
Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру тәртібін айқындайды.
29 (жиырма тоғыз) жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
Соңғы 2 (екі) жылдан кем емес Алматы қаласында тұрақты тіркелгенін растау (Алматы қаласында жалға берілетін тұрғын үйге үміткерлер үшін).
Өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының) және кәмелетке толмаған балаларының, осы тұрғын үй орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын, құлау (қирау) қаупі бар авариялық жағдайдағы тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш берудің алдындағы 2 (екі) жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығындағы тұрғын үйінің жоқтығын растау.
Өтініштер мен құжаттарды беру осы сайт арқылы жүзеге асырылады. Порталда авторландыру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы өтеді. Оны ХҚКО-да алуға болады.
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 5 (бес) жыл мерзімге беріледі.