

Алматы қаласы бойынша қазіргі қиын-қыстау кезеңде мемлекет тарапынан аз қамтылған зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы аналарға, халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Алматы қаласында тұрақты тіркелген және тұрақты тұратын тұрғындарға мынадай: "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешімі бойынша әлеуметтік көмек ақшалай және заттай әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) кезең-кезеңімен көрсетіледі және өтініш берген айдан бастап өткен тоқсанға өтініш берген кезде ұсынылған кірістер туралы мәліметтер негізінде тағайындалады. Әлеуметтік көмек алушылар ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек азаматтардың белгілі бір санаттарына ақшалай төлемдер түрінде бір рет көрсетіледі және Алматы қаласы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді:
- ҰОС Жеңіс күніне арналған ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне;
- Жеңіс күніне ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдарға;
- Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен), Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне қайта тұрмысқа шықпаған жауынгерлердің жесірлеріне;
- Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына және қайта некеге отырмаған жұбайына (зайыбына).
- Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан, "жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне ақталған адамдарға беріледі.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не мүлікке залал келтірілуіне байланысты біржолғы әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде беріледі:
- Тұрғын үйді жоғалтқан, бүлдірген, айтарлықтай залал келтірген кезде тұрғын үй иесінің отбасына 200 АЕК-ке дейін;
- Төтенше жағдай немесе өрт салдарынан қайтыс болған әрбір адамға отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда 50 АЕК.
Әлеуметтік көмек өрт немесе төтенше жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі.
Біржолғы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселік шамасынан аспайтын отбасыларға (азаматтарға) келесі санаттағы азаматтарға жылына бір рет 20 АЕК мөлшерінде беріледі:
Ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың жеке есептеу аспаптарын сатып алу, орнату немесе тексеру шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселік шамасынан аспайтын азаматтарға бір аспап үшін 3,4 АЕК-тен аспайтын мөлшерде беріледі:
- жасына байланысты зейнеткерлерге;
- бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;
- төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға).
Әлеуметтік көмек ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың және (немесе) газбен жабдықтаудың және (немесе) газ жабдығының жеке есептеу аспаптары белгіленген немесе тексеру жүргізілген күннен бастап алты айдан кешіктірілмей ұсынылады.
Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтын, бірақ үш нүктеден аспайтын табысы бар азаматтарға жеке тұрғын үйдің меншік иесіне жалпы тармақтан тұрғын үйге дейін газ жабдығын жүргізу және орнату шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) ;
- төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға;
- құрамында бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектері бар отбасыларға;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;
- жасына байланысты зейнеткерлерге.
- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне;
- екінші рет некеге тұрмаған, ҰОС қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне;
- Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қаза тапқан немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына және қайта некеге отырмаған зайыбына (жұбайына).
Әлеуметтік көмек үш ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға жарты жылда бір рет 7 АЕК мөлшерінде төлене отырып, жыл сайын тағайындалады:
- жасы бойынша зейнеткерлерге;
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін бірінші топтағы мүгедектерге;
Әлеуметтік көмек емдеудің амбулаториялық кезеңінде туберкулезбен ауыратын және туберкулезге қарсы диспансерде диспансерлік есепте тұрған азаматтарға табысты есепке алмай, 12 АЕК мөлшерінде ай сайынғы төлеммен жыл сайын тағайындалады.
Әлеуметтік көмек Алматы қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанындағы көп балалы отбасылардан шыққан, бірақ емтихан сессиясының нәтижелері бойынша "өте жақсы" деген баға алған, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын студенттерге тағайындалады және ай сайын 10 000 теңге мөлшерінде төленеді.
Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек заттай немесе ақшалай түрде көрсетіледі:
1) Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 4-бабына сәйкес мәртебесі белгіленген Ұлы Отан соғысының ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, тегін;
2) мәртебесі Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 7-бабымен белгіленген еңбек ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
3) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
4) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі барға теңестiрiлген адамның қайта некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың қайта некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы) – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
5) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарындың кәмелетке толмаған тұтқындарына – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
6) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
7) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207 бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған басқа мемлекеттердiң аумағындағы жауынгерлік қимылдарының ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
8) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207 бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толмаған басқа мемлекеттердiң аумағындағы жауынгерлік қимылдарының ардагерлері үшін – жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтынын ескере отырып, санаторий-курорттық емделуге берілетін жолдама құнының 25% мөлшерінде төлей отырып, бірақ екі жылда бір реттен артық емес;
9) Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, ақталған, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207 бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмағандарға – санаторий-курорттық емделуге берілетін жолдама құнының 25% мөлшерінде төлей отырып, жан басына шаққандағы орташа табысы үш еселенген күнкөріс деңгейінен аспайтын шаманы ескере отырып, бірақ екі жылда бір реттен артық емес;
10) жасына байланысты зейнетке шыққан зейнеткерлерге – ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алына отырып, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25% мөлшерінде төлей отырып;
11) осы Қағиданың 24-тармағының 29) тармақшасында көрсетілген бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүретін адамдарға олардың санаторий – курорттық емделуді ұсынатын ұйымда болған кезеңінде, бірақ бір ілесіп жүретін адамнан аспайтын мерзімге-емдеу рәсімдерін қоспағанда, тұру және тамақтану үшін ақы төленетін жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмағанда Қазақстан Республикасының шегінде санаторий-курорттық емделгені үшін шығындарды өтеу.
Әлеуметтік көмек алу үшін тұрғылықты жері бойынша Алматы қаласы аудандық әкімдері аппараттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну қажет:
Алмалы ӘӘБ: Сейфуллин к-сі,577 үй, тел. 2674590
Алатау ӘӘБ: Нұркент ш.а., 18 блок, тел. 2975913, 3974715
Әуезов ӘӘБ: 3 ш.а., Абай к-сі 41, тел. 2765056
Бостандық ӘӘБ: Жандосов к-сі 2, тел. 3922289
Жетісу ӘӘБ: Серіков к-сі 6а, тел. 2270532, 2270536
Наурызбай ӘӘБ: Шұғыла ш.а. 347, тел. 3935950
Медеу ӘӘБ: Төле би к-сі 12, тел. 2916218
Түрксіб ӘӘБ: Рихард Зорге к-сі 18, тел. 2327825