Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана арасында бөлу тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің – Премьер-Министрдің орынбасарының               2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі.

Қағидаларға сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартуға рұқсат етілген шетелдік қызметкерлердің шекті жоғары саны болып табылады.

Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына Қағидаларға 1-қосымшада көзделген нысан бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдер ұсынады.
 Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар 15 қазаннан кешіктірмей шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі комиссияның қарауына Қағидалардың 7-тармағының талаптарын ескере отырып жинақталған жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімді шығарады.

Дата публикации
03 августа 2026