Лого

Меню

Страницы

Статья

«Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директоры бос лауазымына байқау

Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы тазалық»  шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, 050014, Алматы қаласы, Көкмайса шағын ауданы, 26е, телефон  252-62-15.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні автомобиль жолдарын пайдалану қағидаларының талаптарына жауап беретін жұмыстар кешенін орындау болып табылады, соның нәтижесінде жолдар мен жол құрылыстарының көліктік-пайдалану жай-күйі сақталады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты қаланың көше-жол желісін санитарлық тазалау болып табылады. Кәсіпорын алдына қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) қала көшелерінің жолдарын көктемгі, жазғы және күзгі кезеңде күтіп ұстау бойынша жұмыстарды бөлу жолағындағыуу қоқысты жинау, оны тиеу және қоқыс төгілетін жерге шығару, бөлінген белдеулерді шабу және шабылған шөпті жинау, қала көшелерін тазалау және жуу, су өткізгіш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқысты шығару арқылы жиналған қоқыс пен балшықтан тазалау, тротуар мен жаяу жүргіншілер аймағын қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау және жуу;

2) қала көшелерінің жолдарын қысқы күтіп ұстау бойынша жұмыстарды көк тайғаққа қарсы материалдарды дайындау, жолдарды қардан тазалау, жолдарды қар үйінділерінен тазарту, жолдардың жүру бөлігін қарлы жамылғыдан тазалау, қарлы дуалдарды жою, қала көшелерінің жүру бөлігін,  тротуарларды көк тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу және оларды жүру бөлігінен қажетті уақыттан кейін тазалау, автобус аялдамаларын қар мен мұздан жүйелі түрде тазалау жұмыстарын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары техникалық білім. Басшылық  лауазымдарда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексін, Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік меншік туралы» заңдарын және Қазақстан Республикасының осы кәсiпорынның қызметi саласындағы қатынастарды реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актілерін білуі қажет.

Кәсіпорынның өндірістік технологиясын және қызмет көрсетуін, ұйымды басқарудың жаңа әдістерін, стратегиялық жоспарлау, экономикалық индикаторлар жүйесін, шаруашылық және қаржылық келісім-шарттарды жасасу тәртібі мен орындалуын, Кәсіпорынның экономикасын және қаржысын басқаруды, еңбек және өндірісті ұйымдастыруды, салалық келісімдерді, ұжымдық келісім-шарттарды әзірлеуді және жасасуды, әлеуметтік-еңбек қатынастарды реттеуді, еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі қажет.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің   2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттардың тізімі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) белгіленген тәртіппен куәландырылған, білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) белгіленген тәртіппен расталған еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және одан еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

5) № 075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері) беруіне болады.

Конкурсқа қатысу үшін қабылданатын құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдары бетінде және Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ресми сайтында www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uzh, жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасына 050021, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85, 5 қабат, әкімшілік бөлімі (506 каб.) мекен-жайы бойынша тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалар тізімі анықталғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде конкурсқа қатысушылар әңгімелесуді Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасында өтеді.

 Анықтама телефоны:  225-12-13, 87017775779, 87787759199

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 октября 2025
Дата обновления
03 октября 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
03 октября 2025
«Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директоры бос лауазымына байқау
Хабарлама
10 сентября 2025
Анонс «Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді аяқтау және талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтаманы талқылау туралы
08 мая 2025
«Алматы тазалық»  МКК директоры лауазымына конкурс 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы