

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, олардың әлеуметтік қорғалуының құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларын, өмір сүруіне және қоғамға кірігуіне тең мүмкіндіктер жасауды айқындайтын «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» Заңымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Мүгедектігі бар адам – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.
Техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі 150 атауды қамтиды. Олардың ішінде қазіргі заманғы сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдар бар (веб-камерасы бар ноутбук, сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбуктер, мәтiндiк хабар беретін және хабарды қабылдайтын мобильді телефон және т.б.).