7) ««Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» (проактивті қызмет);
8) «Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» (проактивті қызмет);
9) «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етугеқұжаттарды ресімдеу» (проактивті қызмет);
10)Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» (проактивті қызмет);
11) «Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» (проактивті қызмет);
12) «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» (проактивті қызмет);
13) Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
14) «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
15) «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту»;
16) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» (ішінара автоматтандырылған);
17) «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу» (толық автоматтандырылған);
18) Жаңа мемлекеттік қызмет «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру».
Мемлекеттік орган арқылы, баламасыз негізде:
-«Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;
19) «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» (толық автоматтандырылған);
20) «Ақталған адамға куәлік беру» (мемлекеттік орган арқылы).
Талдау жүргізу кезеңінде 107 062мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның 92 052 (86%) мемлекеттік орган арқылы, 8 795 (8,21 %) «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы, 6 215 (5,8 %) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың 3 431 жағдайы тіркелді. Барлық бас тартулар негізді болды, яғни құжаттар толық көлемде ұсынылмады, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға құқығы жоқ.
Мемлекеттік орган арқылы белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1.
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес толық автоматтандырылуға тиіс. Алайда, талдау кезеңінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебіне сәйкес мемлекеттік орган арқылы 20 қызмет, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 3 қызмет көрсетілген.
Сондай-ақ, «Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес толық автоматтандырылуы тиіс. Алайда, талдау кезеңінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебіне сәйкес мемлекеттік орган арқылы 4 656 қызмет (көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 4,34%), «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 0 қызмет көрсетілген.
Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі мемлекеттік орган арқылы көрсетіледі.
Атап айтқанда, «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметі «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 3 737 қызмет, Мемлекеттік орган арқылы 41 493 қызмет көрсетілді.
«Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметі Мемлекеттік орган арқылы 22 931 қызмет көрсетілді.
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» қызметі «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 15 қызмет, Мемлекеттік орган арқылы 15 339 қызмет көрсетілді. Бұл көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 74,5% - ын құрайды. Осылайша, мемлекеттік орган арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесі бұрынғысынша жоғары болып қалуда, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады.
Қорытынды: «Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдем көрсету» мемлекеттік қызмет көрсетуді осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес келтіру қажет. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік корпорация не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген кезде толық автоматтандырылуы тиіс. Алайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына тиісті өзгерістер енгізілмеген.
Рұқсат беру функциялары бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидаларымен шарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Басқармада «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» рұқсат беру функциясы жүзеге асырылады. Есептік кезеңде 632 рұқсат берілген, оның барлығы «электронық мемлекет» порталы арқылы көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге шағым тіркелмеген.
Бақылау функцияларын жүзеге асыру бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарма еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларын бұзу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың 3659 өтініші қаралды.
Талданып отырған кезеңде жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған 295 тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында 285 заң бұзушылық анықталып, 180 заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді. Еңбек заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін 27 млн.теңге сомасына 123 заңды тұлғаға әкімшілік айыппұлсалынды.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметпен сабақтас өзге де мәлелелер.
2020 жылы Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 9590 өтініш келіп түскен, олардың 7030 жеке тұлағалардан және 2560 өтініш заңды тұлғалардан, Басқарма басшылығының жеке қабылдауында 33 азамат болған.
Өтініштер саны – 9493, шағымдар саны – 58, өзгелер – 39, қанағаттандырылған өтініштер саны - 1262, қанағаттандырудан бас тартылды – 52, қарауы тоқтатылған – 84, қайта қаралған – 22. 413 өтініштің қарау мерзімі бұзылған (42500 төлемі бойынша келіп түскен хаттар).
Қорытынды: Басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін бұзу бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Талдау қорытындысы негізінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша келесіні ұсынамыз:
Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына талдау аяқталған күннен бастап үш ай мерзімде келесі бағыттар бойынша шаралар қолдансын:
1.Мемлекеттік қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөліміне:
1) Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Бейінді бөлімдермен бірлесе отырып, тиісті жоспарды бекіте отырып, басқарма көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттары бойынша жалпыға бірдей оқытуды жүргізу.
1) Алматы қаласында тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету ережесін бекіту туралы «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVII сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасын тіркеуді қамтамасыз ету;
2) V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешімімен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін;
Алматы қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін 2020 және 2021 жылдарға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу бойынша тиісті шаралар қабылдау;
4.Кадр жұмысы және құжаттық қамсыздандыру бөліміне:
Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша және оларды қарастыру барысында ақпараттық жүйелерді қолдану туралы жалпы оқыту жүргізу.
Басшы м.а.А. Мукажанова
Енгізді:
Алматы қаласыӘлеуметтік әл-ауқат басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасау бойынша жұмыс тобы.
Басшының орынбасары Д. Әлкебайұлы
(жұмыс тобының басшысы)
Жұмыс тобының мүшелері:
Басшының орынбасары Л. Джетыбаева
Еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы А. Қалдыбаев
Заңмен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ж. Галиев
Мемлекеттік қызметті бақылау және
ақпараттық технологияларды дамыту
бөлімінің басшысы Ж. Қаратаев
Кадрлық жұмыс және құжаттық қамсыздандыру
бөлімінің басшысы Д. Абибуллаева
Миграциялық жүйелер
бөлімінң басшысы М. Маринов
Бақытты және ұзақ өмір сүру бөлімінің басшысы Н. Рысқұлова
Еңбек қатынастарын бақылау
бөлімінің басшысы М. Мукашева
Жұмысшыларды құқықтық қолдауды
бақылау бөлімінің басшысы С. Оразбеков
Тең мүмкіндіктер бөлімінің басшысы Ж. Кужамбердиева
Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы
Әлеуметтік инфрақұрылым бөлімінің басшысы м.а. Қ. Қазыбеков
Еңбек нарығын дамыту бөлімінің басшысы Ж. Қайыпова
Заңмен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы К. Кунапиева
(жұмыс тобының хатшысы)